Презентация на тему: ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР

ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Қытай мәдениеті
ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Мысыр мәдениеті
ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Вавилон мәдениеті
ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Назарларыңызға рахмет!!!
1/9
Средняя оценка: 5.0/5 (всего оценок: 18)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (3095 Кб)
1

Первый слайд презентации: ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР

Изображение слайда
2

Слайд 2

Мысыр мәдениеті Қытай мәдениеті Вавилон мәдениеті

Изображение слайда
3

Слайд 3: Қытай мәдениеті

Ғаламда мәдениеттер көп болса, соның ең ежелгісі әрі терең білімділік пен мәдени өмірдің үлгісін көрсеткен ертедегі Қытай мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда пайда болды. Оған дейін Қытай идеолгиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады : консерватролық (не кертертпа ) және прогресшілдік, бірі – мистикалық, екіншісі – атеистік бағыттар. Алғашқы мареиалистер пікірінше, әрбір зат бес түрлі бастапқы элементтен (металл, ағаш, су, от, жер ) тұратын болса, керісінше, идеалистер пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы « даоға » байланысты. Ертедегі Қытай мәдениетінде конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций біздің заманымыздан бұрын 551 -479 жылдар аралығы өмір сүрген. Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір-тіршілігінде конфуций төрт принципті қатаң ұстады : 1) бос қиялға салынбау ; 2) «мен білемін » дегендіктен аулақ болу; 3) қасарыстық көрсетпеу ; 4) өзінің жеке басы жайлы ойламау

Изображение слайда
4

Слайд 4

Конфуцийдің 3000 шәкірті болды, олардың 72 - сі ерекше Жақын, ал 12 - сі мәңгі қасында жүрді. Ол бірнеше кітаптар құрастырды ( « Өлеңдер кітабы », « Көктем және күз » жылнамасы, « Сұхбат және пікір айту », т. б. ). Конфуцийдің « Ұлы ұғыну кітабы » 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған. Тарихтан белгілі ежелгі Қытайда « Атабабаларға » табыну кеңінен орын алған. Осы бір ежеелден қалыптасқан дәстүрдің мзмұны мен түрін өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір Қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тіртіп нормасына айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген « Сяо » - яғни « Балалар құрметі » ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, « сяо » ережелері – атаанаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Мысыр мәдениеті

Мысырдың ғажайып өнері әлемдегі басқа мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Б. з. д. IV мыңжылдықтың екінші жарытысында Мысыр жерінде екі құл иеленуші мемлекет — Оңтүстік және Солтүстік патшалығы ірге көтерді. Б. з. д. III мыңжылдықта Солтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін Оңтүстік патшалыққа бағынып, тұтас Мысыр мемлекеті құрылды. Осы кезенде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа ойылып, қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша өріс алды.   Бұдан ертеректе де Мысырда атақты, айбынды адамдардың, патшалардың бастарына алып ескерткіштер қою кең таралған. Олардың сенімі бойынша патшалардың басына қаншалықты бағалы ескерткіш қойса, қарапайым халыққа, бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы желеп-жебеп отырады -мыс. Екінші жағынан, перғауындар қарапайым халыққа өз үстемдігін жүргізу үшін, өздерінің құдіреттілігін таныту үшін де осындай ескерткіштер салуға мүдделі болды. Осы дәстүр Мысырдың сәулет өнерін өрі қарай дамытып, атақты пирамидалар дәуірін тудырды. Жосер сәулет кешенінен бастау алған “ пирамидалар дәуірі ” б.з. д. VII ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті. Пирамидалардың ішіндегі ең әйгілі өрі атақтысы Хуфу (Хеопс) және Хафра ( Хефрен ), Менкаура ( Мекерин ) тұрғызылды. Ніл жағасындағы Гизе жазығында орналасқан осы үш пирамиданы “Гизе пирамидалар қорымы ” деп атайды.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Мысыр елі кейінгі ғасырларда да дүниежүзілік мәдениет пән өнерге өлмес мұра қалдырды. Сондай сәулет өнерінің бірі — б.з. д. XX—XIII ғасырларда салынған Қарнақ гибадатханасы. Оны сол кездегі ел басқарған ұлы перғауын III Аменхотеп салдырды. Патша сәулетшілерден бұл ғибадатхананың ешбір құрылысқа теңдеусіз ерекше болуын талап етті. Шынында да, ғибадатхана бұрын-сонды жер бетінде болмаған ауқымды құрылыс болды. Амон — Күн Құдайына арнап тұрғызылған храм — бірнеше ғасырлар бойы салынды. Адам сенгісіз, биіктігі 20 м, диаметрі 4 м болатын тас бағаналардан тұрғызылған гипостиль — колонналы залдан тұратын ғибадатхананы тіршіліктен тыс бір күш тұрғызғандай әсер береді. Мысыр тарихына көз жүгіртер болсақ, қай дәуірде болмасын ондағы сәулет ғимараттары мен мүсін өнері бір-бірімен сабақтасып, бірге дамып отырған. Гизе пирамидаларын, оның корғаушысы сиякты айбынды да асқақ Хефрен сфинксінсіз, Қарнак, Луксор алдындағы Құдай бейнелі мүсіндерсіз елестету ешбір мүмкін емес. Олар бірін-бірі толыктырып, жарасым тауып тұрған ғажап дүниелер.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Вавилон мәдениеті

Қосөзен мәдениеті адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып есептелінеді.Гильгамеш туралы дастан. Көптеген халыктардағы сияқты Қосөзенде алғашкы әдеби жанрдағы шығармалар діни түсініктермен байланысты дүниеге келді. Солардың бірі әйгілі — « Гилъгамеш туралы дастан ». Сына жазу. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге келтіргендер Қосөзенге шығыстан қоныс аударып келген   шумерліктер   еді.Олардың алғашқы жазуы сурет арқылы жазу болды. Біртіндеп суретті толық салудың орнына әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы жазу қалыптасты. Мысалы, күс деп жазу үшін оның сыртқы бейнесін салды. Құстың жұмыртқасы деп жазу үшін жүмыртқа кескінін О» салды.  Міне, осылайша ежелгі шумерлік әріптер қалыптасты. Сөйтіп,  шумерлік жазу жуйесі   пайда болды. Оң қолдарына ұзын найза, сол қолдарына қалқан ұстаған жауынгерлер шеруі келеді. Қалқандарының үлкендігі сондай, тек бастары мен аяқтары ғана көрінеді. Бастарына дулыға тәріздес бас киім киген. Мүсіндер де өзінің терең мазмұны мен тылсым бейнесі арқылы көз тартады. Екі қолын бірдей кеудесіне қойған адамдар мүсіні көптеп кездеседі. Бұлайша бейнелеу тек бағыныштылық пен табынушылықты ғана білдіріп қоймаса керек. Бет пішіні бетперде (маска) тәрізді болып көрінеді. Оны ерекшелеп тұрған ең алдымен көздері.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Көптеген басқа халықтар сияқты вавилондықтар да алғаш әр түрлі құдайлар бар деп есептеген. Өзеннің, жердің, күн мен айдың құдайлары бар деп ойлады. Су қүдайын   Таммуз  деп атаған. Қосөзеннің — Тигр мен Евфраттың тасуы немесе суының азаюы осы Таммузға байланысты. Оған сиынып, жалбарынып отыру керек. Сонда біздің егістігімізді су алып кетпейді. Егістік пен бақшамыздан жақсы өнім алуымызға көмектеседі. Күннің әрқашан нұрын төгіп, қуанышқа белеп отыруына оның қүдайы   Шамаш   көмектеседі деп білді. Ал Ай құдайын Син деп атады. Шумерліктер түннен кейін күн шығады деп ойлады. Сондықтан Күн құдайы   Шамаш,  Ай қүдайы   Синнің   баласы деп ойлаған. Бірте-бірте үлкен Вавилон мемлекетінің кұрылуы барысында діни түсініктерге өзгерістер енді. Әрбір қаланың, ауылдың қамқоршы кұдайлары бар деп есептелінді. Вавилон каласының камкоршысы   Мардук  деген құдай болды.

Изображение слайда
9

Последний слайд презентации: ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР: Назарларыңызға рахмет!!!

Изображение слайда