Презентация на тему: Инвестиция және оның түрлері

Инвестиция және оның түрлері
Инвестиция дегеніміз не?
Инвестиция және оның түрлері
Инвестиция және оның түрлері
ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ
ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі :
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция
Кіріс немесе шығыс
Инвестиция және оның түрлері
Инвестиция және оның түрлері
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді :
Венчурлық капитал
Тікелей инвестициялар
Портфельдік инвестиция
Аннуитет
Заттық құрамына байланысты инвестицияның келесі түрлері болады :
Инвестицияның әр-түрлі түрлерін жүзеге асыруға байланысты келесі түрлері болады :
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне байланысты келесі түрлері болады :
Назарларыңызға рахмет!
1/20
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 2)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (296 Кб)
1

Первый слайд презентации: Инвестиция және оның түрлері

Орындаған : Н ұрмұханбетов. Е Қабылдаған : Саяпил. А

Изображение слайда
2

Слайд 2: Инвестиция дегеніміз не?

Инвестиция ( латынша і nvest і re – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік

Изображение слайда
4

Слайд 4

Изображение слайда
5

Слайд 5: ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ

Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Изображение слайда
6

Слайд 6: ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі :

а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін ; ә ) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық. Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста : не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы ( нарықтық ) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Кіріс немесе шығыс

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады. Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы ( нарықтық ) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең теменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды : - жалпы қоржындық ( портфельдік ) жиынтығымен ; - инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен ; - жеке инвестициялары ( әрбір инвестициясы ) бойынша.

Изображение слайда
11

Слайд 11

. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет : 1. Жоспарлау ; 2. Бағдарламалау ; 3. Бюджетті дайындау ; 4. Орындау ;

Изображение слайда
12

Слайд 12: Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді :

венчурлық тікелей портфельдік аннуитеттік

Изображение слайда
13

Слайд 13: Венчурлық капитал

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді : қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық жасайды.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Тікелей инвестициялар

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу

Изображение слайда
15

Слайд 15: Портфельдік инвестиция

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар : акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Аннуитет

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы. Сақтандыру компаниялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қиыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Заттық құрамына байланысты инвестицияның келесі түрлері болады :

- ақша қаражаттары ( мақсатты банктік салымдар, акциялар және басқада бағалы қағаздар ); - жылжымалы және қозғалмалы мүлік ( ғимарат, құрылыс, құрылғы және басқада материалдық құндылықтар ); - мүліктік құқық ( авторлық құқық, «ноу-хау», тәжірбие және басқа да интеллектуалдық бағалықтар ); - жерді және басқада табиғи ресурстарды қолдану құқығы

Изображение слайда
18

Слайд 18: Инвестицияның әр-түрлі түрлерін жүзеге асыруға байланысты келесі түрлері болады :

- нақты инвестициялар ( құралдарды ұзақ мерзімге салу – капиталды салымдар ); - қаржылық инвестициялар ( бағалы қағаздарды сатып алу ); Интеллектуалды инвестициялар ( мамандарды курстарда дайындау, тәжірбие, лицензия, «ноу-хау» және т.б. беру).

Изображение слайда
19

Слайд 19: Инвестициялық қызметтің субъектілеріне байланысты келесі түрлері болады :

- азаматтар инвестициясы ; - мемлекеттік емес меншіктегі кәсіпорындар инвестициялары ; - мемлекеттік инвестициялар ; Шет ел инвестициялары ( тікелей және портфелді ). Инвестициялық қызмет объектісі бойынша инвестициялардың келесі түрлері болады : - негізгі капиталға ( жаңа құрылған, қайта құрылған негізгі қорларға және т.б.);

Изображение слайда
20

Последний слайд презентации: Инвестиция және оның түрлері: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда