Первый слайд презентации
“Газдардағы электр тогы”
Слайд 2: Газдардағы электр тогы
Газдар-диэлектриктер. Төменгі температурада (бөлме температурасы шамасында) және қалыпты атмосфералық қысымда газдар нашар өткізгіштер болып табылады. Бұның себебін былай түсіндіруге болады: газдар бейтарап атомдар немесе молекулалардан тұрады және оларда электр зарядын тасымалдаушылар (электрондар, иондар) жоқ немесе өте аз.
Слайд 3: Газдардың иондалуы
Дегенмен, қыздырудың рентген сәулелерінің, ультракүлгін немесе радиактивті сәуле шығарудың нәтижесінде газ молекулалары мен атомдарының иондалу процесі жүреді. Газдар өткізгішке айналады.
Слайд 6: Иондану дегеніміз не?
Иондану – сыртқы энергияның әсерінен газ молекулаларының оң иондарға және бос электрондарға бөлінуі
Слайд 8
Газдардағы электр тогын тасымалдаушылар: Оң иондар Электрондар
Слайд 9
Газ арқылы токтың өтуі тәуелді разрядқа мысал бола алады Тұрақты әрекет етуші сыртқы ионизатор жоқ кезде пайда болатын разряд
Слайд 10
Рекомбинация. Газдардың иондалуымен қатар оған кері процесс, яғни электрондардың оң иондарымен бірігуі рекомбинация (бейтарап атомдардың түзілуі) жүріп жатады. Рекомбинация сыртқы факторлардың әсерінсіз жүреді, сондықтан ионизатордың әсері жойылғанда зарядталған бөлшектер рекомбинация нәтижесінде жойылады да газ диэлектрикке айналады.
Слайд 11
Плазма туралы түсінік