Презентация на тему: Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі

Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банктің инвестициялық операциялары
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банктің бағалы қағаздармен операциялары
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Дисконтты мемлекеттің бағалы қағаздарының жылдық тиімді табысы шегерім (дисконт) мөлшеріне байлынысты және оны төмендегідей формуламен есептеуге болады:
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Мұнд а ғы банктің табысы былай есептеледі :
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Жауабы
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі
1/49
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 93)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (103 Кб)
1

Первый слайд презентации: Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі

Изображение слайда
2

Слайд 2: Банктің активтерінің сипаты мен сапасы

Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары. Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады: касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар; берілген несиелер ; бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар ; банктің ғимараты мен жабдықтары.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді : жоғары өтімді активтер ; өтімді активтер ; ұзақ мерзімді өтімді активтер.

Изображение слайда
4

Слайд 4

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады: қолма-қол ақшалар ; мемлекеттің бағалы қағаздары және өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар ; құйма қымбат бағалы металдар ; Ұлттық банктегі Standard & Poors і рейтингі бар талап етуге дейінгі депозиттер ; Standard & Poors және басқа рейтингі бар ҚР банктерге берген “ овернайт ” займдары.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Банк активтерін өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі: 1-топ. Алғашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады : Касса ; Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар ; Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары ; Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.

Изображение слайда
6

Слайд 6

2-топ. Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Оларға мыналар жатады : вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар ; т алап етілетін (онкольдық ) несиелер ; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер.

Изображение слайда
7

Слайд 7

3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.

Изображение слайда
8

Слайд 8

4-топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді : банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Банк активтерінің жіктелуі

Активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді. Жіктел ін ген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады. Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмәнді ) және үмітсіз болып бөлінеді. Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Активтер мен шартты міндеттемелер айына екі рет жіктеледі. 1) Алдын ала жіктелім, яғни айдың соңғы күнінен 7 күн бұрын жасалатын жіктелім оның мақсаты: - айдың соңына таман Банк бойынша жалпы алғанда активтер мен шартты міндеттемелердің сапасын тәуекелдің дәрежесіне қарай болжау; - провизияның мөлшерін болжау; - айдың соңына дейін қарыз алушыларды қарыздары бойынша ескерту және қайтармай қалу тәуекелінің алдын алу; - қарыз алушыға қызмет көрсетумен байланысты болуы мүмкін мәселелерді несиелік бөлімшелерге хабарлау. 2) Ақырғы жіктелім. Айдың соңғы күнінде банктің балансында провизия мөлшерінің өзгерісі көрсетіледі.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру

Несиелік тәуекелдің шамасына қарай барлық несиелер мынадай сыныптарға бөлінеді: 1) Стандартты; 2) Күмәнді: - 1-санатты күмәнді – төлемдерді уақтылы және толық төлеген жағдайларда; - 2-санатты күмәнді - төлемдерді кешіктіріп несеме жартылай төлеген жағдайларда; - 3-санатты күмәнді - төлемдерді уақтылы және толық төлеген жағдайларда; - 4-санатты күмәнді - төлемдерді кешіктіріп несеме жартылай төлеген жағдайларда; - 5 –санатты күмәнді 3) Үмітсіз.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Жалпы активтерді, соның ішінде несиелерді жіктеу және несиелік тәуекелді бағалау мынадай критерилерді ескере отырып жүзеге асады: Қарыз алушының қаржылық жағдайы; Банк алдындағы жіктелінген активтер және шартты міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздарының болуы; Қамтамасыз ету сапасы; Несиенің мерзімін ұзартылуы; Өзге де мерзімі өткен міндеттемелердің болуы; Несиелердің көзделеген мақсатқа жұмсалынбаған бөлігі, %-бен; Өзге несие берушілер алдында шегерілген қарыздарының болуы; Қарыз алушыда Ұлттық банктің бекіткен тізіміне енген рейтингтік агенттіктердің рейтингінің болуы.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Несиелік скорингті жүргізу барысында қарыз алушының қаржылық қызметін сипаттайтын бес параметр пайдаланады. Аталған параметрлер екі топқа бөлінген: 1-топ: Қаржылық көрсеткіштердің өзгерісінің динамикасы: - өндіріске жұмсалатын шығындардың сатудан түсетін түсімдерге қатынасына қатысты өзгерісі; - негізгі құралдардың құндарының өзгерісі; - меншікті капиталдың өзгерісі; - міндеттемелердің жалпы өзгерісі. 2-топ: Қаржылық көрсеткіштер негізінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Скоринг – берілген балдар мен тиісті салмағының сомасы ретінде есептелінеді және оның мәні нөл мен бірдің арасында болады. Есептеу нәтижесінде анықталған мәнді қарыз алушының қаржылық жағдайының деңгейін анықтау үшін және сол санат бойынша тиісті балл беру үшін пайдаланады.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Банктің инвестициялық операциялары

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда “қаражат салу, жұмсау” дегенді білдіреді. Инвестицияның төмендегідей типтері болады: 1) Портфелдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық органдардың бағалы қағаздарына және корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына немесе өзге бағалы қағаздарына жұмсаған қаражаттар.

Изображение слайда
16

Слайд 16

2) Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар – материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды. 3) Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар – кәсіпорынға, жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты

Банктік инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы. Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды: инвестициялық саясаттың басты мақсаты ; баланс активі мен пассивіндегі инвестициялық операциялард ы ң шегін ( үлесін ) анықтау ; инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы ; инвестициялардың құрамы мен құрылымы ; бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі ; инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар ; портфелдің құрамына түзетулер енгізу механизмі ; сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі ; пайдалар мен зияндар ының есебі ; компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Инвестициялық портфелінің мынадай түрлерге жіктеледі: - Консервативті портфель тәуекелі және табысы төмен танымал бағалы қағаздардан тұрады және мұндағы инвестициялау мақсаты капиталдың құнын сақтап қалу. - Агрессивті портфель тәуекелі және табысы жоғары бағалы қағаздардан тұрады және мұндағы инвестициялау мақсаты табыс алу. - Бағалы қағаздар (инвестициялық) портфелі - банктердің пайда әкелетін бағалы қағаздарға салынған қаражаттарының жиынтығын білдіреді.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Жалпыға ортақ бағалы қағаздар портфелінің қалыптасу принциптеріне мыналар жатады: қауіпсіздік ; табыстылық ; өтімділік ; капиталдың өсуі.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Бағалы қағаздар портфелін басқарудың екі әдіс і бар : активті және пассивті. Активті басқару әдісі бағалы қағазбен тұрақты жұмыс жасауды сипаттайды. Активті басқарудың әдістері мынадай жолдармен жүзеге асады : белгілі бір бағалы қағаздарды таңдау ; бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату мерзімін белгілеу ; бағалы қағаз портфелінде тұрақты свопинг ( ротация ) жүргізу.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Бағалы қағаздар портфелін пассивті басқару мынадай әдістер арқылы іске асады : диверсификациялау ; индекстік әдіс ; портфелді сақтау.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Диверсификациялау әдісі бағалы қағаздар портфелін әр түрлі қағаздардан қалыптастыру шараларын білдіреді. Диверсификацияланған портфелдің құрылымы инвестор-банктердің мақсатымен сәйкес келуі қажет. Индекстік әдіс бойынша басқарғанда белгілі бір портфелді эталон ретінде алады. Эталон-портфелдің құрылымы белгілі бір индексермен сипатталады. Бұл әдісті пайдалану қиындығы негізінен эталон ретінде портфельді таңдаумен байланысты. Портфелді сақтау әдісі портфелдің жалпы сипатының деңгейін сақтау және оның құрылымын қолдап отыруды білдіреді. Бағалы қағаздармен ірі сомада операция жүргізгенде, олардың бағамдарында өзгерістер болуы мүмкін, ол өзгерістер өз кезегінде, активтердің ағымдағы құндарының өзгеруіне жол береді.

Изображение слайда
24

Слайд 24: Банктің бағалы қағаздармен операциялары

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады: банктің эмитент ретіндегі операциялары ; инвестор ретіндегі операциялары ; делдал ретіндеге операциялары.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Коммерциялық банктер эмитент ретінде төмендегідей бағалы қағаздарды шығарады: акция, облигация ; банктік сертификат ; туынды бағалы қағаздар.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Тәуекел деңгейіне қарай бағалы қағаздар тәуекелсіз және тәуекелді деп екіге бөлінеді. Тәуекелсіз бағалы қағаздарға тек қана мемлекеттің бағалы қағаздарын жатқызуға болады. Қалған бағалы қағаздардың барлығы тәуекелді бағалы қағаздарға жатады. Мемлекеттің бағалы қағаздары – эмитенті мемлекет болып табылатын мемлекетттің ішкі қарызының формасын немесе борыштық бағалы қағаздарды білдіреді.

Изображение слайда
27

Слайд 27

ҚР-да мемлекеттің бағалы қағаздарын мынадай мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер шығарады ): а) ҚР Үкімет немесе ҚР Қаржы министрлігінің айналысқа шығаратын казынашылық міндеттемелері, ә ) Қазақстан Ұлттық банкінің бағалы қағаздары, соның ішінде : Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы ; Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы ; б) Муниципалдық бағалы қағаздар – жергілікті билік органдарының жергілікті жерлерде әр түрлі шараларды қаржыландыру мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.

Изображение слайда
28

Слайд 28

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді : Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларғы жеңілдікпен ( номиналдық құнынан төменгі бағамен ) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Изображение слайда
29

Слайд 29: Дисконтты мемлекеттің бағалы қағаздарының жылдық тиімді табысы шегерім (дисконт) мөлшеріне байлынысты және оны төмендегідей формуламен есептеуге болады:

Т Д т  _____________  (N –P)/ P * 100  мұндағы: N – бір бағалы қағаздың атаулы құны; Р – сатудың орташа өлшенген диконтталған құны; Т – мемлекеттік бағалы қағаздың бір жыл ішіндегі айналымы.

Изображение слайда
30

Слайд 30

Мысалғы, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге, купон мөлшерлемесі – 10 , онда облигацияның ағымдағы табысы н төмендегідей түрде есептеуге болады. Купон / баға  100  10/100  100  10  Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс: 10/150  100  6.66  Демек, қандай да бір бағалы қағазды сатып алу барысында банк инвестор ретінде эмитенттің қызметіне байланысты туындайтын және оған қатыссыз болатын тәуекелге баратыны сөзсіз.

Изображение слайда
31

Слайд 31

Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді. Аралас, яғни купон ж ә не дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Изображение слайда
32

Слайд 32

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Изображение слайда
33

Слайд 33

Дивидент төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты акциялар жай және артықшылықты болып бөлінеді. Ал артықшылықты акциялар бойынша дивидент мөлшері пайызбен белгіленеді. Сондықтан артықшылықты акция бойынша алатын дивидент түріндегі табысты (Д АА ) мынадай формула көмегімен білуге болады: Акция номиналы  Дивиден д мөлшері Д АА   100

Изображение слайда
34

Слайд 34

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы 5 млн теңгені құрасын. Оның шығарған акцияларының саны: 800 жай акциялар және 200 артықшылықты акциялар. Дивиден д ке бөлінетін пайда мөлшері 1 млн теңге. Артықшылықты акциялар бойынш а дивидент мөлшері 50 . Егер акциялардың барлығының номиналдық құны бірдей болса, онда жай акциялар бойынша төленетін дивиден д мөлшері қандай болмақ  Ең бірінші мұнда акциялардың номинал құнын табу керек :

Изображение слайда
35

Слайд 35

5 000 000 Акция номиналы    5000 теңге (800  200) дана Акцияның номиналын пайдаланып артықшылықты акциялар бойынша төленетін жалпы табыс (Т АА ) мөлшерін анықтаймыз : Т АА  200 дана х 5000 теңге х 0,5  500000 теңге

Изображение слайда
36

Слайд 36

Осы жерде бір артықшылықты акция бойынша алатын дивиден д түріндегі табысты (Д АА ) есептейік : 5000 теңге х 50  Д АА    2500 теңге 100 Заңға сәйкес артықшылықты акциялар бойынша дивиден д жай акциялардан бұрын төленді десек, онда жай акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін дивиден д мөлшері : 1 000000 –500000  500000 теңгені құрайды. Демек, бір жай акцияға төленетін дивиден д : 500000 /800  625 теңгеге тең.

Изображение слайда
37

Слайд 37

Акцияның бағамы (А Б ) акциядан түсетін дивиден т ке тура пропорционал және ссудалық пайызға кері пропорционал болып табылады : Дивидент А Б   х 100 Ссудалық пайыз Мұндағы ссудалық пайыз ретінде ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландару мөлшерлемесін немесе к оммерциялық банктердің депозит бойынша белгілейтін сыйақы мөлшерлемелерін пайдалануға болады.

Изображение слайда
38

Слайд 38

Жалпы акцияға жұмсалатын қаражаттың тиімділігін банктер бағалау білуге тиіс. Ол үшін акцияға келетін дивиденттің (А д ) коэффициентін есептеу формуасын пайдаланады : Төленетін дивиденттер А д   х 100 Айналыстағы жай акциялар саны Қаншалықты бұл көрсеткіштің мәні жоғары болса, соғұрлым одан түсетін табыста жоғары. Осы көрсеткішке қоса дивидентті төлеу коэффициентін ( Д т ) есептеу қажет. 1 жай акцияға төленетін дивидент Д т   х 100 1 акцияға келетін пайда

Изображение слайда
39

Слайд 39

Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы ( номиналдық құны ) мен пайызды қайтарып беру туралы міндет т емесін растайтын бағалы қағаз.

Изображение слайда
40

Слайд 40

Қазақстандағы айналыста жүрген корпоративтік облигациялар табыстылығ ы н а қарай екі түрге бөлінеді : Купондық облигация - инвестор- банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі ; Дисконттық облигация - инвестор- банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі. Куподық облигация бойынша табысты (К Т ) есептеу : Купон К Т   х 100 Сатылу бағасы Дисконттық облигация бойынша банктің табысын (Д Т ) есептеу формуласы : Д Т  Номиналдық құн – Сатылу бағасы

Изображение слайда
41

Слайд 41

Айталық, банк, 91 күнге шығарылған 1000 теңгелік номинал құны дисконттық облигацияны 750 теңгеге сатып алсын делік. банктің табысы қандай

Изображение слайда
42

Слайд 42: Мұнд а ғы банктің табысы былай есептеледі :

10000 теңге –750 теңге  250 теңге ( дисконттық табыс мөлшері ). 250 теңге : 750 теңге ( басында салынған капитал) * 100  33,3  ( салынған қаражаттан алатын табыс ). Банктің 91 күнге қаражат салғанын ескеріп, бір күндік таб ы сты есептейтін болсақ, ол 33,3  : 91 күн  0,3659  тең. Енді жылдық табысты анықтайық : 0,3659  * 364 күн  133,19 .

Изображение слайда
43

Слайд 43

Коммерциялық банк номиналдық құны 1000 теңгелік, 6 айдан соң өтелетін және 10  дисконттық жылдық табысы бар депозиттік сертифкат сатып алған. 3 ай өткен соң банк, ол сертификатты сатады. Сату барысында 3 айлық депозиттік сертификаттың табысы 5  дисконттық жылдық мөлшерлемені құрайды. Депозиттік сертификатты сатып алу және сату бағасын есептеу керек :

Изображение слайда
44

Слайд 44: Жауабы

1) Сатып алу бағасы : 1000 – (1000 х 10  х 6) / (100  х 12)  950 теңге. Сату бағасы : 1000 - (1000 х 5  х 6) /(100  х 12)  987 теңге.

Изображение слайда
45

Слайд 45

Қазақстандағы айналыста жүрген корпоративтік облигациялар табыстылығ ы н а қарай екі түрге бөлінеді: Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі ; Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Изображение слайда
46

Слайд 46

ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады : брокер қызметі дилер қызметі ; депозитарий қызметі ; кастодиандық қызмет ; тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі ; бағалы қағаздарды басқару.

Изображение слайда
47

Слайд 47

Брокер қызметі – кленттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу. Дилер қызметі - өзінің атынан және өзінің есебінен бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру. Депозитарий қызметі – бағалы қағаздардың иелерін құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты банктердің қызметі. Кастодиан қызметі – бағалы қағаздарды сақтаумен және олармен жасалатын мәмілеге бақылау жасаумен байланысты банктердің қызметі.

Изображение слайда
48

Слайд 48

Сонымен қатар, банктер бағалы қағаздармен андеррайтинг қызметін жүзеге асырады. Андеррайтинг қызметі – эмитентпен келесім-шарт негізінде жаңа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты брокер-дилер қызметін сипаттайды Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді.

Изображение слайда
49

Последний слайд презентации: Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі

Бақылау сұрақтары Банкті к активтер деп нені түсінесіз  Банк активтерінің құрылымы неден тұрады  Банк несиелері қалай жіктеледі ? Банктің инвестициялық операциялары дегеніміз не  Мелекеттің бағалы қағаздарының инвестициялау тиімділігі неде  Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға не жатады 

Изображение слайда