Презентация на тему: Кеңістіктер дидактикалық ойындар КАРТОТЕКАСЫ

Кеңістіктер дидактикалық ойындар КАРТОТЕКАСЫ
«Кеңістік»
« Жоғарыда-төменде»
«Оң және сол »
« Суреттерді орналастыр »
« Танып ал да, атын ата »
«Тәулік бөліктері »
« Сипаттамасы бойынша тап»
« Доппен ойнау »
«Қалай жүріп, нені тапқың келеді ?»
«Ойыншықты тап»
«Жоғарыда–төменде, биік-аласа »
1/12
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 65)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (160 Кб)
1

Первый слайд презентации: Кеңістіктер дидактикалық ойындар КАРТОТЕКАСЫ

Изображение слайда
2

Слайд 2: Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.  Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.  Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.  Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.  Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Оң және сол »

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.  Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.   Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Суреттерді орналастыр »

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.  Ойынның құрал-жабдықтары : тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.  Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Танып ал да, атын ата »

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту ; ойлау қабілетін дамыту.  Ойынның құрал-жабдықтары : әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.  Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Тәулік бөліктері »

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту ; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.   Ойынның құрал-жабдықтары : суреттер   Ойынның мазмұны : Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Сипаттамасы бойынша тап»

Мақсаты : Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.  Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.   Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Доппен ойнау »

Мақсаты : «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», « сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.  Көрнекілік : доп.  Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.  « Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала / әр командадан / бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, « доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.  2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында « доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. « Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.  Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Қалай жүріп, нені тапқың келеді ?»

Мақсаты : Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында - артында ұғымдарын бекіту.  Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.  Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді : «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді ?»

Изображение слайда
11

Слайд 11: Ойыншықты тап»

Мақсаты : Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.   Көрнекілік: Топтағы ойыншық.   Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы : 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.

Изображение слайда
12

Последний слайд презентации: Кеңістіктер дидактикалық ойындар КАРТОТЕКАСЫ: Жоғарыда–төменде, биік-аласа »

Мақсаты : жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.   Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.   Барысы : Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы : Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.

Изображение слайда