Презентация на тему: Ақшаның пайда болуы және мәні

Ақшаның пайда болуы және мәні
Жоспар:
Кіріспе
Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
Ақшаның пайда болуы және мәні
Ақшаның түрлері
Ақшаның пайда болуы және мәні
Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
Ақшаның пайда болуы және мәні
Ақша айналысының сипаттамасы
Ақшаның пайда болуы және мәні
Қорытынды:
Ақшаның пайда болуы және мәні
1/13
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 83)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (556 Кб)
1

Первый слайд презентации: Ақшаның пайда болуы және мәні

Орындаған: Пашар Д Тексерген:Бектұрғанова С

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар:

Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері Ақшаның түрлері және олардың қазіргі жағдайы Ақша айналысының сипаттамасы Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды   [2]  –  астық,  мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде   алтын   және   күміс   жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері ( біртектілігі, мықтылығы, құндылығы ) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ  металл   ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды. [3] Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына   қағаз   ақшалар жүре бастады.  Қағаз ақшаның  құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды. Ақша ( ағылш.   money; cash ;  нем.   Geldn, Geldmittelpi ) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше   тауар.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері

Ақша   - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді ) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ. Ақша   тауар   өндірісінің  дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған. Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған. бек өнімі.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6: Ақшаның түрлері

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар )  — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. 640 Б.д.б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген.Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады. Толыққұнсыз ақшалар   (құнның белгілері ) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады : құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар ; құнның қағаздан жасалған белгілері.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Изображение слайда
8

Слайд 8: Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады : құн өлшемі және баға масштабы; айналыс ( айырбас ) құралы; төлем құралы; қорлану және қор жинау құралы; дүниежүзілік ақша.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Изображение слайда
10

Слайд 10: Ақша айналысының сипаттамасы

Ақша айналысы  — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы. Қолма-қол ақшалар айналысы  — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер ) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы ) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді. Қолма-қолсыз ақшалар айналысы  — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы. Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары ( депозиттер ).

Изображение слайда
11

Слайд 11

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан, ТМД-нің басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында“ қала береді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан РЕспубликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “ Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы “ Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8 –ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталар қатарына кіреді. Қазақстан ұлттық валютасының сәтті енггізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы

Изображение слайда
12

Слайд 12: Қорытынды:

1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып).Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Изображение слайда
13

Последний слайд презентации: Ақшаның пайда болуы және мәні

Назарыңызға рахмет!!!

Изображение слайда