Презентация на тему: Дәріс 1

Дәріс 1
Кіріспе
Дәріс 1
OSI және TCP/IP стек хаттамаларын сипаттау
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
Дәріс 1
1/31
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 96)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (218 Кб)
1

Первый слайд презентации: Дәріс 1

Изображение слайда
2

Слайд 2: Кіріспе

Есептеу жүйелерінің хаттамалары мен стандарттарын оқытудың мақсаты, есептеу жүйелерінің стандарттары мен хаттамаларының негізгі алгоритмдерін оқу және зерттеу болып табылады. Интерфейстерді пайдалану арқылы жүйенің қосымшалары және де кеңейтілген белгілі хаттамалардың дайындығы талданады. Серверлік- клиент моделі, деректер жіберу және қосылуды құру, есімдерді тіркеу және рұқсат беру қарастырылады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Бұл пәнді оқытудың міндеті студенттерді интернет желісінің негізгі хаттамаларымен таныстыру болып табылады. Бұл бағыт студенттердің интернет технологияларының базалық жұмыс істеу принциптерімен, мультимедиялық ақпараттарды өңдеу және коммутациялық ақпарат жіберу әдістерімен танысту. Бұл бағытта TCP/IP, сияқты IP, UDP, TCP моделдердің барлық деңгейлерінің хаттамаларының мәліметтері қарастырылады. RIP, OSPF, BGP ішкі бағдарлаушылардың хаттамалары қарастырылады. IGMP, ICMP көмекші хаттамалары, қолданбалы деңгейдің негізгі хаттамалары, оған қоса World Wide Web (WWW) және (RTP, RTCP, IP-телефонияның) мультимедияның хаттамалары қарастырылады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: OSI және TCP/IP стек хаттамаларын сипаттау

Стандарттаудың дүниежүзілік ұйымының (ISO) ұсынысы бойынша желілік байланыстардың барлық аспектілерін қамтитын стандарт ұсынылған. Ол - ашық жүйелердің өзара әрекеттесу жүйесінің үлгісі (OSI).

Изображение слайда
5

Слайд 5

Ашық жүйе — бұл әртүрлі өндірушілердің құрал-жабдықтарының өзара әрекеттесу мүмкіндігіне кепілдік бере алатын хаттамалар мен спецификациялардың стандартты жиынтығы. Ол әрқайсысы желі элементі ішінде қарапайым есепті шеше алатын модульдер жиынтығымен іске асырылады. Әр модуль бір немесе бірнеше модульдермен байланысқан. Күрделі есепті шешу қарапайым есептерді шешудің бірінен соң бірі орындалатын белгілі бір тәртібіне негізделген. Ол 1 суретте көрсетілгендей көпдеңгейлі иерархиялық құрылыммен сипатталады. Бұндай құрылым негізгі архитектурасына тәуелсіз кез келген екі түрлі жүйені байланыстыруға мүмкіндік береді.

Изображение слайда
6

Слайд 6

1 сурет - OSI ашық жүйелерінің әрекеттесу үлгісі

Изображение слайда
7

Слайд 7

OSI үлгісі реттелеген жеті түрлі деңгейден құрылған: физикалық (1 деңгей), деректерді жіберу буыны (2 деңгей), желілік (3 деңгей), көліктік (4 деңгей), сеанстық (5 деңгей), көрсету (6 деңгей) және қолданбалық (7 деңгей ). Модульдер арасындағы ақпараттар алмасуы белгілі бір келісімдер бойынша іске асады. Оны интерфейс деп атайды. Хабарды жібергенде жоғарғы деңгейдегі модуль есептің өзіне қатысты бөлігін шешеді, ал өзіне ғана түсінікті нәтижені бастапқы хабардың (тақырыптың) қосымша өрісі ретінде орындап, осы өзгертілген хабарды төменгі деңгейге ары қарай өңдеуге жібереді. Бұл процесс инкапсуляция деп аталады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Төменгі деңгей хабарды қабылдап алған соң, өз бөлігін өңдеп, хабардың өзіндегі бөлігін жояды да, қалған хабар бөлігін жоғарғы деңгейге береді. Мысалы, 2 деңгей өзіне арналған деректерді жойып, қалған бөлігін 3 деңгейге жібереді. Ал 3 деңгей өзіне лайықталған деректер бөлігін жойып, қалғанын 4 деңгейге жібереді, осылайша жалғаса береді.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Деректердің және желілік ақпараттың жіберу құрылымының деңгейлері арқылы төмен және жоғары қарай әр қатар орналасқан деңгейлер жұбынан жіберілуі интерфейстер және хаттамалар көмегімен іске асады. Интерфейс әр түрлі деңгейлі үлгілер арасындағы қалыпты, сигналдардың физикалық және электрлік қасиеттерін анықтайды, ал хаттама тең деңгейлі желілердің алыстағы торабына арналған хабарларды өңдейтін логикалық процедураларды сипаттайды.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Деңгейлер атаулары және олардың арасындағы орындалатын функциялар төмендегідей: Физикалық деңгей (Physical Layer — PL) қажетті физикалық ортадағы (металды кабель, оптоволоконды байланыс сызығы, радиоканал) тораптар арасындағы биттік өлшемдегі кадрларды (әдетте оны пакет деп атайды) жеткізуді қамтамасыз етеді.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Каналдық деңгейде (Data Link Layer — DLL) тораптар арасындағы байланыс каналдарында пайда болатын қателерді табу және жөндеу механизмдері іске асады. Желілік деңгей (Network Layer — NL) пайдаланушының ең соңғы құрылымы мен желідегі барлық аралық байланыстар - "бір шетінен соңғы шетіне" арқылы өтетін жеткізу жүйесін қалыптастыруға қызмет етеді. Көліктік деңгей (Transport Layer — TL) желімен пакеттерді жеткізу ережелерін анықтайды. Көліктік деңгей жеке пакеттедің бір шеттен екіншісіне жеткізуді бақылайды. Ол пакеттер арсындағы байланыстарды есепке алмайды (ол тіпті бір хабардан болса да). Ол әр пакеттің бөлігін өңдегенде, бөлек хабарды өңдегендей орындайды, яғни ол іс жүзінде ондай болмаса да осылайша өңдейді. Көліктік деңгей барлық хабарлардың соңғы орнына бүлінбей жетуіне және олардың бастапқы тәртіппен орналасып жетуіне кепілдік береді. Ол ақпараттың бұзылуын және қателерді бақылайды, сонымен бірге барлық "шығу — жету бекеті" жолы бойындағы ағынды басқарады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Сеанс деңгейі (Session Layer SL) — желілік сұқбат контроллері. Ол байланысқан жүйелер арасындағы өзара әрекетті орнатады, үйлестіреді және ұстап тұрады. Осы сеансттық деңгей көмегімен екі жақты сұқбат ұйымдастырылады, қай жақтың бастапқы екенін, қай жақтыі белсенді екенін тіркеп тұрады және сұқбаттың қалай аяқталғанын анықтайды. Көрсету деңгейі (Presentation Layer) төменгі деңгейлерге ақпаратты көрсету қалыбын басқарады, мысалы, қайтадан кодалау немесе ақпаратты шифрлау сияқты. Қолданбалы деңгей (Application Layer — AL) —алыстатылған тораптар өзара алмасатын бір мәселені(программаны) іске асыратын хаттамалар жиынтығы. Қолданбалы деңгей пайдаланушыға (адамға немесе программалық қамтамаға) желіге қатынауға мүмкіндік береді. Ол пайдаланушы интерфейсін қамтамасыз етеді және пайдаланатын қызмет түрлерін, атап айтсақ — электрондық пошта, алыстан қатынау және аудару құралдарын, жалпыға қатысты дерекқорды басқаруды және басқа да үлестірілетін ақпараттық қызметтер типтерін қамтамасыз етеді.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Интернет желісінің хаттамалар стегі OSI үлгісіне дейін жасалған болатын. Сондықтан Интернет желісінің хаттамалар стегінің деңгейлері OSI үлгісінің осыған ұқсас деңгейлеріне сәйкес келмейді. Интернет желісінің хаттамалар стегі бес деңгейден тұрады: физикалық, деректерді жіберу буыны, желілік, көліктік және қолданбалық. Бірінші төрт деңгей физикалық стандарттарды, желілік интерфейсті, желіаралық қатынасты, және көліктік қызметтерді қамтамасыз етеді, ол OSI үлгісінің бірінші төрт деңгейіне сәйкес келеді. OSI үлгісіндегі үш жоғарғы деңгей Интернет желісінің хаттамалар стегінде қолданбалы деп аталатын бір деңгеймен берілген. Ол 2 суретте көрсетілген.

Изображение слайда
14

Слайд 14

2 сурет OSI салыстырғандағы Интернеттің хаттамалар стегі

Изображение слайда
15

Слайд 15

Интернет желісінің базалық хаттамалар стегі — иерархиялық, ол әрқайсысы берілген функционалдық мүмкіндікті қамтамасыз ететін сұқбаттық модульдерден тұрады, бірақ бұл модульдер бір біріне тәуелді болуы міндетті емес. OSI үлгісінде әр деңгейдің атқаратын қызметі анық түрде анықталып тұрса, TCP/IP хаттамалар жиынтығының деңгейлері жүйенің қажеттігіне сәйкес араластырылып және келістіріліп тұратын тәуелсіз хаттамалардан тұрады. «Иерархиялық» термині мынаны білдіреді: деңгейдің әр жоғарғы хаттамасын төменгі деңгейдің бір не бірнеше хаттамасы ұстап тұрады.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Көліктік деңгейде стекті екі хаттама анықтайды: жіберуді басқару хаттамасы (TCP) және пайдаланушының Дейтаграммалық хаттамасы (UDP). Желілік деңгейде — желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) бас хаттама анықталады. Сонымен бірге бұл деңгейде басқа да түрлі хаттамалар болады. Физикалық деңгейде және деректерді жіберу буыны деңгейінде TCP/IP хаттамалар стегі бірде бір хаттамаға ерекшелік жасамайды. Ол барлық кабельдер, оптоволоконды байланыс сызығымен, радиоканалмен жіберілетін стандартты және жеке хаттамаларды ұстап тұрады. Осы деңгейдегі желілік технологиялар: PDH — Plesiochronous Digital Hierarchy, SDH — Synchronous Digital Hierarchy, ATM — Asynchronous Transfer Mode және де басқалармен).

Изображение слайда
17

Слайд 17

Каналдық деңгейде коммутациялық құрылғылар әр түрлі технологияларды пайдаланады: Ethernet, Token Ring, FDDI, PPP және басқалары. Интернет ақпарат көзінен алушыға дейінгі ақпараттың кез келген түрін жіберуге арналған. Ақпаратты жіберуде желінің әр түрлі элементтері пайдаланылады – соңғы құрылғылар, коммутациялық құрылғылар және серверлер. Тораптар топтары коммутациялық құрылғылар көмегімен жергілікті желілерге біріктіріледі, жергілікті желілер өзара шлюздер (маршрутизаторлар) арқылы қосылады.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Тораптар, желі тұрғысынан ақпаратты алу және беру көздері болып табылады. Біріккен төрт төменгі деңгей берілетін ақпарат түріне тәуелді емес. Төртінші деңгеймен байланысқан әр қолданба өз портының айрықша нөмірімен таңбаланады (идентификацияланады). Порт нөмірлері 0 ден бастап 65535 дейінгі диапазонды алып жатыр. Бұл диапазондағы 0-1023 порт нөмірлері желіаралық қолданбаларға бөлінген (well-known ports), ал 1024-49151 порт нөмірлерін арнайы программалық қамтама жасайтын құрушылар пайдаланады, ал 49152-65535 порт нөмірлері байланыс сеанс уақытындағы пайдаланушы қолданбаларына динамкалық жағдайда бекітіліп беріледі.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Көліктік деңгейде стекті екі хаттама анықтайды: жіберуді басқару хаттамасы (TCP) және пайдаланушының Дейтаграммалық хаттамасы (UDP). UDP и TCP — Көліктіктік деңгейдегі хаттамалар. Бұл деңгей процесстегі (қызметтегі программа) хабарды басқа процесске жеткізуге жауапты. Пайдаланушының Дейтаграммалық хаттамасы (UDP – User Datagram Protocol) — Көліктік деңгейдегі TCP/IP хаттамалардың ең қарапайымы. Ол әр түрлі жұмыс станцияларындағы қолданба деңгейлері арасындағы порт адресі бойынша жіберу қызметін атқарады, бақылау қосындысының қателерін бақылайды, және ақпаратты жоғарғы деңгейге жібереді.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Жіберуді басқару хаттамасы (TCP – Transmission Control Protocol) көлікттік деңгейдің қолданбаларға көрсететін толық қызметін қамтамасыз етеді. TCP — ағынның нағыз көлікттік хаттамасы. Ол логикалық қосылуды тағайындайтын дуплексттік байланыс режиміне бағытталған. Ол үшін әр жіберілетін пакет реттік нөмірмен қамтамасыз етіледі, және оның дұрыс қабылдануын қабылдаушы жақ мақұлдауы керек. Осы жағдайда «ағын» термині мынаны білдіреді: екі жақтағы хабарлар жіберілуден бұрын алдымен қосылу орнатылады. Протокол TCP хаттамасының кодасы 6 (оналтылық кодада – 0x06) және ол ақпаратты жіберудің кепіліділігі ретінде қолданылады.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Желілік деңгейде (анығырақ айтқанда, желіаралық деңгейде) TCP/IP желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) хаттаманы қолдайды, ал ол өз құрамында төрт хаттама ұстайды: адресті анықтау хаттамасы (ARP — Address Resolution Protocol), және орналасуы бойынша желілік адресті анықтау хаттамасы (RARP– Reserve Address Resolution Protocol), Internet басқару хабарларының хаттамасы (ICMP — Internet Control Message Protocol) және топтарды басқарудың желіаралық хаттамасы (IGMP – Internet Group Message Protocol). Осы аталған деңгейде маршруттау хаттамалары қолданылады: маршруттық ақпараттар алмастыру хаттамасы (RIP — Routing Information Protocol), «қысқа жолды бірінші ашу» (OSPF — Open Shortest Path First), маршруттық шекаралық хаттамасы (BGP — Border Gateway Protocol).

Изображение слайда
22

Слайд 22

Желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) хаттамасы — TCP/IP хаттамалары пайдаланатын жіберу механизмі. Бұл дейтограмманы жеткізетін бірақ қосылу орындалмаған аса сенімді емес қызмет түрі, бірақ «жіберу күші барынша көп» (best-effort). Мұндағы «жіберу күші барынша көп» термині мынаны білдіреді: ақпаратты қажетті орнына жеткізу үшін бүкіл бар мүмкіндіктер пайдаланылады, бірақ IP ешқандай қатені тексермейді де оны сүзгіден өткізбейді. IP негізгі деңгейлерде аса сенімді емес, ол сервис деңгейіне кепілдік бере алмайды

Изображение слайда
23

Слайд 23

Адресті анықтау хаттамасы (ARP – Address Resolution Protocol) IP адресін физикалық адреспен байланыстыруға қолданылады. Физикалық желіде, (LAN (Local Area Network) жергілікті желісі сияқты, байланыс жолындағы әр құрылғы физикалық адреспен немесе әдетте интерфейсттің желілік картасында (NIC – Network Interface Card) бекітілген станция адресімен анықталады. ARP егер Интернет желісінде адрес белгілі болса, тораптың физикалық адресін табуға пайдаланылады. Адресті анықтаудың кері хаттамасы (RARP — орналасуы бойынша желілік адресті анықтаудың хаттамасы) Интернет желісінде адресті хосттың анықтауына мүмкіндік береді, бұл жағдайда хост тек өзінің физикалық адресін біледі. Бұл хаттама компьютер желімен бірінші рет байланысқа шықса немесе компьютер дискісіз жүктелсе қолданылады.

Изображение слайда
24

Слайд 24

Интернеттің басқару хабарларының хаттамасы (ICMP – Internet Control Message Protocol) — дейтограммалық проблемаларды кері берушіге хабарлайтын хост пен шлюздер пайдаланатын механизм. Топтарды басқарудың желіаралық хаттамасы (IGMP – Internet Group Message Protocol) – пайдаланушы топтарына бір уақытта хабар жіберуге қызмет ететін хаттама. Маршруттық шекаралық хаттамасы (BGP — Border Gateway Protocol) — жол векторын пайдалануға негізделген автономдық жүйелер арасындағы маршруттау хаттамасы.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Маршруттық ақпараттар алмастыру хаттамасы (RIP — Routing Information Protocol) — аралық вектор алгоритмін пайдалануға негізделген маршруттау хаттамасы. «Қысқа жолды бірінші ашу» (OSPF — Open Shortest Path First) — байланыс жолының күйін пайдалануға негізделген желіаралық маршруттау хаттамасы. Интернет хаттамалар стегіндегі қолданба деңгейі OSI үлгісіндегі сеансттық, көрсету және қолданба деңгейлерінің барлығын қосқандағы деңгейге пара пар. SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – қарапайым пошта хаттамасы. Ол Интернет желісіндегі пошталық электрондық хабарлады қолдап отырады. Хаттаманың қарапайым деп аталуы пайдаланушыға ақпаратты бірден жеткізеді. Жіберу 7-биттік сөз режимінде іске асады.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Файлдарды жіберу хаттамасы (FTP — File Transfer Protocol) бір компьютерден екінші компьютерге файлдарды жіберу үшін пайдаланылады. Қашықтықтағы компьютердің каталогтарын қарайды, файлдарын көшіреді, өшіреді, жібереді. FTP басқа хаттамалардан ерекшелігі хостар арасында екі қосылу орнатады. Оның біреуі – ақпаратты жіберуге, екіншісі жіберуді басқаруды орындайды. DNS (Domain Name System) – домендік атаулар қызметі. Бұл қызмет Интернет желісіндегі барлық пайдаланушы мен тораптарға айрықша(уникальный) атаулар береді және олардың желілік адрестерімен логикалық байланысты орнатады. Домендік атау бірнеше деңгейлі иерархиялық құрылыммен беріледі. SNMP (Simple Network Management Protocol) — желіні басқаратын қарапайым хаттама. Ол Интернетке қызмет ету мен оны бақылаудың негізгі іс-әрекеттердің жиынтығын қамтамасыз етеді.

Изображение слайда
27

Слайд 27

Желілік файлдық жүйе (NFS — Network File System). Бұл басқа компьютердегі басқару және қашықтық процедуралары бар файлдарды қолдануға мүмкіндік беретін көптеген хаттамалардың бірі. Мысалы суретте көрсетілген хаттама RPC –Remote Procedure Call – қашықтық процедурасын шақыру. Тривиальды (қарапайым) файлдарды жіберу хаттамасы TFTP (Trivial File Transfer Protocol). Сыртқы жадысы жоқ жұмысшы станцияларын бастапқы жүктеуде немесе маршрутаушыларды жүктеуде қолданылады. Гипермәтінді жіберу хаттамасы (HTTP — Hyper Text Transfer Protocol) — Интренеттегі құжаттар өзара алмасқанда қолданылатын гипермәтіндік құжаттарды сипаттау тілінде берілген көліктік хаттама. Гипермәтінді белгілеу тілі (HTML — Hyper Text Markup Language). WWW желісінде қолданылатын негізгі тілдердің бірі.

Изображение слайда
28

Слайд 28

Ғаламтор (WWW — World Wide Web) – ауқымды гипермәтіндік ақпараттық жүйе. Ол көптеген елдерде сақталатын құжаттарды біріктіріп, оны Интернет желісінің тораптары арқылы жібереді. Бұл тораптар өзара байланыс каналдарымен жалғасқан. Интернет желісі стегінің хаттамалары деңгейлері мен адрестеу арасындағы байланыс. Интернет желісінде адрестердің үш түрлі деңгейі болады: физикалық адрес (байланыс жолы), интернет-адрес (IP) және порт адресі 3 суретте

Изображение слайда
29

Слайд 29

3 сурет TCP/IP адрестері

Изображение слайда
30

Слайд 30

Физикалық адрес (Media Access Control — MAC-адрес) жергілікті желіде (желі бөлігінде) қосылуды орнату үшін пайдаланылады. Бұл адрес компьютердің желілік адаптер (желілік карта) нөмірімен тура келеді де, өндіруші завод оған бөлінген адрестерден диапазон (пул) бойынша оны қатаң түрде өзі орнатады. Ол қос нүктемен ерекшеленген оналтылық сан түрінде жазылады, мысалы, 08:00:06:3F:D4:E1, мұндағы бірінші үш мән өндіруші-фирманы сипаттаса, (00:10:5a:xx:xx:xx – 3Com, 00:03:ba:xx:xx:xx – Sun, 00:01:e3:xx:xx:xx – Siemens), келесілері– тораптың реттік нөмірін білдіреді.

Изображение слайда
31

Последний слайд презентации: Дәріс 1

Интернет адрестері негізгі физикалық желілерге тәуелсіз әмбебап байланыс қызметтері үшін қажет. Физикалық адрестер желіаралық ортада бірдей емес, кейбңр желілердің адрес қалыптары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан, адрестеудің жалпылама жүйесі қажет, онда әр хост негізгі физикалық желіге тәуелсіз айрықша анықталады. Осы мақсатта IP-адрес тер қолданылады. Қазіргі кезде Интернет(IP)-адрес 32 бит тен тұрады. Ол Интернет желісіне қосылған хост айрықша анықтайды. Интернет желісінде бірдей IP-адрес ті ешқандай екі хост болмайды. Таңбалық (домен дік ) адрес тер адамдарға арналған. Үлкен желілерде жұмыс атқару үшін таңбалық адрестердің құрылымы күрделі, иерархиялық түрде болады. Онда пайдаланушы аты, желі бөлігінің аты (домен бөлігінің), мемлекеттің немесе ұйымның (доменнің) таңбалық аты болады.

Изображение слайда