Презентация на тему: Бағалау жүйесі

Бағалау жүйесі
Бағалау жүйесі
Білімді тексеруге қойылатын талаптар :
қазіргі білімді бағалау жүйесінде мұғалім көптеген қиындықтарға кезігіп жатады :
Бағалау жүйесі
1/5
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 19)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (203 Кб)
1

Первый слайд презентации: Бағалау жүйесі

Изображение слайда
2

Слайд 2

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Білімді тексеруге қойылатын талаптар :

Изображение слайда
4

Слайд 4: қазіргі білімді бағалау жүйесінде мұғалім көптеген қиындықтарға кезігіп жатады :

*« Баға қою » мектеп пен мұғалім тарапынан сыртқы бағалау функциясын атқарады : мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. * Оқушының өздігінен оқуын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді ; * Оқытуды даралауға қиындық келтіреді. Бұрынғы алған білімімен салыстырғанда әр баланың қаншалықты деңгейге нәтижеге жеткенін айқындау қиын ; * Көбіне « зақым » келтіреді. « Баға қою » мұғалім қолында ғана болғандықтан балаға да, ата-анаға да психологиялық қысым жасалады. Оқушылар білім үшін емес баға үшін оқиды. * Мұғалімдер тәжірибесінде оқушының жеткен нәтижесі емес жұмыстың көлемі мен формасын бағалау әдетке айналған ; * Бағалауда оқушыларды бір-бірімен салыстыруға екпін жасалатындықтан оқушылардың оқуға ынтасы, белсенділігі жойылады, орта деңгейде оқитын оқушылардың ынтасы мүлдем жойылып, жақсы оқитын оқушылардың жетістікке жетуіне жағдай жасалмайды.

Изображение слайда
5

Последний слайд презентации: Бағалау жүйесі

Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі. "5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады. "4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады. "3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой- пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады. "2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.

Изображение слайда