Презентация на тему: Коллоидтық химия ДӘРІС № 13

Реклама. Продолжение ниже
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтік ерітінділер немесе зольдер
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
Коллоидтық жүйелердің қолданылуы мен маңызы
Коллоидтық химия ДӘРІС № 13
1/41
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 72)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (437 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

Коллоидтық химия ДӘРІС № 13

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Сабақтың жоспары : Коллоидтық химияның негізгі нысандары мен белгіліері; Коллоидтық жүйелердің жіктелуі; Коллоидты жүйелерді алу; Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Коллоидтық химия  – дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. Коллоидтық химия дисперстік жүйелердің түзілу және бұзылу жолдарын, қасиеттерін, фазалардың жанасу беттеріндегі молекулааралық әрекеттесу құбылыстарын зерттейді. Сондай-ақ, оның зерттеу нысандарына әр түрлі дисперстік жүйелер, дисперстік фазалар мен дисперстік ортаның жанасу беттері, адсорбциялық қабаттар, ламинарлық және фибриллалық жүйелер, аэрозольдер, ұнтақтар, көбіктер, эмульсиялар, жүзгіндер (суспензиялар), әр түрлі гельдер мен зольдер жатады. Золь деп коллоидтық жүйені айтады.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Коллоидты химияның даму кезеңдері XIX ғ 60-жылдарында « Коллоид » түсінігін Т.Грем алғашқы рет енгізген кезде химияның іргелі заңдары, А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясы мен Д.И.Менделеевтің периодттық заңы белгілі болды. 1816 жылы алғаш рет П.Лаплас капилярлық қысым үшін сандық қатынастарды есептеді. 1808 жылы Мәскеу университетінің профессоры Ф.Ф. Рейсс саз балшықтың электролизін зерттей отырып, дисперсті жүйелерді электр тоғы өткенде байқалатын электрокинетикалық құбылыстарды ашты.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

Қазақстанда Коллоидтық химия саласындағы зерттеулер  А.В. Думанскийдің  жетекшілігімен  1942  – 44 ж. басталды. Қазақ ұлттық университетінде ( Қ.Мұсабеков,  Ж.Әбілев,  В.П. Пальмер ) үлкен молекулалы заттардың жаңа класы – полиэлектролиттер мен кіші молекулалы беттік актив заттар (БАЗ) алынып, бұларды фазаға бөлу ( С.Айдарова,  К.Омарова ), солюбилизация ( Т.И. Юй Цун-синь ) және флокуляция ( Н.Түсіпбаев ) процестерінде қолдану әдістері табылды.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Химия ғылымдары институтында Қазақстанның минералды адсорбенттері ( Ш.Батталова ), тұтқыр заттар қатаюының физика-химия негіздері ( С.Сүлейменова ) зерттелуде, тұзды суды тұщы суға айналдыру мәселелері шешілді ( Е.Ерғожин ), жаңа флокулянттар алу ( Е.Шайхутдинов ), пайдалы қазбалар мен өте төзімді көбіктерді флотациялық жолмен байыту ( А.Байшолақов,  М.Баймаханов ), иониттерді алмастыра сорбциялау ( А.Дадабаев ) әдістері іздестірілді, беттік актив заттардың электродтық процестерге ( М.Наурызбаев ) және техникалық аэрозольдердің тұрақтылығына ( А.А. Цыпура ) тигізетін әсері анықталды. Республикада Коллоидтық химия жөніндегі зерттеулерді Қазақ ұлттық университеті үйлестіріп отырады. Петрянов-Соколов И.В., Фролов Ю.Г.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Қазіргі Коллоидтық химия мына құбылыстар мен процестерді қарастырады: 1) беттік және капиллярлық құбылыстар (адсорбция және жүзу құбылыстарының термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтары, адсорбциялық қабаттардың қасиеттері, беттік белсенді заттардың әр түрлі фазааралық беттерге әсер ету заңдылықтары мен механизмдері); 2) қатты дене беттерінің химиясы (қатты денелердің беттік қабаттарындағы кристалдың және электрондық құрылымдарының ерекшеліктері, оларда болатын сорбциялық құбылыстар заңдылықтары); 3)  электрокинетикалық  және  электрокапиллярлық  құбылыстар және ион алмасу құбылыстары (коллоидтық  электрохимия ); 4) дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері (коллоидтық  оптика );

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

5) дисперстік жүйелердің молекула-кинетикалық және тасымал құбылыстарын зерттеп, оларды дисперсиялық талдауға пайдалану; 6) лиофильдік және лиофобтық дисперстік жүйелердің пайда болу (түзілу) термодинамикасы мен теориялары, оларды алу және тазарту жолдары ( диализ,  электрдиализ  және ультрафильтрация ); 7) лиофильдік коллоидтық жүйелер, олардың пайда болу аймақтары, екі-үш құрауышты беттік-белсенді заттары бар термодинамикалық тепе-теңдік жүйелердің құрылысын зерттеу, жұқа қабыршақтардың термодинамикасы мен физика-химия гидродинамикасы, қабыршақтардың жұқалану заңдылықтары; 8) дисперстік жүйелердің тұрақтылық теориясы, тұрақтылық факторлары, дисперстік фаза бөлшектерінің  коагуляциясы  ( флокуляциясы ), коалесценция және олардың заңдылықтары;

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9

9) дисперстік жүйелердің физика-химия механикасы, дисперстік жүйелердегі құрылым түзілу, олардың түрлері және заңдылықтары, реологиялық зерттеулер. Коллоидтық химия құрылыс материалдары мен  силикаттар, бояу мен  пигменттер  және қатты заттарды ұнтақтап майдалау технологиясының,  флотация  әдісі мен кен байыту технологиясының, жуу процестерінің негізін құрайды. Мұнайдағы өте майда су эмульсиясын бұзу арқылы оны су мен тұздан тазарту, көбіктерді өрт сөндіруге қолдану, т.б. маңызды мәселелер Коллоидтық химия негізінде шешіледі. Коллоидтық химияның биология, геология, медицина және т.б. ғылымдар үшін де маңызы зор.

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

10 Коллоидтық химия – беттік құбылыстар мен гетерогенді, жоғары дисперсті және жоғары молекулалық жүйелердің физика-химиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым. Беттік құбылыстар – жанасқан фазалардың арасындағы бөліну шекарасының физикалық ерекшеліктеріне байланысты құбылыстарды ң жиынтығы. Дисперсті жүйелер – бір заттың ішінде екінші бір зат майда ұсақталған (ұнтақ, газ көпіршіктері, тамшылар) күйде таралған, жоғары дисперсті, гетерогенді жүйелер.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

ДИСПЕРСТІ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРАМЫ ДИСПЕРСТІ ФАЗА (дисперсті жүйенің майдаланған ұсақталған бөлігі) ДИСПЕРСТІК ОРТА (дисперсті жүйенің бөлінбейтін бөлігі)

Изображение слайда
1/1
12

Слайд 12

Дисперстік фаза мен дисперстік ортаның агрегаттық күйіне қарай дисперстік жүйелер келесідей жіктеленеді: 1. Дисперстік ортасы сұйық, ал дисперстік фазасы газ болып келетін жүйелер көбіктер деп аталады; дисперстік фазасы сұйық болып келетін жүйелер эмульсиялар деп аталады; дисперстік фазасы қатты заттар болып келетін жүйелер суспензиялар деп аталады.

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13

2. Дисперстік ортасы газ, ал дисперстік фазасы сұйық болып келетін жүйелер аэрозольдер деп аталады; дисперстік фазасы ұсақталған қатты заттар болып келетін жүйелерге ұнтақтар, түтін, әртүрлі заттардың шаңдары жатады.

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14

3. Дисперстік ортасы қатты заттар, ал дисперстік фазасы газ болып келетін жүйелер қатты көбіктер деп аталады; дисперстік фазасы сұйық болып келетін жүйелерге сұйық қоспалары бар табиғи минералдар – қатты эмульсиялар : маржан тас, опал және т.б. жатады: дисперстік фазасы қатты заттар болып келетін жүйелерге – қатты суспензияларға металдың балқымалары, бағалы тастар, түсті шынылар, көк тас тұзы және т.б. жатады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15

Майдалану яғни дисперстену дәрежесі бойынша ДЖ жіктеленеді: 1. Ірідисперсті жүйелердің бөлшектерінің ұсақталған өлшемі: >10 -7 м немесе > 100 нм 2. Коллоидтік-дисперсті жүйелер: ≈ 10 -7 - 10 -9 м, 1 - 100 нм 3. Молекулалық-иондық (шынайы ерітінділер) жүйелер: < 10 -9 м, < 1 нм

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16

Ірі ДЖ Коллоидты ДЖ Шынайы ерітінділер Гетерогенді Термодинамикалық тұрақсыз Қартаяды Қағаз фильтрлері арқылы өтпейді Ультрафильтрлер яғни мембрана арқылы өтпейді Жарықты шағылыстырады, себебі лайланған Микргетерогенді Термодинамикалық тұрақты емес Қартаяды Қағаз фильтрлері арқылы жартылай өтеді Ультрафильтрлер яғни мембрана арқылы өтпейді Мөлдір, бірақ жарықты шашыратады Гомогенді Тұрақты Қартаймайды Толық өтеді Өтеді Мөлдір, жарықты өткізеді Дисперстік дәрежесі әртүрлі ДЖ сипаттамалары

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17: Коллоидтік ерітінділер немесе зольдер

Ағыл.  sol  от лат.  solutio  — ерітінді — сұйық немесе газды дисперстік ортасының көлемінде дисперстік фаза бөлшектері көпіршіктер, тамшылар не ұнтақтар түрінде таралған жоғарыдисперстік жүйе (коллоидтік ерітінді) Клейстер Томат шырыны Клеи

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
18

Слайд 18

18 Коллоидты қ жүйелердің белгілері: 1. Гетерогендік (көпфазалы). 2. Дисперсті (майдалығы ұсақталығы).

Изображение слайда
1/1
19

Слайд 19

19 Көлденең қимасының ауданы (а) – дөнгелек бөлшектердің диаметрі ( d ) и куб тәрізді бөлшектердің ені ( l ). Дисперстілік ( D ) – бөлшектің көлденең қимасына кері шама: D =1/ a. Меншікті беттік аудан ( S м ) – дисперстік фазаның массасы мен көлеміне сәйкес келетін фаза аралық беттік қабат: Сфера тәріздес бөлшек Цилиндр тәріздес бөлшек Куб тәріздес бөлшек

Изображение слайда
1/1
20

Слайд 20

Дисперстік ортаның табиғатына қарай зольдердің жіктелуі Ортасы жалпы сұйық болатын жүйелере – лиозольдер деп аталады; Ортасы су болса – гидрозоль ; Ортасы спирт болса – алкозоль ; Ортасы бензол болса – бензозоль ; Ортасы эфир болса – этерозоль ; Ортасы газ болса – аэрозоль.

Изображение слайда
1/1
21

Слайд 21

21 Коллоидты қ қосылыстардың жіктелуі Дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесуі б-ша: 1. Лиофильді (гидрофильді) жүйелер дисперсті фаза мен дисперсті орта бөлшектері арасындағы әрекеттесулер өте жоғары. 2. Лиофобты (гидрофобты) жүйелер – екі фаза арасындағы молекулааралық әрекеттесу нашар өтеді.

Изображение слайда
1/1
22

Слайд 22

Дисперсті фаза бөлшектерінің өзара әрекеттесуіне бйланысты: 1. Еркін дисперсті жүйелер – дисперсті фаза бөлшектері өзара байланыспаған, өзара тәуелсіз қозғалады (лиозольдер, аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар). 2. Байланған дисперсті жүйелер - фазалардың біреуі құрылымды байланған еркін қозғалмайды (гельдер, көбіктер).

Изображение слайда
1/1
23

Слайд 23

23 Агрегаттық күйіне байланысты Дисперсті фаза Дисперстік орта Мысал Қатты Газ Аэрозольдар (пыль, дым, смог ) Сұйық Зольдер (металдардың судағы зольдері ), суспензия Қатты Қатты коллоидтық ерітінділер (бетон, балқыма, түсті шыны, минералдар ) Сұйық Газ Аэрозольдер (тұман, бұлт ) Сұйық Эмульсия ( сүт, мұнай, крем) Қатты Кеуекті денелердегі сұйықтық ( адсорбенттер, топырақ ) Газ Газ ауа Сұйық Газды эмульсия, көбік Қатты Кеуекті және капиллялы денелер ( адсорбенттер, катализаторлар, активтелген көмір )

Изображение слайда
1/1
24

Слайд 24

24 Коллоидты қ қосылыстардың ерекшеліктері 1. Арты қ беттік энергия G S Дисперстілік артқан сайын дисперсті фаза бөлшектерінің меншікті беткі қабаты да артады. Симметрмиялы емес күш өрісінде болады да, ол артық беттік энергияның пайда болуына алып ке леді. 2. Термодинамикалық тұрақсыздық 3. Туындысы болмайды 4. Құрылым түзуге қабілеттілік

Изображение слайда
1/1
25

Слайд 25

25 Дисперстік жүйелерді алу Дисперстілеу – ірі бөлшектерді коллоидты-дисперстілік дәрежесіне дейін ұнтақтау. Конденсация – атомдар, молекулалар, иондарды коллоидты-дисперстілік дәрежесіне дейін ірілету, біріктіру.

Изображение слайда
1/1
26

Слайд 26

26 Дисперстілеуді жеңілдету үшін қаттылықты төмендеткіштерді қолданады: электролиттер, эмульсиялар, БАЗ және т.б. Қаттылықты төмендеткіштер ұнтақталған заттың жалпы массасының 0,1 % қажет энергия шығымын 2 есе төмендетеді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
27

Слайд 27

27 Конденсация сатылары 1. Коллоидтық бөлшектің түзілуі – қанық ерітіндіде кристалдану орталығының пайда болуы; бөгде бөлшектер көп болған сайын, коллоидты түзілуі де тез болады. 2. Коллоидтық бөлшектің өсуі 3. Стабилизатор қабатының түзілуі (ДЭҚ).

Изображение слайда
1/1
28

Слайд 28

28 Шынайы ерітіндіден молекулаларды агрегатқа ассоциациялауға негізделген; Ірі дисперсті жүйелерді алуда қолданылады; Сыртқы жұмысты қажет етпейді; Жаңа фазаның пайда болуы аса қанық ортада жүреді. Конденсациялы қ әдіс

Изображение слайда
1/1
29

Слайд 29

29 1. Будан конденсациялау әдісі – төмен температурада газды ортада тұманның, бұлттың пайда болуы. Физикалық конденсация әдісі 2. Еріткішті ауыстыру әдісі – заттың ерітіндісін осы зат мүлдем ерімейтін сұйықтыққа құяды. Мысалы, Күкірт, холестерин гидрозольдерін алу.

Изображение слайда
1/1
30

Слайд 30

30 1. Тотықсыздану реакциясы ( Au, Ag, Pt золдерін алу ). Натрий ауратының формальдегидпен тотықсыздануы. 2 NaAuO 2 + 3 HCOH + Na 2 CO 3 = 2 Au + 3 HCOONa + NaHCO 3 + H 2 O Мицелланың құрылысы: Химиялық конденсациялық әдістер Химиялық реакция нәтижесінде коллоидтық жүйелерді алуға негізделген.

Изображение слайда
1/1
31

Слайд 31

31 2. Алмасу реакциясы. Күміс иодидінің золін алу: AgNO 3 + KJ (изб.) = AgJ ↓ + KNO 3 Мицелланың құрылысы:

Изображение слайда
1/1
32

Слайд 32

32 3. Тотығу реакциясы Күкірт золін алу 2H 2 S р-р + O 2 = 2S ↓ + 2H 2 O Мицелланың құрылысы :

Изображение слайда
1/1
33

Слайд 33

33 4. Гидролиз реакциясы Темір гидроксидінің золін алу: FeCl 3 + 3 H 2 O = Fe ( OH ) 3 ↓ + 3 HCl Мицелланың құрылысы :

Изображение слайда
1/1
34

Слайд 34

Изображение слайда
1/1
35

Слайд 35

Диализ – зольдерді жартылай өткізгіш мембрана арқылы ұстап қалып, ірі қоспалардан тазартуға негізделген әдіс, оны диализатор деп аталатын қондырғыда өткізеді. Диализдің негізгі кемшілігі - уақтты көп қажет етеді. (1 – араластырғыш; 2 – камера; 3 – жартылай өткізгіш мембрана; 4 - электродтар).

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
36

Слайд 36

Өндірісте электродализ – зольдерді сыртқы электр тоғымен электролиттік қоспалардан тазарту әдісі жиі қолданады - электродиализ

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
37

Слайд 37

37 Агрегат ПАИ-мен бірге мицелла ядросын құрады. Мицелланың зарядталған ядросы ерітіндіден өзіне қарсы ионды тартады. ҚИ-дың бір бөлігі адсорбциялық қабат құрайды. Агрегат ПАИ-мен бірге гранула немесе коллоидтық бөлшек түзеді. Коллоидтық бөлшектің зарядын ПАИ заряды арқылы анықтайды. Коллоидтық бөлшекті диффузиялық қабаттың броундық қозғалысына ұшыраған және ядромен берік байланыспаған ҚИ қоршап тұрады. Нәтижесінде электробейтарап бөлшек - мицелла түзіледі. Коллоидтық бөлшектің құрылысы

Изображение слайда
1/1
38

Слайд 38

38 Мицелланың құрылысы Мицелла – дисперсті фаза бөлшегі (ҚЭҚ-пен бірге). Мицелланың ішкі бөлігі - агрегат көптеген атомдар мен молекулалардан тұрады. Агрегат электробейтарап бөлшек, бірақ өзінің беткі қабатында ПАИ-дарды адсорбциялайды. Фаянса-Песков ережесі: Агрегеттың қатты бетінде ең алдымен келесі иондар адсорбцияланады: Агрегаттың құрамына кіретін; Агрегаттың кристалды торын құруға қабілеті бар; Агрегат иондарымен аз еритін қосылыстар түзетін; Агрегат ионымен изоаморфты.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
39

Слайд 39

39 Мысал: AgNO 3 – электролит-стабилизатор Ag + – ПАИ – Қарсы иондар

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
40

Слайд 40: Коллоидтық жүйелердің қолданылуы мен маңызы

Бұлттар, тұман С/Г типті коллоидты жүйелер, ал жаңбыр, найзағай және басқа да метеорологиялық құбылыстар коллоидтық құбылыстармен байланысты құбылыстар деп қарастырылуы керек. Керамикалық өндіріс коллоидтық химиямен тығыз байланысты. Себебі саз ( керамиканың негізгі шикізаты ) – гидратталған алюминий силикатының концентрлі суспензиясы болып табылады. Минералдық шикізат негізінде жаңа құрылыстық материалдар (композициялық материалдар ) жасауда колоидтық химияның маңызы өте зор.

Изображение слайда
1/1
41

Последний слайд презентации: Коллоидтық химия ДӘРІС № 13

Қағаз жасауда өсімдік талшығы жоғары дисперстік күйге дейін ұнтақталады. Бояу технологиясында ; Фармацевтикада ; Су тазартуда ; Тамақ өнеркәсібінде қамыр дайындауда ісіну процесі, маргарин, майонез, соустар жасауда эмульгациялау процесі, сыр дайындау коагуляция процесі, ет қайнатуда коагуляция немесе ақуыздар денатурациясы болып табылады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже