Презентация на тему: Архаикалық мәдениет

Архаикалық мәдениет
Архаикалық мәдениет
Архаикалық мәдениет
Архаикалық мәдениет
Архаикалық мәдениет
Тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді:
Архаикалық мәдениет
Архаикалық мәдениет
Архаикалық мәдениет
Архаикалық мәдениет
Мифология.Миф
1/11
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 8)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (414 Кб)
1

Первый слайд презентации: Архаикалық мәдениет

Изображение слайда
2

Слайд 2

Архаикалық мәдениет  — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды ? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді темір дәуірі тас дәуірі қола дәуірі

Изображение слайда
4

Слайд 4

Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің « палайос » — көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6: Тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді:

Бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — б.з.б 1—2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші — көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі — көне тас ғасырының соңғы кезеңі — бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан — 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Перигорд кезі (35—20 мың жыл ). Орта палеолиттен кейін іле-шала басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынандай : шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және тағы басқалары Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Ориньяк кезі (30—19 мың жыл ). Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Ориньяк дәуірі адамдарының көркемдік тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған қарамастан олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеруге талпыныстар жасады. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары « Венералар » деп аталды.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Солютре кезі (18—15 мың жыл ). Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы басқалары жасала бастады. Кремнийден жасалған қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болып, тігаі кремнийдің көмегімен сүйек пен тастан жасалған бұйымдар безендіріле бастады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Мадлен кезі (15—8 мың жыл бұрын ). Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады. Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымының кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті.

Изображение слайда
11

Последний слайд презентации: Архаикалық мәдениет: Мифология.Миф

Мифология — исторически первая форма духовной культуры. Она возникает на самой ранней стадии общественного развития. Миф — это первая форма духовного освоения мира, его образно-символическое воспроизведение и объяснение Миф упорядочивает в сознании мир, превращает хаос в космос и тем самым создает возможность постижения мира как некоего организованного целого, представляет его в простой и доступной форме .

Изображение слайда