Презентация: Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер

Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер Бағыттамалы бұрма Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер
1/8
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 85)
Скачать (172 Кб)
Код скопирован в буфер обмена
1

Первый слайд презентации: Бағыттамалы бұрмалар мен рельстер

Басты және станциялық жолдардағы рельстер мен бағыттамалық   бұрмалар қуаттылығы және күйі бойынша пайдалану жағдайларына (жүкөткізгіштігіне, осьтік салмақ әсерлеріне және поездардың қозғалыс жылдамдықтарына ) сәйкес болуы тиіс. Рельстер мен бағыттамалы бұрамалардың тозу нормалары «ҚТЖ» ҰК» АҚ нұсқаулығымен белгіленеді. Бағыттамалы бұрмалардың төмендегі маркалы айқастырмалары болуы тиіс. Басты және қабылдау-жөнелту жолаушы тасушы жолдарда 1/11-ден тік емес, ал айқаспалы және жеке бұрмалары - 1/9-дан тік емес, жолау-шы поездары тек қана бұрманың түзу жолы арқылы өтетін бағыттамалық бұрмалардың 1/9 маркалы айқастырмалары болуы мүмкін. 1/9 маркалы бағыттамалы бұрмалар арқылы, егер мұндай бұрмаларды 1/11 маркасы-на ауыстыру бағыттамалық тарылымдардың ( қылталардың ) қайта құруын тудыратындықтан дәл қазіргі уақытта мүмкін болмаса, жолаушы поезда-рын бүйірлік жолға бұруға рұқсат беріледі : - жүк тасу қозғалысының қабылдау-жөнелту жолдарында - 1/9-дан тік емес, ал симметриялықтарында - 1/6-дан тік емес ; - басқа жолдарда - 1/8-ден, ал симметриялықтарында 1/4,5-тен тік емес болуы тиіс. Барлық қарсы бағытты ( противошерстных ) бағыттамалық бұрмалардың үшкірлерінің алдынан бастап жолдарда тепкіш білеулер (отбойные брусья) төселуі тиіс. Қисық телімдердегі басты жолдарға жаңадан бағыттамалық бұрмаларды төсеуге жол берілмейді. Айрықша жағдайларда мұндай төсеу тек қана «ҚТЖ» ҰК» АҚ рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.

2

Слайд 2: Бағыттамалы бұрма

3

Слайд 3

Төменде келтірілген ақаулылықтардың ең болмағанда біреуіне жол берілген бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға тыйым салынады, олар: - стрелкалық үшкірлердің және айқастырмалардың жылжымалы өзекшілерінің тартымдардан ажырауы; - үшкірде және доғал айқастырманың өзекшесінде бірінші тартымның қарсы тұсында, үшкір айқастырманың өзекшесінде - өзекшенің ұшында стрелканың жабық күйінде өлшенетін үшкірдің рамалық рельстен, айқастырманың жылжымалы өзекшесінің жақтаудан 4 мм-ге және одан астамға кейін қалуы; - үшкірдің немесе жылжымалы өзекшенің үгітілуі, бұл кезде жалдың озып жаншуының (набегание) қауіпі туындайды және барлық жағдайда ұзындығы; - басты жолдарда  200 мм және одан астам; - қабылдау-жөнелту жолдарында     300 мм; - басқа станциялық жолдарда 400 мм үгітілуі орын алады.

4

Слайд 4

Үшкірдің рамалық рельстің қарсысында және жылжымалы өзекшенің жақтаудың қарсысында 2мм-ге және одан астамға төмендеуі, ал үшкірдің немесе жылжымалы өзекшенің қалпақшасының ені үстіңгі бетінде мм және одан астам болып келетін қимасында өлшенеді. Айқастырманың өзекшесінің жүмыстық қыры мен жанама рельстің қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 мм-ден кем. Жанамарельспенжақтаудыңқалпақшаларыныңжұмыстыққырларының арасындағы қашықтық 1435 мм-ден астам, үшкірдің немесе рамалық рельстің омырылуы (излом), айқастырманың (өзекшенің, жақтаудың немесе жанама рельстің) омырылуы. Бір бұрандамалы ішпекте бір немесе екі бұрандамалық ішпекте екі жанама рельстік бұрандаманың ажырауы (үзілуі). Рамалық рельстердің, үшкірлердің, жақтаулардың және айқастырмалардың өзекшелерінің вертикальдік тозуы және тозу нормаларынан асып кеткендегі оларды пайдалану тәртібі «ҚТЖ» ҰК» АҚ нұсқаулығымен белгіленеді. Басты жолдардағы рельстер «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жол департаменті бекіткен кесте бойынша ақаутапқыш вагонмен тексерілуі тиіс. Басты қабылдау-жөнелту жолдарындағы рельстер мен бағыттамалық бұрмалар жол дистанциясының бастығы бекіткен кесте бойынша ақаутапқыш арбашаларментексеріледі. Қауіпті ақаулары бар (ауыр ақаулар) рельстер мен бағыттамалы бұрмалардың элементтері арқылы поездарды өткізу тәртібін оларды ауыстырғанға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ белгілейді

5

Слайд 5

Релістің шүйіндісінің ені Жанама релістің сығылуы

6

Слайд 6

Келесі орталықтандырылмаған стрелкалар бақылаулық стрелкалық құлыптармен жарақтандырылуы тиіс: - поездардың қабылдануы және жөнелтілуі жүргізілетін жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғағыш стрелкалар; - 1-ші класты қауіпті жүктері (жарылғыш заттары) бар вагондардың тұрағы үшін бөлінген жолдарға апаратын стрелкалар; - қалпына келтіретін және өрттен қорғайтын поездардың тұрағы үшін арналған жолдарға апаратын стрелкалар; - сақтандырғыш және үстағыш тұйықтарға апаратын стрелкалар; - ақаутапқыш вагондардың, жолөлшегіш вагондардың, теміржол-құрылыстық машиналарының тұрақтауы үшін бөлінген жолдарға апаратын стрелкалар.

7

Слайд 7

Стрелкалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелері (дөңестік және сұрыптау жолдарында орналасқандарынан басқасы), соның ішінде орталықтандырылғандары және бақылаулық құлыптары барлары, ілінбелі құлыптармен оларды жабудың мүмкіндігі болуы үшін типтік айлабұйымдармен жарақтандырылуы тиіс. Бұл айлабұйымдар үшкірдің рамалық рельске, айқастырманың жылжымалы өзекшесін жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуі тиіс. Орталықтандырылмаған стрелкалар басты және қабылдау-жөнелту жолдарында орналасқан жарықтандырылатын немесе жарықтандырылмайтын стрелкалық нұсқағыштармен жарақтандырулуы тиіс. Бұл туралы станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі. Электрлік орталықтандырылуға қосылған стрелкалар және сұрыптау парктерінің дөңесасты қылталарының стрелкалары нұсқағыштармен жабдыкталмайды. Бағыттамалық бұрамалардың және тұйық қиылысулардың жөндеуін және ағымдағы күтімін, стрелкалық нұсқағыштардың, лақтырғыш табандықтардың, лақтырғыш үшкірлердің, лақтырғыш стрелкалардың," вагондардың, бұрылмалы білеулердің, топсалық-иінді тұйықтағыштардың орнатуын, жөндеуін және күтіп ұстауын жол дистанциясы жүргізеді. Осы құрылғылардың құрамындағы СОБ құралдарының жөндеуін және оларға қызмет көрсетуді белгі беру және байланыс дистанциясы жүргізеді.

8

Последний слайд презентации

Бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды жөндеуді және ағымдағы ұстауды бағыттамалық нұсқағыштарды, лақтырғыш табандықтарды, лақтырғыш үшкірлерді, лақтырғыш бағыттамаларды, вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды, бұрылмалы білеулерді, топсалық-иінді тұйықтағыштарды орнатуды, жөндеуді және күтіп ұстауды жол шаруашылығы кәсіпорындары жүргізеді.   Бұл құрылғылардағы қолданылатын автоматика және телемеханика құралдарын жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді сигнализация және байланыс шаруашылығы кәсіпорындары жүргізеді. Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде 50 м болуы тиіс. Созылмалы еңістері бар аралықтарда, сондай-ақ осындай аралықтарды шектейтін станцияларда сақтандырғыш тұйықтар көзделеді. Бас жолдардың жанында жол және сигнал белгілері орнатылады. Бағыттамалық бұрмалардың жанында және жолдар қосылатын басқа жерлерде шектік бағаншалар орнатылады. 198. Бағыттамалы бұрмалар ауыспалы ток электржетектерімен жабдықталады. Жүрдек поездарды өткізу жолдарына жанасатын бағыттамалы бұрмалар сыртқы бекітулермен жабдықталады. Сырғанаудың үздіксіз беті бар бағыттамалық бұрмаларды қолдану ауыспалардың ажырауын талап етеді.

Похожие презентации

Ничего не найдено