Презентация на тему: Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар

Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар стоматология кафедрасы
Дәрістің мақсаты
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Проблемалық жағдай
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Периодонтиттердің Т.Ф.Виноградова бойынша жіктелуі
МКБ-Х жіктелуі
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Проблемалық жағдай
Қосымша ақпарат:
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Сүт тістің деструкция ошағы тұрақты тістің фолликуласының тұтастығын бұзбауы керек.
Араларында сүйек қабаты сақталуы керек.
Тұрақты тістің кортикалды пластинкасы тұтас болуы керек.
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Сүт тістердің жедел периодонтитін емдеу
Жегі қуысын ашу, тіс қуысын кеңейту, тіс қуысынан ыдыраған өнімдерді сатылап 1 /3 бөлігін алу.
Қабыну белгілері басылғаннан кейін тұрақыт тістерді пломблау сатыларындай ем жүргізіледі. Пломба түбір ұшынан тыс шыққанда УЖЖ (УВЧ) терапия тағайындалады.
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Түбірі қалыптаспаған тұрақты тістердің периодонтитін емдеу
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Түбір каналға кальций гидрототығын енгізу әдістері:
Әдістің кемшіліктер:
МТА құрамды препараттар:
Түбір каналдарды тұрақты пломбалау көрсетіледі:
Апексофикация әдісі
Периодонтитті емдеу принциптері
Депофорез әдісі
СОЗЫЛМАЛЫ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ПЕРИОДОНТИТ 3.6
СОЗЫЛМАЛЫ ГРАНУЛЯЦИЯЛАНҒАН ПЕРИОДОНТИТ
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар
1/62
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 80)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1352 Кб)
1

Первый слайд презентации: Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар стоматология кафедрасы

Уақытша және тұрақты тістердегі периодонтиттердің этиологиясы және патогенез, клиникасы, диагностика және емдеу принципі. Мамандығы: 5В130200 Стоматология Пәні: Балалар стоматология негіздері Курс: 4 Лектор: Султанова Г.Д.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Дәрістің мақсаты

Дәріс аяқталған соң, Сіздер білулерініз қажет: балаларда периодонтиттердің жіктелуін білу; балаларда периодонтиттердің клиникалық ағымының ерекшеліктеріне түсінік беру; балаларда периодонтиттерді нақтамалай білу;

Изображение слайда
3

Слайд 3

Дәріс жоспары Проблемалық жағдай Балалардағы периодонт құрылысының ерекшеліктері. Балалардың периодонтиттерінің этиологиясы, патогенезі, жіктелуі Балалардың сүт тістерінің периодонтиттерінің клиникалық ағымы және нақтамасының ерекшеліктері Балалардың тұрақты тістерінің периодонтиттерінің клиникалық ағымы және нақтамасының ерекшеліктері

Изображение слайда
4

Слайд 4: Проблемалық жағдай

Бала П., 12 жаста. Оң жағындағы төмеңгі молярдың тұрақты қақсап ауыруына, тағам қабылдағанда және тістегенде үдеуіне шағымданады. Анамнезінде: емханада 6 ай бұрын бірінші тұрақты молярды емдеуді бастап, бірақ аяқтамаған. Қазіргі уақытта қарау кезінде: тіс айналасындағы сілемейлі қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, перкуссияда күрт ауырады. Диагнозды бекіту үшін бала рентгенографияға жіберілді.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Алдын ала диагноз қойыңыз? Рентгенсуретте қандай өзгерістер болады?

Изображение слайда
6

Слайд 6

Балалардағы периодонт құрылысының ерекшеліктері. Периодонт – тіс ұяшығының компакты табақшасы мен тіс түбірі цементінің аралығында орналасқан күрделі анатомиялық байламша тінді түзіліс. Периодонт байламша тінінен түзілген, онда клеткаралық затты, фиброзды коллагенді талшықтарды және байламша тінінің қабатшаларын айырады. Периодонтта тамыр торлары өте жақсы дамыған. Лимфа тамырлары периодонтта негізінен қан-тамыршалары сияқты орналасқан. Иннервациясы альвеола қабырғаларынан шығатын нерв талшықтарымен жүреді. Периодонт функциялары көптүрлі: ұстап тұратын, қысым тарататын, пластикалық, трофикалық, сезімталдық және қорғаныс. Периодонт тістің өсуінде, жарып шығуына және алмасуына қатысады. 1. Периодонттың тігінен байламшалары. 2. Периодонттың көлдеңең байламшалары. 3. Периодонттың маргинальды байламшалары.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Балаларда тістері қалыптаспаған кезеңде периодонт түбірдің қалыптасқан бөлігінде ғана көрінеді, кейіннен оның талшықтары өсу зонасы тіндеріне ауысады да, түбір ұлпасымен тығыз байланыста болады. Түбірдің әрі қарай қалыптасуына байланысты периодонттың жаңа бөліктері құрылады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Периодонттың қалыптасуы 5 сатыға бөлінеді: 1. Түбірдің өсуі және шеткері периодонттың қалыптасу сатысы. Өсу зонасы рентгенсуретте айқын, көлемі үлкен, сопақша түрде.

Изображение слайда
9

Слайд 9

2. Түбір ұшының қалыптаспау және бүйір периодонттың қалыптасу сатысы. Түбір ұзындығы қалыпты деңгейде, қабырғалары паралелль. Түбір өзегі кеңейген, ұшында кең жолақтан (раструб) жоғары аймақта өсу зонасы жартылай сопақша түрде.

Изображение слайда
10

Слайд 10

3. Түбір ұшы жабылмаған сатысы. Түбір өзегі кең, ұшына қарай тарылады. Ұшының тесігі кең, жабылмаған. Өсу зонасы рентгенсуретте ұшында периодонтальды кеңістіктің едәуір кеңеюімен беріледі. 4. Түбір ұшы жабылған сатысы. Ұшында периодонтальды саңылау біршама кеңейген, ұшындағы периодонт қалыптасу сатысында. 5. Периодонттың қалыптасуының аяқталу сатысы.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Изображение слайда
12

Слайд 12

Балалардың периодонтиттерінің этиологиясы, патогенезі, жіктелуі Периодонтиттің пайда болуының негізгі себептері: ұлпаның жедел және созылмалы аұруы; пульпитті емдегенде девитализациялаушы заттардың көп салынуы немесе уақытының ұзақтығы; ұлпаның экстирпациясы мен өзегін өңдегенде периодонттың жарақаты; пульпитті емдегенде пломбалық материалды түбір ұшынан шығарып жіберу;

Изображение слайда
13

Слайд 13

қатты әсер ететін антисептиктерді қолдану; түбір өзегіндегі қалдықты түбір ұшынан асырып шығарып жіберу; периодонттың бактериальды текті заттарға және дәрілерге аллергиялық реакциясы; тіске механикалық артық күш түсуі (ортодонтиялық кірісулер, тістесудің жоғарылап кетуі).

Изображение слайда
14

Слайд 14: Периодонтиттердің Т.Ф.Виноградова бойынша жіктелуі

Этиологиясы бойынша: инфекционнды, жарақаттық, медикаментозды. Шоғырлануы бойынша: апикальды және маргинальды. Клиникалық ағымы бойынша: жедел, созылмалы және асқынған. Тіндердегі патоморфологиялық өзгерістер бойынша: сірңелі, іріңді, фиброзды, гранулематозды, грануляцияланған.

Изображение слайда
15

Слайд 15: МКБ-Х жіктелуі

К04.4 Жедел апикальды периодонтит (ұлпадан дамыған); К04.5 Созылмалы апикальды периодонтит; К04.6 Жыланкөзі бар периапикальды абсцесс; К04.7 Жыланкөзі жоқ периапикальды абсцесс; К04.8 Түбір ұрасы; К04.9 Ұлпаның және периапикальды тіндердің басқа да және ескерілмеген аурулары.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Балалардың сүт тістерінің периодонтиттерінің клиникалық ағымы және нақтамасының ерекшеліктері. Көбінесе сүт тістерде созылмалы және өршіген түрлері кездеседі, бірақ ол жедел түрлері дамымайды деген сөз емес. Балаларда жедел апикальды периодонтиттің жалпы белгілері қабыну процесінің белсенді ағымымен, шектелген процесстің жайылған түріне тез өтуімен сипатталады. Сірңелі қабыну сатысы әдетте қысқа мерзімді және тез іріңді процесске өтеді.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Түбір қалыптасуы аяқталмаған кезде процесс өсу зонасының зақымдануымен және тіс дамуының тоқтауымен асқынады. Жедел периодонтит клиникасы ауырсыну реакциясының перкуссияға күшеюімен, өздігінен пайда болған тұрақты, сыздап ауырсынудың қарқындылығының ұлғаюымен, себепкер тіс аймағындағы қызыл иек ісінуі мен қызаруының айналасындағы тіндерді және шеткері лимфа түйіндерін қамтуымен көрсетіледі. Жедел сірңелі және іріңді периодонтит бір процесстің жеке сатысы ретінде шартты ажыратылады.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Сүт тістер периодонтитінің диагностикасының болжамы түбір сорылуының түріне де байланысты: бір қалыпты, бір қалыпты емес, түбір бифуркациясы аймағы. Жедел периодонтиттің нәтижесі экссудаттың периодонтальды кеңістіктен шығуына байланысты: түбір каналы арқылы, циркулярлы байламның еруіне байланысты периодонтальды саңылау арқылы; сүйек-ми кеңістерінен жақ сүйек беткейіне (сүйек асты және қызылиек асты абсцессі, периостит) немесе оның денесінің тереңдігіне (остеомиелит, сепсис); жедел периодонтиттің созылмалы периодонтитке өтуі емдеу шаралары жүргізілмесе немесе емдеу тактикасы дұрыс болмаса болуы мүмкін.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Созылмалы периодонтиттің клиникалық ағымы және патоморфологиялық өзгерістеріне қарай үш түрін ажыратады (фиброзды, гранулематозды, грануляцияланған). Соңғы екі түрін. Т.Ф. Виноградова (1976) грануляциядағы альтеративті немесе продуктивті процессінің басым болуына байланысты қабынудың гангренозды және пролиферативті түрлеріне бөледі. Фиброзды және гранулематозды периодонттер тек қалыптасқан тістерде ғана болады.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Изображение слайда
21

Слайд 21

Изображение слайда
22

Слайд 22

Жедел ұштық периодонтит Уақытша тістердің жедел периодонтиттерінің клиникалық және патологоанатомиялық көрінісі тұрақты тістермен бірдей. Бірақ уақытша тістердің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, жедел периодонтиттердің дамуында біршама өзгешеліктер бар: түбірлердің қалыптасу немесе сорылу кезеңдерінде периодонттың апикальды саңылауының кең болуына байланысты, ұлпаның қабынуы периапикальды тіндерге жеңіл өтеді. Кей кезде периодонтит түбір ұлпасын қабыну қамтымай тұрып-ақ, ертерек дамиды. Уақытша тістердің периодонтиттерінің біршама ауыр ағымы және қабыну процессінің айналасындағы жұмсақ тіндер мен сүйек тіндеріне өтуі, бала организмінің қарсы тұруының төмендеуіне байланысты болады.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Созылмалы периодонтит Балаларда ұлпадағы және периодонттағы қабыну процесстері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Созылмалы периодонтиттердің 30% пульпитті тістерді дұрыс емдемеген жағдайда, 38% — кариеске емдеу жүргізілмеген кезде және 30% — жарақаттың әсерінен пайда болады. 6—8 жастағы балаларда созылмалы грануляцияланған периодонтит тұрақты қалыптаспаған күрек тістердің (көбінесе жоғарғы жақ сүйегі) нәтижесінде және бірінші молярларда кариестің декомпенсацияланған жедел ағымының әсерінен дамиды. Созылмалы периодонтит жедел ұштық периодонтиттен соң немесе созылмалы пульпиттің әсерінен біріншілік-созылмалы процесс ретінде дамиды. Созылмалы периодонтиттің патологоанатомиялық көрінісінде жедел кездегідей экссудация емес, пролиферация басым болады: фиброзды немесе грануляционды тіннің өсіп таралуы.

Изображение слайда
24

Слайд 24

Изображение слайда
25

Слайд 25

Созылмалы фиброзды периодонтит Пульпит, жедел периодонтит және созылмалы грануляцияланған және гранулематозды периодонтитті емдегеннен кейін пайда болады. Түбірлері толық қалыптасқан тістерде ғана дамиды ( уақытша және тұрақты тістерде ). Тістің қалыптасу кезеңінде, түбір ұшы аймағының құрылысында өзгерістер болмағанда және уақытша тістердің түбірлерінің сорылу кезеңінде фиброзды периодонтит байқалмайды. Фиброзды периодонтит клиникада ешқандай симптомсыз жүреді және кейде тіс-жақ жүйесін рентгенологиялық зерттеу кезінде анықталады. Шағымы болмайды, перкуссияда ауырмайды, қызыл иегінің түсі қалыпты, тістің қозғалғыштығы анықталмайды. Кейде тіс сауытының түсі өзгереді : ол сұр немесе көгілдір түсті күңгірт болып келеді.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Созылмалы гранулематозды периодонтит Уақытша тістерде созылмалы фиброзды түрі сияқты, гранулематозды периодонтит сирек кездеседі. Негізінен, түбірі қалыптасқан тұрақты тістерде, еш симптомсыз дамиды. Кариозды қуыс тіс қуысымен жалғаспайды. Рентгенсуретте гранулематозды периодонтит түбір ұшында айқын контурлы, диаметрі 5мм-ге жететін дөңгелек немесе сопақша пішінді сүйек тінінің деструкция ошағы түрінде анықталады. Гранулема айналасындағы сүйек тіні еш өзгеріссіз, кейде оның шеттерінде сүйектің қалыпты құрылымын шектейтін, тығыздалған склерозданған зона көрінеді. Склероздың болуы ұзақ ағымды қабыну процессіне сүйектің реакциясын көрсетеді. Кортикальды табақшамен шектелген периодонтальды саңылау, түбірдің барлық бойымен көрінбеуі мүмкін. Гранулемада орналасқан тіс түбірінің ұшы көп жағдайда резорбцияланған.

Изображение слайда
27

Слайд 27

Изображение слайда
28

Слайд 28

Созылмалы грануляцияланған периодонтит Уақытша тістерде периодонттың қабынуы көбінесе созылмалы грануляцияланған периодонтитке өтеді. Ауру көбінесе еш симптомсыз, терең емес кариозды қуыста болады да, бұл диагноз қоюда қиындық тудырады, себебі клиникалық көрінісі орташа тіс жегіге ұқсайды. Кейде науқастар тағам қабылдағанда ауырсынуға, тістеген кезде сезімталдыққа, ауыратын тіс аймағында дискомфорт және тартылу сезіміне шағымданады. Міндетті түрде, баланың кариозды қуысты бұрғылау кезінде пайда болатын кейбір ауырсыну сезіміне реакциясын байқау керек, себебі ол диагноз қоюға және салыстырмалы нақтамалауға көмектеседі. Уақытша тістердің грануляциялы түрі қызыл иекте, жақсүйекасты аймағы, ұртында бөлінулер немесе домбыққан грануляциялар бар жыланкөздің пайда болуымен жүреді.

Изображение слайда
29

Слайд 29

Асқыну сатысындағы созылмалы периодонтит Уақытша және тұрақты тістердің созылмалы периодонтитінің қандай-да бір түрі болмасын, қабыну процессінің асқынуымен жүреді, ол кей жағдайларда (ауырған аурулары, суық тию және т.б.) периоститпен, остеомиелитпен, флегмонамен асқынады. Созылмалы периодонтиттің асқынуы кезінде клиникалық симптоматикасы, жедел түрдегідей, бірақ қабыну процесс бала жасында біршама күшті дамиды. Мұнда шешуші рольді аллергиялық фактор атқарады. Периодонтиттің бұл түрін жедел периодонтит және пародонтитпен салыстырмалау қажет.

Изображение слайда
30

Слайд 30

Балалардың жедел периодонтиттерінің нақтамасы Балалардағы жедел апикальды периодонтиттердің жалпы симптоматологиясы периодонтта қабыну процессінің белсенді ағымымен, шектелген процесстің диффузды түрге тез өтуімен сипатталады. Сірнелі қабыну сатысы ұзақ емес және іріңді түрге тез өтеді. Жедел периодонтиттің клиникасының динамикасы ауырсыну реакциясының перкуссияға күшеюіне, тұрақты, сыздап өздігінен ауырсыну қарқындылығының ұлғаюына, себепті тіс аймағындағы қоршаған тіндер мен регионарлы лимфа түйіндері қосылып, қызыл иектің ісінуі және қызаруының ұлғаюымен сипатталады. Жедел сірнелі және іріңді периодонтиттер, процесстің жеке бір сатысы бола отырып, шартты ажыратылады (іріңді кезде, солқылдаған қатты ауырсыну, суықтан ауырсынудың бәсеңдеуі, жалпы жағдайының бұзылуы, басының ауыруы, дімкәстік).

Изображение слайда
31

Слайд 31

Балалардың созылмалы периодонтиттерінің нақтамасы Созылмалы фиброзды және гранулематозды периодонтиттер тек қалыптасқан тістерде ғана болады және субъективті симптоматикасының кедей болуына байланысты (кейде сыздап және аздап перкуторлы ауырсыну), тек рентгенографиялық зерттеу кезінде ғана анықталады. Фиброзды периодонтит кезінде жеке бөліктерде үздіксізділігі бұзылмай, периодонтальды саңылаудың кескінінің деформациясы байқалады (тарылуы және кенеюі). Рентгенсуретте гранулема түбір ұшында дөңгелек пішінді сүйектің айқын ақауы түрінде болады. Оның асқынуы да мүмкін (іріңдеген гранулема). Грануляцияланған периодонтитте сүйек тінінің деструкциясы жалынды ошақ түрінде болады.

Изображение слайда
32

Слайд 32

Созылмалы периодонтиттің асқынуы К04.7 Түбір ұшы аймағында периодонтальды саңылаудың кеңеюі

Изображение слайда
33

Слайд 33: Проблемалық жағдай

Бала П., 9 жаста. Оң жағындағы төмеңгі молярдың тұрақты сыздап ауыруына, тағам қабылдағанда тамақтың тұрып қалуына шағымданады. Анамнезінде: емханада 6 ай бұрын бірінші тұрақты молярды емдеуді бастап, бірақ аяқтамаған. Ауырғанына 1 жыл болды. Қазіргі уақытта қарау кезінде: 4.6 тісте терең жегі қуыс бар. Зондтағанда ауырсынбайды. Айналасындағы қызылиегі өзгеріссіз, Ақшыл - қызғылт түсті, пальпация ауырсынбайды. П еркуссия ауырмайды.

Изображение слайда
34

Слайд 34: Қосымша ақпарат:

Рентгенограммада: 4.6 тістің түбір ұшы воронка тәріздес пішінді.

Изображение слайда
35

Слайд 35

СІЗДІҢ ДИАГНОЗ?

Изображение слайда
36

Слайд 36

Созылмалы фиброзды периодонтит К 04.7

Изображение слайда
37

Слайд 37

Қалай емдеу керек? Қандай емдеу әдісі тиімді?

Изображение слайда
38

Слайд 38

Уақытша тістің периодонтитерін консервативті емдеу үшін көрсетулері: периодонттағы деструктивті өзгерістердің сипаты патологиялық процесстің тұрақты тістердің фолликулалары мен ұрықтарына таралу дәрежесі.

Изображение слайда
39

Слайд 39: Сүт тістің деструкция ошағы тұрақты тістің фолликуласының тұтастығын бұзбауы керек

Изображение слайда
40

Слайд 40: Араларында сүйек қабаты сақталуы керек

Изображение слайда
41

Слайд 41: Тұрақты тістің кортикалды пластинкасы тұтас болуы керек

Изображение слайда
42

Слайд 42

Тұрақты тістің периодонтитерін консервативті емдеу үшін көрсетулері : периодонтиттің сипаты; патологиялық процесстің сүйекке таралу дәрежесі; түбірдің жағдайы, оның қалыптасу дәрежесі, ұштық саңылаудың көлемі, түбір өзегінің өткізгіштігі

Изображение слайда
43

Слайд 43: Сүт тістердің жедел периодонтитін емдеу

Медикаментозды периодонтиттерді 5% иод спирті немесе унитиол (натрий димеркаптопропансульфонаты) ертіндісімен ауырсынуды басып, токсикалық әсерді нейтралдау қажет. Егер айнала тіндердің қабынуы қатар жүрсе (қызылиек ісінуі, тістің қозғалғыштығы) онда тіс қуысын ашқаннан кейін, некроздалған тіндерді алып тастап, тістен экссудат шығатындай жол жасау керек.

Изображение слайда
44

Слайд 44: Жегі қуысын ашу, тіс қуысын кеңейту, тіс қуысынан ыдыраған өнімдерді сатылап 1 /3 бөлігін алу

“Резодент” сұйықтығына сіңірілген тампофнды уақытша салу. Екінші келуде түбір каналдарды ½ бөлікке өңдеу. Уақытша таңғыш астына салу. Үшінші келуде эвгенол сықпасымен плобалау.Рентген бақылау.

Изображение слайда
45

Слайд 45: Қабыну белгілері басылғаннан кейін тұрақыт тістерді пломблау сатыларындай ем жүргізіледі. Пломба түбір ұшынан тыс шыққанда УЖЖ (УВЧ) терапия тағайындалады

Тісті пломбалайтын дәрілік заттар Бактерицидті Сүйек қалыптастыратын Пластикалық Қабынуға қарсы Тәжірибеде цинк оксид эвгенолды паста, крезофен сықпалары қолданылады.

Изображение слайда
46

Слайд 46

Тұрақты тістерді емдеу кезінде консервативті терапияның кең таралған әдісіне кальций гидрототығы препараттарын, апексификация әдісін қолдану жатады. Сонымен қатар, жез-кальций гидрототығы депофорезі әдісі қолданылады. Тұрақты тісті жұлу тек емдеуге жол жоқ болғанда ғана жүргізілетін шара.

Изображение слайда
47

Слайд 47: Түбірі қалыптаспаған тұрақты тістердің периодонтитін емдеу

Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде түбірлері қалыптаспаған тұрақты тістерді емдеудің екі жолы қарастырылады. Олардың ішінен негізгісі, ол минерализацияланған тосқауыл қалыптастыруымен жүретін апикалды саңылаудың тарылуын қамтамасыз ететін апексогенезі қалыптаспаған тістерді көпсатылап эндодонтиялық емдеу әдісі болып табылады. Бұл әдіс, кейінгі түбір каналдарын тұрақты герметикалық обтурациялап, апикалды остеоцементті тосқаулды қалыптастыруды үстемелдейтін кальций гидроксиді бар препараттарды көп айлап түбір каналдарында экспозициялауға негізделген. .

Изображение слайда
48

Слайд 48

Түбір каналдарын уақытша толтыруға кальций құрамды препараттар қолданылады. • Қатпайтын суға еритін кальций гидрототығы бар препараттар: Calasept; Metapaste; Hy-cal; Endocale; Calcium hydroxide. •Хлоргексидин, калий йодид, натрий гипохлориді, глицерол (Глицерин ♠ ), парахлорфенолы (UltraCal XS; Hypocal SN) бар кальций гидрототығы: •Йодоформ бар силиконды негіздегі сықпалар ♠ : Metapex; Diapex. •Гуттаперча штифттері, импрегнациялақ кальций гидрототығы ℘ 50% кальций гидрототығы ℘, 40-45% гуттаперча, 4-10% барий сульфаты, титан екі тотығы ℘, темір триоксиді ℘, : Calcium Hydroxide Points

Изображение слайда
49

Слайд 49: Түбір каналға кальций гидрототығын енгізу әдістері:

• инъекциялық енгізу; • сықпаны конденсациялау; • ультрадыбыстық файл мен гуттаперчаның компакторы көмегімен эндодонтиялық доступты кейінгі герметизациялау

Изображение слайда
50

Слайд 50: Әдістің кемшіліктер:

Қабылдаулардың көп болуы; эндодонт жүйесінің резистентті микрофлораның туындау қаупі; •түбір қабырғалар беріктілігінің азаюы; .

Изображение слайда
51

Слайд 51: МТА құрамды препараттар:

•  Pro Root; • триоксидент; • МТА- Angelus; • радоцем.

Изображение слайда
52

Слайд 52: Түбір каналдарды тұрақты пломбалау көрсетіледі:

Апексогенез аяқтаоғаннан кейін; Апексификацияның рентгенологиялық және клиникалық белгілері пайда болғаннан кейін; МТА негізіндегі препраттарды қолданғаннан кейін апикалды тосқауылдың қалыптасуынан кейін

Изображение слайда
53

Слайд 53: Апексофикация әдісі

Изображение слайда
54

Слайд 54: Периодонтитті емдеу принциптері

Изображение слайда
55

Слайд 55: Депофорез әдісі

Немі с ғалымы проф. A. Knappwost жазған ; Депофорез приборы көмегімен түбір өзегі жүйесіне арнайы дәрілік зат енгізіледі. Емдеу курсы 2—4 сеанс 5—15 мин. Көрсету аймағы: түбір өзегіндегі инфекционды процесстер, периодонтиттер, ұралар, резорцин-формалин әдісімен емделген тістер, эндодонтиялық емдеуден кейінгі асқынулар, толық пломбаланбаған өзектер, құралдың сынуы, перфорациялар, пульпиттер (ұлпаны девитализациялағаннан кейін), герметизмге шыдамайтын тістер.

Изображение слайда
56

Слайд 56: СОЗЫЛМАЛЫ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ПЕРИОДОНТИТ 3.6

Изображение слайда
57

Слайд 57: СОЗЫЛМАЛЫ ГРАНУЛЯЦИЯЛАНҒАН ПЕРИОДОНТИТ

Изображение слайда
58

Слайд 58

Балалардың тұрақты тістерінің периодонтиттерін емдеу кезіндегі қателіктер. периодонтқа күшті әсер етуші заттардың тітіркендіргіш әсері; эндодонттық құралдың сынуы; тіс түбірі өзегі қабырғасының перфорациясы; түбір өзегінің толық өтпеуі.

Изображение слайда
59

Слайд 59

Қалай емдеу керек? Қандай емдеу әдісі тиімді?

Изображение слайда
60

Слайд 60

Емдеуі консервативті. 1. Патологиялық ошаққа әсер ету; 2. Түбір өзегін уақытша пломбалау; 3. Түбір өзегін тұрақты пломбалау.

Изображение слайда
61

Слайд 61

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !

Изображение слайда
62

Последний слайд презентации: Батыс - Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Х ирургиялық және балалар

Изображение слайда