Презентация на тему: Ақсу-Жабағылы қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы
Назарлары ңызға рахмет
1/10
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 79)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (20391 Кб)
1

Первый слайд презентации: Ақсу-Жабағылы қорығы

Изображение слайда
2

Слайд 2

Тянь-Шань – Орта және Орталық Азиядағы орасан зор тау жүйесі. Ол 2,5 км шақырымға созылып, бір қатар тұтастай тау жоталарынан құралған. Ақсу-Жабағлы қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік-батыс сілемдерінде орналасқан.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Ақсу – Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен 1926 жылы шілденің 14-іне құрылды. Қаулыда қорық « Табиғат ескерткіші ретінде Ақсу мен Жабағылы өзендерін,олардың барлық ағаш және тал- шілік егістерін, шөп жамылғылары мен осы қорықты мекендейтін жан-жануарлар әлемін қол тимеген табиғи қалпында сақтап қалу мақсатында » құрылғаны атап көрсетілген.Қорықтың көлемі жылдан – жылға өзгеріп, бүгінде оның алып жатқан аумағы –131 934,3 га.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары ( тереңдігі 500 м- дей ) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 ( дәрі-дәрмектік өсімдіктерден : қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны ), техникалық өсімдіктен : арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден : жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден : жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Ақсу – Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы екі мемлекетпен – Қырғызстан және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарын және Жамбыл облысының Жуалы ауданын қамтиды.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Қорықта ең биік тау – Сайрам шыңы, оның биіктігі теңіз деңгейінен4238 м. Қазақ халқы бұл тауды « Ақтүйе өлген » деп атаған, өйткені таудың көрінісі жансыз жатқан түйеге ұқсайды.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Қорықтың ең негізгі өзендері – Ақсу және Жабағылы. Ақсу – ең ұзын өзен, 120 км- ге созылып жатыр. Мамыр айында Ақсу көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүтке ұқсас болады. Бұл өзеннің аты да соған байланысты қойылған. Кіші Ақсу мен Үлкен Ақсу қосылған жерде тамаша айбынды терең тік аңғарлар – құз-шатқал құралған.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы – өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарларға бай қазына. Соңғы деректерге қарағанда қорық аумағында құстың 267, сүтқоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның аумағында мүктің 63, қынаның 63 - тен астам, балдырдың -64, саңырауқұлақтың 235, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 17 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.

Изображение слайда
10

Последний слайд презентации: Ақсу-Жабағылы қорығы: Назарлары ңызға рахмет

Изображение слайда