Первый слайд презентации: Ән өнері : қазіргі және дәстүрлі
уИа-12 Мусургалиева А., Шевцова Т. Ән өнері : қазіргі және дәстүрлі
Слайд 2
Ән өнері, әр түрлі музыкалық шығармалардағы композитордың көңіл күйі, ішкі сезім толғанысын көркемдікпен мәнерлеп жеткізетін өнердің бір формасы. Ән өнері тұтас тыңдаушы қауымның эстетикалық талғамына жарап, тәрбиесіне арналуға тиіс.
Слайд 3
Қазақ әндерінің жанрлық сипаттамасы ретінде оқыту тәжірибесінде этномузыкатанушы – Б.Ерзаковичтің тұжырымдамасы қолданылып келеді.Ғалым өзінің «Қазақ халқының ән мәдениеті» еңбегінде мынадай жанрлық анықтамаларды келтіреді :
Слайд 4
1. Тұрмыс-салт әндері. Күнтізбелік әндер-жыл өлеңдері, емдік-жоралық әндер –«Бәдік», «Күлапсан», жан-жануарларға арналған әндер; 2. Әулеттік-жоралық әндер. Той әндері – «Жар-жар», « Беташар », «Той бастар », « Сыңсу », « Қоштасу », қазаға ( өлімге ) байланысты әндер – « Естірту », « Жоқтау », « Көрісу »; 3. Тұрмыстық-отбасылық әндер. Насихат өлеңдер, балаларға арналған « Бесік жырлары », тұсау кесу, бесікке салу тақпақтары ;
Слайд 5
4. Еңбек әндері. Киіз үй құрғанда, көрпе тігу, киіз басу кезінде айтылатын әндер ; 5. Лирикалық әндер. Туған жер, махаббат әндері. 6. Әлеуметтік қарсылық әндері. «Көкшолақ», «Сараның әні», «Ақбөбек» т.б. 7. Тарихи әндер. « Елім-ай », «Құты қатты патшаның» т.б.
Слайд 6
Эстрада, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел ) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің ( әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады.
Слайд 7
Әрбір халықтың өз жұлдыздары бар. Қазақстанның ақылды, дарынды жұлдыздары көп.
Слайд 8
КЕМАЛОВ ЖАҚСЫКЕЛДІ Кемалов Жақсыкелді (1960). Әнші, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Ресей – Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген. Бірінші республикалық « Жігер » ( Алматы, 1985), республикалық « Жастар дауысы » ( Алматы, 1987), фестивалінің лауреаты 1988 жылдан бері Қ. Байжанов атындағы коцерттік бірлестік әншісі. Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық», Біржан салдың « Айбозым », Ақан серінің « Жамал қыз» әндерін ешкімге ұқсамайтын өзіндік мәнерімен орындайды. Көптеген шет елдерде өнер көрсетті. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы.
Слайд 9
КЕРМЕНБАЕВ НҰРЖАН Керменбаев Нұржан 1989 жылы Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласында дүниеге келген. Ән айтуды кішкентай кезінен бастаған. № 19 мектепте 9- сыныпқа дейін білім алған.Жезқазған музыкалық колледжін тәмәмдаған. (2009). 2006 жылғы « Super Star.Kz » мегажобасының жеңімпазы. 2009 жылы Юрмала қаласында өткен халықаралық « Жаңа толқын » байқауына қатысқан. Қазір « Арнау » дуэтінің әншісі.
Слайд 10
КИМ РОМАН Ким Роман Николаевич 1985 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Әкесі Николай Романович-кәріс, анасы Гүлнәр Мәжкенқызы-қазақ. Роман қазақ тілін жақсы біледі. Репертуарындағы біраз өлеңдері қазақ тілінде. Теміртау қаласындағы № 24 орта мектепті бітіріп, Тәттімбет атындағы өнер колледжін аяқтаған. 4 жасынан музыкалық мектептің скрипка класына барған. 2001 жылы жас талант « Жас қанат » байқауынан екінші орын алған. 2003 жылы Super Star. Kz тележобасына қатысып екінші орын алған.
Последний слайд презентации: Ән өнері : қазіргі және дәстүрлі
ХАМИТОВА ЖАНАР Хамитова Жанар 1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 5 жасында бірінші сыныпқа барған. Кішкентай кезінен спортпен шұғылданған, бес жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. 8- сыныптан бастап, үлкен сахналарға шыға бастады. 2006 жылы « Super Star» мегажобасына қатысқан. Бұған дейін де « Жас сұңқар », « Замана бұлбұлдары » сияқты көптеген байқауларда бақ сынаған. « Super Star дан» кейін « Superstar shou » деген 8 адамнан тұратын топта, одан кейін қыздардан тұратын « China Town» құрамында болды. Кейін Нұржан Керменбаевпен бірге « Арнау » дуэтінің әншісі болды. 2009 жылы « Арнау » дуэтінің құрамынан бөлініп кетті.