Презентация на тему: Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситеті География және табиғатты пайдалану

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситеті География және табиғатты пайдалану факультеті География,жерге орналастыру,кадастр кафедрасы
кіріспе
Топырақтағы тірі организмдер
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситеті География және табиғатты пайдалану
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситеті География және табиғатты пайдалану
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситеті География және табиғатты пайдалану
Топырақтың тірі бөлігіне талдау жасау
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситеті География және табиғатты пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1/10
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 75)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (10729 Кб)
1

Первый слайд презентации: Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситеті География және табиғатты пайдалану факультеті География,жерге орналастыру,кадастр кафедрасы

Тақырыбы: Топырақтың тірі бөлігінің құрамына талдау жаса

Изображение слайда
2

Слайд 2: кіріспе

Топырақ – тірі дене. Топырақтың құрамында тек өлі минералды заттар ғана емес, әр кезде азды – көпті тірі организмдер, түрлі микроорганизмдер мен қарапайм майда жәндіктер болады. Бұлар топырақтың тірі бөлігін құрайды. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Топырақтағы тірі организмдер

Топырақта микроорганизмдер және төменгі сатылы өсімдіктер : негізінен бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тарағаны – бактериялар.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Топырақта микроорганизмдердің түрлері мен санының әр түрлі болуы ондағы табиғижағдайлардың, яғни топырақтың түрліше болуына байланысты. Ғылыми деректерге сүйенсек : құнарлы қара топырақтың бір грамында бактерия саны 5 миллиардқа, құнары аздау күлгін топырақта оның саны 1 миллиардтай екен. Еліміздің көрнекті микробиолог ғалымы Н.А. Красильниковтың есептеуіне қарағанда топырақтың құнарлы қабатында гектарына 5-7 тоннаға дейін тірі бактериялар болады екен (красильниковн.А.,1954)

Изображение слайда
5

Слайд 5

Балдырлардың да топырақта негізінен екі түрі, жасыл және диатамды түрі тіршілік етеді. Бұлар алғашқы топырақ түзушілер қатарына жатады. Топырақта көп тарағандардың бірі - саңырауқұлақтар. Олар негізінен орманды, ылғалды аймақтардың топырағында өседі Саңырауқұлақтардың көп тараған түрі - актиномицеттер ( немесе сәулелі саңырауқұлақтар ). Қыналар - топырақта көп кездесетін, алғашқы топырақ түзуші төменгі сатылы өсімдіктердің бірі.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Бұл айтылған микроорганизмдер мен төменгі сатылы организмдерден басқа топырақты мекендейтін әр түрлі омыртқасыз және омыртқалы жәндіктер мен жануарлар көп – ақ. Олардың топыраққа тигізетін әсері аз емес. Дегенмен, олар тікелей топырақ құрамына енбейді. Олардың ішінде топырақ қасиеттері мен құнарына өте мол әсер ететін жәндік жауын құрты. Ол топырақпен және топырақ араласқан органикалық заттармен қоректенеді де, оны денесінен әр түрлі түйіршіктер ретінде шығарып, өзіне тән капролитті құрылым түзеді. Топырақты денесімен ары – бері тесіп өтетіндіктен, оның топырақтың ауа – ылғал режимінде де әсері көп. Қазақстанда  жауын құрттары  суармалы егіс алқаптарында, әсіресе шығыс қазақстандағы алтай таулы аймағында көп кездеседі.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Топырақтың тірі бөлігіне талдау жасау

Топырақ тек өлі минералды   заттардан ғана құралмайды, оның құра-мында әр кез азды-көпті тірі организмдер де бсг.Зды, бұлар — негізінен, топыракт.Чн, тірі бөлігін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым үсақ жәндік -тер. Микроорганизмдер табиғаттьщ ыстык-суығына, оттегінің бар- жоғына, ортаның қышкылдығы мен сілтілігіне жаксы бейімделген. Оларға тек ылғал мен қоректік зат кана кажет, сондықтан олар табиғаттың барлық жерінде кездеседі. Топырақтын тірі бөлігіне өсімдіктердін тамырлары да жатады, себебі өсімдіктін тамырынсыз топырақ түзілмейді. Топырақта негізінен, бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар сияқты микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктердің түрлері көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тарағаны — бактериялар. Микроорганизмдердің түрлері мен сандарының әр түрлі болуы топырактың тараған табиғи жағдайларына, яғни экологиясына, co ған карай топырақтың түрлеріне байланысты.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Азот сіңіруші микроорганизмдер де  азот  көзі болып табылады. Олар ауадан молекулалық азотты сіңіріп, күрделі азот қосындыларын құрайды. Бұларға көбінесе ауадан азот сіңіретін бактериялар жатады. Бұршақты дақылдар тамырын жайлайтын түйін бактериялар әр гектар жердің топырағына 100 – 250 кг мөлшерінде атмосфера азотын сіңіреді. Топырақта дербес тіршілік құратын азот сіңіруші организмдер бар, олар жасыл өсімдіктермен аралас тіршілік теді. Орыс ғалымы С.Н. Виноградский 1892 – 1894 жылдары анаэробты (ауасыз, оттегінсіз тіршілік ететін) бактерияларды тапты. 1901 жылы бейерник басқа түрлерін ашты. Бұл дербес бактериялар жылына топырақта гектарына 20 – 150 кг/га дейін атмосфнралық азотты сіңіре алады. Түйнекті және дербес азот сіңіруші бактериялар топырақта биологиялық жолмен құралатын азот қорын жасайды. Ал азот - өсімдіктердің басты қоректік элементі. Азот қоры топырақ құнарлылығын арттырады, яғни топырақтағы гумусты азотқа байытады. Әр түрлі топырақта өсімдіктердің азотпен қоректену түрлері әр түрлі болады. Мысалы, аммонийлі – батпақты топырақтарда, нитратты -  аммонийлі – орманды топырақтарда, нитратты – шымды далалы, жақсы кеуектелген топырақтарда.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Қорытынды

Қорыта айтқанда топырақты түзуші факторлар: микроорганизмдер мен өсімдік қалдықтары және жануарлардың тиісі бар. Топырақ түзілу үшін сан ғасырлар керек, осы қолданыста жүрген топырақта осыдан біраз алдын пайда болған. Топырақтың пайда болуына себепші болған олар балдырлар. Қазірде топырақ даму сатысын тәмәмдаған. Енді топырақ өздігінен даму қасиетінен айырылғанғ, оны тек антропогендік әдіспен түзетуге болады.

Изображение слайда
10

Последний слайд презентации: Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситеті География және табиғатты пайдалану: Пайдаланылған әдебиеттер

1. Биғалиев А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. ( Оқу құралы ).- алматы, санат,1995. 2. Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000. 3. Качинский.Н.А. Топырақ, оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

Изображение слайда