Презентация на тему: Амбулаторлы - емханалы қ педиатрия кафедрасы Тақырыбы : Балалардағы зәр шығару

Амбулаторлы - емханалы қ педиатрия кафедрасы Тақырыбы : Балалардағы зәр шығару
Жоспар :
Кіріспе.
Бүйректің ерекшелігі
Амбулаторлы - емханалы қ педиатрия кафедрасы Тақырыбы : Балалардағы зәр шығару
несепағар.
Қуық
Амбулаторлы - емханалы қ педиатрия кафедрасы Тақырыбы : Балалардағы зәр шығару
Амбулаторлы - емханалы қ педиатрия кафедрасы Тақырыбы : Балалардағы зәр шығару
Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі.
Амбулаторлы - емханалы қ педиатрия кафедрасы Тақырыбы : Балалардағы зәр шығару
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1/12
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 98)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1346 Кб)
1

Первый слайд презентации

Амбулаторлы - емханалы қ педиатрия кафедрасы Тақырыбы : Балалардағы зәр шығару жүйесінің анатомо- физиологиялы қ ерекшеліктері. Орындаған : Өтемұрат А.Ж. Факультет: ЖМ Курс: 5 Топ: 003-1К Тексерген : Мамбетова И.З.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар :

Кіріспе. Негізгі бөлім. Баладағы зәр шығару жүйесінің құрылыс ерекшелігі; Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Бүйректің ерекшелігі

Нәрестелерде бүйректерінің сыртқы пішіні дөңгелек, беттері бұдырлы болып келеді. Қыртысты бөлігі нашар дамыған. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста — 36-37 г, 5 жаста — 55-56 г. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі. Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің қыртыс қабатының қалындығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8 мм болады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Бүйректің өсуі 5 жасқа дейін өссе, қарқынды түрде дамуы 16-19 жас аралығында байқалады. Бүйректің топографиялық орналасуы: нәрестелерде бүйректің проксималді ұшы XII кеуде омыртқа денесінің жоғарғы жиегінің тұсында орналасса, 1 жаста бұл көрсеткіш төменірек XII кеуде омыртқа денесінің жоғарғы жиегінен төмен орналасады. 5-7 жаста бүйректің орналасуы ересек адамдардағыдай.

Изображение слайда
6

Слайд 6: несепағар

Нәрестелерде несепағар түзу, тік бағытта емес, ирелең түрінде орналасады. Несепағардың шырышты және шырышасты қабаты 1 жасқа дейін қатпарларды құраса, бір жастан кейін бойлай орналасқан қатпарлар жазылып, шырышты қабықшасы біркелкі орналасады. Несепағардың ұзындығы жалпы дене бітіміне байланысты қалыпты нормостеник балаларда орташа ұзындығы 25-28 см. Екі жақтық бүйректің бір деңгейде орналаспауына байланысты, оң жақтық несепағар сол жақтық бөлігіне қарағанда 1-2 см қысқалау, өту жолының диаметрі 0,5 см- дей.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Қуық

Нәрестелерде қуық ересек адамдарға қарағанда жоғары орналасады. Нәрестелерде қуықтың сыртқы пішіні ұршық тәрізді болып келеді, бұл кезеіде қуықтың сиымдылығы 50-80 см3 болып, іш қуысында жоғары орналасқан. Дами келе, қуықтың сыртқы пішіні овал тәрізді келуі байқалады. Қуықтың дамбас қуысына қарай өтуі 1жас аралығында өтеді. Қарқынды түрде дамып кіші жамбас қуысына қарай 18-20 аралығында жылжиды. Қуықтың орташа сиымдылығы 5 жаста – 180-200 см3 болса, 12 жаста – 250 см3.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер (грек. сфинктер - қысып ұстайтын ) бар. Бұл еттер жиырылып, қуықты аштырмай, несепті ұстап тұрады. Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нөрестенің қуығының ішіне несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см- ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады. Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады. Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. Өйткеңі несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфинктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі және еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат откізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп құрамында лактоза, аздаған ( із мөлшерінде ) мөлшерде белок, мочевина, фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза мен белок мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі

Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, ал бір аптадан кейін несеп көбейеді. 6 айда баланың несебінің мөлшері екі есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды. Мысалы, несептің құрамындағы хлордың мөлшері ересек адамдардағыдай болады, бірақ мочевина мөлшері аздау, өйткені бұл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса, сүт болады да, басқа жануар текті тамақтардың мөлшері аз болады. 1 жастағы балалар бүйрегінің гломерулалық сүзілу деңгейі өте баяу жүреді, кері сүзілу мен нефрон түтікшелерінде заттардың концентрациясының артуы, яғни қоюлануы жеткіліксіз. Несептің мөлшері 700 мл ғана болады. 4-5 жаста оның мөлшері 1000 мл- ге дейін көбейеді, ал 10 жаста тәулігіне 1500 мл несеп сыртқа шығады.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Изображение слайда
12

Последний слайд презентации: Амбулаторлы - емханалы қ педиатрия кафедрасы Тақырыбы : Балалардағы зәр шығару: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Жұмабаев ү.ж., ішкі ағзалар мен эндокрин бездерінің функционалды анатомиясы, Алматы «білім», 2010 жыл ; http://www.med-practic.com/rus / Автор. Ю. Ю. Елисеева, Источник. Детские болезни. Полный справочник 2008 г.

Изображение слайда