Презентация на тему: ДӘРІС 1

ДӘРІС 1
Дәрістің сұрақтары:
Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізін анықтау:
ДӘРІС 1
ДӘРІС 1
Нуклеин қышқылдары (НҚ) :
Нуклеотидтің құрылымы:
ДӘРІС 1
ДНҚ- дезоксирибонуклеин қышқылы
ДНҚ- дезоксирибонуклеин қышқылы екі полинуклеотидтік тізбектен тұратын спираль
ДНҚ- ның кеңістіктегі құрылымдары:
Нуклеотидтердің байланысу түрлері:
ДНҚ-ның қасиеттері:
ДНҚ молекуласының ерекшеліктері:
ДНҚ-ның қызметтері:
РНҚ- рибонуклеин қышқылы
РНҚ- рибонуклеин қышқылы - бір полинуклеотидтік тізбек
РНҚ-ның негізгі қызметі
а- РНҚ
т РНҚ
т- РНҚ
р- РНҚ
ДӘРІС 1
Генетикалық материал құрылымының жалпы принциптері:
Эукариоттардың гендері
ДӘРІС 1
ДӘРІС 1
ПРОМОТОР:
ДӘРІС 1
ДӘРІС 1
ДӘРІС 1
Энхансер және сайленсерлер туралы түсінік :
ДӘРІС 1
Тұжырым
1/34
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 72)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2738 Кб)
1

Первый слайд презентации: ДӘРІС 1

Тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуы. Мақсаты: Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздерін анықтау. Геннің молекулалық биологиясын зерттеу. Тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуы.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Дәрістің сұрақтары:

Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізін анықтау тарихы. Нуклейн қышқылдары,түрлері. ДНҚ молекуласының құрылымы, қызметі, қасиеттері, маңызы. РНҚ түрлері,құрылым ерекшеліктері, атқаратын қызметтері, маңызы. Геннің молекулалық биологиясы. Тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуы.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізін анықтау:

1868 жылы швейцария ғалымы Ф.Мишер ірің жасушаларының ядросынан нуклеин қышқылын бөліп алды. 1924 жылы биолог Р. Фельген ДНҚ-ның хромосома құрамында болатынын анықтады. Ф. Гриффит (1928) пневмококк- бактерияларымен тәжірибесінде ДНҚ молекуласының генетикалық ролін трансформация құбылысымен дәлелдеді. О. Эвери, К. Маклеод және М.Маккарти (1944) тірі ағзалардағы генетикалық ақпаратқа ДНҚ жауапты екенін пробиркада дәлелдеді (трасформация).

Изображение слайда
4

Слайд 4

1952 жылы А. Херши және М. Чейз Т2 бактериофагына жасаған тәжірбиелерінде ДНҚ молекуласының ролін көрсетті (трансдукция). Р.Франклин мен М.Уилкинстің жасаған ДНҚ рентгенограммасына жәнеЧаргаффтың эквиваленттік ережесіне сүйене отырып 1953 жылы Дж.Уотсон, Ф.Крик ДНҚ-ның қос спиральді моделін құрды.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6: Нуклеин қышқылдары (НҚ) :

НҚ - биополимерлер, мономері – нуклеотидтер. НҚ типтері : Дезоксирибонуклеин қышқылы ( ДНҚ) Рибонуклеин қышқылы (РНҚ)

Изображение слайда
7

Слайд 7: Нуклеотидтің құрылымы:

Изображение слайда
8

Слайд 8

Ә р нуклеотид құрамына ү ш зат кiредi: -бескөмiртектiк моносахарид немесе пентоза (рибоза немесе дезоксирибоза); -фосфор қышқылының қалдығы ; - 5 т ү рлi азоттық негiздер – пуриндер (аденин (А),гуанин(Г)), пиримидиндер (цитозин (Ц), тимин (Т) немесе урацил (У).

Изображение слайда
9

Слайд 9: ДНҚ- дезоксирибонуклеин қышқылы

Н уклеотидтер құрамы: -дезоксирибоза, -фосфор қышқылының қалдығы - 4 т ү рлi азоттық негiздердiң бiрi – (А, Г, Ц, Т).

Изображение слайда
10

Слайд 10: ДНҚ- дезоксирибонуклеин қышқылы екі полинуклеотидтік тізбектен тұратын спираль

ДНҚ- жеке нуклеотидтерден түзілген қос полинуклеотидтік тізбег і комплементарлы принцип бойынша (А- Т, Ц-Г) түзіліп, антипараллель орналасады, (5'-3' және 3'-5') ; дезоксирибоза қалдықтарының арасындағы фосфодиэфирлік байланыстар ; азоттық негіздер мен дезоксирибоза қалдықтарының арасындағы гликозидтік байланыстар арқылы түзіледі.

Изображение слайда
11

Слайд 11: ДНҚ- ның кеңістіктегі құрылымдары:

ДНҚ молекуласы өз осінің бойында оралып, спираль түзеді. Орамдарының бағытына қарай оның кеңістіктік құрылымдарының келесі түрлерін ажыратады : Оң жаққа оралған формасы – В, А,С, Д. Сол жаққа оралған формасы – Z - формасы.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Нуклеотидтердің байланысу түрлері:

Полинуклеотидтік тізбектегі нуклетидтер бір-бірімен коваленті(мықты) түрде, алдыңғы нуклеотидтің фосфор қышқыл қалдығы келесі нуклеотидтің дезоксирибозасымен фосфодиэфирлік байланыста болады. Қос тізбектегі пуриндік негіздермен пиримидиндік негіздер комплементарлық принципте сутектік байланыста болады: А = Т; Г Ξ Ц.

Изображение слайда
13

Слайд 13: ДНҚ-ның қасиеттері:

Екі еселенуге (репликацияға, редуплекацияға ) қабілеттілігі; ДНК молекуласындағы А мөлшері Т-ге, Г-нің мөлшері Ц-ге тең болады: А = T ; Ц≡ Г; Түрлік ерекшелігі – А+Т / Ц+Г нуклеотидтердің арақатынасы әр түрге тән : - А+Т / Ц+Г = 1, 52 ― адамда, - 1,0 ― саңырауқұлақтарда, - 0,9 ― бактерияларда (Е.С oli ).

Изображение слайда
14

Слайд 14: ДНҚ молекуласының ерекшеліктері:

ДНҚ молекуласының тұрақтылығы (стабильдігі) – молекула құрамындағы фосфодиэфирлік, гликозидтік және сутектік байланыстар ДНҚ молекуласының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. ДНҚ молекуласыдағы мутациялар репарацияланады (қалпына келе алады). ДНҚ молекуласында гендердің рекомбинациясы (мейоз кезінде қайта үйлесуі) жүреді.

Изображение слайда
15

Слайд 15: ДНҚ-ның қызметтері:

Тұқым қуалау ақпаратын сақтау; Тұқым қуалау ақпаратын ұрпақтан ұрпаққа беру.

Изображение слайда
16

Слайд 16: РНҚ- рибонуклеин қышқылы

Н уклеотид құрамы : -рибоза, -фосфор қышқылының қалдығы, - 4 т ү рлi азоттық негiздерi – А, Г, Ц, У).

Изображение слайда
17

Слайд 17: РНҚ- рибонуклеин қышқылы - бір полинуклеотидтік тізбек

РНҚ- жеке нуклеотидтерден түзілген полинуклеотидтік тізбек рибоза қалдықтарының арасындағы фосфодиэфирлік байланыстар азоттық негіздер мен рибоза қалдықтарының арасындағы гликозидтік байланыстар арқылы түзіледі.

Изображение слайда
18

Слайд 18: РНҚ-ның негізгі қызметі

Тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру РНҚ құрылымдық-функциональдық ерекшелігіне қарай 3-ке бөлінеді: Ақпараттық РНҚ (а-РНҚ) Тасмалдаушы РНҚ (т-РНҚ) Рибосомалық РНҚ (р-РНҚ)

Изображение слайда
19

Слайд 19: а- РНҚ

аРНК (мРНҚ) – генетикалық ақпаратты ДНҚ молекуласынан көшiрiп алып цитоплазмаға белок синтезделетiн жерге жеткiзедi. Құрамына 300-ден 3000 дейін нуклеотидтер кіреді, жасушадағы барлық РНК мөлшерінің 5 % (0,5-1) құрайды.

Изображение слайда
20

Слайд 20: т РНҚ

тРНК – аминқышқылдарын тасымалдайды, трансляция кезiнде адапторлық қызмет атқарады, аРНҚ - дағы кодондарды танып аминқышқылдарының колинеарлы түрде полипептидтік тізбектің синтезделуін қамтамасыз етедi, құрамына 70-тен 100-ге дейін нуклеотид кіреді, жасушадағы барлық РНК мөлшерінің 5-9 % құрайды.

Изображение слайда
21

Слайд 21: т- РНҚ

Изображение слайда
22

Слайд 22: р- РНҚ

рРНК - рибосоманың құрылымдық бөлiгi, рибосоманың аРНК-ны танып байланысуын қамтамасыз етедi, құрамына 3000-нан 5000-ге дейін нуклеотид кіреді, жасушадағы барлық РНК мөлшерінің 90 % құрайды.

Изображение слайда
23

Слайд 23

ГЕН - ДНҚ МОЛЕКУЛАСЫНЫҢ полипептидтік тізбек немесе РНҚ-ының құрылымын анықтайтын бөлігі. Ақуыздардың құрылымын анықтайтын гендермен қатар, төрт түрлі рРНҚ және бірнеше ондаған тРНҚ синтеделуін бақылайтын гендер бар. Ағзаның тұқым қуалайтын ақпаратын, гаплоидтық гендердегі толық жиынтығын ГЕНОМ дейді. 2003 жылғы мәліметтер бойыша адамның геномында 30000 ген бар, ал E. coli бактериясында ̶ 2500-ге жуық.

Изображение слайда
24

Слайд 24: Генетикалық материал құрылымының жалпы принциптері:

Ақуыздың немесе РНҚ-ның құрылымы туралы ақпараты бар ДНҚ бөліктерін гендер немесе цистрондар деп атайды. Ген- бір ақуызды кодтайтын ДНҚ бөлігі. Цистрон-бір полипептидтік тізбекті кодтайтын ДНҚ бөлігі.

Изображение слайда
25

Слайд 25: Эукариоттардың гендері

Олардың гендерінде ақпараты бар экзондық бөліктермен қатар ақпаратсыз бөліктер- интрондар болады. Гендердегі интрондардың саны әртүрлі, 2-ден бірнеше ондықтарға жетеді. Мысалы, миозиннің генінде 50-ге жуық интрон болады.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Прокариоттардың гендері тек ақпараттары бар бөліктерден (экзондардан) ғана тұрады. Гендер арасында ақпаратсыз нуклеотидтік қатарлары болады. Оларды спейсерлер деп атайды.

Изображение слайда
27

Слайд 27

Спейсерлер ̶ нуклеосомдық жіпшелерді хроматиннің жоғары құрылымдарына дұрыстап жинақталуына қатысады және хромосомалардың центриолдар аппаратына байланысуын қамтамасыз етеді. ДНҚ-ның басқа кодтамайтын бөліктері ̶ арнайы ақуыздар байланысатын локустар қызметін атқарады, оларға реттеуші немесе ДНҚ- полимераза комплексіне кіретін ақуыздар байланысады. ДНҚ молекуласының РНҚ-полимераза байланысатын бөлігін ПРОМОТОР деп атайды.

Изображение слайда
28

Слайд 28: ПРОМОТОР:

Промотор ̶ ген басталатын жерде немесе геннен біраз қашықтықта, ДНҚ басқа функциялық бөліктерімен ажыратылып жатады. ‹ ̶ Прокариоттар генінің функциялық бөлімдері

Изображение слайда
29

Слайд 29

Ішек таяқшасының промоторы құрамына екі алты нуклеотидтерден (5 ' )-ТАТААТ-(3 ' ) (3 ' )-АТАТТА-(5 ' ) тұратын Прибнов боксы немесе домені кіреді, ол транскрипция басталатын нүктеден 15 нуклеотид бұрын орналасады. Бактерияларда реттеуші ақуыздар оператормен байланысады. Ол промотордан кейін орналасады. Оператормен байланысатын арнайы реттеуші ақуыздар болады.

Изображение слайда
30

Слайд 30

Эукариоттарда РНҚ- полимераза ДНҚ-мен тікелей байланыспайды, тек транскрипцияның жалпы факторлары қызметін атқаратын ақуыздар комплексімен байланысқан күйінде әсерлеседі. Сондықтан эукариоттардағы промотор өте күрделі ұғым. Эукариоттардың промоторының құрамына ТАТА-бокс және басқа да бөліктер кіреді.

Изображение слайда
31

Слайд 31

Эукариоттар промоторының құрылымы: ● +1-транскрипция басталатын нүкте; ● ТАТА н.қ.(Гольдберг-Хогнесс бокс) Трансляция нүктесін табуды бақылайды; ● СААТ н.қ. РНҚ-полимеразаның промотормен байланысуын бақылайды; ● GC -доменнің көмегімен РНҚ-полимераза транскрипцияның старт нүктесінің маңымен байланысады.

Изображение слайда
32

Слайд 32: Энхансер және сайленсерлер туралы түсінік :

Транскрипцияны күшейтетін энхансермен қатар, геномда транскрипцины бәсеңдететін арнайы нуклеотидтер қатарлары – сайленсерлері болады. Сайленсерлер арнайы және арнайы емес транскрипциялық факторлармен және геноммен байланысады, транскрипцияны баяулатады..

Изображение слайда
33

Слайд 33

Репрессорлық әсер ететін ақуыздар транскрипцияны бәсеңдетеді. Оларды супрессорлар дейді. Мысалы, ісіктің супрессорлары: Р53 және Rb ақуыздары.Бұл ақуыздар репрессор ретінде, ал кейбір жағдайларда транскрипциялық факторлар қызметін де атқарады. ДНҚ құрамында аяқталудың (терминацияның) сигналын білдіретін қысқа локустарі болады. Олар ̶ терминаторлар. Бактерияларда ̶ реттейтін гендерінің алдында аяқталуды бақылайтын аттенюаторлары болады. Терминаторлары геннің соңында тұрады.

Изображение слайда
34

Последний слайд презентации: ДӘРІС 1: Тұжырым

НҚ - полинуклеотидтік тізбектер, мономері- нуклеотид ДНҚ тұқым қуалау ақпаратын сақтаушы РНҚ – тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Ген тұқым қуалаушылықтың бірлігі, оның құрылымы күрделі.

Изображение слайда