Презентация на тему: Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия

Реклама. Продолжение ниже
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия
1/20
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 8)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1479 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

« Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия кафедрасы Орындаған: Ахмадкулов М.Б Тобы: 401 стоматология Тексерген: Шабанбаева Ж.А. Астана-2015 Та қрыбы:Емхананың зарарсыздандыру бөлмесінің жұмыс тәртібі.

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Кіріспе. Негізгі бөлім. Залалсыздандырудың тәсілдері, механикалық, физикалық, химиялық. Стерилизациялаудың түрлері. Медициналық құралдарды стерильдеу тәртібі. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
4

Слайд 4

Механикалық залалсыздандыруға сабындап жуыу, желдетету, ылғалды сурту және т.б. Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады. Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5

Стерилизация дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Біздің елімізде « Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және стерилизациялау тараулық стандарты енгізілді. Осы стандартпен дезинфекциялау мен стерилизациялаудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді. Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелері ( ОЗБ ) ұйымдастырылды. Олардың негізгі мақсаты медициналық құралдарды залалсыздандырып, алдын –ала тазарту. ОЗБ- ның құрылымы 2 блоктан тұрады. Біріншісі залалсызданған, екіншісі залалсызданбаған блок. Залалсызданбаған блокта залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға арналған материалдарды қораптау және бу стерилизаторларын, құрғақ ауа-шкафтарын дайындау жүргізіледі. Ал залалсызданған блокқа стерильденген материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерді залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғақ ауа шкафында залалсыздандыруға болады.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Мысалы вирусты гепатитпен ауырған науқастарға процедуралық кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын -ала залалсыздандырылған шприцтер мен инелер беріледі. Процедуралық кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болуы керек. Майлы шприцтер мен инелерге крафт-пакеттер немесе екі қабатты бөз орағыштар арналады. Майлы ерітінділерді енгізуге арналған шприцтерді басқа шприцтермен араластырмайды.ОЗБ-ға залалсыздандыруға тапсырғанда процедуралық мейірбике майлы шприцтері бар орағыштарды белгілейді, себебі олар бөлек салынады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады : Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий олеатының ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа салу керек. Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шайады. « Биолот » жуғыш затына 15 минутқа батырады. 0,5 минут сумен жуады. Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шайады. Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді. Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды.

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9

Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді. Азопириндік сынама – азопирам реактиві мен 3%- тік сутегі тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қанды даққа 2-3 тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды. Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі. Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады.

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

Стерилизация түрлері Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар : жылулық, сәулелік және химиялық. Жылулық ( термиялық ) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады. Өңдеу келесі манипуляциялардан тұрады : Жарақатпен, қанмен және инфекциялық бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды дезинфекциялап, екі рет шайып алады. Жоғарыда аталған заттармен жанасқанда стерильдеуден бұрын алдын -алы жақсылап өңдеуден өткізеді.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

Сынама қойған кезде бақыланып отырған затқа екі реактивтен де тамызады. Қан немесе жуу заттарының қалдықтары бар болған жағдайда ондай заттарды қайта өңдеу керек болады.Стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылауға тәулігіне өңделген заттардың әр түрінің 1%-ы алынады. Іріңді операция немесе жұқпалы аурулар кезінде қолданылатын заттарды алдымен дезинфекциялап, тазалап, стерильдеуге жібереді. Шыныдан, металдан, термотөзімді полимерлерден, резинкадан жасалған заттарды стерилизаторда 30 минут қайнатады, содан соң стерильдейді. Шыныдан, металдан жасалған және стоматологиялық аспаптарды 120-130С-та 15 минут өңдейді. Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде жүргізіледі.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
12

Слайд 12

Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі.Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді. Жылулық стерилизациялаудың екінші бір түрі ыстық бумен стерилизациялау болып табылады. Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу — стерилдеудің әмбебап тәсілі. Булы стерилизатор немесе автоклав – қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын, су буы және стерилдеуші камерадан тұратын металды цилиндр. Аппарат манометр, термометр және басқа да бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталған. Автоклавта жоғары қысым қайнау температурасын арттырады. Микробтарға жоғары температурамен бірге бу әсер ететіндіктен споралар 120С-та жойылады. Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаған сайын стерилдеу уақыты азаяды. Микробтар бірнеше секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты ұзағырақ, себебі жоғары температура стерилденетін материалдың ішіне енуі керек. Автоклавта таңу материалдарын, төсек, коррозияға төзімді металды құралдар, қоректік орталар мен инфекциялық материалдарды стерилдейді.

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13

Булы стерилизаторлардың жұмысына бақылау орталықтандырылған стерилизациялық бөлімдерде кварталына 1 реттен кем емес жасалады. Емханаларды, клиникалық зертханаларды жылына екі реттен кем емес қадағалап отырады. Инфекциялық хирургиялық диспансерлерде, перзентханаларда, балалар бөлімдерінде, стоматологиялық мекемелерде және қан құю орталықтарында бақылау жүргізу кварталына 1 реттен кем емес болуы керек. Сонымен бірге булық стерилизаторлар қойылған мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлер стерильдік камераның бақылауын химиялық индикаторлардың біреуін салып кристалдық заттың балкуы бойынша бақылайды. Жоғары температурамен стерильдеудің бір түрі – бөлшектеп стерильдеу.Стерильдеудің бұл түрі 100С-тан жоғары температураға шыдамайтын материалды өңдеуге қолданылады. Су моншасында оларды 80С-та 30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде бактериялардың вегетативті түрлері жойылады. Жалпы алғанда жылулық стерилизация – тиімді, экологиялық қауіпсіз, арзан және жақсы бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары температурада бұзылатын болса, оны қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда басқа тәсіл қолданылады.

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14

Стерильдеудің химиялық түрі – токсикалық газдарды, этилен оксидін, этилен тотығы мен бромды метильдің қоспасын және формальдегидті қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-сын, ақуыздарын, ферменттерінің активті топтарының белсенділігін жояды. Газдармен стерильдеу арнайы камерада 18-80С температурада бумен жүргізіледі. Ауруханаларда формальдегид, тұрмыстық жағдайда этилен тотығы қолданылады. Химиялық стерильдеудің алдында барлық өңделетін заттар кептірілуі керек. Бұл стерильдеу түрі қызметшіге, қоршаған ортаға және науқасқа қауіпті болып келеді. Соңғы кезде медициналық практикада оптикалық қондырғылармен жабдықталған термолабилді материалдардан жасалған құралдар кеңінен қолданылатындықтан, мысалы эндоскоптар, оларды химиялық ерітінділер көмегімен залалсыздандырады. Тазалап және дезинфекцияланған приборлар белгілі уақытқа стерильдеуші ерітіндіге салынып, кейін стерильді сумен жуылады.Одан соң стерильді сүрткішпен құрғатып, стерильді ыдысқа салады. Барлық манипуляция асептикалық жағдайда, стерильді қолғаппен жүргізіледі. Бұл заттарды 3 тәуліктен аса сақтамайды.Стерильдеуге арналған химиялық заттар қатарына сутегі тотығы мен « Дезоксон-1 » ерітінділері жатады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15

Сутегі тотығы – стерильдеуге арналған химиялық зат болып табылады. Стерильдеу үшін медициналық құралдарды 180 минутқа 6 %- тік сутегі тотығының ерітіндісіне салады, ал полимерден, резинадан, шыныдан жасалған бұйымдарды 18С температурада 360 минутқа ерітіндіге салады.Стерильдеу аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді контейнерлерге салады. Дезоксон-1 – сірке қышқылындай иісі бар,суда және спиртте жақсы еритін түссіз сұйықтық. Стерильдеу үшін 1%- тік ерітіндіні сумен араластырады да дайын ерітіндіге бұйымдарды салады. Стерильдеу аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді контейнерлерге салады. Стерильделген құралдарды 3 тәуліктей сақтауға болады. Сәулемен стерильдеу – гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі. Гамма сәуле көзі – арнайы гамма қондырғылардан алынатын радиоактивті изотоптар болып табылады. Электронды сәулеленуді алу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады.

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16

Гамма сәуле мен жылдамдатқыш электрондардың әсерінен микробтардың жойылуы, ондағы нуклеин қышқылының зақымдануымен байланысты. Көпжасушалы организмдерге қарағанда, микробтар сәулеленуге төзімді болады. Стерильдеудің тағы бір әдісі – сүзгіден өткізу немесе фильтрлеу болып табылады. Әр түрлі сүзгілер көмегімен, әсіресе нитроцеллюлозаның коллоидты ерітінділерінен дайындалған мембранды ультрасүзгілердің көмегімен сұйықтықтағы қарапайымдардан арылуға болады. Қайнату – стерилизациялау әдісі ретінде стандартпен ескерілмеген. Бірақ үйде осы стерилизациялау әдісін қолдануға болады. Краннан алынған суды қолдануға болмайды, яғни қайнатқанда тұнбаға түсетін тұздар иненің канюлясында, поршень мен цилиндрде бөлініп шығады. Су қайнатылған немесе тұзсыз болуы керек. Стерилизациялаудың аяғына дейін шприцтің құрамындағы бөлшектердің сумен толық жабылуын қадағалау керек.

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17

Медициналық құралдарды стерилизациялау тәртібі Хирургиялық перчаткалар мен щеткаларды стерилизациялау қалай жүргізіледі ? Перчаткаларды стерилизациялау әдетте автоклавта жүргізіледі. Ол үшін перчаткаларды тексеріп, іші және сыртынан талькты сеуіп марлымен орайды. Сондай ақ перчаткаларды ыстық бу арқылы немесе қайнату арқылы стерилизациялауға болады. Ал щеткаларды алдын -ала жуып, 2-3 сағатқа дезинфекциялық ерітіндіге салады да одан кейін қайнату жолымен стерилизациялайды. Хирургиялық құралдарды стерилизациялау қалай жүргізіледі ? Хирургиялық құралдарды сумен жуып, құрғағанша сүртеді. Одан кейін оларды 50 С температурадағы пергидроль салынған кір жуу ұнтағына салады.Салып болғаннан кейін тағы да сумен жуып, құрғатып сүртеді. Тек осындай өңдеуден кейін ғана 30 минут дистильді суда қайнатады немесе ыстық бу камерасында стерилизациялайды. Кесуге арналған құралдарды қайнатпайды, тек 96% — тік этил спиртінің ерітіндісіне салу арқылы стерилизациялайды.

Изображение слайда
1/1
18

Слайд 18

Қорытынды Денсаулық-зор байлық ” дегендей, адам денсаулығы – өмірлік қуатқа толы жан-тәнінің айнасы.Денсаулық – тылсым өмір. Қазіргі таңда денсаулық сақтау мәселесі алдыңғы қатарлы проблемалардың қатарына жатады. Шынымен де бүгінгі күні өте ауыр сырқаттардың таралуы жиілеп отыр.Әрине мұндай сырқаттардың көбйіп кетуі алуан түрлі жағдайлармен байланысты. Сондай жағдайлардың бірі емдеу мекемелеріндегі медициналық құралдардың жоғары сапада стерильденбеуі.Медициналық құралдарды стерилизациялау кезінде ереже бойынша, уақытында стерилизация жүргізу ауыр сырқаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да емханаларда, емдеу мекемелерінде, процедуралық кабинеттерде, медициналық құралдарды пайдаланғаннан кейін қатаң түрде стерилизацияның жүргізілуіне мән беруіміз қажет.Тек сонда ғана ауыр сырқаттардың таралмауын қамтамасыз ете аламыз.

Изображение слайда
1/1
19

Слайд 19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Обуховец, «Введение в клинику», 2006 жыл С.Қ.Мұратбекова, « Мейірбике ісінің негіздері », Астана 2007 жыл Интернет желісі

Изображение слайда
1/1
20

Последний слайд презентации: Астана Медицина Универстиеті » А Қ Стоматология және бет-жақ хирургия

Назарларыңыз үшін рахмет

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2