Презентация на тему: антропогендік және техногендік төтенше жағдайлар түрлері

антропогендік және техногендік төтенше жағдайлар түрлері
антропогендік және техногендік төтенше жағдайлар түрлері
Антропогендік төтенше жағдай
антропогендік және техногендік төтенше жағдайлар түрлері
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
антропогендік және техногендік төтенше жағдайлар түрлері
Түрлі апат, төтенше жағдай болмау үшін табиғатты қорғап, аялай білу керек.
1/7
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 100)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1820 Кб)
1

Первый слайд презентации: антропогендік және техногендік төтенше жағдайлар түрлері

Айымбек Ерсін антропогендік және техногендік төтенше жағдайлар түрлері

Изображение слайда
2

Слайд 2

Төтенше жағдай (ТЖ) – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшырататын, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай

Изображение слайда
3

Слайд 3: Антропогендік төтенше жағдай

Антропогендік ТЖ – адамның әрекетіне байланысты авария немесе апат. Антропогендік қауіп-қатер адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болып, адамдардың ден-саулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізетін құбылыс.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Адамдардың шаруашылық іс-әрекетінен өмір сүру ортасына кері әсерін тигізетін негізгі фактордардың бірі атмосфералық ауаның былғану көздері. Атмосфералық ауа – бұл   азоттан, оттегіден, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелийден және басқа газдардан тұрады. Жоғарыдағы газдардың ішіндегілердің адамға өте керектісі оттегі. Себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі және ол бар жоғы 2-3 минутқа қана тыныс алуға жетеді. Ал 5 минут өтсе, адамға оттегі жетіспегендіктен, оның ми қабатының жұмысы тоқтап, биологиялық өлімге әкеледі. Атмосфераның әр түрлі зиянды заттармен ластануы, адамдардың ауруына ықпалын жасайды. Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі антропогенлік көздерге өнеркәсіп орындары, жылу энергетикасы мен көліктер жатады. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші денгейдегі   өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соқтырып, олар қара түтін (смог), қышқыл жауыны, парниктік эффект сияқты зиянды құбылыстарды   тудырып және   озон қабатының жұқаруына ықпалын тигізеді

Изображение слайда
5

Слайд 5: Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар түрлері : — Өндіріс орындарында болатын апаттар ( зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с ). — Көлік жүйесіндегі апаттар. — Түрлі жарылыстар мен өрттер ( өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с ). АЭС Фукусимо, Жапония, 2011 ж.

Изображение слайда
7

Последний слайд презентации: антропогендік және техногендік төтенше жағдайлар түрлері: Түрлі апат, төтенше жағдай болмау үшін табиғатты қорғап, аялай білу керек

Изображение слайда