Презентация: Дәріс І. Тақырыбы: Кіріспе. Деректер базасының даму тарихы. Жаңа ақпараттық

Дәріс І. Тақырыбы: Кіріспе. Деректер базасының даму тарихы. Жаңа ақпараттық технологиялар. Деректер базасының түсінігі Деректер базасын (ДБ) бірыңғай Дәріс І. Тақырыбы: Кіріспе. Деректер базасының даму тарихы. Жаңа ақпараттық Дәріс І. Тақырыбы: Кіріспе. Деректер базасының даму тарихы. Жаңа ақпараттық Дәріс І. Тақырыбы: Кіріспе. Деректер базасының даму тарихы. Жаңа ақпараттық
1/4
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 14)
Скачать (62 Кб)
Код скопирован в буфер обмена
1

Первый слайд презентации: Дәріс І. Тақырыбы: Кіріспе. Деректер базасының даму тарихы. Жаңа ақпараттық технологиялар. Деректер базасының түсінігі Деректер базасын (ДБ) бірыңғай жиынақталған деректер деп атауға болады. Ол қандай да бір тұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйе (АЖ) аймағында бірігіп, әртүрлі есептерді шешу үшін қолданылады. Деректер базасын басқару теориясы жеке пән ретінде XX ғасырдың 50-жылдарының басында дами бастады. Осы уақыт аралығында оның маңызды ұғымдарының анықталған жүйесі орнықты. Пәндік аймақ – сала бойынша басқаруды ұйымдастыру мақсатын оқытуға арналған басқару процесінің кезекті автоматтандырылған. Объект – деректер қорында сақталатын ақпараттық жүйенің элементі. Кейде объектіні - негіз (сущность) деп те атайды. Объект нақты (мысалға, адам), әрі абстрактылы (мысалы, оқиға – адамның ауруханаға түсуі) болуы мүмкін. Объектілер класы - қасиеттері бірдей жиынтықтан тұратын объектілердің жиынтығы. Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі. Әрбір объект атрибуттардың жиынымен сипатталады. Деректердің кілттік элементі – деректердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы). Деректер жазбасы — деректердің байланысқан элементтері мәндерінің жиынтығы. Бастапапқы кілт —кестедегі әрбір жолды бірден анықтауға мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы). Екінші кілт – мәні бірнеше жазба (объекттің даналалары) үшін қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Екінші кілттер жазбаны іздеу операциясы кезінде қолданылады. Керісінше, альтернативті кілт – бастапқы кілтпен сәйкеспейтін, кестедегі әрбір жолды анықтайтын атрибут (немесе атрибуттар тобы).

2

Слайд 2

Кесте – типтес (бір типтегі) жазбалардың жиынынан құралған реттелген құрылым. Базада деректерді сақтау процедуралары кейбір жалпылама принциптерге жүгінуі тиіс. Олардың ішінде алдымен мыналар аталады: деректердің тұтастығы мен қайшылығы, бұл деректердің физикалық тұтастығы, деректерді дұрыс қолданбауды болдырмау, мәндердің үйлесімділігін қолдау, құрылым жағынан бұзылуынан және рұқсатсыз қатынаудан қорғау; Артық деректердің аздығы - қорда деректердің кез келген элементі бір ғана түрде сақталуы тиіс деген сөз, ол жасалған операцияларды қайталау қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Деректер базасы бойынша операцияларды орындайтын бағдарламалық жасақтама деректер базасын басқару жүйесі – ДББЖ (СУБД) деген атауға ие болды. Мысал. Самолеттер рейстері туралы деректер тұрақты құрылым болып саналады. Әр рейстің өзіндік сипаттамасы бар: шығу пункті (ШП), келу пункті (КП), ұшу уақыты (ҰУ), келу уақыты (КУ), рейс номері.

3

Слайд 3

Форматы: { Номер, ШП, КП, ҰУ, КУ } Бұл белгілер атрибуттар аттары деп аталады. Әр атрибутқа бағанына байланысты мәндер жиыны сәйкес келеді. Ол жиынды домен деп атайды. Номер атрибутының домені 1,2,3 орынды сандар. Қатынастың жолдарын кортеж деп атайды. Рейс қатынасының бес кортежі бар. Кортеждер жиынды береді. R қатынасының схемасы деп {А1,А2,...,Аn} атрибуттар аттарынан тұратын шектелген жиынды айтады. Әрбір Аі атрибутына Di домен жиыны сәйкес келеді, dom(Ai), 1  і  n деп белгіленеді және D=D1  D2  D3  …  Dn. R схемасының r қатынасы деп D-да анықталған {t1, t2,…, tp}  R жиынын айтады. t  r қатынасы мынадай шартты қанағаттандырады: t(Ai)  Di, 1  і  n. Бұл бейнелеу кортеж деп аталады. Рейс = {Номер, ШП, КП, ҰУ, КУ} қатынастар схемасында домендер бола алады: dom ( Номер ) = 1,2,3 орынды бүтін сандар; dom(ШП) = dom(КП) = {Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау}; dom(ҰУ) = dom(КУ) = уақыт көрсеткіші. Берілген схемада 5 кортеж бар, t арқылы белгіленеді: t ( Номер ) = 84 t ( ШП ) = Алматы t ( КП ) = Астана t(ҰУ) = 16.00 t(КУ) = 18.00

4

Последний слайд презентации

Кілттер. R схемасындағы r қатынасының кілті деп K = {B1, B2,…,Bm}  R ішкі жиынын айтады және мынадай шарт орындалуы керек:  t1, t2 әртүрлі екі кортежі үшін B  K бар болады да, t1(B)  t2(B). Басқа сөзбен айтқанда К-да екі бірдей кортеж болмайды немесе t1(К)  t2(К). Мысалы: {Номер} және {ШП, КП} – кілттер. Қатынастар схемасын R= {A1,A2,…,An}- ді R[A1,A2,…,An] немесе A1,A2,…,An деп белгілеуге, R схемасының r қатынасын r(R) деп белгілеуге болады немесе r(A1,A2,…,An) деп белгілеуге болады. ABCD схемасының r қатынасындағы AC кілтін r( A B C D) (r [ A B C D]) деп жазады. Мысалы, Рейс [ Номер, ШП, КП, ҰУ, КУ ]. Бірнеше кілте те болуы мүмкін. Анықтама. Егер r(R) қатынасында K’ кілті бар болса және K’  К  R, онда K- да R үшін кілт болады: t 1 t2 кортеждері үшін t 1 (K’)  t 2 (K’)  t 1 (K)  t 2 (K). Анықтама. Егер r(R) қатынасында K  R мынадай ішкі жиыны бар болcа және егер t1(K)  t2(K) болса және ешбір K’ үшін бұл қасиет орындалмаса, онда K’  K және K’- r қатынасының суперкілті деп аталады және егер K – r-де кілт болатын болса. Мысалы, { Номер } – кілт те, суперкілт те болады. {Номер, ШП} – суперкілт, кілт емес.

Похожие презентации

Ничего не найдено