Презентация на тему: Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы «

Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы « Стоматология » мамандығы
Дәрістің мақсаты:
Дәрістің жоспары:
Қанайналым шеңбері
Қантамырлардың түрлері және қызметтері
Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері
Қозғыштық
Автоматия
ЖҮРЕКТІҢ ӨТКІЗГІШТІК ЖҮЙЕСІ
Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы «
Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы «
В.Гаскеллдің автоматия градиенті
СТАННИУСТЫҢ САЛҒАН ЛИГАТУРАЛАРЫ
ПУЛЬС ЖИІЛІГІ БОЙЫНША АВТОМАТИЯНЫҢ ӨЗГЕРІСІН БАҒАЛАУ
ЖҮРЕКТІҢ ЫРҒАҚ ЖҮРГІЗУШІ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ПОТЕНЦИАЛЫ
Синоатриалдық түйінде әрекет потенциалының дамуы
Жүректің ырғағын қалаушы жасушаларындағы электрлік потенциалдар пайда болуының иондық механизмдері
Кардиомиоциттердің әрекет потенциалы
Қарыншалардың миокард қасиеттерін салыстыру
«Бәрі немесе ештеңе емес» заңы
Рефрактерлік
Өткізгіштік
Жиырылғыштық
Жүрек бұлшықетінің жиырылу механизмі
Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы «
Экстрасистола
Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы «
ЖҮРЕК ЦИКЛІНІҢ ФАЗАЛАРЫ
ЖҮРЕК ЦИКЛІНІҢ ФАЗАЛАРЫ
ЖҮРЕКШЕЛЕРДІҢ СИСТОЛАСЫ
ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ СИСТОЛАСЫ
ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ ДИАСТОЛАСЫ (ЖҮРЕКТІҢ ЖАЛПЫ ПАУЗАСЫ)
Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы «
Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері
Егде жастағы адамдарда байқалатын жүрек қызметінің өзгерістері
Егде жастағы адамдарда байқалатын жүрек қызметінің өзгерістері
Проблемалық сұрақ
Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы «
1/38
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 41)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1516 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы « Стоматология » мамандығы

Тақырып : « Қан айналым физиологиясы. Жүрек және қантамырлары » 2018 Дәріскер: аға оқытушы Рамазанов А.К.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Дәрістің мақсаты:

Жүрекшелер мен қарыншалардың жиырылуын қамтамасыз ететін жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттерін талдау.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Дәрістің жоспары:

1. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Автоматия. Автоматия градиенті. Жүрек бұлшықетінің қозғыштығының ерекшеліктері. Миоциттер мен кардиомиоциттердің әрекет потенциалы. Өткізгіштік. Жиырылғыштық. 2. Жүрек циклі. 3. Жүрек қызметінің жасқа сай өзгерістері.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Қанайналым шеңбері

Изображение слайда
5

Слайд 5: Қантамырлардың түрлері және қызметтері

Изображение слайда
6

Слайд 6: Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері

Қозғыштық Автоматия Рефрактерлік Өткізгіштік Жиырылғыштық Созылғыштық Эластикалылық

Изображение слайда
7

Слайд 7: Қозғыштық

- бұл ж үректің тыныштық күйден белсенді күйге, яғни қозу жағдайына ауысу қабілеті. Қозу жүректің нақты өзінде болатын үрдістердің әсерінен мерзімді түрде туындап отыра ды. Аталған құбылыс автоматия атауына ие болды.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Автоматия

– бұл қозудың өз бетімен пайда болу қасиеті. Автоматия – бұл жүрек бұлшықетінде туатын серпіністер арқасында жүректің мерзімді жиырылу қабілеті. Жүректің пейсмекер жасушалары немесе І реттік ырғақты жүргізушілер – оң жақ жүрекшенің ерекше бұлшықет жасушалары.

Изображение слайда
9

Слайд 9: ЖҮРЕКТІҢ ӨТКІЗГІШТІК ЖҮЙЕСІ

Изображение слайда
10

Слайд 10

Жүрек автоматизмінің табиғаты миогендік. Арнайы (атиптік) бұлшықет талшықтарынан тұратын миокардтың нақты аймақтарының спонтанды белсенділігімен негізделеді. Арнайы бұлшықеттер жүректе өткізгіштік жүйені түзеді. Өткізгіштік жүйеде қозуды өткізу жылдамдығы 4-5 м/с. Атриовентрикулярлық түйін аймағында 2-5 см/с созылатын атриовентрикулярлық кідіріс болады, ол жүрекшелер мен қарыншалардың іздік жиырылуын қамтамасыз етеді.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Қалыпты жағдайда жүрек жиырылуының ырғағын синоатриалдық түйіннің бірнеше аса қозғыш жасушалары бастап береді, олар шынайы І реттік ырғақ жүргізушілері (пейсмекер) деп аталады.

Изображение слайда
12

Слайд 12: В.Гаскеллдің автоматия градиенті

Синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын автоматизм дәрежесі азая түседі. Синоатриалдық түйін – І реттік ырғақ жүргізушісі (60-80 имп/мин). Атриовентрикулярлық түйін – ІІ реттік ырғақ жүргізушісі (30-40 имп/мин). Гис шоғыры - 30-40 имп/мин. Гис шоғыры-Пуркинье талшықтары - 20 имп/мин.

Изображение слайда
13

Слайд 13: СТАННИУСТЫҢ САЛҒАН ЛИГАТУРАЛАРЫ

ҚАЛЫПТА 1 лигатура 2 лигатура 3 лигатура

Изображение слайда
14

Слайд 14: ПУЛЬС ЖИІЛІГІ БОЙЫНША АВТОМАТИЯНЫҢ ӨЗГЕРІСІН БАҒАЛАУ

АВТОМАТИЯ ЖОҒАРЫ - ПУЛЬС ЖИІЛЕЙДІ- ТАХИКАРДИЯ АВТОМАТИЯ ТӨМЕН - ПУЛЬС СИРЕЙДІ - БРАДИКАРДИЯ ӨЗГЕРМЕЛІ АВТОМАТИЯ - ТҮРЛІ ЖИІЛІКТЕГІ ПУЛЬС - СИНУСТЫҚ АРИТМИЯ

Изображение слайда
15

Слайд 15: ЖҮРЕКТІҢ ЫРҒАҚ ЖҮРГІЗУШІ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ПОТЕНЦИАЛЫ

1 2 3 1 – БАЯУ ДИАСТОЛАЛЫҚ ДЕПОЛЯРИЗАЦИЯ (БДД) 2 – ДЕПОЛЯРИЗАЦИЯ 3 – РЕПОЛЯРИЗАЦИЯ

Изображение слайда
16

Слайд 16: Синоатриалдық түйінде әрекет потенциалының дамуы

Пейсмекер жасушаларының әрекет потенциалы үшін тән: Баяу спонтанды диастолалық деполяризация Шыңға шығудың баяулығы, кіші амплитуда, әрекет потенциалының шың тәрізді формасы Ерте шапшаң реполяризация фазасының болмауы, "овершут" пен"плато" фазаларының айқын көрініс бермеуі

Изображение слайда
17

Слайд 17: Жүректің ырғағын қалаушы жасушаларындағы электрлік потенциалдар пайда болуының иондық механизмдері

Синоатриалды түйінің жасушаларындағы баяу диастолалық деполяризация және ӘП баяу көтеру кезеңінің дамуында кальций каналдары жетекші роль атқарады. Баяу диастолалық деполяризацияның жылдамдығы автономды (вегетативті) жүйке жүйесімен реттеледі. Симпатикалық жүйке жүйесі әсерінен медиатор норадреналин баяу кальций каналдарды белсендіреді, нәтижесінде диастолалық деполяризацияның жылдамдығы жоғарылайды және спонтандық белсенділігінің ырғағы жоғарылайды. Парасимпатикалық жүйке жүйесі әсерінен медиатор АХ мембрананың калий өткізгіштігін жоғарлатады, ол диастолалық деполяризация дамуын баяулатады немесе оны тоқтатады және мембрананың гиперполяризацияны тудырады. Осы себептен ырғақтың сиректеу немесе автоматияның тоқтауы пайда болады .

Изображение слайда
18

Слайд 18: Кардиомиоциттердің әрекет потенциалы

0 фаза – шапшаң Na + каналдарының белсенділігі. Бастапқы шапшаң реполяризация фазасы – К + каналдарының белсенділігі (1 фаза). Плато фазасы – жасушадан К + баяу шығуы жасушаға Са ++ иондарының баяу енуімен теңестіріледі (2 фаза). Реполяризация фазасы - жасушадан К + сыртқа шығуы (3 фаза). Тыныштық фазасы мембраналық потенциалдың қалыпқа келуі (4 фаза). 0 1 2 3 4

Изображение слайда
19

Слайд 19: Қарыншалардың миокард қасиеттерін салыстыру

0 – деполяризация кезеңі, 1 — алғашқы тез реполяризация кезеңі, 2 — баяу реполяризация (плато кезеңі), 3 — соңғы тез реполяризация 4 – тыныштық кезеңі 5 — абсолюттық рефрактерлік кезең 6 — салыстырмалы рефрактерлік кезең 7 — супернормалды Қозғыштық кезеңі Әрекет потенциалы Жеке дара жиырылудың сызығы 0 1 2 3 4 5 6 7

Изображение слайда
20

Слайд 20: Бәрі немесе ештеңе емес» заңы

Изображение слайда
21

Слайд 21: Рефрактерлік

- дегеніміз қозбаушылық. Жүрек бұлшықетінің абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 0,27 с, ал салыстырмалы рефрактерлік кезеңі 0,03 с құрайды. Абсолюттік рефрактерліктің ұзақ кезеңі жүрек бұлшықетінің жеке дара жиырылу режимі мен оның ырғақтылығын қамтамасыз етеді. Жүрек бұлшықетіне тетанустық жиырылу тән емес.

Изображение слайда
22

Слайд 22: Өткізгіштік

дегеніміз – қозуды белсенді күйдегі аймақтардан тыныштық күйдегі аймақтарға өткізу қабілеті. Жүректің өткізгіштік қасиеті электротониялық табиғатқа ие. Ол атиптік және жұмысшы миокард жасушалар арасындағы нексустардың және кардиомиоциттерді бөліп тұратын қосымша пластинкалардың төменгі электрлік кедергісімен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, кез келген аймақты табалдырықтан жоғары тітіркендіру миокардтың түгел қозуын тудырады. Бұл жүрек бұлшықетінің ұлпасын жекелеген жасушаларға ( функционалдық синцитий) морфологиялық түрде ажыратылған деп санауға мүмкіндік береді. Жүрекшелер бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 1 м/с. Қарыншалар бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 0,8 м/с.

Изображение слайда
23

Слайд 23: Жиырылғыштық

дегеніміз – жүрек бұлшықетінің ұзындығының өзгеруі немесе оны ң кернеу күшінің өзгеруі. Жүрек ырғақты түрде, жеке дара жиырылу режимінде жұмыс атқарады. Жүректің жиырылуы систола деп алатады. Алдымен жүрекшелер, содан соң қарыншалар жиырылады. Жиырылу фазасынан кейін босаңсу фазасы, яғни диастола болады.

Изображение слайда
24

Слайд 24: Жүрек бұлшықетінің жиырылу механизмі

Изображение слайда
25

Слайд 25

Созылғыштық – жүрек бұлшықетінің созу күшінің (қысымының) әсерінен өз құрылымын еш бұзбай отырып, ұзындықты арттыра алу қабілеті. Эластикалылық – жүрек бұлшықетінің деформациялайтын күштің әсері аяқталған соң бастапқы күйге қалпына келе алу қабілеті.

Изображение слайда
26

Слайд 26: Экстрасистола

Изображение слайда
27

Слайд 27

Жүрек циклі – жүректің жиырылуы ( систола ) мен одан кейінгі босаңсуына ( диастола ) жұмсалатын уақыт. Жүрек циклінің орташа ұзақтылығы = 0,8 сек ( жүрек минутына 75 рет соқса )

Изображение слайда
28

Слайд 28: ЖҮРЕК ЦИКЛІНІҢ ФАЗАЛАРЫ

Жүрекшелердің систоласы (0.1 с) Қарыншалардың систоласы (0.33 с) Қарыншалардың диастоласы (жүректің жалпы паузасы) (0.47 с)

Изображение слайда
29

Слайд 29: ЖҮРЕК ЦИКЛІНІҢ ФАЗАЛАРЫ

Қарыншалардың систоласы – 0,33с Қарыншалардың ширығу кезеңі – 0,08 с асинхрондық жиырылу - 0,05 с изометрлік жиырылу – 0,03 с Қан айдау кезеңі - 0,25 с қанды тез айдау – 0,12 с Қанды баяу айдау – 0,13 с Қарыншалардың диастоласы – 0,47 с Протодиастолалық кезең – 0,04 с изометрлік босаңсу - 0,08 с Қарыншалардың қанмен толу кезеңі – 0,25 с Қанмен тез толу кезеңі – 0,09 с Қанмен баяу толу – 0,16 с Жүрекшелер систоласымен қамтамасыз етілетін қарыншалардың қанмен толу кезеңі – 0,1 с

Изображение слайда
30

Слайд 30: ЖҮРЕКШЕЛЕРДІҢ СИСТОЛАСЫ

1 ФАЗА ҰЗАҚТЫЛЫҒЫ 0,1 с ЖҮРЕКШЕЛЕР + ҚАРЫНШАЛАР - ҚАҚПАҚШАЛЫКЛАПАНДАР АЙШЫҚ КЛАПАНДАР ҚАННЫҢ ҚЫСЫМЫ 5 – 7 мм.с.б.

Изображение слайда
31

Слайд 31: ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ СИСТОЛАСЫ

2 ФАЗА ШИРЫҒУ ФАЗАСЫ (0,08 с) АЙДАУ ФАЗАСЫ (0,25 с) ҰЗАҚТЫЛЫҒЫ 0,33 с ЖҮРЕКШЕЛЕР - ҚАРЫНШАЛАР + ҚАҚПАҚШАЛЫ КЛАПАНДАР АЙШЫҚ КЛАПАНДАР Сол жақ қарыншадағы ҚАННЫҢ ҚЫСЫМЫ 25-30 120 - 130 мм.с.б. мм.с.б.

Изображение слайда
32

Слайд 32: ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ ДИАСТОЛАСЫ (ЖҮРЕКТІҢ ЖАЛПЫ ПАУЗАСЫ)

3 ФАЗА БОСАҢСУ КЕЗЕҢІ ҚАНМЕН ТОЛУ КЕЗЕҢІ ҰЗАҚТЫЛЫҒЫ 0,47 с ЖҮРЕКШЕЛЕР - ҚАРЫНШАЛАР - ҚАҚПАҚШАЛЫ КЛАПАНДАР жабық ашық АЙШЫҚ КЛАПАНДАР жабық ашық ҚАННЫҢ ҚЫСЫМЫ 0 мм.с.б.

Изображение слайда
33

Слайд 33

Жүрек циклінің ФАЗАЛАРЫ 1 ФАЗА 2 ФАЗА 3 ФАЗА Жүрекшелер систоласы Қарыншалар систоласы Қарыншалардиастоласы ҰЗАҚТЫЛЫҒЫ 0,1 0,33 0,47 ЖҮРЕКШЕЛЕР + - - ҚАРЫНШАЛАР - + - ҚАҚПАҚШАЛЫ КЛАПАНДАР ашық жабық ашық АЙШЫҚ КЛАПАНДАР жабық ашық жабық ҚАННЫҢ ҚЫСЫМЫ 5 – 7 мм.с.б. 120 - 130 мм.с.б. 0 мм.с.б.

Изображение слайда
34

Слайд 34: Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері

Қанның систолалық көлемі = 50-70 мл Қанның минуттық көлемі = 4,5-5 л/мин Жүрек индексі = қанның минуттық көлемі / дене беткейінің ауданы (1,76 м 2 ). Орта есеппен алғанда оның көлемі = 2,84 л/м 2.

Изображение слайда
35

Слайд 35: Егде жастағы адамдарда байқалатын жүрек қызметінің өзгерістері

Миокардтағы биологиялық тотығу үрдістерінде май қышқылдарын қолдану баяулайды, соның салдарынан жүректе май жиналып, кардиосклероз дамиды. Миокардтың энергетикалық субстрат ретінде сүт қышқылын қолдану қабілеті азаяды, ал миокардта сүт қышқылының жинақталуы ұлпалық ацидоздың дамуына әкеледі. Кардиомиоциттерде миоглобин мен митохондрий саны азаяды.

Изображение слайда
36

Слайд 36: Егде жастағы адамдарда байқалатын жүрек қызметінің өзгерістері

Жасушалық тыныс алудың ферменттік жүйесінің белсенділігі төмендейді. Тотығу үрдістерінің қарқындылығының азаюы миокардтың жиырылғыштық қызметінің төмендеуіне әкеледі. Миокардтың жиырылғыштық қасиетінің азаюы жүректің соғу көлемі мен жүректің жиырылу жиілігінің азаюяна әкеледі. Миокардтың қозғыштығы мен өткізгіштігі төмендейді, ол жүрек ырғағының баяулауымен, электрокардиограммада P - Q интервалының ұлғаюымен және QRS кешенінің ұзақтығының артуымен көрініс береді.

Изображение слайда
37

Слайд 37: Проблемалық сұрақ

Неліктен жүрек ырғақты түрде жиырылады: систоладан кейін диастола, ал диастоладан кейін систола болады?

Изображение слайда
38

Последний слайд презентации: Қ арағанды м емлекеттік м едицина у ниверситеті Физиология кафедрасы «

Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда