Презентация на тему: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Көтеріліс себептері : Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Көтерілістің басталуы: Қазақ хандығының қалпына келтірілуі Қарулы күштердің құрылуы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы : Қорытынды ой: Дереккөздер:
1/11
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 72)
Скачать (336 Кб)
Код скопирован в буфер обмена
1

Первый слайд презентации: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

2

Слайд 2

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы ) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.

3

Слайд 3: Көтеріліс себептері :

Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы; Қазақтардың ежелден келе жатқан жерлерін орыс әскерилері мен шаруалары бекіністер салу үшін тартып алуы; Бұрын салық төлеп көрмеген қарапайым халыққа көптеген салық түрін енгізуі; Көтеріліс себептері :

4

Слайд 4

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым- салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен  би,   батырлар, тіпті   сұлтандар  да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің   атақты батырлары жетекшілік етті.

5

Слайд 5

Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті ". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.

6

Слайд 6: Көтерілістің басталуы:

Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді. Көтерілістің басталуы:

7

Слайд 7: Қазақ хандығының қалпына келтірілуі

1841 жылдың   қыркүйек   айында үш жүздің   өкілдері  бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы  хан  сайланды. Сөйтіп   Қазақ хандығы   қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш   сезімімен   естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған   көтеріліс   ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық   күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын   мемлекет   құрды. Оны ханның өзі басқарды. Қазақ хандығының қалпына келтірілуі

8

Слайд 8: Қарулы күштердің құрылуы

Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі   жауынгерлік   қабілеті күшті тұрақты   әскер   жасақтай алды. Кенесары әскері   жүздіктер  мен мыңдықтарға бөлінді.  Ерлігімен   ерекше көзге түскен сарбаздардың   қатарынан   жұзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп,  мергенбасы   басқаратын ерекше жасақ құрды.  Орыс армиясының   үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді. Қарулы күштердің құрылуы

9

Слайд 9: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы :

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды.Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді. Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы :

10

Слайд 10: Қорытынды ой:

Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады Қорытынды ой:

11

Последний слайд презентации: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс: Дереккөздер:

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%8B_%D2%9A%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BC%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D2%B1%D0%BB%D1%82-%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%BE%D0%B7%D2%93%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D1%81 Дереккөздер:

Похожие презентации

Ничего не найдено