Презентация на тему: Холангиография

Холангиография
Жоспар
Кіріспе
Операцияға дейінгі холангиография
Холангиография
Холангиографияның түрлері. Операцияға дейінгі холангиография.
Холангиография
Операция кезіндегі холангиография.
Операциядан кейінгі холангиография
Холангиография
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1/12
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 99)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1142 Кб)
1

Первый слайд презентации: Холангиография

Орын да ған: Махатова Баянсулу Топ: 649 Тексерген: Келимбердиев М. С. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар

Кіріспе Негізгі бөлім Холангиографияның түрлері Операцияға дейінгі холангиография Операция кезіндегі холангиография Операциядан кейінгі холангиография Қорытынды Қолданылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Холангиография – бұл, өт жолдарына тікелей контрасттық затты жіберіп артынан рентген сурет түсіру арқылы жасалынатын әдіс. Холангиограмма арқылы өт өзектеріндегі тастарды, ісікпен оның қысылуын және т.б. анықтауға болады. Өт жолына контрасттық затты 3 түрлі әдіспен жіберуге болады: Операцияға дейін – тері немесе бауыр арқылы пункциялап жіберу; Операция кезінде – жалпы өт өзегіне жіберілген катетер арқылы; Операциядан кейін – өт жолдарында қалдырылған дренаждық түтік арқылы; Холангиографияны хирург дәрігер мен рентгенолог бірге жүргізеді.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Операцияға дейінгі холангиография

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6: Холангиографияның түрлері. Операцияға дейінгі холангиография

Бауыр арқылы холангиография. Құрсақ қабырғасын пункциялау арқылы бауыр ішіндегі ірі өт өзектерінің біріне контрасттық затты жібереді. Бұл әдісті әдетте сарғаюы бар науқастарда сарғаюдың себебін және өт жолындағы кедергі орны мен кедергі түрін (таспен немесе ісікпен бітелу, тыртықтық стриктура, фатеров емізікшесінің стенозы және т.б.) анықтау үшін қолданады. Бауыр арқылы холангиография жасау барысында көптеген асқынулар болуы мүмкін: инеден қан кету, гемобилия, құрсақ қуысына өт кету. Бұндай процедураны операция алдында орындайды.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Тері арқылы холангиография (лапароскопия кезінде). Контрасттық затты өт қалтасына жібереді. Өт қалтасына контрасттық затты құрсақ қабырғасы арқылы пневмоперитонеум жасап лапароскоппен жібереді. Пункциялық тесіктен өт ағу қаупі болғандықтан, бұл әдісті әдетте операцияға дейін қолданады. Қолдану мақсаты: сарғаюдың дифференциальді диагностикасын жасау және біріншілік стеноздаушы папиллит диагнозын операцияға дейін қою.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Операция кезіндегі холангиография

Операция кезіндегі холангиографияны хирург құрсақ қуысын ашып, бауыр мен бауырдан тыс өт жолдарын қарап болған соң, хирургиялық манипуляцияларға дейін жасайды. Операция кезіндегі холангиографияда контрастты затты жіберудегі ең тиімді әдіс, бұл, өт қалталық өзек арқылы жалпы өт өзегіне енгізілген катетер арқылы жіберу. Одан басқа контрастты затты тура жалпы өт жолдарына және фатеров емізікшесіне (12 елі ішекті ашқан кезде) жіберуге болады. Контраст зат жіберген соң бірден рентген суретін жасайды. Операцияны аяқтау барысында холангиографияны қайталайды (өт өзектерінде тастар қалмағанын анықтау үшін).

Изображение слайда
9

Слайд 9: Операциядан кейінгі холангиография

Операциядан кейінгі холангиографияны операция барысында қалдырылған дренаждық түтік немесе катетер арқылы жасайды. Зерттеудің негізгі мақсаты – өт өзектерінің және Одди сфинктерінің өткізгіштігін анықтау. Жыланкөз арқылы холангиографияны (фистулохолангиография) пайда болған сыртқы немесе ішкі жыланкөздерді зерттеу мақсатында жасайды. Контрасттық затты жыланкөзге жібереді немесе егер жыланкөз өт жолдары мен ішектер арасында болса науқасқа барий ішкізеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Сфинктердің гипотониясы кезінде де өт өзектері кеңейген болады, бірақ контрасттық зат 12 елі ішекке оңай және көп мөлшерде түседі. Холангиография арқылы әр түрлі даму ақауларын, стриктураларын, айналып кетуін, ісікпен қысылып қалуын анықтауға болады.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Қорытынды

Холангиографияның барлық түрлері өт жолдарының морфологиялық және функционалдық жағдайы туралы мәлімет береді. Холангиограмма арқылы өзектердің өтімдігі туралы, олардың орналасуы, калибрі, қалыңдығы, формасы туралы, патологиялық өзгерістерді анықтауға болады. Қалыпты жағдайда контрасттық зат өт жолдарында еркін қозғалып, 12 елі ішекке түседі. Рентгеноскопия кезінде Одди сфинктерінің қызметін байқауға болады. Оның гипертониясы кезінде өт өзектерінің кеңеюі және 12 елі ішекке түсуінің баяулауы болады. Дәл осындай көріністі стеноздаушы папиллит көрсетеді. Екеуін ажырату үшін фармакологиялық сынамаларға жүгінеді, мысалы көктамырға 0,25 мг күкірт қышқылы атропин енгізеді. Егер осыдан кейін контрасттық зат 12 елі ішекке еркін түссе, онда патологияның функционалдық табиғаты екенін түсінуге болады.

Изображение слайда
12

Последний слайд презентации: Холангиография: Пайдаланылған әдебиеттер

Н. І. Ізімбергенов, М. Н. Ізімбергенов «Іш қуысының жедел хирургиясы» Ақтөбе 2006 жыл «Хирургические болезни» Под редакцией Ю.В. Таричко. Москва 2007 жыл Н.А.Ақатаев, Қ.Қ.Сабыр, Ә.К.Қойшыбаев «Хирургиялық аурулар» Ақтөбе 2011 жыл

Изображение слайда