Слайд 2: Ионосфера
Ионосфера жердің плазмалық қабаты. Ионосфера - газ молекулаларының ионизациясы жоғары болатын, 80км-ден 800-1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты. Бұл қабатта газдар ішінара ионданған күйде болады. Қысқа толқынды радиобайланыс үшін маңызы бар. Өйткені олардың Жерге таралуына әсер етеді. Жер маңайындағы плазма 250-600 км шамасында. Электрондық концентрациясы максимумы ~ 300 км
Слайд 3: Ионосфера –Жер атмосферасының жоғарғы қабаты.Ол мезосфера,мезопауза,термосфера қабаттарынан тұрады.Күннен келетін ғарыш сәулелерінің әсерінен ионизация процесі жүреді. Ионосфера –нейтрал атомдардан,молекулалардан(оның ішінде N 2 және О 2 ) ж ә не квазибейтарап плазмадан құралады. 60 километрден жоғары биіктікте ионизация көрсеткіші пайда болады
Слайд 4: Ионосфера – 50-60 км биіктіктен жоғары, радиотолқындар таралуына кедергі келтіретін атмосфераның иондалған қабаты
Слайд 5: Ионосфера « D», «E», «F» қабаттардан құралған
Слайд 6: D» қабаты
Ұ зын толқындарды шағылыстыратын күндізгі қабат. (60-80 км) зарядталған бөлшектердің концентрациясы N атм=102-103 c м-3. Бұл аумақ әлсіз иондалған. Иондалуға негізгі орынды Күннің рентген сәулелендіруі алады. Иондалудың қосымша көздері: 60-100 км биіктікте жанатын метеориттер, ғарыштық сәулелер, магнитосфераның энергетикалық бөлшектері.
Слайд 7: E» қабаты
Ұзын толқындарды шағылыстыратын тәуліктік қабат. (180-220 км) плазма тығыздығы Nmax~105 см-3. Бұл аумақта күндізгі уақытта электрондардың концентрациясы өседі, себебі иондалудың негізгі көзі Күннің қысқа толқынды сәулелендіруі, иондардың рекомбинациясы тез жүреді және түнде иондар тығыздығы 103 см-3 дейін түседі. Бұл процеске жоғарыда орналасқан F аумақтағы зарядтардың диффузиясы қарсы тұрады, мұнда иондардың концентрациясы салыстырмалы түрде көбірек, түнгі иондалу көздері (күннің геотәждік сәулелендіруі, метеорлар, ғарыштық сәулелер және т.б.).
Слайд 8: F» қабатында
220-500 км-ден биік ионосфера F қабаты деп аталады. 220-500 км биіктікте иондалудың максимум мәніне жетеді. Диффузия және плазмада құралған иондардың салыстырмалы өмір сүру ұзындығына байланысты максимум аумағында жоғары және төмен өзгереді. 250-400 км биіктігіндегі F аумағында электрондар мен иондардың концентрациясы максимал мәнде болады.
Слайд 9: Күндізгі және түндегі электрондар концентрациясының биіктіктен тәуелділігі
n e, м -3 z, км день ночь