Презентация на тему: Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101

Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101
Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101
Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101
Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101
Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101
Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101
1/6
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 51)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (824 Кб)
1

Первый слайд презентации: Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101

Ж ұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиялары

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру жөнінде Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар бере келе халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеген болатын. Үкімет осыған сәйкес Жұмыс­пен қамтудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын жасап, қабылдады. Бұл бағдарлама үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап іске асырыла бастайды. Бағдарламаны жүзеге асырудың жол­дары мен тетіктері қазіргі күні егжей-тегжейлі пысықталу үстінде. Оған қа­жетті барлық нормативтік-құқықтық актілерді үстіміздегі жылдың 1 мамырына дейін қабылдау жоспарланған. Наурыздың соңындағы Үкімет оты­рысында бағдарламаны жүзеге асыру­дың негізгі шаралары тағы да қаралды. Олар жайын­да Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Гүлшара Әбді­халықова баяндады. Сонымен бұл бағдарлама халыққа не береді ? Одан ауыл адамдары, әсіресе, ондағы жұмыссыз адамдар не күте алады ? Үкімет қабылдаған жаңа бағдар­лама жобасына және қолымызда бар деректерге сүйене отырып осы туралы әңгіме қозғамақпыз. Халықты жұмыспен қамтудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарла­масы­ның негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын азайту, олардың тұрақты және нәтижелі жұмыс орындарына ие болуы­на жәрдемдесу арқылы халықтың табы­сын арттыру болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың алдына мынадай шараларды жүзеге асыру міндеті қойылып отыр : Біріншіден, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды жә­не табысы аз адамдарды анықтап, оларды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту. Екіншіден, елімізді индустриялан­дыру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін кадрлар әлеуетін дамыту. Үшіншіден, еліміздің атаулы әлеу­меттік көмек көрсету жүйесін алдыға қойылып отырған жаңа міндеттер аясында жетілдіру. Сөз болып отырған осы мәселелер ескеріле келе жұмыспен қамту бағдарла­масын іске асыру үшін бірінші кезекте халықты оқытуға, жұмысқа орналасты­руға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастырып, осы іске жәрдемдесуге мән беріледі, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, эконо­микалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулеріне қолайлы ахуал тудырылады. Бағдарламадағы шараларды жүзеге асыру негізгі үш бағыт бойынша жүргі­зіледі.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Бірінші бағыт. Өз бетінше жұмыс­пен айналысушыларды, жұмыссыздарды жә­не табысы аз адамдарды оқыту және еңбек рыногында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Екінші бағыт. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Үшінші бағыт. Еңбек ресурстары­ның ұтқырлығын арттыру. Бағдарламаны жүзеге асыру баста­латын 2011 жыл – қанатқақты кезең болып есептеледі. Осы жылы бағдар­ламаны іске асырудың тетіктері нақты­ланып, олар құқықтық тұрғыдан, яғни заңдық негіздермен қамтамасыз етіледі. Екінші кезең 2012-2015 жылдарды, үшінші кезең 2016-2020 жылдарды қам­тиды. Бұл кезеңдерде бағдарламаны жүзеге асыру жүйелі жолға түсіп, пәр­менді сипатқа ие болуы тиіс. Қазіргі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдар­ламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Осы бойын­ша бағдарламаға қатысушылар­дың өзара міндеттемелері айқындалды. Ол міндеттер әлеуметтік келісім-шарттар жасасу арқылы бекітіледі. Көп ұзамай Индус­трияландыру картасындағы жобалар мен « Бизнестің жол картасы-2020» бағдар­ламасындағы шаралар негізінде пайда болған және жаңадан құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтанды­рыл­ған де­рек­қоры жұмыс істей бастайды. Бағдарламаның бірінші бағыты аза­мат­тардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Бұл бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыз­дар және табысы аз адамдарды қамти­тын болады. Бағдарламаға қатысудың басым мүм­кіндіктері ауыл жастарына беріледі. Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады : кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тегін жолдамалар беріледі және оқу орнына жеткенге дейінгі жолақы шығындары субсидияланады ; Лайықты бос жұмыс орындары іздестіріледі және жұмысқа, оның ішінде әлеу­меттік жұмыс орындарына орна­ласуына жәрдем көрсетіледі ; жұмысқа психологиялық бейімдеу шаралары ұйымдастырылады. Бұл шараларды іске асыру тетіктері төмендегідей. Бағдарламаның әлеуетті қатысушы­лары құжаттардың қажетті тізбесін ұсы­на отырып, бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жергілікті жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіреді. Жергілікті жұмыспен қамту орган­дары берілген өтініштердің негізінде ықтимал деген қатысушылардың тізімін қалыптастырады. Қалыптастырылған тізімдер мен ық­тимал қатысушылар туралы мәліметтер аудандық ( қалалық ) комиссиялардың қарауына жіберіледі. Ұсынылған құжаттарды қарау нәти­жесі бойынша комиссия мүшелері өтініш берушілерді бағдарламаға қаты­сушылар қатарына қосу немесе өтініш беруші бағдарламаның бірінші бағы­тына қатысу өлшемдеріне сәйкес келмеді деп тапқан жағдайда, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аудандық комиссия отырыстары хаттамаларының көшірмелері жергілікті жұмыспен қамту органдарына жіберіледі. Бағдарламаның ықтимал қатысу­шы­ларын анықтау мен өтініш иесін бағ­дарламаға қосу жөнінде шешім аудан­дық ( қалалық ) деңгейде қабылданатын болады. Бағдарламаның әрбір қатысушысы­мен жұмысқа орналасуды қоса алғанда, өзара міндеттемелер туралы шарт болып табылатын әлеуметтік келісім-шарт жасалады.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

Егер бағдарламаға қатысушы кәсіп­тік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады. Екінші бағыттың мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру бо­лып табылады. Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүм­кін­дігі бар азаматтар бағдарламаның қа­ты­сушылары бола алады. Соның ішінде жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындар негізгі назарға алынады, яғни оларға басым­дық берілетін бо­лады. Осы бағыт бойынша бағдар­ла­маға қатысушыға консультациялық қыз­мет көрсету ; кә­сіпкерлік негіздерін оқыту ; шағын несие беру; жетіспейтін инженерлік-ком­муникациялық инфра­құ­рылым­дарды дамыту және жайластыру секілді мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі. Енді осының ішінде шағын несие беру мәселесіне келейік. Шағын несие беру – ауылдағы кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі болып табылады. Ол қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Ескерте кететін бір жағдай, шағын несие тұтынушылық мақсаттарға, басқа кредиттерді өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді, тек қана жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі. Бұл несиенің бір ар­тықшылығы – оны алушыға кредит бойынша пайыздарды төлеу және негізгі қарызды өтеу бойынша он сегіз айға дейінгі мерзімге жеңілдікті кезең ұсыны­лады. Ал оны алушы үшін шағын несие бойынша жылдық тиімді пайыздық став­каны өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді. Шағын несие беруді жүзеге асыра­тын микроқаржы ұйымдарын іріктеу ісін жергілікті атқарушы органдар арқылы уәкілетті орган конкурстық негізде жүргізеді.

Изображение слайда
1/1
6

Последний слайд презентации: Дайында ған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит береді. Жергілікті атқарушы орган шағын несие беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқын­дайды. Уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы ұйымдарына кредит берудің белгіленген ережесіне сәйкес бағдарламаға қатыса алатын микроқаржы ұйымдарын іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді. Уәкілетті өңірлік ұйым мен микроқаржы ұйымдары арасын­да кредит беру туралы келісім-шарт жасалады. Сонан кейін барып бағдарла­ма­ның екінші бағытына қосыл­ған адамдар жергілікті жұмыс­пен қамту органының жолдауы бойынша шағын несие алу туралы бағдарламаға қатысушы микроқаржы ұйымына өтініш білдіреді. Микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді және қаржыландыру мүмкін­дігі ( немесе мүмкін емес екені ) туралы шешім қабылдайды. Оң баға алған жобалар бойынша қаржыландыру осы бағдарламада көз­дел­ген шарттарға, сондай-ақ Үкімет бекіткен микроқаржы ұйымдарына кредит беру ережесіне сәйкес жүзеге асы­рылады. Ал ауылдағы кәсіпкерлік нысандары мен субьектілері қолданып жүрген инфрақұрылымдарына ( яғни, телефон және электр жүйелерінің құбырлары, жылу және сумен жабдықтау ) қосымша инженерлік-коммуникациялық инфра­құ­рылымдар жүргізу қажет болған жағ­дайда, бұл шығыстарды егер ол нысан­дар елді мекенді салу жоспарына сәйкес болса, мемлекет өзіне ала алады.

Изображение слайда
1/1