Презентация на тему: Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз

Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шаралары. Саяси дағдарысты басқару процесі.
Экономикада дағдарыстық құбылыстардың пайда болу көздері
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз
Экономикалық дағдарыс тарихы
Дағдарыс жайлы түрлі көз-қарастар
Экономикалық дағдарыстың тұжырымдамалары
Коғамдық өндіріс фазалары
Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шаралары
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету процесінің кезеңдері
Дағдарысты басқаруда менеджерлердің шығармашылық қасиетттері мен стратегиялық менеджмент функцияларының орны
Менеджерлердің шығармашылық қасиеттерін тежейтін 7 маңызды факторлар:
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз
Саяси дағдарысты басқару процесі
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз
1/18
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 40)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (979 Кб)
1

Первый слайд презентации: Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шаралары. Саяси дағдарысты басқару процесі

Мақсаты: Экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың пайда болу көздерін анықтау, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шараларын қарастыру және дағдарысты басқаруда менеджерлердің шығармашылық қасиетттері мен стратегиялық менеджмент функцияларының орнын анықтау. Саяси дағдарысты басқару процесін қарастыру. Жоспар : 1. Экономикада дағдарыстық құбылыстардың пайда болу көздері. 2. Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шаралары. 3. Дағдарысты басқаруда менеджерлердің шығармашылық қасиетттері мен стратегиялық менеджмент функцияларының орны 4. Саяси дағдарысты басқару процесі.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Экономикада дағдарыстық құбылыстардың пайда болу көздері

Экономикалық дағдарыс – нарықтық экономиканың өзіндік реттеуінің маңызды элементінің механизмі болып табылады. Яғни ол жағдайдың шегін анықтап қана қоймай сонымен катар экономика дамуындағы ынталандыру және тазарту функциясы болып табылады. Ол мыналармен байланысты: біріншіден, дағдарыс, басты капиталды кұнсыздандыра отырып өндіріс аппаратының жаңаруына жағдай жасайды, екіншіден кәсіпорынның басты капиталының жаңаруына және техникалық базалардың жаңаруына міндеттей отырып,ғылыми техникалық прогрестің пайда болуына жағдай жасайды.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Жалпы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, экономикалық дағдарыстың басты 2 деңгейін бөліп атауға болады: микродеңгей, макродеңгей. Ал қосымша мезо және әлемдік деңгей болады Микроденгей - бұл деңгей жеке кәсіпорын деңгейінде жүреді және кәсіпорынның механикалық соммалары түрінде жүреді. Макроденгей - бұл деңгей халыкаралық экономика деңгейінде жүреді Яғни бұл кәсіпорынның механикалық соммалары түрінде емес, бұл жалпы бір құрылым ретінде жүреді. Мезодеңгей - бұл деңгей аралас салалардың шаруашылық байланысы, яғни әр түрлі кызметтегі кәсіпорындар мен ұйымдар кызметтері түрңнде жүреді. Әлемдік деңгей - бұл деңгей жалпы әлемдік шаруашылық болып табылады. Яғни әлемдік мемлекеттердің әлемдік нарықта және халықаралық шаруашылық деңгейде жүреді.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Экономикалық дағдарыс тарихы

Негізінен бірінші экономикалық дағдарыс 1825 жылы Англияда болған. Екінші дұниежүзілік біткеннен кейін (1948-1949) локальды экономикалық дағдарыс пайда болған. Ол көбінесе АҚШ пен Канадада байқалды. АҚШ та өнеркәсіп өнімдерінің көлемі - 18%, болса, Канадада – 12%, ал басқа дамыған мемлекеттерде - 6% кеміген жалпы осы 4 деңгейде кәсіпорын мен ұйымдардың жағдайлары қарастырылған. Себебі экономикалық дағдарыс ең алдымен кәсіпорын мен ұйымдарда байқалады. Осы 4 деңгейдің үшеуі, яғни мезо-, макро-, және әлемдік денгейлер кәсіпорынның сырткы экономикалық ортасымен байланысты.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Дағдарыс жайлы түрлі көз-қарастар

Экономикалық дағдарыс туралы көзқарастар қарама-кайшы болып келеді. Сондықтан әр мектептін көзқарастары әр түрлі болған Мысалға, К.Маркстың экономикалық дағдарыстың пайда болу себептері туралы озіндік ерекше жүйесі болған. Яғни оның көзқарасы бойынша айналымдық экономикалық дамудың себептері нарыктық шаруашылыктың өзінде жатыр десе, ал кейнсиандық мектептердің айтуы бойынша экономикалық дағдарыстың пайда болу себебі халыктың тауарды толық тұтынбауынан, өнімдердің шығарылу көлемінін кыскаруы деген. Ал неоклассиктик бағыттағы мектептердің айтуы бойынша экономикалық дағдарыстың пайда болу негізінен ″тенсіздіктен″, яғни экономикалық дамудағы сыртқы және ішкі факторларға байланысты Фон Хайек – еркін нарыктың қолдаушысы және мемлекеттің араласуына қарсы адам болған, онын айтуы бойынша, негізінен дагдарыстар мемлекет қарамағынан өндірісті артығынан қаржыландырғаннан болады (арзан кредиттерден, сұранысты ұлғайтканнан, жалған түрде субсидиялар мен дотациялар санын көтеру, мемлекет тарапынан халыкқа трансфертердің берілуі). Ал Шумпетер көзқарасы бойынша, экономикалық дағдарыс негізінен психологиялық көңіл күйге байланысты, яғни әр экономикалық айналым фазаларыны өзгеруіне әр касіпкер дайын болуы тиіс.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Экономикалық дағдарыстың тұжырымдамалары

1-тұжырымдама « Іскерлік айналымның теңдігі » - бұл тұжырымдама, мемлекеттік экономикаға араласу арқылы өзіндік ақшалай «естен тану» генераторы болады, яғни шаруашылық жүйені тенсіздік жағдайынан шығарады және сол арқылы қоғамдық өндірістегі айналым тербелісін ұстайды. 2-тұжырымдама, « Саяси іскерлік айналым » – бұл тұжырымдамаға сәйкес басқару партиясы, яғни олар сайлаудағы күрестін жұмысбастылығымен және бағалармен манипуляциялайды, экономикалық дағдарыстың жоқтығын дәлелдейді. Ал сайлауда женіске жеткен соң үкімет жалған түрде жұмысбастылықты көтереді және бағаларды да көтереді.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Коғамдық өндіріс фазалары

Дағдарыс - қоғамдық өндірістін бірінші айналым фазасы бұл кезде іскерлік белсенділік пен өнімнің көлемі қысқартылады, бағалар құлайды жұмыссыздық өседі және құлдырауға түсу саны лезде өседі. Күйзеу (депрессия, стагнация) - қоғамдық өндірістің екінші айналым фазасы, ол 1 немесе 3 жыл ішінде жүреді, яғни шаруашылык өмірдің және шарттарына үйренуі, жаңа теңдіктің пайда болуы Бұл фазаға көбнесе: сенімсіздік, кәсіпкерлер ісінің бейберекеттілігі, банк пайыздарының мөлшерінің құлауы, бағалардың біртіндеп тұрақтануы есебінен сенімдіктері жатады. Тірілу (жандану) - қоғамдық өндірістің тұрақтану фазасы болып табылады. Капитал салымдары пайда бола бастайды, бағалар өнім өндіру, жұмыс бастылық өседі, өндіріс салалары тұрақталады. Яғни экономика қайта жанданады. Көтерілу бұл - тездету фазасы, бұл кезде техникалық жаңару, жаңа тауарлар және жаңа кәсіпорындар пайда болады.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шаралары

Изображение слайда
9

Слайд 9: Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету процесінің кезеңдері

Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қолайсыз жағдайлар мен қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде қолайсыз жағдайлар мен қатерлердің алдын-алатын шаралардың орындалуы бақылауға алынады. Төртінші кезенде қолайсыз жағдайлар мен қатерлердің алдын-алу шаралар тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Дағдарысты басқаруда менеджерлердің шығармашылық қасиетттері мен стратегиялық менеджмент функцияларының орны

Дағдарысты басқаруда менеджерлердің шығармашылық қасиетттері мен стратегиялық менеджмент функцияларының алатын орны ерекше. Кемшіліктерді талдау бизнес-жобаны дұрыс жоспарлау және басқарудың қажеттілігін, және оларды пайдаланудан қандай пайда болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарда тек кәсіпорынның жағымды жақтары ғана емес бар мәселелер де көрініс алуы керек. Дағдарысты басқаруда шығармашылық тұрғыдан қарастырудың жеткіліксіздігі менеджер жұмысының тиімділігіне мәнді зиянын тигізуі мүмкін.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Менеджерлердің шығармашылық қасиеттерін тежейтін 7 маңызды факторлар:

Адамның жалқаулығы. Шығармашылық уақыт және күш–жігерді қажет етеді. Алдын ала бас тарту шығармашылық жетістіктерді тежейтін тосқауылдарды жоюға бөгет жасайды. Қалыптасып қалған әдеттер. Барлық адамдарда қимылында, жұмысында және ойлау қабілетінде стереотиптер қалыптасып қалады. Артық қысымның орын алуы. Шығармашылық күш-жігерлерде сенімсіздік және қысылу орын алады. Ынталандырудың жеткіліксіздігі. Шығармашылық ынталар басқа болу ниетімен жүзеге асырылады. Жеткіліксіз мүмкіндіктер ( денсаулы қ ). Артық салмақтылық (серьезность). Нашар әдістеме және мәселелерді шешу.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Басқару функциясы - басқарушылық қызметтің ерекшеленген бағыты. Бұл концепция бойынша келесі негізгі фугкцияларды атауға болады: Жоспарлау функциясы; Ұйымдастыру функциясы; Мотивациялау функциясы; Бақылау, үйлестіру функциясы.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Жоспарлау функциясы – ұйым мақсаттары қандай болу керектігі және сол мақсаттарға жету үшін ұйым мүшелері не істеуі керектігі жөнінде шешімдерді анықтайды. Жоспарау функциясы 3 негізгі сұраққа жауап береді: Біз бүгінгі күнде қандай жағдайдамыз? Біз қайда жылжығымыз келеді ? Біз оны қалай жүзеге асырмақпыз?

Изображение слайда
14

Слайд 14

Ұйымдастыру функциясы. Ұйымдастыру, демек қандай да бір құрылымды құру. Белгілі бір қалыппен ұйымдастырылған жұмыс жүйесіз жұмысқа қарағанда неғұрлым жақсы жіне үлкен нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Мотивациялау функциясы. Мотивациялау функциясының міндеті - нақты тапсырмаларды бағытты делегирлеу мақсатымен әр ұйым мүшесінің қызметінің итермелеуші ынталарын айқындау. Жұмыскерлердің ынтадандырушы мотивтеріне әсер ету ұйымға неғұрлым тімді қызмет етуге мүмкіндік береді.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Бақылау, үйлестіру функциясы – ұйымның көздеген мақсаттарына іс жүзінде жетуін қамтамасыз ететін процесс. Басқарушылық бақылаудың 3 кезеңі бар: Стандарттарды белгілеу - белгіленген уақыт шегінде жүзеге асырылатын мақсаттарды белгілеу; Белгілі бір уақыт аралығында жеткен нәтижелерді өлшеу және жеткен жетістіктермен күтілген нәтижелерді салыстыру. Қажет болған жағдайда бастапқы жоспардан ауытқуларды еңгізу бойынша әрекеттерді жүзеге асыру.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Саяси дағдарысты басқару процесі

Жалпы айтқанда, саяси дағдарыс – билікті ұйымдастыру, іске асыру және қайта бөлудегі тайталас. Бұл дағдарысты тану мемлекеттік биліктің басты қажеттілігі болып табылады. Мемлекеттік басқарудың өркендеуін қалыптастыру және мелекет билікті ұйымдастырылған, тұрақталған қоғамның орталығына айналдыру мәселесі туындайды.

Изображение слайда
18

Последний слайд презентации: Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз

Тұрақсыздық елдегі дағдарыс болғандықтан туындамайды. Қысым көрсету дер кезінде бұл процесті бақылай және реттей алмағандықтан болады. Атап көрсетсек: Басқаруды қоғамның қызығушылығының немесе оның жеке субъектілерінің кейбір дағдарысты реттеу, шешу және басу деп түсінуге болады. « Жанжалдарды реттестіру» мен «жанжалдарды шешу» терминдері үйлесімсіз. Жанжалдарды шешу дегеніміз – жанжалдасушы жақтардың ортақ мүддесін қанағаттандыру немесе белгілі тәсілмен бір жақты басу деген сөз. Саяси-әлеуметтік жанжалдардың көпшілігі кез-келген сатыда және кез-келген кезеңде тиімді болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқару жанжалды процестер формасын саяси, әлеуметтік, экономикалық және өнегейлік зияндылығын азайтуды қамтамасыз етуді білдіреді. Осыдан барып әлеуметтік-саяси жанжалдарға стратегиялық бағдар беру көптеген көлемді, өткір және қауіпті жанжалдар ұсақ қауіпсіз жанжалдарға түрленеді. Берілген қайшылықтарды тегістеу және әлеуметтік-саяси құрылым-қатынастарды үйлесімдеу мүмкін болады, егер барабар «күйзелістік дабыл» беру механизмін құру төменнен жоғары қарай болса. Жанжалдарға билік ұстаушылардың көзімен құндылық ретінде қарауға болады, өйткені ол қоғамдағы сәтсіздікті меңзейді, белгілі мәселелерді көрсетеді және саясаттың мақсатын жақсырақ қалыптастыруға, әлеуметтік дамудың жаңа бағытын ашуға көмектеседі.

Изображение слайда