Презентация на тему: ИӨЖ Тақырыбы: Балалардағы Аутизм

ИӨЖ Тақырыбы: Балалардағы Аутизм..
Жоспары:
Кіріспе
ИӨЖ Тақырыбы: Балалардағы Аутизм..
Терминнің шығуы
этиологиясы
Аутизм көрсеткіші
Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:
Клиникалык картина
Аутизмнің түрлері
Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы- классикалық түрі;
Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия ;
Ретта синдромыа
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету
ИӨЖ Тақырыбы: Балалардағы Аутизм..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1/16
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 52)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (111 Кб)
1

Первый слайд презентации: ИӨЖ Тақырыбы: Балалардағы Аутизм

Орындаған:Ауелхан.Е.Б Тексерген: Жунусова Э.Т

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспары:

Кіріспе Негізгі бөлім Балалардағы аутизм Терминнің шығуы Этиологиясы Аутизм көрсеткіші Клиникалык картина Аутизмнің түрлері Аутист балаларға арнайы көмек көрсету Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Аутизм — (гр. autos - өзім ) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.[1]

Изображение слайда
4

Слайд 4

Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Терминнің шығуы

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады.

Изображение слайда
6

Слайд 6: этиологиясы

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі. Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Аутизм көрсеткіші

Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді : аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:

жалғыздықты жақсы көру ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау біркелкі қимылдарды қайталай береді Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Клиникалык картина

Аутист бала қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият ( интеллектісі ) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Аутизмнің түрлері

Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы- классикалық түрі; Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия; Ретта синдромы А типті аутизм – шизофрениядан кейін немесе процессуалды аутизм

Изображение слайда
11

Слайд 11: Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы- классикалық түрі;

Жиі кездесетін ауыр түрі.Кездесу жиілігі 0,02-0,0,5.Канлер 1943ж ашқан.Ең басты сипаттамасы:баланың тым кеш сөйлеуі. Жалғыздықты ұнатады.Тұйық.Тәртіптің өзгеруіне қарсы өте сезімтал, ешкімге еліктемейді,үнемі бір қимылды қайталайды. Қоршаған адамдардың сезімін түсінбеуі, сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін.Өздерін жарақаттауға бейім.Белгілері 3 жасынан бастап (кейде одан ерте )байқалады.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия ;

Жеңіл түрі.Белгілері ұқсас,дегенмен,балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары.Белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол сананы жетік меңгере алады.Логикасы жақсы дамыған,сөйлей алады. Бірақ адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиын.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Ретта синдромыа

Аутизмнің сирек кездесетін түрі.Әрі тек қыздарда.Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, мануальді іс қимылдардың жоғалуымен, сөйлеудің ауыр бұзылыстарымен, энурез,энкопрез және де ентігу ұстамаларымен қатар жүретін ауыр патология. зерттелмеген,сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін. Процессуалды аутизм.Ер балаға тән.Олар 3-5 жасқа дейін уақытылы дамып, кейінен қабілеті жоғала бастайды.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Аутист балаларға арнайы көмек көрсету

Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді. Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу ). Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама ( Э.Шоплер,Р.Райхлебер ), холдинг терапия ( М.Уелш ) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу ( К.Китахара ) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады. Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С. Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған. Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек. Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.

Изображение слайда
16

Последний слайд презентации: ИӨЖ Тақырыбы: Балалардағы Аутизм: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Н.М.Жариков,Ю.Г.Тюльпин “Психиатрия”-2002 Ремшмидт Х. “Детская и подростковая психиатрия”-М:ЭКСМО-1999.-624с. http// kk /m.wikipedia.org/wiki/ Аутизм

Изображение слайда