Презентация на тему: Ақсай мұнай газ кен орны

Реклама. Продолжение ниже
Ақсай мұнай газ кен орны
Кен орын туралы
Географиялық құрылымы
Жатыс сипаты
Мұнайының құрамы
Ақсай мұнай газ кен орны
Ақсай мұнай газ кен орны
Мұнай-газ өндіру көлемі
Ақсай мұнай газ кен орны
1/9
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 78)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (639 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Ақсай мұнай газ кен орны

Орындаған : Токеев Ж.Ж Тексерген : Абежанов Е.Б Тобы : МГІ-16.1 қ/б

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2: Кен орын туралы

Ақсай - Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы газ-мұнай кен орны. Қызылорда облысында, Жосалы станциясының солтүстік-шығысында, одан 150 км қашықтықта орналасқан. 1986-1987 жж. құрылым іздестіру жұмысына даярланды. Кен орын 1988 ж. ашылды. Барлау жұмыстары 1989 ж. б асталды.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3: Географиялық құрылымы

Құрылым жұмыстары юраның шағылдырушы горизонты бойынша тектоникалық бұзылыстармен солтүстігі мен оңтүстік-шығысы бөлшектенген антиклин көтерілім. Өлшемдері 11 7 км амплитудасы 100 м. Кен орын төменгі б ордың неоком жікқабатының төменгі жағын қамтитын арысқұм горизонтының терригендік шөгінділерінде орныққан үш жатыннан тұрады. Олардың біреуі мұнайлы газды, өзге екеуі тек қана мұнайлы. Табиғи қор қоймасының ( резервуарының ) сипаты жағынан барлық жатындар қойнауқаттық және күмбездік, оларда тектоникалық және литологиялық қалқалану элементтері байқалады

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
4

Слайд 4: Жатыс сипаты

Мұнайлы жатындар биіктігі 10 м-ден 60 м-ге дейін, олардың күмбезді жатыс тереңдігі 1354 м-ден 1397 м-ге дейінгі аралықты қамтиды. Мұнай-газ жапсары -1375 м және -1415 м абсолюттік белгілерде. Өнімді қойнауқаттардың жалпы қалыңдығы 11-18 м, тиімді және мұнайға қаныққан қалыңдық 4-8 м, газға қаныққаны-3,6 м. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,56, газға қанығуы коэффициенті 0,73. Жинауыштары терригендік, кеуекті.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5: Мұнайының құрамы

Өнімді қойнауқаттардағы мұнай тығыздығы 855-950 кг/м 3, күкірті аз ( 0,11 %), парафині мол (16-20%), шайырлы (10,6%), асфальтендері 0,11 %, мұнайдың динамикалық тұтқырлығы 0,74 МПа, 8 мм-лік штуцермен газды тақиядағы газдың шығымы 137,6 мың м 3 /тәу. Газдың тығыздығы ауа бойынша 0,902. Хлоркальцийлі типті табандық сулардың тығыздығы 1010-1040 кг/м 3. Мұнайдың құрамы : метан 81,55%, этан 9.73%, пропан 3.3%, изобутан 0,36 %, н-бутан 0,61 %, пентан + жоғары 0,5 %. Газ құрамында сутегі сульфиді (1,01%), азот (0,01%), көмірқышқыл газы (1,28%) бар.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
7

Слайд 7

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8: Мұнай-газ өндіру көлемі

ҚМГ БӨ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі бойынша көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның «Қазгермұнай» БК ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» Компанияларындағы үлесін ескере отырып, мұнай өндіру 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (+ 1,7%) құрады. Бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді ескере отырып, ҚМГ БӨ шоғырландырылған дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңында 200 млн. тоннаны құрады. «Миллер энд Ленс» тәуелсіз компаниясының есебіне сәйкес, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 2Р санатындағы Ақсай кенорнының мұнай қоры 1,5 млн. тоннаны, газ қоры - 1626 млн. текше метрді құрады. м. ҚМГ БӨ мәліметі бойынша 2015 жылы Ақсай кен орнында мұнай өндіру 114,5 мың тоннаға (тәулігіне 2,4 мың баррель) және 70 млн. текше метр газды құрады. Сонымен бірге, өндірілген мұнай ҚГМ-нің қолданыстағы бағыттарына сәйкес сатылатын болады, ал газ ішкі нарыққа мемлекеттің бағалары бойынша жеткізіледі.

Изображение слайда
1/1
9

Последний слайд презентации: Ақсай мұнай газ кен орны

Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже