Презентация на тему: І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим

І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим
1/18
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 55)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (4592 Кб)
1

Первый слайд презентации

І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим әдебиеті Орындаған: Темірғалиева.Ж Топ: ЖҚ 212

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспар: Көне Рим әдебиеті Эсхил, Софокл, Еврипид Рим мифологиясы Марк Туллий Цицерон Антикалық әдебиет Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3

Көне Рим әдебиеті - антикалық әдебиеттің екінші бөлігі, б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды. Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құл иеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің ( қала-мемлекет ) дамуы мен күйзелісі – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді. Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады. Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет ) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты. Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды

Изображение слайда
4

Слайд 4

Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипид тен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомер дің поэмалары емес, Вергилий дің « Энеидасы » көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған. Екі әдебиеттің көп ұқсастығы болса да, жас рим әдебиеті ерте дамыған грек әдебиетінен тәуелді болса да, рим әдебиеті грек әдебиетінің жәй көшірмесі емес. Оның да көп өзгешелігі бар. Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, оларды өзгертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ. Рим әдебиетінің дамуы, оның «алтын дәуірі », Рим империясының пайда болуы мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді. Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілі нің дамуымен сәйкес келеді. Ежелгі кезең – рим әдебиетінің пайда болуына дейін ( б.д.д. 240 ж, дейін ). Архаикалық кезең – Цицерон ның әдеби қызметіне дейін ( б.д.д. 240ж.- 81 жж.). Рим әдебиетінің «алтын дәуірі »: 1) Цицеронның заманы – рим прозасының гүлдену кезеңі (б.д.д.81-43 жж.); 2) Август ың заманы – рим поэзиясының гүлдену кезеңі ( б.д,д. 43-14 жж.). Рим әдебиетінің « күміс дәуірі » (14-117 жж.). Соңғы императорлық кезең (117-476 жж.).

Изображение слайда
5

Слайд 5

Рим мифологиясы Римдіктер олимп құдайлары на құлшылық етті, бірақ олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы, бас құдай Зевс ті – Юпитер, теңіз құдайы Посейдон ды – Нептун, өлілер патшалығының әміршісі Аид ты – Плутон, неке, аналар мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гера ны – Юнона, соғыс құдайы Арес ті – Марс, сауда-саттықтың құдайы Гермес ті – Меркурий, сұлулық пен махаббат құдайы Афродита ны – Венера, қолөнері мен өнерді қорғаушы әйел құдай Афина ны – Минерва, аңшылық құдайы Артемида ны – Диана, ұста құдай Гефест і – Вулкан деп атады, бақыт құдайы Тюхэні – Фортуна, махаббат құдайы, Афродитаның ұлы Эрот ты – Амур немесе Купидон деп атаған. Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры » деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті. Рим театрларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырды. І ғ. Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынды. Грек жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылды. Рим ақындарының өздері де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Марк Туллий Цицерон Марк Туллий Цицерон (б.э.д.106-43 жж.) – атақты адвокат, шешен, жазушы, саяси қайраткер. Цицерон Арпин қаласында дүниеге келді. Ол Римдегі грек оқытушылардан білім алды. Мектепте грек әдебиетінің классикасымен танысты – Гомердің поэмаларымен, драмалармен, шешендік сөздермен. Цицерон философиямен, грек және латын тілінде шешен сөйлеумен, грек тілінен аударумен және поэма жазумен машықтанды. Грек және рим әдебиетінің синтезі Цицеронның жан-жақты шығармашылығында іске асырылды. Цицеронның өте бай әдеби мұрасы сақталды : саяси бағытта, сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық және теориялық философия туралы 19 трактаты, аса маңызды психологиялық құжат, латын тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты бар. Цицерон адвокаттық қызметіне б.э.д. 80-ші жылдардың аяғында кірісті. 63 ж. ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі : ол Сенатта басшы роль атқарады, Кіші Азияда проконсул болады. 48 ж. император Цезарь жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген шығармалар жазды : риторикалық («Брут», « Шешен » - римдегі шешен өнерінің тарихы, стилі туралы ), философиялық трактаттар. Цицерон рим әдебиетінде бұрын болмаған көркем философиялық прозаны жетілдіруін мақсат етті. Ол этика, метафизика, тану теориясының әр түрлі мәселелерін қамтитын және рим көпшілігін грек философиясының ең маңызды бағыттарымен таныстыратын еңбектердің сериясын шығарды. Цицеронның маңызды жетістіктерінің бірі – латын тілінде философиялық терминологиясын шығару. Б.э.д 44 ж. бастап Цицерон қайта саясатпен айналысады. Оның атақты «Филиппики» еңбегі Антонийге қарсы күрестің әдеби ескерткіші болып есептеледі («Филиппики» деген атты Цицерон грек шешені Демосфен нің Филипп Македонскийге қарсы сөздерінен алған ). Цицерон еуропалық мәдениет тарихына үлкен ықпал жасады. Ол рим прозасының асқан шебері болып саналады. Оның аты шешен деген сөздің синонимі болды. Цицерон еңбектері Қайта өркендеу дәуірі нде, XVII-XVIII ғғ., ХІХ ғ. да жоғары бағаға ие болды. Ол ағылшын және француз философ ағартушыларына ( Дидро, Вольтер т.б.), француз революциясының жалынды шешендеріне (Марат, Робеспьер ), А.Н.Радищев пен декабристерге үлкен әсер етті.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Вергилийдің «Эклог» қолжазбасы ( 5 ғасыр )

Изображение слайда
8

Слайд 8

Изображение слайда
9

Слайд 9

Антикалык әдебиет курсының пәні – көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. «Антик», « антикалық » деген термин « antiquus » деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы « ежелгі, ертедегі, көне » болады. Антикалық әдебиет деп қазіргі біздің заманымыздағы жоқ әдебиетті атайды. Оны біз не үшін оқып білуіміз қажет ? Біріншіден, антикалық әдебиет – Батыс Еуропа әдебиетінің бастауы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады. Сонымен қатар, антикалық әдебиеттің бірнеше негізгі қасиеті бар 1) антикалық әдебиеттің маңыздылығы, ақиқатты кең қапсыруы, адам, қоғам, табиғаттың қарым-қатынастарын көрсетуі ( мысалы, қазіргі кездегі маңызды мәселелер – адам және саясат, әйел адамның қоғамдағы ролі, экология т.б. проблемалар сол кездің өзінде-ақ көтерілген ); 2) антикалық әдебиеттің өмірге орайлығы ; 3) антикалық әдебиеттің саяси мазмұнды болуы ( сол кездегі болған саяси оқиғалардың барлығы антикалық әдебиетте бейнелеуін тапты ); 4) антикалық әдебиеттің өзінің заманының тілектеріне сай келген және көп ғасырлардан өтіп, балаусалығын жоймаған көркем шығармаларды жаратуы ( қанша ғасыр өтсе де, антикалық әдеби шығармалар әлі күнге дейін өз қызығын жоймаған ); 5) антикалық әдебиеттің көркем түрлерінің әр алуандығы (грек және рим әдебиетінде сол кездің өзінде-ақ жаңа заман әдебиетінің барлық жанрлары болған ; олардың көбі әлі күнге дейін антик атауларын сақтаған, мысалы : лирика, эпос, поэма, драма, трагедия, комедия, роман);

Изображение слайда
10

Слайд 10

6) антикалық әдебиетте мифологияның зор роль атқаруы ( басқа әдебиеттермен салыстырғанда, антикалық әдебиетте мифологиялық бейнелер орасан зор роль атқарады ). Антикалық әдебиеттің негізін грек және римдік ақын-жазушыларының әдеби мұралары құрайды. Бірақ антик дәуірінің ескерткіштерінің көбі сақталмаған, ал сақталғандардың ішінде бізге толығымен жеткендері аз. Біздің заманымызға дейін жеткен дүниелердің ішінде – Эсхил, Софокл, Еврипидтің шығармалары. Мысалы, Эсхилдің 90 пьесасынан толығымен 7 жеткен, Софоклдың 123 драмасынан 7 қалған, Еврипидтің 92 шығармасынан 19 жеткен.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Антикалық әдебиетке әр түрлі уақытта көптеген ақын-жазушылар назар аударған. Антикалық әдебиеттің сюжеттері мен сарындары орта ғасырлардағы Вергилий («Энеида» поэмасы ), Х V ІІІ ғасырдағы И.В. Гете, И.Ф.Шиллер (Прометей туралы поэмалары ), ХІХ ғасырдағы Д.Г.Н.Байрон, П.Б.Шелли шығармаларында кездеседі. Ғылымда антика әдебиеті дегенде грек, рим әдебиетін тану қалыптасқан. Біз де антика әдебиетінің тарихын сөз еткенде ежелгі грек, рим әдебиетінің тарихына тоқталамыз. Бұдан әрине, ең ежелгі әдебиет грек- рим әдебиеті деген түсінік тумау керек. Себебі, ең ежелгі әдебиет Мысыр, Вавилон және шығыс әдебиеті екені түсінікті. Көне дәуірдегі грек- рим әдебиеті өзіне дейінгі мысыр, вавилон әдебиетінің жетістіктерін, озық үлгілерін пайдаланып, өз әдебиетіне сіңдіріп отырды. Мысалы, ең алғашқы жазу құралы папирус дейтін болсақ, оны бүкіл еуропа жұртшылығына таратып, танытқан гректер болғанымен, ойлап тапқан – мысырлықтар. Папирусты мысырлықтар жазу құралы ретінде б.з.б. ІІІ мыңжылдықтан бастап пайдаланды. Ал Грекияға екі ел арасындағы сауда қатынасы дами бастағанда, яғни б.з.б. V ІІ ғасырда келе бастады. Мұны сол дәуірдің лирик ақындарының шығармалары да растайды. Эллиндік дәуірде, яғни б.з.б. ІІІ-І ғғ. аралығында Римде де папирусты кеңінен қолданды. [1] Ніл бойында б.з.б. 331 жылы Александрия қаласы салынып, одан соң бірнеше грек қоныстары орналасқаннан кейін бұл қала маңызды, мәдени әрі ғылыми орталыққа айналды. Мұнда папирустар көптеп шығарылып, әлемнің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп жатты. Грек ақындары папирусты кеңінен қолданды. Бүкіл еуропа аймағында көп уақытқа дейін папирус негізгі жазу құралы болып саналды. Бірақ Мысырдың құрғақ климатына бейімделіп өскен шөптен жасалғандықтан папирус Грекияның ылғалды табиғатында ұзаққа шыдамады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Гректердің папирустан кейін пайдаланған жазу құралы – пергамен болса, оны сириялық шеберлер ойлап тапты. Пергаменнің шығу тарихы да қызық. Елде кітапқа деген қызығушылық артып, соның ішінде Египет пен Пергамның арасында экономикалық және мәдени даму бәсекелестікке ұласқанда египет патшасы Птолемей V Эпифан ( б.з.б. 203-181) Пергам қаласына папирус жіберуге тыйым салады (эмбарго). Ол осылайша Пергамның кітапханалық ісінің дамуына тосқауыл қоймақшы болады. Себебі ол пергам патшасы Эвмен ІІ- нің мәдениет саласына ерекше көңіл бөлетінін жақсы білетін. Бірақ Египет патшасының әрекетіне пергамдықтар өздері жаңа жазу құралын шығару арқылы жауап берді. Ол теріден жасалды. Сирия шеберлерінің жасаған бұл жазу құралына олардың туған қаласы Пергамның аты беріліп, пергамен деп аталды. Ол латын тілінде пергамен деп аталса, римдіктер мембрана деп атады. Пергамен жазу құралы жұмсақ, жазуға өте ыңғайлы әрі өшірілетін болды. Тағы бір ерекшелігі оның екі жағына да жазуға болатын еді. Пергаменнің ең жоғарғы сортын дайындау үшін өте жұқа, жұмсақ әрі ашық түсті тері қажет болды. Сондықтан әлі дүниеге келіп үлгермеген қозылар мен лақтардың терісін алу үшін қой, ешкілерді сою қажет болды. Сонда қозы, лақтың терісін пайдаланумен қатар, олардың енелері де пышаққа ілінді. Ал бір кітап үшін ондаған тері қажет болғандықтан, оның бағасы қарапайым халық үшін өте қымбатқа түсті. Сондықтан да алғашында пергамен ісі жай дамығанымен (тек дәулетті адамдар ғана тапсырыс беріп отырды ), б.з.б. І V ғасырда жазу құралы ретінде толық мойындалды. Яғни, гректер өздеріне дейін жақсы дамыған мысыр, вавилон, хет, финикия мәдениетінен қашқан жоқ. Оның озық үлгілерін алып, үйрене отырып, оған өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сіңдіре отырып пайдаланғанда, ол ерекше сипатқа ие болды.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Ежелгі гректер Балқан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңізі аралдары мен Кіші Азия жағалауларын мекендеді. Ал ежелгі римдіктер болса Римнің төңірегіндегі территориялар мен Орталық Италияны ( Лациум ) мекендеп, кейіннен бүкіл Италияны, Жерорта теңізі елдерін жаулап алып, қоныстанды. Б.з.б. ХІ-ІХ ғасырларда ежелгі Грекия жерінде бірте-бірте алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құлиеленушілік қоғам пайда болды. Бұрынғы руластар арасында теңдік жойылып, бірі байып, бірі кедейленіп, шонжарлар шыға бастады. Алғашқы әдеби туындылар рулық құрылыстың ыдырап, құлиеленушілік қоғамның әлеуметтік-экономикалық қалыптасуының әдебиеті болып табылады. Бұл – антика әдебиетінің бірінші ерекшелігі. [3] Осыдан грек жеріндегі әдебиет пен мәдениеттің дамуына оң әсер еткен құлиеленушілік қоғам деген түсінік қалыптасқан. Екінші ерекшелігі – антика әдебиетінің мифологиямен органикалық байланыста болуында ( әсіресе грек әдебиеті ). Антика дәуірінің ақындары, драматургтері өз шығармаларының сюжетін халық ауыз әдебиетінің мол саласы – мифтен алып отырды. Грек мифологиясы халықтың әлемнің, табиғаттың пайда болуы, қоғамдық құрылыс туралы түсінігінен туындаған.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Аристофан (б. з. д. 445—385 жылдар шамасы ) — « комедияның атасы » болып саналады. Аристофан 44 комедия жазған. Олардан толық сақталғаны 11. Олар : " Ахарняндықтар " " Салт аттылар " " Бүттар " " Аралар " " Бітім " " Құстар " " Әйелдер Фесмофорий тойында " "Л ucucmpama " " Бақалар " " Әйелдер халық жиналысында " " Байлық ". А ристофанның басқа комедияларынан 900-ге жуық ұсақ үзінділер, фрагменттер ғана калған. Аристофан комедияларының тақырыбы — әлеуметтік теңсіздікті, идеялық ағымдарды күшейтіп, Афины демократиясының дәстүрлі негізіне нұқсан келтіретін соғыс саясатын сынау болды. Аристофан соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті аңсады. Ол тек шаруалардың ғана емес, бүкіл Грекияның мүддесін айлады. Аристофан комедиялары халықтың театр формаларымен тағыз байланысты еді. Оның кейіпкерлері адам мінезінің бір қырын ғана алған және ол оны өткір, гротескілі түрде көрсетеді. Сонымен қатар актерлер көрермендерді күлдіру үшін шарж, пародия, буффонадаңы кең пайдаланды. Аристофанның ең жақсы саяси комедиясы б.з.д. 424 жылы қойылған " Салт аттылар " ( салт аттылар — Афины әскерінің ақсүектер бөлігі ) болды

Изображение слайда
15

Слайд 15

Аристофан Аристофан және Менандр

Изображение слайда
16

Слайд 16

Оның өмірі жөнінде нақты мәліметтер аз. Аристофан Пандион жанындағы Кидафин ( Кидатенайон ) округінде шамамен б.з.б. 445 жылы дүниеге келген, ал шамамен б.з.б. 385 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Әкесінің аты – Филипп, анасының аты – Зенодора. Кей деректерде Аристофанның Филипп, Арар, Никострат, Филетр есімді ұлдары болған және олар комедия жанрының ақындары делінеді. Зерттеушілердің кейбірі Аристофанның афиндық азамат екендігіне күмән келтіреді. Оны Эгинеде, Родоста, енді бірі Египетте дүниеге келген дейді. [2] Эгинелік азамат деген пікір Аристофанның бұл жерде үй-жайы болғандықтан айтылған болуы да ықтимал. Бірақ, антик дәуірінен бізге жеткен жазбалар Аристофанның Афины қаласының тең құқылы азаматы болғанын дәлелдейді. Аристофанның бүкіл жан-тәнімен афиндық ақын болғандығы оның тілінен, ойынан, тіпті темпераментінен де байқалып отырады. « Ахарндықтар » шығармасындағы ақынның келтірген мәліметтеріне сүйеніп, ол клерух, яғни Эгине аралындағы афиндық колонист болған деген де болжам бар. [3] Б.з.б. І V ғасырдың басынан сақталып қалған жазба деректе, Аристофанның Пандионид бесжүздік Кеңес мүшесі болғандығы айтылады. Комедиограф өмірінің көп бөлігі Пелопоннес соғысы кезеңімен тұспа-тұс келеді. жеткен « Байлық » атты комедиясынан кейін де Аристофан «Кокал», « Эолосикон » атты драмаларын жазады. Бірақ бұл екі драмасы бізге жеткен жоқ. Оны Аристофанның қазасынан кейін ұлы Арар сахналаған. Кей деректерде бұл екі драмасын Аристофан ұлы Арардың есімі театрлық ортада танымал болу үшін оған сыйға берген делінеді.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Аристофан 40-тан аса комедия жазғанымен, бізге 11 еңбегі ғана жеткен. Хронологиялық тәртіп бойынша келтірсек : « Ахарндықтар » - 425 жыл, « Салт аттылар » - 424 жыл, « Бұлт » - 423 жыл, « Аралар » - 422 жыл, « Бейбітшілік » - 421 жыл, « Құстар » - 414 жыл, « Лисистрата » - 411 жыл, « Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер » - 411 жыл, « Бақалар » - 405 жыл, « Халық жиналысындағы әйелдер » - 392 немесе 389 жыл, « Байлық » - 388 жыл. Сонымен қатар, Аристофан комедияларының мыңдаған фрагменттері жеткен. Антик әдебиетін зерттеуші ғалым А.Ф.Лосев әлеуметтік-тарихи кезең тұрғысынан Аристофан шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырады 1. Бірінші кезең – б.з.б. 427-421 жылдар аралығы (Пелопоннес соғысының алғашқы кезеңінен бастап Никиев заманына дейін ). Бұл кезеңге жататын шығармалары саяси сарында, халықтық стиль дәстүрін қатаң сақтай отырып жазған. Оған «Кутила» (б.з.б.427 жыл ), « Вавилондықтар » (б.з.б.426 жыл ) атты сақталмаған туындыларынан басқа, « Ахарндықтар » (б.з.б.425 жыл ), « Салт аттылар » ( б.з.б 424 жыл ), « Бұлт » (б.з.б.423 жыл ), « Аралар » (б.з.б.422 жыл ), « Бейбітшілік » (б.з.б.421 жыл ) драмалары жатады. 2. Екінші кезең – б.з.б. 414-405 жылдар аралығы. Б.з.б. 421 жылдан бастап б.з.б 414 жылға дейінгі шығармашылығы жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Бұл кезеңдегі туындыларында саяси сарын байқалмайды. Комедиограф қоғамдық-сатиралық тақырыпты қозғап, саяси талаптар мен оппортунизмге байланысты театр өнері мен ақындарына арналған сатиралар тудырады. Бұл кезеңдегі комедияларына : « Лисистрата » (б.з.б.411 жыл ), « Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер » (б.з.б.411 жыл ), « Бақалар » (б.з.б.405 жыл ) жатады. 3. Үшінші кезең (б.з.б.392-388) – егін шаруашылығына байланысты туған салттық-саяси комедияның ығысып, кейінгі тұрмыстық комедияларға жол бере бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Оған « Халық жиналысындағы әйелдер » ( немесе « Заң шығарушы әйелдер »), « Байлық » (б.з.б.388 жыл ) шығармалары жатады.

Изображение слайда
18

Последний слайд презентации: І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті Тақырыбы:Ежелгі Грек, Рим

Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Чекалова Е.И. –Л., 1989. 2. Введение в классическую филологию. С.И.Радциг. Издательство Московского университета, 1965. Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда