Презентация на тему: Қ арағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Физиология кафедрасы

Қ арағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Физиология кафедрасы «Стоматология» мамандығы
Дәрістің мақсаты:
Дәрістің жоспары:
Қ арағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Физиология кафедрасы
Реттелудің жасуша ішілік механизмі
Гетерометриялық реттелу «жүрек заңы» (Франк – Старлинг заңы)
Гетерометриялық реттелу («жүрек заңы»)
« Жүрек заңының» механизмі
Жүректің жиырылу механизмі
Миокардтың жиырылуының миогендік реттелуі (гетерометриялық)
ГОМЕОМЕТРИЯЛЫҚ РЕТТЕЛУ
Боудич баспалдағы (1871)
Анреп эффектісі
Анреп феноменінің механизмі
Жасуша аралық өзара әрекеттер
Жүрек ішілік шеткері рефлекстер (Г.И.Косицкий)
Жүректің экстракардиялық реттелуі
Қан айналымның реттелуі
Жүректің экстракардиялық реттелу
Жүрек жүйкелері орталықтарының тонусы
Симпатикалық жүйке жүйесі
Симпатикалық жүйкелердің әсер ету механизмі
Парасимпатикалық жүйке жүйесі
Парасимпатикалық жүйкелердің әсер ету механизмі
Парасимпатикалық (ағайынды Вебер) және симпатикалық (ағайынды Цион мен И.П.Павлов) жүйкелердің әсері
Парасимпатикалық әсер (ағайынды Вебер)
Симпатикалық жүйкелердің әсері (ағайынды Цион мен И.П.Павлов)
Жүрек қызметіне эфференттік жүйкелердің әсерлері
Отто-Леви тәжірибесі (1921 ж)
Қ арағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Физиология кафедрасы
Жүрек қызметіне кейбір гуморальды заттардың әсері
Жергілікті әсер ететін заттар:
Рефлекстік әсерлер
Рефлексогендік аймақтар
Кіші қан айналым шеңбері тамырларынан рефлекстік әсерлер
Оң жақ жүрекшеден рефлекстік әсерлер
Перикардтың рефлекстік әсерлері
Ішкі ағзалардың интерорецепторларынан рефлекстер
Ішкі ағзалардың интерорецепторларынан рефлекстер және олардың графикалық көрінісі
Экстерорецептивті рефлекстер
Ми қыртысының жүректің қызметіне әсері
Қ арағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Физиология кафедрасы
1/42
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 93)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1022 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қ арағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Физиология кафедрасы «Стоматология» мамандығы

« Қан айналымының нейро-гуморалді реттелуі » Дәріскер : аға оқыт. Рамазанов А.К. 2018 1

Изображение слайда
2

Слайд 2: Дәрістің мақсаты:

ағзаның өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына жүрек қызметінің бейімделуін қамтамасыз ететін механизмдерін талқылау 2

Изображение слайда
3

Слайд 3: Дәрістің жоспары:

1. Жүрек ішілік ( интракардиялық ) механизмдер : жасуша ішілік : - гетерометриялық реттелу (“ жүрек заңы ”); - гомеометриялық реттелу ; а) Анреп феномені ; б) ырғақтық-инотроптық тәуелділік ( Боудич құбылысы ). Жасуша аралық өзара әрекеттің реттелуі. Жүрек ішілік шеткері рефлекстер. 2. Жүректен тыс ( экстракардиялық ) механизмдер : Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік реттелуі ; Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі. 3

Изображение слайда
4

Слайд 4

25.06.2019 4 ЖҮРЕКТІҢ РЕТТЕЛУІ Жүрек ішілік (интракардиялық) Реттелудің жасуша ішілік механизмі Жүректен тыс (экстракардиялық) Шеткері рефлекстер Жасуша аралық өзара әрекеттердің реттелуі Жүрек қызметінің реттелуінің жүйкелік механизмі Жүрек қызметінің реттелуінің гуморальдық механизмі 4

Изображение слайда
5

Слайд 5: Реттелудің жасуша ішілік механизмі

Жүрекке шамадан тыс көп жүктеме әсер еткенде (мысалы, үнемі бұлшықет жұмысы кезінде) кардиомиоциттерде жиырыл ғ ыш ақуыздардың биосинтезі күшейе түседі. Сонда миокардтың жұмысшы (физиологиялық) гипертрофиясы туындайды (мысалы спортсмендерде, шахтерлерде). 5

Изображение слайда
6

Слайд 6: Гетерометриялық реттелу «жүрек заңы» (Франк – Старлинг заңы)

Жүрекке неғұрлым көп қан ағып келсе, соғұрлым жүректің жиырылғыш қызметі күшейеді. Осы механизм «жүрек заңы» (Франк – Старлинг заңы) деп аталады. 6

Изображение слайда
7

Слайд 7: Гетерометриялық реттелу («жүрек заңы»)

Жүректің жиырылу күші оның диастола кезіндегі қанмен толу дәрежесіне (созылу дәрежесіне), яғни оның бұлшықет талшықтарының алғашқы ұзындығына пропорционалды болады. 7

Изображение слайда
8

Слайд 8: Жүрек заңының» механизмі

Аталған заңның негізінде жататын механизм миокардиоциттердің саркомерлерінің ұзындығының өзгеруімен байланысты. Әрбір миофибрилланың ішінде актин жіпшелері миозин жіпшелерінің арасындағы саңылаудан сыртқа шығарылады, яғни резервтік көпірлер (жиырылу кезінде актин мен миозин жіпшелерін байланыстыратын көпірлер) саны да артады. Саркомердің ұзындығы 1.9-2.2 мкм болса, максимальды күш дамиды. Кейбір авторлар аталған механизмді фибрилла аралық кеңістікте бос кальцийдің концентрациясының артуымен түсіндіреді. Франк-Старлинг заңы жүрекшелер систоласы барысында іске қосылады. 8

Изображение слайда
9

Слайд 9: Жүректің жиырылу механизмі

9

Изображение слайда
10

Слайд 10: Миокардтың жиырылуының миогендік реттелуі (гетерометриялық)

Диастола кезінде миокардтың әрбір жасушасы неғұрлым көп созылса, ол систола кезінде соғұрлым көп қысқара алады. Осыған сәйкес жүрек өзіне венадан қанша мөлшер қан келсе, артериялық жүйеге сонша мөлшер қан айдайды. Миокард жиырылуының миогендік реттелуінің осындай түрі гетерометриялық (яғни миокард талшықтарының бастапқы ұзындығына тәуелді) реттелу деген атауға ие болды. 10

Изображение слайда
11

Слайд 11: ГОМЕОМЕТРИЯЛЫҚ РЕТТЕЛУ

Гомеометриялық реттелу дегеніміз – миокард талшықтарының бастапқы ұзындығы өзгермегенде жүрек жиырылу күшінің өзгерісі. Бұл бірінші мезетте жиілікке тәуелді жүрек жиыру күшінің ырғаққа тәуелді өзгерістері: егер миокардтың жиырылу жиілігі бірте-бірте жоғарыласа, онда әрбір келесі жиырылу күші артады (Боудич баспалдағы ). 11

Изображение слайда
12

Слайд 12: Боудич баспалдағы (1871)

12

Изображение слайда
13

Слайд 13: Анреп эффектісі

Гомеометриялық реттелуге тест ретінде Анреп сынамасын қолданады – сол жақ қарыншадан қолқаға қанды айдау кедергісінің күрт жоғарылауы миокард жиырылу күшінің жоғарылауына әкеледі. 13

Изображение слайда
14

Слайд 14: Анреп феноменінің механизмі

Фибрилла аралық кеңістікте кальций концентрациясының өсуімен түсіндіріледі. Қолқада қысым жоғарылағанда жүрек жұмысының күшеюі миокард талшықтарының икемділігінің артуына әкеледі, сондықтан бірдей соңғы диастолалық қысым кезінде миокард талшықтарының ұзындығы артады. Анреп феноменінде қолқада қысым жоғарылағанда туындайтын тәждік қан ағысының өзгерістері қатысады. Тәждік қан ағысы ұлғайып, ол қарыншалардың жиырылуының күшеюіне әкеледі. 14

Изображение слайда
15

Слайд 15: Жасуша аралық өзара әрекеттер

- нексустармен байланысты. Оларға кардиомиоциттердің миокардтың дәнекер ұлпалы жасушалармен өзара әрекеттерін жатқызады. Олар миокардтың жиырылғыш жасушаларына қажетті күрделі жоғары молекулалық өнімдерді әкеледі. Жасуша аралық өзара әрекеттердің аталған типі креаторлық байланыс деген атауға ие болды (Г.И. Косицкий). 15

Изображение слайда
16

Слайд 16: Жүрек ішілік шеткері рефлекстер (Г.И.Косицкий)

Постганглиялық талшықтар Холинергиялық нейрон Афференттік нейрондар Миокардиялық жасуша Миокардты созу рецепторлары Тежеуші жасуша (Реншоу типтес) Адренергияоық нейрон n. simpathicus 16

Изображение слайда
17

Слайд 17: Жүректің экстракардиялық реттелуі

17

Изображение слайда
18

Слайд 18: Қан айналымның реттелуі

а, б - экстерорецептордан ОЖЖ-не баратын импульстар в, г - ұйқы артериясы мен қолқаның интерорецепторынан ОЖЖ-не баратын импульстар 18

Изображение слайда
19

Слайд 19: Жүректің экстракардиялық реттелу

Жүректің экстракардиялық реттелу вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер арқылы атқарылады. 19

Изображение слайда
20

Слайд 20: Жүрек жүйкелері орталықтарының тонусы

Парасимпатикалық және симпатикалық жүйке ядроларымен сипатталатын жүрек әрекетінің орталықтары үнемі тонус жағдайында болады. Ол ағзаның тіршілік жағдайына байланысты күшейіп немесе әлсіреп отырады. 20

Изображение слайда
21

Слайд 21: Симпатикалық жүйке жүйесі

Симпатикалық орталықтар жұлынның I - V кеуде сегменттерінің бүйір мүйізіндерінде орналасқан. Олардан шығатын жүйкелер қарыншалар мен жүрекшелердің миокардтын, жүректің өткізгіш жүйесін жүйкелендіреді. 21

Изображение слайда
22

Слайд 22: Симпатикалық жүйкелердің әсер ету механизмі

Медиатор норадреналин синоатриалды түйіннің бетта -1-адренорецепторларымен әрекеттеседі. Нәтижесінде Са2+ каналдары ашылады - Na + және Са2+ үшін өткізгіштігі жоғарлайды. Баяу спонтанды диастолалық деполяризациясының жылдамдығы жоғарылайды. Әрекет потенциалының әсер ету уақыты қысқарады, сондықтан жүректің жиырылу жиілігі жоғарылайды – бұл оң хронотропты эффект. 22

Изображение слайда
23

Слайд 23: Парасимпатикалық жүйке жүйесі

Парасимпатикалық реттелу кезеген жүйке арқылы іске асады. Оның ядросы сопақша мида орналасады және жүректің жүйке орталығы деп аталады. 23

Изображение слайда
24

Слайд 24: Парасимпатикалық жүйкелердің әсер ету механизмі

n.vagus теріс әсері: оның медиаторы ацетилхолин М-холинорецепторларымен әрекеттеседі. Нәтижесінде калий каналдары ашылады ( К+ үшін өткізгіштігі жоғарлайды), баяу диастолалық спонтандық де поляризациясының жылдамдығы төмендейді, минуттық жиырылу саны төмендейді. 24

Изображение слайда
25

Слайд 25: Парасимпатикалық (ағайынды Вебер) және симпатикалық (ағайынды Цион мен И.П.Павлов) жүйкелердің әсері

Кезеген және симпатикалық жүйкелер антагонисттер болып келеді және жүрек қызметіне 4 әсерлер етеді: 1) хронотропты (жиілік) 2) батмотропты (қозғыштық) 3) дромотропты (өткізгіштік) 4) инотропты (күш) 25

Изображение слайда
26

Слайд 26: Парасимпатикалық әсер (ағайынды Вебер)

1) Теріс хронотропты әсер ( жиілік ) 2) Теріс батмотропты әсер ( қозғыштық ) 3) Теріс дромотропты әсер ( өткізгіштік ) 4) Теріс инотропты әсер ( күш ) 26

Изображение слайда
27

Слайд 27: Симпатикалық жүйкелердің әсері (ағайынды Цион мен И.П.Павлов)

1) Оң хронотропты әсер ( жиілік ) 2) Оң батмотропты әсер ( қозғыштық ) 3) Оң дромотропты әсер ( өткізгіштік ) 4) Оң инотропты әсер ( күш ) 27

Изображение слайда
28

Слайд 28: Жүрек қызметіне эфференттік жүйкелердің әсерлері

Оң жақ кезбе жүйкенің тітіркендіру Сол жақ кезбе жүйкенің тітіркендіру Жүректің вагустық тоқтауы Күшейтетін жүйкенің тітіркендіру Жылдамдайтын жүйкенің тітіркендіру 28

Изображение слайда
29

Слайд 29: Отто-Леви тәжірибесі (1921 ж)

29

Изображение слайда
30

Слайд 30

25.06.2019 30 Жүрек қызметінің гуморальды реттелу Жүйкелік әсер ететін заттар Гормондар : АДРЕНАЛИН – экстремалды жағдайлардың гормоны - жүректің жиырылу күшін және жиілігін кенет жоғарылатады. ТИРОКСИН – жүрек қызметін үнемі ынталандырады. Басқа гормондарға жүректің сезімталдығын жоғарылатады ( адреналинге ). МИНЕРАЛОКАРТИКОИДТЕР (альдостерон) - организмнен К+ шығаруын жоғарылатады, Са2+ басым болады - нәтижесінде жүректің жиырылу күшейеді. ЖЫНЫС ГОРМОНДАРЫ - жүрек қызметін ынталандырады. ЖҮРЕКШЕЛІК ГОРМОНДАР – жүрекшенің миокардиоциттер гормон тәрізді заттарды түзеді. Олар реттеуші пептидтер : кардиодиллатин, натрийуретикалық гормондар (альфа, бетта, гамма). Электролиттер : К+, Са2+ ( әсіресе олардың ара қатынасы ). Егер К+ > Ca2+ жүрек тежеледі (К+ әсерінен - гиперполяризация ). Егер Са2+ > К+ жүректің жиырылу күшейеді. Са2+ артығыунда - жүректің тоқталуы систола кезінде. 30

Изображение слайда
31

Слайд 31: Жүрек қызметіне кейбір гуморальды заттардың әсері

Са 2+ К+ Адр Ах 31

Изображение слайда
32

Слайд 32: Жергілікті әсер ететін заттар:

медиаторлар: ацетилхолин – жүрек қызметін баяулатады; норадреналин ынталандырады; ұлпалық гормондар (кининдер): брадикинин - тежейді; простагландин E(1), F(1) - ынталандырады, простагландин F(2альфа) – тежейді жүрек қызметін; метаболиттер – аз мөлшерде - ынталандырады, көп мөлшерде - тежейді. 32

Изображение слайда
33

Слайд 33: Рефлекстік әсерлер

Қан қысымы өзгергенде қолқа доғасының және каротидті синустың барорецепторларынан келетін серпіністер жүрек қызметіне рефлекстік әсер етеді. 33

Изображение слайда
34

Слайд 34: Рефлексогендік аймақтар

Жүректі жүйкелендіретін ядролардың орталығы үнемі шамалы қозу жағдайында болады, соның есебінен жүрекке жүйке серпіністері келеді. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің тонусы бірдей емес. Ересектерде кезбе жүйкесінің тонусы басым болады. Ол қантамырлар жүйесіндегі рецепторлардан ОЖЖ-не келетін серпіністер есебінен ұсталып тұрады. Осы рецепторлар жүйке жиынтықтар – рефлексогендік аймақтар түрінде орналасқан : 1) каротидті синус аймағында; 2) қолқа доғасында; 3) тәждік тамырлар аймағында. 34

Изображение слайда
35

Слайд 35: Кіші қан айналым шеңбері тамырларынан рефлекстік әсерлер

Парин рефлексі : кіші қан айналым шеңберінің тамырларында қан қысымы жоғарылағанда жүрек қызметі тежеледі. 35

Изображение слайда
36

Слайд 36: Оң жақ жүрекшеден рефлекстік әсерлер

Бейнбридж эффектісі : оң жақ жүрекшенің созылуы кезінде импульстер n.vagus ядроларына келеді, сөйтіп олардың белсенділігі тежеледі, нәтижесінде жүректің жиырылу жиілігі жоғарылайды. 36

Изображение слайда
37

Слайд 37: Перикардтың рефлекстік әсерлері

Черниговскийдің рефлексі перикард созылғанда немесе оның хеморецепторлары қозғанда жүректің қызметі тежеледі. 37

Изображение слайда
38

Слайд 38: Ішкі ағзалардың интерорецепторларынан рефлекстер

Гольц рефлексі – асқазан-ішек жолдарын тітіркендіргенде жүректің қызметі тежеледі (висцеро-висцералдық рефлекс). Висцеро-кардиялық рецептор: құрсақ қуысының механорецепторларын механикалық тітіркендіру (құрсақ қуысын қатты ұру) көптеген жануарлар мен адамда жүрек қызметінің күрт сиреуін тудырады. 38

Изображение слайда
39

Слайд 39: Ішкі ағзалардың интерорецепторларынан рефлекстер және олардың графикалық көрінісі

А – Гольц рефлексі (эпигастралдық аймақты ұрғанда – жүректің рефлекстік тоқтауы) Б – Данини-Ашнер рефлекс ( көз алмасына басқанда – жүрек жиырылудың рефлекстік баяулауы) А Б 39

Изображение слайда
40

Слайд 40: Экстерорецептивті рефлекстер

Ауырсыну рецепторлары мен терморецепторларды тітіркендіргенде, шырышты қабықшаларды күрт иістермен тітіркендіргенде - симпатикалық жүйке жүйесі белсенеді, тахикардия байқалады. 40

Изображение слайда
41

Слайд 41: Ми қыртысының жүректің қызметіне әсері

Ми қыртысы жүрек қызметін кезбе және симпатикалық жүйкелер арқылы реттей алады. Адамдарда және жануарларда жүрекке әсер ететін шартты рефлекстерді қалыптастыруға болады. 41

Изображение слайда
42

Последний слайд презентации: Қ арағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Физиология кафедрасы

Назарларыңызға рахмет! 42

Изображение слайда