Слайд 2: Ақша экономикадағы рөлін
өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Слайд 3
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады : құн өлшемі және баға масштабы; айналыс ( айырбас ) құралы ; төлем құралы ; қорлану және қор жинау құралы ; дүниежүзілік ақша.
Слайд 4: Ақшаның құн өлшемі қызметі
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде : « мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бір-бірінің өлшенуіне жағдай жасады.
Слайд 5: Ақшаның айналыс құралы қызметі
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс кұралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері : қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Слайд 6: Ақшаның төлем құралы қызметі
Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс нысанына ие : Т ( тауар ) — М ( міндеттеме ), келісілген мерзімнен кейін: М ( міндеттеме ) — Т ( тауар ).
Слайд 7
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады : тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері ; мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер ; банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер ; сақтандыру міндеттемелері ; әкімшілік және сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Слайд 8: Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі нысанда жүзеге асырылады десе болады : Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ ( депозиттік ) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану нысанда ; Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану нысанында.
Слайд 9: Дүниежүзілік ақша
Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болыптабылады. Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі нысанында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде : « ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы нысаны ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар нысанында өтеді »— деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.