Презентация на тему: Әлия Молдағұлова

Реклама. Продолжение ниже
Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова
1/5
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 13)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (354 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Әлия Молдағұлова

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2

Ә. Молдағұлова, 1995 Қазақстан пошта маркасы, ( Michel № 89) Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова ( шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты ) (1925 ж. 15 маусым ( кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір ), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт- Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ- ға ( Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері ) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Әлия Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер ( Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі ), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
4

Слайд 4

Әлия атындағы ескерткіштер 1.Новосокольники қаласы (авторы М.Айнеков ) 2.Ақтөбе ( Л.Рапутов, Е.Штамм ) 3.Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев ) 4.Әліпбайсай ауылы ( Б.Әбішев ) 5.Алматыдағы “ Шығыстың қос жұлдызы ” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен 6.Мәскеуде ескерткіш ( Б.Әбішев ) 7.Мемориалдық музейдегі бюсті ( О.Шанов ).

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Последний слайд презентации: Әлия Молдағұлова

Ә.Молдағұлова атындағы көшелер Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз, Астана қалаларында Суреттер “ Әлия ” ( С.Әлімбетов ), “ Мәңгілікке сапар ” ( А.Ануфриев ), “ Ауыл Бұлақ ” ( А.Корват ), “ Мерген Әлия Молдағұлова ” ( А.Сапугов ), “ Мерген Әлия ”/ күріштен жасалған / ( Ф.Терещенко ), “ Әлия ” ( О.Нұржұмаев ), “ Бұлақтағы Әлияның үйі ” ( Н.Өтегенов ), “ Соңғы көктем ” ( Т.Телеушев ). Гобелендер “ Әлия ” ( М.Нартов, Н.Рахманқұлов ), триптих “ Әлия ” ( Б.Атыраубаев ). Әлия атты музейлер Облыстық мемориалдық музей / Ақтөбе қаласы /, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже