Презентация на тему: Иммундық жүйе аурулары

Иммундық жүйе аурулары
Эбола
Экзема
Иммундық жүйе аурулары
Лейкемия
Иммундық жүйе аурулары
1/6
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 98)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2292 Кб)
1

Первый слайд презентации: Иммундық жүйе аурулары

Изображение слайда
2

Слайд 2: Эбола

Эбола ауруы ( EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы ( EHF) адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады. Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиғи ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген. Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді. Эбола белгілері. Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ. Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады. Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады. Ебола ауруы алғаш рет Судан ( қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Экзема

Экзема (грек. eczema – теріге бөртпе шығу ) – терінің созылмалы ауруы. Экзема көбінесе жүйке және эндокринді жүйелер қызметінің бұзылуынан, созылмалы жұқпалы аурулардың асқынуынан (тонзиллит, гайморит, т.б.), организмнің белгілі бір аллергенге аса сезімталдығынан, асқазан-ішек жолдарының ауруларынан, т.б. пайда болады. Экзема, әсіресе, экссудативтік-катаралдық диатезбен ауыратын сәбилерде жиі кездеседі (қ. Диатез). Экземамен ауыратын кейбір науқастарда балыққа, жұмыртқаға, цитрусты жемістерге, т.б. тағамдарға, үйдегі шаңға, гүл тозаңына, гүл иісіне, химиялық заттарға ( кір жуатын ұнтақтар, бояулар, т.б.) аллергия реакциялар (қ. Аллергия) байқалады. Кей жағдайда дәрілік препараттар да Экземаның дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ Экзема жазылмай ұзаққа созылған күйіктің, жараның айналасында ( әсіресе аяқтағы ) пайда болады, оны – микробты экзема деп атайды. Аурудың алғашқы белгісі : ісінген теріде ұсақ, іші суға толы көпіршіктер, қызғылт түсті түйіндер шығады. Кейін олар бір-бірімен тұтасып бірігіп кетеді де, қабыршақтанып, терінің беті жарылады. Экзема түскен жер қатты қышиды. Біртіндеп Экзема пайда болған тері қабаты қатайып, қалыңдай түседі. Ересек адамдарда Экземалық бөртпелер саусақтың, өкшенің, білектің сырт жағынан, ал балаларда бетінен, мойнынан және кеудесінен шығады. Экземаны дерматолог- дәрігер емдейді.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Аллергия — ( көне грекше : ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап ) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр ) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін ( экзогендік ) және организмнің өзінде өндірілетін ( эндогендік ) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар,кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан Аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне : бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар ( грекше pollen — шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог- дәрігердің бақылауында болуы керек. Аллергия

Изображение слайда
5

Слайд 5: Лейкемия

Л ейкемия (грек. leukos — ақ ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады. Соның нәтижесінде қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, ал жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді. Лейкоз иондаушы сәулелердің ( радиацияның ), кейбір хим. заттардың (бензол, бензпирен, т.б.), вирустардың әсерінен дамиды. Клиник. ағымы бойынша және қан элементтерінің цитохим. өзгерістеріне қарай Лейкоздарды жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел Лейкоздер кенеттен басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, қызыл иектің қанап қабынуы, ауыз шырышты қабықтарының қанталауы, мойындағы, қолтық астындағы лимфа түйіндерінің шошынып ісінуі байқалады. Қандағы лейкоциттер саны 1 мкл қанда 10 мыңнан 100 мыңға дейін (10,0–100,0109/л) жетеді, олар негізінен жетілмеген клеткалардан тұрады. Шырышты қабықтардағы, денедегі қанталау ошақтары қан ұюына қатынасатын тромбоциттер санының азайып кетуіне байланысты болады. Қан тамырларының қабырғасына Лейкоз клеткаларының сіңіп қалуы — миға қан құйылуына әкеледі. Науқас адам қалтырап тоңады, қаны азаяды (қ. Анемия). Адамды әр түрлі инфекциялардан қорғайтын қалыпты лейкоциттердің, лимфоциттердің тапшылығы — организмде екіншілік инфекциялардың, өкпе қабынуының (пневмония), денеде іріңді ошақтардың, сепсистің дамуына алып келеді. Лейкоз клеткаларының ми қабықтарына таралуы науқасқа өте қауіпті жағдай туғызады.

Изображение слайда
6

Последний слайд презентации: Иммундық жүйе аурулары

Изображение слайда