Презентация на тему: БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ ТӘРТІБІ,ӨЗГЕРТІЛУІ

БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ ТӘРТІБІ,ӨЗГЕРТІЛУІ.
Бұлтартпау шарасы дегеніміз.
БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ ТӘРТІБІ,ӨЗГЕРТІЛУІ.
БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ ТӘРТІБІ,ӨЗГЕРТІЛУІ.
БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ ТӘРТІБІ,ӨЗГЕРТІЛУІ.
Бұлтартпау шаралары мынадай болып табылады:
Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер
Бұлтартпау шараларын таңдау кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар
143-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi
БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ ТӘРТІБІ,ӨЗГЕРТІЛУІ.
Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
1/12
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 72)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (72 Кб)
1

Первый слайд презентации: БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ ТӘРТІБІ,ӨЗГЕРТІЛУІ

Орындаған : Бейсенова Индира Тобы : 3 C

Изображение слайда
2

Слайд 2: Бұлтартпау шарасы дегеніміз

Бұлтартпау шарасы — бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпкерге, ал қажет болған жағдайда сезіктіге қолданылатын және кылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын занды шара (істің барлық, мән-жайларын анықтау, занды дұрыс қолдану, қылмыстық теріс қылық жасағандарды жазалау және заң бұзушылық жасамағанды жазалауға жол бермеу.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Қолданылатын бұлтартпау шарасының дұрыстылығы, заңда белгіленгін негіздермен қамтамасыз етіледі, соның ішінде, процессуалдық тәртіппен, прокурорлық қадағалаумен және шараларды қолданудың тәртібі мен шарттарының болуымен. Мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде бұлтартпау шараларын жүзеге асыру адамдардың жеке басының бостандығын және өзге де құқықтарын шектеуге соқтыратын болғандықтан, ол шараларды қолдану заңдылық принципін қатаң сақтауды талап етеді.

Изображение слайда
4

Слайд 4

ҚР Конституциясы мен Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген принциптер сақталуға тиісті, соның ішінде, тұлғаның жеке басына тиіспеушілік, қадір-қасиетін құрметтеу, кінәсіздік презумпциясы тағы да басқа принциптер. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес сот үкімі шыққанға дейін сезікті айыпталушы тұлға кінәсіз болып есептеледі. Сондықтан, тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде осыны еске сақтау іс жүргізуші органның негізгі міндетінің бірі болып табылу қажет. Әсіресе, тұлғаны қамауға алу; үйде қамап ұстау, әскери қызметшісін әскери командованиесіне беру шараларын қолданған кезде. Кінәсіз тұлғаға бұлтартпау шарасының қолданылуы, шараның ауырлығы ескерілмеген жағдайда да, мықты моральдық зиян келтіреді; оның қадір-қасиетіне зиянын тигізуі мүмкін.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Кез келген тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде, оның қадір-қасиеті құрметтеуге тырысу міндетті жағдай болып саналады, себебі бұлтартпау шарасы, алдын ала тергеу кезінде, іс қозғалғаннан бастап қолданылады, ал тұлға, соттың үкімімен ғана кінәлі деп табылуы мүмкін. Сонымен, қылмыстық іс жүргізуді реттейтін принциптер, бұлтартпау шарасын әділ, дұрыс қолданудың кепілдігі болып табылады. Қылмыстык іс жүргізуде  —  айыпталушы   анықтаудан, алдын ала   тергеуден   немесе   соттан   жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бәгет жасайды немесе   қылмыстық әрекетпен   шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, айыпталушыға іс жүргізуде қолданылатын заңда көзделген мәжбүрлеу шаралары.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Бұлтартпау шаралары мынадай болып табылады:

1) ешкайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру; 2) жеке кепілдік беру; 3) әскери кызметшіні әскери бөлім командованиесінің бакылауына беру; 4) кәмелетке толмағанды карауға беру; 5) кепіл болу; 6) үйде қамауда ұстау; 7) қамау.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер

Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз өкiлеттiгi шегiнде ол адамға 1) ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру; 2) жеке кепiлдiк беру; 3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беру; 4) кәмелетке толмағанды қарауға беру; 5) кепiл болу; 6) үйде қамауда ұстау;бұлтартпау шараларының бiрiн қолданады.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Бұлтартпау шараларын таңдау кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар

Бұлтартпау шарасы және оның қайсысын қолданудың қажеттiгi туралы мәселенi шешу кезiнде ҚП Кодекстiң 139-бабында аталған мән-жайлармен қатар, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшерi, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүлiктiк жай-күйi, тұрақты тұратын жерiнiң бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерiлуге тиiс.

Изображение слайда
9

Слайд 9: 143-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi

1. Айыпталушыға (сезiктiге) бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды. 2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы адамға ол сезiктi болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы бұлтартпау шарасын қолдану үшiн негiздiң көрсетiлуiн қамтитын қаулы шығарады. Қаулының көшiрмесi соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және онымен бiр мезгiлде оған осы Кодексте көзделген бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағымданудың тәртiбi түсiндiрiледi. 3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн осы Кодекстiң 144, 145, 146, 147, 148, 149-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы айыпталушыға, сезiктiге тиiстi қаулының көшiрмесiн тапсыру кезiнде жариялануы тиiс.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторларында ұсталады. Оларды ұстаудың тәртiбi мен ережелерi заңдармен белгiленедi. Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiнi, айыпталушыны тергеу изоляторларына әкелу жердiң шалғайлығына немесе тиiстi қатынас жолдарының болмауына байланысты мүмкiн болмаған жағдайда мұндай адамдар прокурордың қаулысы бойынша, сондай-ақ прокурор, оның орынбасары санкцияландырған анықтаушының немесе тергеушiнiң қаулысы бойынша отыз тәулiкке дейiн уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Осындай тәртiппен ол адамда тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу немесе iстi соттың қарауы үшiн аталған мерзiмге тергеу изоляторларынан уақытша ұстау изоляторларына ауыстырылуы мүмкiн. Мұндай адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңдармен айқындалады. Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiнi, айыпталушыны тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу үшiн бiр тергеу изоляторынан басқа тергеу изоляторына ауыстыру (этаптау) прокурордың қаулысы бойынша немесе анықтаушының, тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту

Бұлтартпау шарасы оған қажеттiлiк болмаған кезде тоқтатылады немесе мұның өзi iстiң мән-жайы туғызған неғұрлым қатаң немесе жұмсақ шараға өзгертiледi. Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе судьяның дәлелдi қаулысы бойынша не соттың дәлелдi қаулысы бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте прокурор санкцияландырған, немесе қолданған, немесе оның жазбаша нұсқауы бойынша, сондай-ақ алдын ала тергеуде соттың шешiмi бойынша таңдалған бұлтартпау шарасы прокурордың келiсiмiмен ғана тоқтатылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.

Изображение слайда
12

Последний слайд презентации: БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ ТӘРТІБІ,ӨЗГЕРТІЛУІ: НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Изображение слайда