Первый слайд презентации: Астана медицина университет і ” АҚКе
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы № 4 дәріс Тақырыбы : “Диарея синдромымен өтетін аурулар. БЖАИЖ “. 4 курс жалпы медицина факультеті
Слайд 2: Жоспары
Диаре ялардың анықтамасы. Этиологиялары. Эпидемиологиясы. Шигеллездардың этиопатогенезі, жіктелуі, клиникасы, асқынулары. Сәбилердегі дизентерия ауруының ерекшеліктері.
Слайд 3: Мақсаты
Балалардағы іш өту синдромымен жүретін инфекциялық ауруларын емдеу, диагностикалау сұрақтары бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыру.
Слайд 4: БДҰ бойынша барлық ішек аурулары ( диареялар ) 3 топқа бөлінеді :
Инвазивті диарея Секреторлы диарея Түрақты ( персистентті ) диарея
Слайд 5: Инвазивті диарея
Инвазивті диарея патогенезінде қоздырғыштар ішек қабырғасына өтіп, қабыну процессін дамытады. Бұнда нәжіс қалыптаспаған, патологиялық қосылыстармен және интоксикациялық синдром айқын түрде байқалатын болады. Инвазивті диареялардың т үрл ері : шигеллездар, сальмонеллездар, иерсиниоз, кампилибактериоз, эшерихиоздар (ЭИКП), ЭПКП.
Слайд 6: Секреторлық диарея
Секреторлық диареяның патогенезінде ішектегі су мен тұздардың секрециясының және сіңіру процесстерінің бұзылу салдарынан болған жұқпалы ішек аурулары жатады. Осы жедел ішек инфекциясында нәжіс сұйық болып, патологиялық қоспаларсыз және интоксикациялық синдромының анық емес түр і нде өтеді. Бұған: ротовирусы, аденовирусты, астро -, энтеровирусты инфекциялар, холера, эшерихиоздар (ЭТКП), ( цитробактер, энтеробактер ) жатады.
Слайд 7
Персистенттік диарея – б ір аптадан асқан полимикробты этиологиялық сәби балалардың ішінің өтуі
Слайд 8
Шигеллездар – тоқ ішектің дисталді бөлігінің зақымдалуы салдарынан нәжістің бұзылуымен жүретін жұқпалы аурулар тобы.
Слайд 9: Этиологисы
Дизентерия қоздырғышы – Shigella Enterobacteriacae. Қазіргі Халықаралық жіктеліске сәйкес шигеллалардың 44 түрі бар: олар 4 топшаға бөлінген (А,В,С,Д). А топшасында : Григорьева – Шига және Штутцер – Шмитца бактериясы (1-10 серовар ). В топшасында : Флекснер және Ньюкастл (6 серовар ) С топшасында : Бойда (15 серовар ) Д топшасында : Зонне бактериалары жатады. СНГ аймағында Флекснер және Зонне дизентериясы жиірек кездеседі. Қоздырғыштардың патогендік қасиеті : эндотоксин түзу қабілеттілігі. Сол токсиннің нерв және қантамыр жүйесін зақымдауы және ішектердің шырышты қабаттарын зақымдап интоксикалық әсері болуымен сипатталады.
Слайд 10: Шигелла Зонне және Флекснер таяқшалары
Слайд 11: Григорьева - Шига таяқшалары
Слайд 12: Барлық шигеллездар түзеді:
термостабильді (қызуға турақты ) Эндотоксин – ол липополисахаридті – а қуыз комплексіңен турады. Григорьева – Шига бактериясы термостабильді табиғи күшті ақуыз құрамды нейротоксикалық әсері бар. Экзотоксин түзеді. Соңғы жылдары кейбір шигеллалардің, әсіресе Зонненің холерогендік әсерге ұқсас энтеротоксин түзетіні анықталған. Токсиндер құрамында ферменттер және патогенділікті көрсететін арнайы емес факторлардің тізімі : гиалуронидаза, плазмакоагулаза, Дюран – Рейнальс факторы, лейцитиназа, каталаза, фибринолизин, гемолизин, гемотоксин колициндер түзеді.
Слайд 13: Эпидемиологиясы ( Індеттену ) :
Шигеллездар – антропонозды инфекция – тек қана тасымалдаушы немесе ауру адамнан ж ұғады, әсіресе жедел шигеллез ауруының даму кезінде қауыпты. Қоздырғыш тасымалдаушы адамдар, әсіресе сол аурудың созылмалы түрімен ауыратын науқастар. Шигеллез 2-7 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі, әсіресе уақытына жетпей шала туған нәрестелер өте жиі ауырады, себебі : олар анасынан керекті иммунитетті уақытында толық алмаған.
Слайд 14: Аурудың жұғу жолдары :
ФЕКАЛЬДІ - ОРАЛЬДЫ МЕХАНИЗМ : Аурудың жұғу жолдары : 1-ші орында ауру адамдардың қарым – қатынасы арқылы, ал балалар ыдыс, ойыншық, еміздік арқылы жұқтырады Содан кейін су арқылы Тағамдар арқылы жұғады.
Слайд 15: Эпидемиологиялық ерекшеліктері:
Флексне р – шигеллез таяқшалары көбінесе су арқылы таралады Зонне микробы – азық – түлік арқылы жиі жұғады. Зонне микробы адамға сүт, айран, қаймақтан жұғады, соған байланысты тамақтан үшынған ауру тәріздес өтеді.
Слайд 16
Слайд 17: Шигеллездің патогенезі (даму механизмі ):
Улану кезеңі. Ауыз арқылы түскен шигелла микробтары асқазан сөлінің әсерімен ыдырап, қан тамырларына сіңеді. Қалған көптеген тірі микробтар ащы ішекте, ұлтабарда ферменттер әсерімен жойылады. Сол қалған шигеллалардың улары қан тамырларына зақым келтіріп, ағзаларға сіңіп уландыра бастайды, сонымен қатар сигма тәрізді ішек шырыштарына көптеген зиян келтіреді. Сол зиянды улы токсиндер адамның ішкі сарайына (орталық нерв жұйесіне, бауыр, өкпе, бүйрек т.б. ағзаларға ) тарайды.
Слайд 18
Клиникалық көрініс белгілері : Қан қысымының көтерілуі. Қан тамырларының соғуының күшейіп кетуі, соңынан вагус кезіңінде қайтадан төмендеуі. Өте ауыр жағдайларда улану белгілері жоғары деңгейде анықталады : дененің қызуы, баланың мазасыздануы, қайталап құсуы, тырысып – құрысуы – удын сезімтал нервіге талшықтарына әсерлі зиян келтіргені. Бұл өзгерістерді клиникалық к өріністерінде қан қысымының өте төмен түскенінен, талықсынуынан, жүрек жұмысының бірден төмендеуінен, коллапс болғанынан байқаймыз. Осы жағдайлара бауырдың ішкі ағзалардың жұмыс атқарулары нашарлайды.
Слайд 19
Шигелла микробтары токсиндерін таратып көбінесе тоқ ішектердің шырыштарын қабындырады. Шигеллалар ішектің шырышты қабаттарына кіріп өсіп, жасушаларын жойып шіріте бастайды, ішек бездері асқынып ісінеді, ток ішектердің қимылдауы бұзылып, науқастың ішінің ауырсынуы, колитикалық синдроммен жалғасады, іш өтуі жиіленеді, жалған дәрет шақырымдары пайда болады. Аурудың бастаптық кезеңінде нәжісі қоймалжың болып келеді, соңынан патологиялық қоспалар пайда болады : қан, ірің, кілегейлі шырыш.
Слайд 20: Шигеллездағы тенезмдер:
Слайд 21: Сәбилердегі дизентерия ауруының ерекшеліктері :
нәрестенің жалпы жағдайымен колитті синдромның кездесуі ауру нәрестеде созылып, қайталап, екінші аурудын қосылуы 2-3 аптада болады да, оған себепкер ОРВИ асқынуы өте көп асқынады өте көп созылмалы, өте ұзақ түрде өтеді Диагнозды дұрыс қоюға лабораториялық мәліметтердің маңызы зор. Келесі лабораториялық мәліметтердің қолдануы: 1) бактериологиялық зерттеу сенімді әдіс, дизентерия таяқшасының табылуы, оның көп % болуы 2) аптаның аяғында серологиялық зерттеу ауру кезінде (7күннен кейін ) РПГА,РНГА. Диагностикалық титр 1:100 ( Зонне ) ж/е 1:200 ( Флекснер )
Слайд 22
Түрі Ауырлығы Ағымы Типті түрі: Атипті түрі: 1.Көмескі 2.Субклиникалық 3.Гипертоксикалық Жеңіл түрі Орташа түрі Ауыр түрі А.Токсикоз белгілері басымдылығы Б.Жергілікті өзгеріс-тердің басымдылығы В. Аралас түрі Жедел (1 айға дейін ) Баяу (3 айға дейін ) Созылмалы (3 айдан астам ) а) үздіксіз б) қайтамалы Клиникалы қ ж іктелуі :
Слайд 23: Клиникасы
Инкубация ( жасырын ) кезеңі 7 күнге дейін, көбінесе 2-3 күн. Шигеллез кезінде 2 синдром болады : жалпы интоксикациялық синдром колиттік синдром
Слайд 24: Жеңіл түрі
Дене қызуы субфебрильд і, қалыпты мөлшерде де болуы мүмкін. Баланың басы ауырып, құсып, тамақтан бас тартуы аса көп байқалмайды. Жүріс – тұрысында көп өзгеріс байқалмайды. Үлкен дәрет сұйықтау немесе қоймалжың болуы мүмкін, көбінесе аздап ірің араласады. Жүректің және бауырдың жұмыстары өзгермейді.
Слайд 25: Орташа түрі
Баланың дене қызуы 2-3 күнде 38-39°С болады да, содан кейін көтерілмейді. Баланың құсуы, лоқсуы аурудың бастапқы кезінде болады, артынан басылып кетеді. Ішектің шұрылдап сыздап ауруы, үлкен дәрет алдында арасында күшенуідің көбейуі, көтеншегі ауырып, кей уақытта тік ішектің шырышының көрінуі, анустың болбырлығы. Дәрет 10-15 рет, алғашқыда сұйық ірінді, кейіннен ірің мен қан араласады. Сигма ішектері бұлшықтанып, ауырсынады.
Слайд 26: Ауыр түрі
Бұл ауыр түрімен 1 жасқа дейінгі жас сәбилер жиі ауырады, оларға микробтар тамақпен түседі. Аурудың клиникасы өте ауыр болып өтеді. Ауру өте жедел басталып, дене қызуы 39-40°С көтеріледі. Ауру өршіген кезде балада тырыспа пайда болып, мазасы кете бастайды. Содан кейін жүйке жүйесінде, қан тамырлар айналымы асқынып, денедегі су, тұз алмасуылары бұзылып жас балада құсуы, іш өтуі жиілейді.
Слайд 27
Сондай жағдайларда тырысу пайда болуы мүмкін. Кей уақытта жас сәби әлсіреп, босаңсып, ұйқышыл болады, кейін ұйқысы бұзылып, мазасызданып, жылай бастайды. Тамыр қысымы төмендеп, бозарып, денесі салқындап, қол – аяғы мұздап, қан тамырлары ретсіз соғады, дем алысы бұзылады, кеуде тынысы тереңдеп, ретсізденеді. Баланың іші кеуіп, мазасызданады. Біраз уақыттан кейін баланың іші өтеді, үлкен дәретінің көлемі азайып, қан, ірін араласады, нәжіс саны өте жиі, кей уақытта сансыз болады.
Слайд 28: Атипті түрі
Көмескі түрінде баланың ұйқысы, тамақ ішуі бұрынғыдан өзгермейді, тек аздаған уақытта 1-2 рет үлкен сұйықтау дәрет болуы мүмкін, сондықтан іш аурудың бұл көмескі түрін әр уақытта дәрігерлерге анықтау қиындау болып келеді. Сұйық дәреттің болуы, эпидемиялық ошақта болғанына байланысты, зертханалық тексеруге байланысты (бактериологиялық, серологиялық, копрологиялық ) шигеллез диагнозын қоюға мүмкіншілік туғызады.
Слайд 29: Шигеллездің субклиникалық түрі :
Бұл түр ін де тек зертханалық тексерумен диагнозды анықтайды : бактериологиялық, серологиялық. Копрологиялық және ректроскопияда өзгерістер анықталмайды.
Слайд 30: Шигеллездің ж әне секреторлық диареялардың зертханалық тексерулері:
Бактериологиялық Серологиялық РПГА, РСК, ИФА. Копрограмма Жалпы қан қортындысы ПЦР қортындысы
Слайд 31: Диареяларды ң емдеу тәсілдері :
Диета, стол №4 Антибактериалдық ем Патогенетикалық ем Симптоматикалық ем Эубиотиктер Ферментотерапия
Слайд 32: Әдебиеттер
Балалар жұқпалы аурулар. Куттыкужанова Г.Г.; Алматы, 2003 Руководство по инфекционным болезням у детей. Под ред. Учайкина В.Ф., М., ГЭОТАР Медицина, 2000 с.198-217 Инфекционные болезни у детей. Справочник в вопросах и ответах. Под ред. Симованьян Э.М. Ростов н/Д: “Феникс”.2002, с.356-393 Инфекционные болезни у детей. Под ред Тимченко Н.В. С-Петербург, 2005 Казанцев А.П. И др. Дифференциальная диагностика инфекционных болезней. М.,1999, с.103-120
Последний слайд презентации: Астана медицина университет і ” АҚКе: Бақылау сұрақтары ( кері байланыс ):
Инфекция көзі кім болып табылады? Инфекцияның берілу механизмі қандай? Ауруға кімдер сезімтал ? Қалай ойлайсыздар, осы ауруға маусымдылық тән бе ? Э пидемиологи ялық тізбек қандай буындардан тұрады?