Презентация на тему: Дүниежүзілік сауда ұйымы

Реклама. Продолжение ниже
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
1/9
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 91)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (260 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Дүниежүзілік сауда ұйымы

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
3

Слайд 3

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина ( соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды ) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5

ДСҰ міндеттері ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс : — Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды ; — Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер ;

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді ; — Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі ), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану ; — Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру « әділетті » болар деп есептеледі.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады. Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде : — Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және келісуді көздейді; — Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады ; — Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді ; — ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;

Изображение слайда
1/1
9

Последний слайд презентации: Дүниежүзілік сауда ұйымы

Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды. Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика, Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С. Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді. Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже