Презентация на тему: Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері

Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері
Көне түркі тіліндегі сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Бастауыш
Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы
Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері
Есімдіктен болған бастауыштар
Баяндауыш (етістік баяндауыштар)
Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері
Аналитикалық форманттар арқылы жасалған етістік баяндауыштар:
Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері
Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Толықтауыш (тура толықтауыш)
Жанама толықтауыштар
Анықтауыш
Пысықтауыш
Пайдаланылған әдебиет:
Назарларыңызға рақмет!!!
1/18
Средняя оценка: 5.0/5 (всего оценок: 91)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (267 Кб)
1

Первый слайд презентации: Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері

Сапашев Ораз Сапашұлы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Көне түркі тіліндегі сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Изображение слайда
3

Слайд 3: Бастауыш

Бастауыш – сөйлем мүшелерінің ішіндегі негізгісі, сөйлемнің түп қазық мүшесі болып табылады. Бастауыштың басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігін проф. С. Аманжолов: «Бастауыш сөйлемнің ең негізгі қазығы, өйткені сөйлемнің нақтылы иесі, субъектісі. Ескі грамматикаларда сөйлемнің түп қазығы бастауыш, баяндауыш деген ол дұрыс емес, бастауыш пен баяндауыш тең емес, баяндауыш бастауыштың қимылын, қозғалысын көрсетіп, бастауыштың ықпалымен жүреді», - деп нақтылайды. Бастауыштың негізгі тұлғалары ретінде біз нөлді к, тәуелдік және көптік жалғауларын атаймыз, яғни атау септігіндегі зат есімдер (субстантивтер). Осы үш критерийдің нәтижесінде әр түрлі сөз таптары бастауыш қызметінде жұмсала береді.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы

Бастауыш болатын ең негізгі сөз табы зат есім. Зат есімнің бастауыш болуы басқа сөз таптарына қарағанда өте белсенді. Атау септігіндегі зат есімдерден болған жекеше, көпше, және тәуелді тұлғадағы бастауыштың жиі ұшырасуы: Оғлан кекүк тезкін булты. Беглері иеме, бодуны иеме түз ерміс. Ұл бала көкек құйрығын тапты. Бектері де халқы да түзу екен. Туынды зат есімдердің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Үч көрүг келті. Буйруқы йеме білге ерміс ерінч. Үш хабаршы келді. Бұйрықшысы да ақылды болған екен.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Руника жазба ескерткіштерінде әр түрлі жолмен жасалған күрделі бастауыштар да мол. Мысалы: Кісі аттары қосалқы айқындауыштармен тіркесе келе күрделі бастауыш жасайды: Інім Күлтегін ер ат болты. Ұлық Іркін азқына ерін тезіп барды Інім Күлтегін ер атанды. Ұлық Еркін азғана ерімен қашып барды. Ілік септіктің жасырын түрінде тұрған сөз үшінші жақтың тәуелдік жалғаулы сөзімен тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды: Түрік бодуны өлті. Түрік сір йерінте бод қалматы. Түрік халқы өлді. Түрік сір халқы жерінде ел қалмады.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Есімдіктен болған бастауыштар

Көне түркі тілінде бастауыштар есімдіктің барлық түрінен жасала береді. Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көп жұмсалатыны – зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар жіктеу, сілтеу және кім? не? деген сұрау есімдіктері. Көне түркі тіліндегі жіктеу есімдіктерінің бастауыш қызметінде жұмсалу заңдылығы қазіргі түркі тілдеріндегідей: Мен беңгү таш бедізтім. Мен мәңгі тас жазғыздым. Бірінші жақтағы жіктеу есімдігінің бен варианты: Бен утру йорыдым. Мен ары жорттым. Мен есімдігінің жасырын келуі: Біз азбыз тиін. Біз азбыз дейін.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Баяндауыш (етістік баяндауыштар)

Баяндауыш сөйлемдегі негізгі ойға ие болып, бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді, нақты айтқанда бастауыштың іс-қимылын, жай-күйін, сын сапасын, мөлшер мен мекенін және амалын білдіреді. Етістіктің баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Көне түркі тілінде де есім баяндауыштардан гөрі етістік баяндауыштар молынан ұшырасады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Көне руника жазба ескерткіштеріндегі баяндауыш мүше әр түрлі тәсілдер арқылы жасалып отырған: Етістіктің бұйрық райы арқылы, қалау райы және өткен шақ категориясы (дара етістік баяндауыш) арқылы көрінеді. Немесе -ер етістігі мен есімше тіркесі арқылы (құранды етістік баяндауыш) көрінеді. Жіктеу есімдігі мен есім сөз тіркесі арқылы және -ар, -бол етістігі арқылы (есім баяндауыш) көрінеді. Бар, жоқ сөздері арқылы көрінеді.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Аналитикалық форманттар арқылы жасалған етістік баяндауыштар:

Изображение слайда
10

Слайд 10

Бар- айтушыдан қашықтау ұғымын тудырады. Ұлық Іркін аз қына ерін тезіп барды. Йоры- Іс-қимыл үстіндегі созылмалы әрекетті білдіреді. Тірү өлү йорыйыр ертіг. Ыд- «жіберу» Іс-әрекеттің аяқталғанын білдіреді. Қағанладық қағанын йүтүрү ыдмыс. Олур- Іс-әрекеттің созылмалылығы мен тұрақтылығын білдіреді. Оғыз бодунығ ігіду олурыр. Бер- Біреудің тарапына жасалған іс-әрекеттің мәнін білдіреді. Алп ерін өлүрүп балбал қыла бердім. Көр- Іс қылуға әрекеттенуді білдіреді. Буңадып қаған: йелү көр тіміс. У- Мүмкіндікті білдіреді (болымды және болымсыз мағынада ). Удачы ерті түрк бодун.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Изображение слайда
12

Слайд 12: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрап, негізгі хабарланар ойды білдірсе, тұрлаусыз мүшелер оларды толықтырып тұрады. Нақты айтқанда, пысықтауыш пен толықтауыш баяндауыштың мағынасын түсіндірсе, анықтауыш бастауыштың мағынасын саралаушы есебінде ғана жұмсалып, сөйлем құрамында екінші дәрежелі қызмет атқарады. Көне түркі руника жазбалары тілінде сөйлем мүшелерінің түгел барлығы кездеседі.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Толықтауыш (тура толықтауыш)

Көне түркі тіліндегі толықтауыш та синтаксистік қызметіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі сияқты тура және жанама болып бөлінеді. Табыс септік жалғауы әдетте тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші деп қаралады. Руника жазбалары тілінде табыс септіктегі сөз амалмен, іспен тікелей байланысты болып, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады: -ны, -ні, -ын, -ығ, -іг.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Жанама толықтауыштар

Табыс септігінен басқа септікте тұрған (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) сөздер жанама толықтауыш болады. Жанама толықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары – зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер. Қағаныма өтүнтім – Қағаныма өтіндім. Есіз еліме, кунчуйыма, оғланыма, бодұныма, есізіме алтмыш йашымда адырылтым – Қайран елімнен, ханшамнан, ұлымнан, қайран, алпыс жасымда айырылдым.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Анықтауыш

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Он тутық йарчын йарақлығ елігін тутды – Он тұтықтың жарақты қолбасшыларын ұстады. Білігсіз қаған олурмыс ерінч – Біліксіз қаған отырған екен.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Пысықтауыш

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі болып табылатын пысықтауыштардың табиғаты өте күрделі болып келеді. Тіл білімінде бұл сөйлем мүшесінің жасалуы жөнінде айтылған бірізді пікір жоқ. Көне түркі тіліндегі пысықтауыштарды мезгіл, мекен, амал, себеп, мақсат және мөлшер деп қарастыруға болады. Қаның субча йүгүрті, сүңүкүң тағча йатты – Қаның суша жүгірді, сүйегің тауша жатты. Өртче қузып келті – Өртше қозып келді.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Пайдаланылған әдебиет:

Сапашев О. С. Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері. Қазақ филологиясы факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған оқу құралы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2003. – 116 б.

Изображение слайда
18

Последний слайд презентации: Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері: Назарларыңызға рақмет!!!

Забидуллаева Жұлдыз KZL-3

Изображение слайда