Презентация на тему: Иммундық жүйе

Реклама. Продолжение ниже
Иммундық жүйе
ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ СИНДРОМЫ  (ЖИТС),
ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ СИНДРОМЫ (ЖИТС)
Аллергия
Экзема
1/5
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 46)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1222 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Иммундық жүйе

Иммундық жүйе ағзаның жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы туру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметі қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды. Иммунитет - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті. Адамда екі түрлі иммунитеті болады : - іштен туа біткен иммунитет жүре пайда болған иммунитет Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы ағзада ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары : макрофагтар, моноциттер нейтрофилдер. Ағзаға бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады. ағзаның өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі. Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері ағзаның өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2: ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ СИНДРОМЫ  (ЖИТС),

СПИД – Т-лимфотропты ретровирустар қоздыратын жұқпалы ауру. ЖИТС кезінде адамның иммундық жүйе қызметі бұзылуының нәтижесінде әр түрлі лимфааденопатиялар, инфекциялар және қатерлі ісіктер пайда болады. 1983 ж. француз ғалымы Л.Монтанье және американ ғалымы Р.Галло бұған дейін белгісіз вирус HIV (Human Immunodef і c і ency V і rus ) тапты. Оның қазақшасы –  АИВ ( адамның иммундық тапшылық вирусы), орысшасы –  ВИЧ  (вирус иммунодефицита человека).  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  бұл ауруды AIDS ( Acqu і red Immune Def і s і ency Syndrome) деп атады ( орысша – СПИД, қазақша – ЖИТС). Әр жылдың 1 желтоқсаны Жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромымен күресу күні болып белгіленді (1986).

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
3

Слайд 3: ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ СИНДРОМЫ (ЖИТС)

Бұл ауру адамның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты емес. Ауру қоздыратын вирус 55 – 60С-та 30 мин-ттан кейін, сондай-ақ, медицинада қолданылатын дезинфекциялық ерітінділер әсерінен толық жойылады. Вирус жұққаннан кейін дерттің инкубациялық кезеңі 2 – 3 аптадан 3 – 12 айға дейін созылады. Алғашқы кезде адамның дене температурасы көтеріліп, басы ауырады.  Лимфа бездері   ісініп, теріде   бөртпе   шыға бастайды. Адам әлсірейді. 1 – 2 аптадан кейін ауру белгілері жоғала бастайды да, науқас өзін “сауығып” кеткендей сезінеді. Дерттің бұл кезеңін – жасырын сатысы деп атайды. Бұл жағдай бірнеше айдан 3 – 5 жылға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында мойын, қолтық, шап, т.б. бірнеше лимфа бездерінің бір мезгілде ісініп, мөлшері ұлғаюы мүмкін. Мұндай адамдар   инфекция   көзі ( инфекция тасушы ) ретінде айналасындағы адамдарға қауіпті деп есептеледі. Организмді жайлап алған  вирус   науқастың иммундық жүйесін біртіндеп әлсірете бастайды да, дерттің екінші сатысына – ассоциацияланған аурулар кешеніне ауысады. Бұл кезде адамның дене температурасы көтеріліп, іші өтеді, жүдейді, түнде қатты терлейді, ұйқышыл келеді. Дерт әбден асқынған кезде тыныс алу, асқазан-ішек жолдарының, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, науқастың терісінде, шырышты қабаттарында, ішкі органдарында қатерлі ісік пайда болады. ЖИТС кезіндегі ауру белгілерін бірден анықтап, клиникалық дәл диагноз қою өте қиын. Қазіргі кезде қолданылып жүрген тәсілдер ауру вирусына қарсы пайда болған антиденелердің деңгейін және вирустың өзін, оның бөлшектерін анықтауға негізделген. Бұл дертті емдеу үшін азидотимидин (АЗТ),  ставудин, диданозин,  невиратин,  саквинавир, т.б. препараттар қолданылады. ЖИТС-пен сақтанудың әлеуметтік, мемлекеттік, халықаралық, сондай-ақ, жеке адамды қорғауға арналған шаралары бар. Ауруды жұқтырмау үшін аурудың алдын алу шараларына мұқият көңіл бөлу керек. Олар : яғни салауатты өмір сүру; кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу; қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылдағанда, олардың вирусқа қарсы тексерілгеніне көз жеткізу ; маникюр және педикюр жасайтын аспаптардың стерильденгеніне көз жеткізу, т.б. ЖИТС вирусына қарсы тексерілу үшін Қазақстанда Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында арнайы лаборатиялар ашылған.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4: Аллергия

Аллергияда қайта иммунитет өте жоғары, шамадан тыс жоғары болады. Сондықтан адамға зияны жоқ заттарың  өзін организм қате зиянды екен деп қабылдап, тітіркенеді және көп молшерде гистамин бөлінеді. Гистаминнің шамадан тыс көп бөлінуі, теріде қышыма бөртпелер пайда болып,мурын, тамақ, көз шырышты қабаттарының ісініп, қышып қабынуына әкеледі. Кейде қатты тітіркенгенде қолқа ісініп, адам тұншығып қалуыда мүмкін Бұларды медицинада анафилактикалық шок немесе Квинке ісігі деп атайды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Последний слайд презентации: Иммундық жүйе: Экзема

Экзема  (грек. eczema – теріге бөртпе шығу ) –  терінің  созылмалы   ауруы. Экзема көбінесе жүйке және   эндокринді   жүйелер қызметінің бұзылуынан, созылмалы жұқпалы аурулардың асқынуынан ( тонзиллит,  гайморит, т.б.),  организмнің  белгілі бір аллергенге аса сезімталдығынан,  асқазан -ішек жолдарының   ауруларынан, т.б. пайда болады. Экзема, әсіресе, экссудативтік-катаралдық диатезбен ауыратын сәбилерде жиі кездеседі (қ.   Диатез ). Экземамен ауыратын кейбір науқастарда  балыққа, жұмыртқаға,  цитрусты   жемістерге, т.б. тағамдарға, үйдегі шаңға, гүл тозаңына, гүл иісіне,  химиялық  заттарға ( кір жуатын ұнтақтар, бояулар, т.б.)  аллергия   реакциялар ( қ.  Аллергия ) байқалады. Кей жағдайда дәрілік препараттар да Экземаның дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ Экзема жазылмай ұзаққа созылған күйіктің, жараның айналасында ( әсіресе аяқтағы ) пайда болады, оны –  микробты  экзема деп атайды. Аурудың алғашқы белгісі : ісінген теріде ұсақ, іші суға толы көпіршіктер, қызғылт түсті түйіндер шығады. Кейін олар бір-бірімен тұтасып бірігіп кетеді де, қабыршақтанып, терінің беті жарылады. Экзема түскен жер қатты қышиды. Біртіндеп Экзема пайда болған тері қабаты қатайып, қалыңдай түседі. Ересек   адамдарда   Экземалық бөртпелер саусақтың, өкшенің, білектің сырт жағынан, ал балаларда бетінен, мойнынан және кеудесінен шығады. Экземаны   дерматолог - дәрігер  емдейді

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже