Презентация на тему: Білім және ғылым министірлігі Алматы технологиялық университеті

Білім және ғылым министірлігі Алматы технологиялық университеті
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Ерекшеліктері :
Гуманизмнің негізін салушылар : Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати.
Франческо Петрарка
Колюччо Салютати
Білім және ғылым министірлігі Алматы технологиялық университеті
Білім және ғылым министірлігі Алматы технологиялық университеті
Білім және ғылым министірлігі Алматы технологиялық университеті
Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды:
— Николай Коперник (1473-1543) — поляк астрономы және философ Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды ; оның себебі теңіз сал сының дамуы еді. Астрономия
Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыру деген талпыныс еді :,
Білім және ғылым министірлігі Алматы технологиялық университеті
Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ бұл кезең — адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын. табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің
1/14
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 96)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (803 Кб)
1

Первый слайд презентации: Білім және ғылым министірлігі Алматы технологиялық университеті

Пәннің аты : Философия Орындаған:СұлтанқұлНұрсұлтан Қанатұлы Топ : ТМЖ 16 13 Қабылдаған:Шиндаулетова Лаззат СӨЖ Алматы қаласы Та қырып : Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда ХІ V- Х VII - ғасырлар аралғын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетісті терге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең. Осы дәу философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептелед Қалыптасу жағдайлары : 1) Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан — өнеркәсіпті дамыту ауыл-селодан — қалаға көшу кезеңі басталды ; 2) Ұлттық мемелекеттер мен абсолюттік монархия қалыптасты ; 3) Жаңа тап — буржуазия пайда болды ; 4) Терең әлеуметтік конфликтілер : Германияда Шаруалар соғысы Фраиция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрді Осы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқараст қажеттілігін туғызды. Бұл кезең Орта ғасыр кезеңі мен антикалық мәдниеттің жалғасы, әсіресе, антикалық мәдениетті қайта Өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өркендеу деп аталуы да сондықтан.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Ерекшеліктері :

1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі — Адам, ол космостық болмыстың негізгі звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы ретінде карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды ; 2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды ; 3) Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды ; 4) Философиялық ой өнермен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғи негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін де игере алады. Ренессанс адамы — шығармашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығына да, ой сұлулығына да жете алады. Адам — дүн иедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). 5) Ренессанс философиясына гуманизм — адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мой-ындайтын көзқарас тән.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Гуманизмнің негізін салушылар : Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати

Изображение слайда
5

Слайд 5: Франческо Петрарка

Изображение слайда
6

Слайд 6: Колюччо Салютати

Изображение слайда
7

Слайд 7

Данте Альгиери (1265-1321) — итальяндық Ренессанстың астанасы Флоренцияда дүниеге келген ақын және ойшыл. Оның «Құдайы комедиясы » — гуманистік ойлардың бастауы. Бір жағынан алып қарағанда, бұл еңбек ортағасырлық христиандық көзқарастар энциклопедиясы, Құдай адам өмірінің басшысы ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, «Құдайы комедияда » адамның жер бетіндегі өмірі, қызметі, жаңа адамның психологиясы мықты суреттеледі. Поэмада антикалық образдар, антикалық ақындар мен философтар көп кездеседі. Негізгі идея — « Құдай даналығының керіністерінің бәрінен де ғажайыбы — адам ». Адамдардың бәрінің табиғи кабілеті бірдей, мәселе оны жетіддіре білуде ( өнер, ғылым, өндірісте ).

Изображение слайда
8

Слайд 8

Италиядағы гуманистік қоз лыстың негізін қалушы — ақын және философ Франческо Петрар (1304-1374). Оның поэзиясында Ренессанс дәуірінің жаңа адамының ішкі жан дүниесі тамаша ашылды. Христиан дініне сенуші бола тұра ол схоластиканы « диалектиканың мылжыңы », белсенді адамға қажетсіз оқымыстылық деп сынады, дінбасылардың даңққұмарлығы мен нәпсіқұмарлығын айыптады, алғашқы христиандық гуманизм идеясына сүйенді жәәне антикалық философия мен христиан дінін табыстыруға тырысты.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Осы бағытты әрі қарай дамытуға үлес қосқан Колюччо Салюта (1331 -1406) болды. Ол өз шығармаларында Италия қалаларының қоғамдық өмірін суреттеді, феодалдық қоғамға қарсы тұрған қала еркінді мадақтады. Осы позициясы арқылы оның адам еркіндігін қолдаған көзқарасы керінеді. Тұлға еркіндігі мәселесі оның мәдениет тілі мәселес түсіндіруінен де айқын байқалады. Дүние, құдай, адам туралы, ілімді, ада гершіліктік құндылықтар дүниесін гуманистер схоластикалық философ категориялары арқылы емес, антика мифологиясын, поэзия тілін қолда арқылы жеткізуге тырысты. Салютатидің ойынша : өз ойын жеткізу құқығы адамның өзіне беру керек. Бұрынғы тіл түсініксіз және жат. Философиялық мәтіндерді, әсіресе Аристотельдің шығармаларын қайта аударып, тазарту қажет.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды:

1) университеттер мен мектептер — схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы — өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсіресе, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды. Қайта Өркендеу Дәуірі ойшылдарының көбі ғылым мен өнердің бірне - ше саласын бір басына жинаған тұлғалар ретінде белгілі болды. Солардың бірі — Леонардо да Винчи (1452-1519). Классикалық білім алмаса да, өз бетімен көп оқыды, антика ілімін жақсы таныс болды, өнер туындыларын жасау процесінде ұлы суретші, ойшыл ретінде қалыптасты. Оны қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері деп атайды. Мысалы, сол кездің өзінде-ақ ол танк, парашют, шлюз идеяларын және тағы басқа идеяларды ойлап тапты. Философиялық ойлары өз заманынан озық еді. Арнайы философиялық шығармалар жазбағанымен жазба кітапшалары философиялық ойларға толы болды. 1) Леонардо да Винчи таным процесіндегі тәжірибенің роліне аса мән берді. Тәжірибе арқылы өтпейтін ғылымдар адасуға ұшырайды деп есептеген оның ойынша ақиқатқа жеткізетін бақылау мен қабылдау емес, тәжірибе ғана : « Даналық — тәжірибенің қызы ». Леонардо да Винчи соны мен бірге теорияның ролін де бағалады : « Ғылым — әскер басшысы, тәжірибе — солдаттар ». Ең басты ғылым — математика деп түсінді. 2) Адам өнері мен табиғат арасындағы байланысты Л.Винчи адамның пайдасына шешеді. Адам табиғатсыз ештеңе жасай алмайды, бірақ табиғаттың қарапайым материалдарынан күрделі заттар жасауға қабілетті. 3) Адам және Құдай мәселесінде Л.Винчи адамды Құдайға мейлін жақындатты : « Өнерге байланысты айтсақ, біз Құдайдың немересіміз деп айта аламыз ». 4) Л.Винчи өнерді шындықты танып-білу құралы ретінде қарастырды, себебі ғылым заттар дүниесінің сандық жағын зерттесе, өнер сапалық жағын көрсетеді дейді және өнердің бастысы — сурет өнері, ол ғылымнан жоғары деп түсінеді.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Николай Коперник (1473-1543) — поляк астрономы және философ Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды ; оның себебі теңіз сал сының дамуы еді. Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперникт басты еңбегі : « Аспан сфераларының айналуы ». Негізгі идеясы : Аристель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрист жүйесін ашу :

1) Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің өсімен ай-наладық 2) Дүниенің ортасы — Күн, Жер осы Күнді айналады ; 3) Ай Жердің серігі. Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыру деген талпыныс еді :,

Изображение слайда
12

Слайд 12: Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыру деген талпыныс еді :,

«Дүние шексіз, ол жер субстанциясы және аспан субстанциясы болып бөлінбейді, яғни, жер мен аспанды теологиялық қарама-қарсы қою деген жоқ « Жер аспан денелерінің біреуі ғана, қозғалыс заңдылықтары Жер үші де, басқа планеталар үшін де бірдей. Қозғалыс планеталардың бәріні қалыпты жағдайы». « Денелер өздігінен қозғалады, қозғалмайтын Күш беруші деген жоқ’ «Құдай әлемдік механизмді жаратушы, бірақ оның кейінгі ісіне ара- ласпайды ». «Дүниенің абсолюттік шегі де жоқ ».

Изображение слайда
13

Слайд 13

Антика философтарының негізгі кемшілігі қарапайым адамның күнделікті өмірінен алыстығында екендігін түсіне білдген Моятень өз өмірінің жақсы-жаман жақтарын сараптай отырып, адам үшін ең бастысы — философиялық ілімдер дамьггатын ақыл-ойға жүгініп қана қоймай, өз табиғатының сұраныстарын да тыңдай білуі екенін көрсетті : « біз бөтен ойлар мен білімдерді сақтап қана қоямыз. Оларды өз меншігімізг айналдыруымыз қажет. Әйтпесе, біз от іздеп көршісіне барып, бөтен үйдің отына жылынып, өз үйінде от жағуды ұмытып кеткен адамға ұқсаймыз ». Монтень адам өмірінің мақсаты — табиғатқа сеніп, жалпылық заң бойы - ынша бірқалыпты өмір сүру деп есептейді. Табиғи заңдарға сәйкес өмір сүру ғылымы өте қиын, бірақ адамдық міндетті орындағаннан артық ештеңе жоқ, адам өз табиғатына қарсы келмеуі керек. Өлімді қарсы ала білуді де Монтень осы тұрғыдан үйретеді. Оның ойынша, өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, өлім — табиғат заңдылығы, бір өмірдің орнына екіншісі келеді, өмір сүргісі келетін басқа адамдарға да орын босатқай жөн, яғни өлімге философиялық тұрғыдан қарау керек. Монтень бұл мәселе жөнінде Цицеронның « пәлсапа соғу — өлімге үйрену деген сөз » деген қағидасын мойындайды. Біздің ойымызша, Монтень философиясы адамға аса пайдалы. Көл адамға түсініксіздеу, қарама-қарсы пікірлерге толы (Монтень жазғандарын қайта-қайта түзетіп, толықтырып отырған ) « Тәжірибелерден » өмірге қажетті құнды кеңестер алуға болады. Ен бастысы — Монтень адамды схоластар секілді төмендетпей, ант-ропоиентристер сияқты тым асқақтатпай, табиғи қалпында қарастырады.

Изображение слайда
14

Последний слайд презентации: Білім және ғылым министірлігі Алматы технологиялық университеті: Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ бұл кезең — адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын. табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеялар, болжам-үлгілер ұсынылғаг адамзат ойының табысты кезеңі

Изображение слайда