Презентация на тему: ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ

ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ
1/17
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 90)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (66 Кб)
1

Первый слайд презентации

ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ

Изображение слайда
2

Слайд 2

Дебиторлық қарыз - сатып алушылар кәсіпорынға берешек сомалар. Бұл қарыз өнімді өткізу кезінде пайда болып, белгіленген уақыт өткеннен кейін ақша қаражаттарына айналады. Әдетте бұл сатылған төлемдер мен қызмет көрсетулер, бірақ әлі төлемін өндірмеген, мысалы, несиеге сату. Дебиторлық қарызды басқаруға келесі қызмет бағыттары кіреді: 1) дебиторлық қарыздың пайда болуы мен жағдайын бақылау;

Изображение слайда
3

Слайд 3

2) сатып алушылардың әр түрлі топтары және өнімнің түрлері үшін несие мен инкассацияны беру саясатын анықтау; 3) клиенттерді талдау және жіктеу (несие тарихының негізінде); 4) мерзімі ұзартылған және мерзімі өтіп кеткен қарыздар бойынша дебиторлармен есептесулерді бақылау; 5) дебиторлардан ақша қаражаттарының түсімін болжау; 6) қарыздарды талап етуді жылдамдату және төленбейтін қарыздарды азайту әдістерін анықтау.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Дебиторлық қарыздарды басқару үдерісі өнімнің өткізу көлемдерін көбейтуге бағытталған. Компанияның дебиторлық қарызын басқару кезеңдері келесі: 1) Дебиторлық қарыздың пайда болуы. Ол осы сәтте дебиторлардың шоттарындағы қаражаттардың жалпы сомасын жинақтау үдерісінде орын алады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Дебиторлық қарыздың көлемі екі фактормен анықталады: - несиеге өткізудің көлемімен; - тауарды өткізу мен түсімді алу араларындағы орташа уақыт аралығымен. Дебиторлық қарыздың жағдайын бақылау үшін бірнеше көрсеткіштер пайдаланады: а) пайда болу мерзімдері бойынша дебиторлық қарыздарды жіктеу; б) дебиторлық қарыздың қайтымдылық коэффициентінің шамасы; в) төлем тәртібі тұрғысынан дебиторлық қарызды бағалау.

Изображение слайда
6

Слайд 6

2) Несиелік саясатты және инкассация әдістерін анықтау. Несиелік саясаты – компания несиесінің әрекетте болу мерзімі, несие қабілеттілігі стандарттары, сатып алушы қарызын өтеу тәртібі және болжанатын жеңілдіктер. Фирманың несиелік саясаты анықталады: несиені беру мерзімдерімен; борышкерлердің несиеқабілеттілігі стандарттарымен; төлемдерді жинау саясатымен; жеңілдіктерді беру мүмкіндігімен.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Несиені беру мерзімі (несиелік кезең) – клиенттер сатып алған тауарды төлеуі керек ағымдағы уақыт кезеңі. Несиені төлей алу қабілеттілігі стандарттары – клиенттердің түрлі санаттарына ұсынылатын несие сомасы мөлшерін, төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігін алу үшін клиенттер ең аз қаржылық тұрақтылық иегері болуы керек.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Төлемдерді жинау саясаты, несиені қайта ұсыну тұрғысынан төлемді кешіктіретін клиенттерге қатысты ниеттестік дәрежесімен анықталады. Алдын ала ерте мерзімде төленген төлемдер үшін жасалатын жеңілдіктер - берілген жеңілдіктерге жеңілдік сомасы мен оны пайдалана алатын мерзім кіреді.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Несиені ұсыну мерзімімен қоса несиенің стандартты шарттары мына жазбалардан көрінеді: - брутто 30 – клиенттің тауарды сатып алған кезінен 30 күн ішінде төлеу қажеттілігі; - 2/10, брутто 30 – клиенттерге 2 %-дық жеңілдік беріледі, егер тауар 10 күн ішінде төленсе, толық өтеу мерзімі - 30 күн.

Изображение слайда
10

Слайд 10

3) Клиенттерді талдау және жіктеу келесілерге байланысты іске асырылады : а) сатып алулар көлеміне; б) сатып алушылардың несиелік қатынастар тарихына («несиелік тарихы»). в) өнімдер төлемінің шарттарына; Несиелік операциялар жөніндегі есеп – кәсіпорынның несиелік тарихы. Несиелік тарих - әлеуетті немесе несие алған клиенттің өз міндеттемелерін орындау жөніндегі есебі.

Изображение слайда
11

Слайд 11

4) Мерзімі ұзартылған және мерзімі өткен қарыздар бойынша дебиторлармен есеп айырысуды бақылау қарыздарды қайтармау тәуекелі дәрежесі мен дебиторлық қарыздардың ескіру реестрін құруға байланысты клиенттерді 5 немесе 6 санаттарға жіктеуді болжайды. Дебиторлар есебінің дебиторлық қарызының ескіру реестрі жасалады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

5) Мерзімі ұзартылған және мерзімі өткен қарыздар бойынша ақша қаражатының түсуіне болжам, күмәнді қарыздар бойынша қорды анықтау инкассация коэффициенттері негізінде жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша инкассациясы – өткізілген өнім үшін ақша қаражатын алу үдерісі. Инкассация коэффиценті : Ki = j аралығында ДҚ өтеу / I айдағы сатылым мұнда і –жеткізілім айы; j – дебиторлық қарызды өтеу айы.

Изображение слайда
13

Слайд 13

6) Дебиторлық қарызды қысқарту әдістері : а) инкассация саясаты – дебиторлық қарызды төлету үшін компанияның қолданатын әдісі; б) сатып алушылармен икемді мерзім және төлем түрлері сияқты шарттары көрсетілген келісім жасау; в) дебиторлық қарызды сату – факторинг. Факторинг (factor – агент, делдал) – ұсақ және орта клиент-фирмаларға коммерциялық банктер немесе фактор-компаниялар көрсететін қаржылық қызмет түрі.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Дебиторлық берешекті бақылау және фирма құтыла алмас қарызға кірмес үшін көбінесе, пайда болған мерзіміне байланысты қарызды топтастыруды, дебиторлық берешектің күндік айналым көрсеткішін (DSO) және бір күндік тауар айналымын (ADS) анықтауды пайдаланады. Бірақ бұлардың барлығы жалпы қарыз көлемі сапасының өзгеруін бақылауға, нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Мысалы: теледидар шығаратын компания бір жылда 200000 теледидар өткізеді, 1 теледидардың бағасы – 198 $. Тауарды өткізу 2/10 жағдайда брутто – 30. Өткізілген тауардың 70 % шегеріммен өткзілген және оны 10 күннен кейін, қалғанын 30 күннен кейін төлейді. DSO = 0,7 * 10 күн + 0,3 * 30 күн = 16 күн ADS = (200000 * 198)/360 = 110000 $/(1 жылда 360 күн)

Изображение слайда
16

Слайд 16

Егер төлем 70/30 қатынаста сақталса, дебиторлық берешек бір жыл ішінде тұрақты болады. 110000 * 16 күн = 1760000 $ Дебиторлық берешекті төлеу тәртібі тұрғысынан талдап, бақылау ең дұрыс тәсілдердің бірі болып табылады. Бұл тәсілдің негізгі құралы - төленбеген қалдықтар ведомосы.

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ

Назарларыңызға рахмет

Изображение слайда