Презентация на тему: Антигендер және олардың жүру жолдары

Антигендер және олардың жүру жолдары
Жоспар
Кіріспе
Антигендер
Антигендердің жіктелуі
Антигендер және олардың жүру жолдары
Антигендердің қасиеттері
Антигендердің қасиеттері
Антигендер және олардың жүру жолдары
Антигендердің жүру жолдары
Антигендердің жүру жолдары
Антигендер және олардың жүру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1/14
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 56)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2878 Кб)
1

Первый слайд презентации: Антигендер және олардың жүру жолдары

Орындаған: Сейіт Р.М. Қабылдаған: Саршаева А.Б. Тараз 2016 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Технологиялық факультеті ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ МЕН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ кафедрасы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар

КІРІСПЕ Антигендер туралы түсінік Антигендердің жіктелуі Антигендердің қасиеттері Антигендердің жүру жолдары ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Макроорганизм онтогенез кезінде бөгде заттармен, бейжасушалык тірлік түрімен және де биологиялық текті молекулалармен үнемі тікелей қарым-қатынаста өтеді. Олардың барлыгы макроорганизмге бөгде болғандығынан жасырын қауіптілігі болады. Олармен тікелей қатынас нәтижесінде организмнің ішкі түрақтылығы (гомеостаз) бүзылып, биологиялық процестер тежеліп, макроорганизмді өлімге душар қылуы мүмкін. Сондықтан, биологиялық бөгде заттар эволюцияның ерте қезеңінде қүрылған иммундық жүйеге қауіп төніп түрғанының ескерту дабылы болады. Олар жүре келе пайда болған иммунитеттің негізгі тітіркендірушісі. Сондай нысандар бірі антиген (грек. а nt і-қарсы, g е n о z- тегі,жасау, қүру) деген атқа ие болды.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Антигендер

Антигендер — адам және жануарлар ағзасына түскенде иммундық реакция шақыратын заттар. Олар бөтен ерекшелігі бар биополимерлер немесе олардың жасанды түрлері (аналогтары). Антигенге қарсы ағзада арнайы антидене түзіліп немесе лимфоциттердің сенсибилизациясы болып, айрықша клондары арқылы иммундық реакция жүреді. Антигеннің үстінде арнайы иммунологиялық реакцияға түсіп, антиденемен байланысатын белсенді орталығы детерминант деп аталады. Иммундық жауабының ерекшелігі детерминантқа байланысты.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Антигендердің жіктелуі

табиғи антигендер — белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо- және экзотоксиндер, ұлпа және қан торшалар, антигендері. Табиғи антигендер гетерологиялық ерекшелігімен сипатталады ; жасанды антигендер — төменгі молекулярлы қосындылардан синтезделген ; гаптендер — жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке ие болады ;

Изображение слайда
6

Слайд 6

Химиялық құрамына қарай : белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді. Ерітінді антигендерге - токсиндер, ферменттер жатады ; Генетикалық жағдайына байланысты антигендер ; аутоантигендер, ағзаның өзгерген өз торшаларынан шыққан антигендер ; өзгерген өз торшалары антиген болып, аутоиммундық патологиялық үрдіс дамытып, аутоантиденелер туғызады ; изоантигендер — АВО қан топтарын құрады ; аллоантигендер — бір түрдегі жануарлардағы генетикалық аллельді түрлерінің айырмашылығы ; ксеноантигендер ( гетероантиген ) — антиген басқа түрге жататын жануарлардан алынған.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Антигендердің қасиеттері

Иммуногендігі — антигеннің иммундық жауап шақыратын қабілеті, ол антигенн i ң молекулалық салмағына байланысты. Молекула салмағы жоғары болса, иммуногендігі жоғары. Ол детер­минанттардың антиген молекуласындағы санына байла­нысты.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Антигендердің қасиеттері

Генетикалық бөгделігі тым алыс ( алшақты ) болса, соғұрлым антиген иммуногендігі жоғары. Антигеннің спецификалық қасиетімен ерекшеленуі. Антиген валенттілігі молекуладағы детерминанттардың санымен бірдей. Детерминант саны көп жағдайда екеу, иммуногендігі екі есе көп. Жұмыртқа альбуминінің 5 детерминанты бар, күл токсинінде — 8, тиреоглобулинде — 40.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Изображение слайда
10

Слайд 10: Антигендердің жүру жолдары

Антигендер макрофагтардың үстіндегі рецепторларымен байла­нысып, лимфоциттердің үстіндегі антиденелік рецепторына көшеді. Антигендер макрофагтың ішіне пиноцитоз арқылы кіріп, содан тіке элиминацияға ұшырайды немесе макрофагтардың РНҚ-мен лимфоциттердің үстіндегі антиденелік рецепторларына беріледі. Антигендер антиденемен макрофагтық дендритті өсінділерімен (отросток) кездесіп, лимфоциттермен байланысады. Антигендер макрофагқа кездеспей, тіке лимфоциттік рецепторымен байланысады, оның ішіне кіреді.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Антигендердің жүру жолдары

Антигендермен кездескенде лимфоциттерд i ң әр түрл i иммундық жауабы жүред i: В — лимфоцит плазмалық торшаға айналып (лимфобласт арқылы) және иммуноглобулиндер шығарады. Лимфоцит антигенді еске сақтайтын торшаға ауысып, кейіннен кездескенде оны танитын болады, өйткені лимфоциттерде сенсибилизация қалады. Лимфоциттің белсенділігі көтеріліп, иммундық жауаптарда белсенді торшалар лимфоциттер — киллерге айналады. Антигендер көп болғанда лимфоциттердің барлық рецепторлары антигенге толып, иммундық реакция жүрмейді де, толеранттылыққа әкеледі.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Антигендер стимуляциясындағы иммундық жауаптарының кезеңдері: Антигендер біріншіден магрофагтармен өңделеді. Антигендер кіші лимфоциттермен жанасып, сенсибилизация дамытады. Лимфоциттер лимфобласттарға (трансформацияға) айналып, көп полирибосом шығарады. Полирибосомдар плазмалық торшалар түзіп, антиденелер шығарады. Плазмалық торшалар гуморалды иммундық механизмді басқаратын торшалар. 3-этапта лимфобласттар (трансформацияланған) сенсибилизация­ланған лимфоцитке айналады. Сенсибилизациясы бар лимфоциттер баяу жүретін аллергиялық реакцияларға қатысып, торшалық иммунитеттің құрамына кіреді. 5-этапта антиденелер антигенмен байланысқаннан кейін комплементті белсендіреді және өзіне орта көлемді лимфоциттерді тартып жинайды да, иммундық реакцияның қабыну фазасы дамиды.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Қорытынды

Антиген - макроорганизмге еңген кезде иммундық жүйе танитын және оны жою үшін иммундық тітіркену тудыратын организм үшін генетикалық бөгде органикалық биополимер. Антигендер иммунитетке жауапты жасушалармен танылып тізбектелген иммундық реакциялар туғызып, ал ол реакциялар антигенді бейтараптап, бүзып және олардан арылуға бағытталады. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша антиген туралы ілім организмнің иммундық қорғанысының молекулалық- генетикалық механизмін және де ауруды иммундық емдеу мен иммундық алдын алудың принциптерін түсіну негізінің кілті болып табылады.

Изображение слайда
14

Последний слайд презентации: Антигендер және олардың жүру жолдары: Пайдаланылған әдебиеттер

Сайдолдаұлы Т. « Індеттану » Алматы,1993ж. (255-260б). Сайдулдин Т. « Ветеринариялық індеттану » Алматы, І999ж.(125-127б ). http://kazorta.org/antigender-turaly-aza-sha-referat/

Изображение слайда