Презентация на тему: Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,

Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап, баяндама,сөйлеген сөз, хабарлама ) және полилогиялық пікірсайыс,әнгіме,қарым-қатнас түрі.
Жоспар:
Ғылыми баяндама
Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,
Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,
Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,
Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,
Талдау, іріктеу және реттеу
Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,
Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,
Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,
Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,
Сөз байлығы
Шешендік сөз
Хабарлама
Пікірсайыс
Әңгіме
Қорытынды
1/18
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 7)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (111 Кб)
1

Первый слайд презентации: Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап, баяндама,сөйлеген сөз, хабарлама ) және полилогиялық пікірсайыс,әнгіме,қарым-қатнас түрі

Орындаған : Амантай Қ Топ : Фа12-001-01 Қабылдаған : Амантаева М

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар:

Ғылыми баяндама ЖОСПАР ҚҰРУ ҮШІН Талдау, іріктеу және реттеу Баяндама дайындау үлгісі Қорытынды

Изображение слайда
3

Слайд 3: Ғылыми баяндама

- негізгі идеяларда жасалған зерттеулердің нәтижелері берілетін, ғылыми конференцияда (ғылыми семинар, симпозиумде ) жасалатын баяндама.

Изображение слайда
4

Слайд 4

БАЯНДАМА айту тапсырылғанда, көпшілігі қолына қаламсап алады да, алғы сөзінен бастап, қорытындысына дейін түгел жазып шығады. Баяндама дайын болғанша, көп уақыт кетіп, неше қағаз бүлінуі мүмкін.

Изображение слайда
5

Слайд 5

ЖОСПАР ҚҰРУ ҮШІН Баяндамаң тыңдаушыларың үшін неліктен маңызды екенін және мақсатыңды анықтап ал. Тақырыбыңды таңда; ал егер тақырып берілген болса, оған талдау жаса. Мазмұнды да пайдалы мәліметтерді жина. Негізгі ойларды анықтап ал. Материалыңды реттеп, тек ең жақсыларын қалдыр. Қызығушылық оятатындай алғы сөз дайында. Іс-әрекетке талпындыратын қорытынды жаса. Баяндамаңды қайталап, өңдей түс.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Әдетте көпшілікке арналған баяндаманың жоспары болады. Әйтсе де, көп жағдайда жоспар беріле бермейді. Көбінесе жалпы немесе нақты бір тақырып берілуі мүмкін. Не болмаса қандай да бір басылымдағы материалға негіздеп дайындау керек болады. Ал кейде жай ғана не жөнінде және қалай айту керектігі жөнінде нұсқау берілуі мүмкін. Міне, осындай жағдайлардың бәрінде жоспарды өзің құруың керек болады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

41-бетте қысқаша құрылған жоспардың үлгісі көрсетілген. Негізгі ойлардың бас әріппен жазылып, сол жақ шетіне орналасқанына көңіл бөлші. Әрбір негізгі ойдың астында оларды ашатын қосымша ойлар жазылған. Ал сол жақ жиектен ең қашықтау жазылғаны қосымша ойды ашатын ойлар. Жоспарға мұқият қарап шық. Екі негізгі ойдың да тақырыппен тікелей байланысы бар екеніне назар аудар. Байқасаң, қосымша ойлар жай қызық үшін жазылмаған, олардың әрбірі үстіндегі негізгі ойды ашады. Сенің құрған жоспарың үлгідегіден өзгеше болуы мүмкін. Бірақ, ең бастысы, жоспарды құрудың негізгі принципін ұғып ал, сонда баяндамаңның материалын жақсылап реттеп, аз уақыттың ішінде дайындай аласың. Неден бастасаң болады ?

Изображение слайда
8

Слайд 8: Талдау, іріктеу және реттеу

Алдымен, саған тақырып қажет. Тақырып  — бір сөзбен бере салуға болатын жалпы ой емес. Ол тыңдаушыларға жеткізу керек негізгі ой болып, сол талқыланғалы жатқан нәрсеге қай қырынан қарау керектігін көрсетеді. Егер тақырып берілсе, оның әрбір сөзіне мұқият талдау жаса. Тақырыпты қандай да бір мақалаға негіздеп ашу керек болса, тақырыпты ойыңда ұстай отырып, сол мақаланы жақсылап зертте. Ал егер не туралы айтылу керек екені ғана берілген болса, тақырыпты өзің ойлап табуың керек болады. Ол үшін алдымен біраз ізденгенің дұрыс. Байқампаз бол, сонда тақырыпты ашудың жаңа бір қырын табуың әбден мүмкін.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Мақсатыңды анықтап, соған сәйкес келетін тақырыпты таңдаған соң ( немесе берілген тақырыптың мақсатыңмен байланысын анықтаған соң ), қайсы бағытта ізденуің керектігі белгілі болады. Тыңдаушыларың үшін құнды болатын мәліметтерді ізде. Жалпылай айтылған ойларды қанағат тұтпай, нақты, мәнді және шын мәнісінде пайдалы болатын ойларды іздеп тап. Бірақ шектен тыс шығып кетпе. Көбінесе қажетінен артық мәліметтер жиналып, оларды іріктеуге тура келеді. Тақырыпты ашу үшін және мақсатыңа қол жеткізу үшін қажет болатын негізгі ойларды анықтап ал. Бұл  — баяндамаңның қаңқасы, ал жоспарыңның негізі болады. Негізгі ой нешеу болу керек ? Қысқа талқылауға әдетте екеу, ал бір сағаттық баяндамаға әдетте бесеу жеткілікті. Негізгі ой көп болмаса, тыңдаушылардың есте сақтауларына да жеңіл болады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Тақырыбың мен негізгі ойлар дайын болған соң, жинаған мәліметтеріңді ретте. Негізгі ойлармен қайсысы тікелей байланысты екенін анықта. Баяндамаңды жандандыра түсетін ойларды таңдап ал. Негізгі ойларды растайтын Жазба орындарын таңдағанда оларды нақты түсіндіретін ойларды белгілеп ал. Қосымша ойларды өзі қатысты болып тұрған негізгі ойлардың астына жаз. Егер қандай да бір мәлімет негізгі ойдың ешбірімен қиыспаса, мейлі ол қанша қызықты болса да, олардан бас тарт немесе кейін өзге жағдайда қолдана алуың үшін сақтап қой. Тек ең жақсы деген мәліметтерді қалдыр. Егер мәлімет тым көп болса, онда тез сөйлеуге тура келіп, ештеңені терең аша алмайсың. Сондықтан аз болса да, саз болатындай етіп сөйлеген жақсы. Берілген уақыттан асырма.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Баяндама дайындау үлгісі : ӘОЖ (12 пт.) ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУ (14 пт.) Байқоныс А.Л. – 101-11 тобының студенті (12 пт.) Ғылыми жетекші : Арзымбетова Ш.Ж. – п.ғ.к., доцент (12 пт.) Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент (12 пт.) Баяндаманың негізгі мәтіні (14 пт.) ----------------------------------------------------------------------------------------------------------- Әдебиеттер: (12 пт.) 7. Әдебиеттер тізімі квадратты жақша түрінде [1, 2 б.] мәтіндегі реті бойынша көрсетіледі. Автоматты нөмірлеу түрін қолдануға болмайды. 8. Баяндама көлемі студенттер үшін толық 3 беттен, магистранттар мен жас ғалымдар үшін (35 жасқа дейін ) 5  беттен   аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түпнұсқа болып саналады және редакциялауға жатпайды. Конференция баяндамаларының жинағы тікелей көшіру арқылы дайындалады,баяндама мәтініне автор жауапты.

Изображение слайда
12

Слайд 12

9. Көрсетілген мерзімнен кешіккен немесе аталған талаптарға сай келмейтін материалдар жариялауға қабылданбайды, қаралмайды және қайтарылмайды. 10. Конференция жарнасы ( студенттер үшін ) – 1500 теңге, магистранттар мен жас ғалымдар үшін (35 жасқа дейін ) 2000 теңге. Баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары және конференция жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекенжайда   2015  жылдың   15 наурызына дейін   қабылданады : 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Бас ғимарат, 110, 111 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитеті : Ибрагимова Жанат Абуталипқызы -  8701 3381433, 8700 1357270; Әлібекова Балдырған Рысалықызы – 8702 2604979; e-ma і l: okmpi_gilim@mail.ru Конференция жұмысына қатысу төлемі үшін реквизиттер : АО « Казкоммерцбанк » БИК- KZ К0 KZ KX БИН-110740004288 КБЕ-16 ИИН- KZ 569260801159775000 Аудару кезінде «конференция үшін » белгісін қойып, тегі және өз аты мен әкесінің атының бірінші әріптерін жазу қажет. Ұ йымдастыру комитеті

Изображение слайда
13

Слайд 13: Сөз байлығы

– оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Айтушының сөзі тыңдарман қауымға тартымды болуы үшін сөз байлығы жақсы, сөздік қоры мол болуы тиіс. Адамдар сөйлегенде бос қайталауларға бой алдырып, сөз жұтаңдығын танытады, тілдің коммуникациялық сапасын күрт төмендетіп жібереді. Әрбір айтылған сөздің салмақты болғаны жөн. Құр бос ауаға айтылған сөздің еш қадірі жоқ. Ол айтушының сөз байлығының төмендігін көрсетеді. Әдемі сөйлеуді, дұрыс сөйлеуді тіл мәдениетін үйрену арқылы жетілдіруге болады. Сөздік қорын молайту үшін кітапты көбірек оқу керек, аса көрнекті қаламгерлерден, тіл нақышы келісті сөз зергерлерінен үйрену керек. Сөздің аса мол кені көркем әдебиетте жинақталған. Мысалы, М.Әуезовтің 20 томдық шығармаларында сөздің саны 30 мыңнан астам. Қара сөздің қас шебері М.Әуезов «Абай жолы » роман-эпопеясында 16983 сөз қолданған. Мұндай деректі өзге де әйгілі қаламгерле тілі жайындағы статистикалық деректермен салыстырсақ, цифр сыры ашыла түседі. А.С. Пушкин өз шығармаларында 21197, У. Шекспир 15000 сөз қолданған. « Абай жолы » эпопеясында 1 және 2 рет қолданылған сөз саны – 8698, Пушкин шығармаларында мұндай жиіліктегі сөздің саны – 9301, Мамин-Сибиряктың « Приваловтар миллионы» романында 11283 сөз қолданыс бар. 1,2 рет қолданылатын сөз саны –

Изображение слайда
14

Слайд 14: Шешендік сөз

немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешенд i к өнер i н i ң иг i әсер i арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Б i зд i ң дәу i р i м i зге дей i нг i III ғасыр Рим мен Грек елдер i нде эллинд i к дәу i р деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешенд i к өнерге де т i келей қатысты. Байырғы салалары : бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдау­шы­ның еркі мен сезімін билейді, толғандырады. Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Хабарлама

Донесение ) — жоғары тұрған командирге ( бастыққа, штабқа ) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады : жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа. Бейбіт уақытта хабарламалар жұмылдыру мәселелері, әскерлер қызметі, әскери тәртіп бойынша, сондай-ақ әскерлерді (күштерді ) қару-жарақ, техника және басқа жабдықтау түрлерімен қамтамасыз ету бойынша баяндауы мүмкін. Тапсыру мерзімі бойынша Хабарламалар жедел ( жедел хабарламалау табелінде белгіленген уақытқа жеткізіледі ) және жедел емес ( жай ) (жағдайдың шұғыл өзгеру кезінде жедел хабарлар табелін есепке алмай жеткізіледі ) болып бөлінеді. Шешім баяндалған жауынгерлік хабарламаларға командир және штаб бастығы, ал қалғандарына — штаб бастығы мен тиісті қызметтің бастығы қол қояды. Қамтамасыз ету мәселелері бойынша (инженер лік, химиялық, тыл және т.б.) хабарламаларға тиісті бастық қол қояды.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Пікірсайыс

— ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірсайыста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді. Пікірсайыс түрлері : жиналыс, конференция, пікірталас және т.б. Пікірсайыстыру жиын, топ алдында екі адамның немесе екі топтың өзара пікір таластыруы. Пікірталас тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қорғау, өнер салыстыру және т.б. Пікірсайыстың тақырыбы нақты, көкейтесті болуымен бірге, ондағы мәселе, ұсынылатын әдебиеттер қатысушыларға күні бұрын таратылады. Уақыт тәртібі сақталып, шебер жүргізуші тағайындалады. Пікірсайыс — ғылыми жұмысты қорғау алдында немесе көркем әдеби шығарманы жариялау алдында пікір білдіру. Пікірсайыс барысында жұмыстың көкейтестілігі, құрылымы, баяндау қисыны мен уәжі анықталып, ғылыми немесе көркемдік мәні бағаланады. Пікірсайыс әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылым салаларындағы зерттеулерде қолданылады. Пікірсайыс әдістемесі сауал қою және сұхбаттасу болып екіге бөлінеді

Изображение слайда
17

Слайд 17: Әңгіме

, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.

Изображение слайда
18

Последний слайд презентации: Б аяндамамен айтылған сөз-сөз өрнегінің негізі. Монологиялық ( жауап,: Қорытынды

Әдетте баяндаманың мақсаты тыңдаушыларды естігендеріне сай әрекет етуге талпындыру болып табылады. Қорытынды сөздің негізгі мақсаттарының бірі  — нақты не істеу керектігін көрсету. Тақырып пен негізгі ойларды таңдағанда, оның тыңдаушыларың үшін неліктен маңызды болатындығы мен оны айтудағы мақсатыңды жақсылап ойлап алдың ба? Ойланған болсаң, тыңдаушыларыңды қандай іс-әрекетке талпындыру керектігін білесің. Ендігі жерде, не істеу керектігін көрсетуің қажет, бәлкім, оны қалай істеу керектігін де түсіндірерсің.

Изображение слайда