Презентация на тему: ХХ ғасыр тіл білімі

Реклама. Продолжение ниже
ХХ ғасыр тіл білімі
Лингвистикалық мектептер
ХХ ғасыр тіл білімі
Сөздер мен заттар
Эстетизм
ХХ ғасыр тіл білімі
ХХ ғасыр тіл білімі
ХХ ғасыр тіл білімі
Социологиялық мектеп
ХХ ғасыр тіл білімі
Неолингвизм өкілдері В.Гумбольдт пен К.Фосслер сияқты тілді рухани әрекет, көркем туынды, эстетикалық көрсеткіштердің жиынтығы дейді. Г.Шухардт сияқты бұлар да
ХХ ғасыр тіл білімі
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!
1/13
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 9)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1198 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: ХХ ғасыр тіл білімі

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2: Лингвистикалық мектептер

Лингвистикалық мектептер. Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. XIX ғасырдың соңғы он жылы мен XX ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестіріледі. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына "Сөздер мен заттар ", "Эстетизм", ''Социологизм" деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандығымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде әр-қайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды. Енді соған келейік .

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
3

Слайд 3

“Сөздер мен заттар ” “Эстетизм” “Социологизм”

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
4

Слайд 4: Сөздер мен заттар

Бұл - тіл білімі тарихында жас грам - матикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұра- нын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған ( Австрияда ) " Сөздер мен заттар " деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (Журнал XX ғасырдың 40 жылдарына дейін шығып тұрды ). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі - роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гюго Шухардт (1842- 1927).

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5: Эстетизм

XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер ( 1872-194 9). Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды. Эстетистердің айтуынша, тілдік категорияларға негіз болатын интуиция / сезу /, тек интуиция ғана ол категориялардың мәнін танып білуге мүмкіндік береді. Тіл білімінің міндеті - зерттеу ісіне интуитивтік тану әдісін қалай қолдануды айқындау. Эстетизм өкілдері жас грамматизм бағытын да, логизм, психологизм бағытын да сынға алады. Логика тіл табиғатына тән емес, логика мен тіл білімі біріге алмайды дейді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
6

Слайд 6

Эстетистер тіл білімін эстетикаға стилистика арқылы жатқызады. Олар : тіл - индивидуалдық рухани шығармашылық... Сөйлеудің барлық түрі де индивидуалдық рухани әрекет. Ал ол әрекетті, яғни ивдивидумның стилін, стилистика зерттейді дейді де, осыдан барып, тілді индивидум жасайтын, индивидумның тілін ( стилін ) стилистика зерттейтін болғандықтан, тіл білімінің бастамасы, негізі - стилистика. Стилистика - эстетиканың бір саласы. Олай болса, тіл білімі эстетиканың бөлінбейтін бір бөлшегі деген қорытынды жасайды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
7

Слайд 7

Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К. Фосслердің " Тіл - біліміндегі позитивизм мен идеализм "( 1904), « Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Г.Шухардт тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеудің дәлдігіне, ата тіл болды дегенге күмән келтіреді, генеалогиялық классификациялау орнына тілдерді географиялық ыңғайына қарай қарауды ұсынады. Географиялық жағдайына, қоныс ыңғайының өзгерісіне қарай бір тіл екінші бір тілге ауысып отырады дегенді айтады. Осыдан келеді де тілдің дамуы, ондағы болатын өзгеріс-құбылыс тілдердің араласуынан, тоғысуынан болып жатады. Дүние жүзіндегі тілдердің барлығы да өзара туыстас, бірақ олардың туыстастығы бір төркіннен, ата тілден тарағандықтан емес, араласып, тоғысқандықтан дейді. Бұл, әрине, бір жақты кеткендік.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
9

Слайд 9: Социологиялық мектеп

. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығын, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮШ-ХІХ ғасырлардың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқан. Дегенмен, бұл мәселе XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Тіл қоғаммен байланысты, тіл - қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып қалыптасты.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
10

Слайд 10

XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атады. Ал социологиялық лингвистика деген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері - Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
11

Слайд 11: Неолингвизм өкілдері В.Гумбольдт пен К.Фосслер сияқты тілді рухани әрекет, көркем туынды, эстетикалық көрсеткіштердің жиынтығы дейді. Г.Шухардт сияқты бұлар да тілдер тоғысуына ерекше мән береді. Е.Пауль сияқты бұлар да индивидумның сөйлеу әрекетін зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Эстетистермен бірге неолингвистер де жас грамматистерді позитивистер, фактіге табынушылар деп айыптайды. Өздерін тілдің барлық мәселелерімен де шұғылданатын нағыз тіл ғалымдарымыз деп жариялайды

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
12

Слайд 12

Неолингвистер жас грамматистерді сынаған, өз принциптерін баяндаған көптеген еңбектер жазды. Сондай еңбектердің бірі - 1925 жылы М.Д.Бартоли жазған " Неолингвистиканың қосымша очеркі " атты кітап. Онда лингвистикалық жаңа мектептің істері мен принциптері қысқаша баяндалады. Неолингвизм бір-біріне үйлесе қоймайтын әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың - В.Гумбольдттың, Г.Шухардттың, К.Фосслердің, кейбір мәселеде Г.Паульдің принциптеріне сүйенеді. Сондықтан бұл мектеп кейде эклектикалық неолингвизм деп те аталады. Неолингвизмнің тілдердің географиялық орнына шешуші мән беретіндіктеріне қарап кейде оны ареалдық лингвистика деп те айтады. Ареалдық линвистика немесе лингвистикалық география - тілдік құбылыстардың тараған аймағын, шекарасын зерттейтін ғылым.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
13

Последний слайд презентации: ХХ ғасыр тіл білімі: НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
Реклама. Продолжение ниже