Презентация на тему: Адам тама қтануында балдың маңызы

Адам тама қтануында балдың маңызы
Жоспар:
Бал арасы жайлы мәлімет
Адам тама қтануында балдың маңызы
Балдың түрлері
Адам тама қтануында балдың маңызы
Таза бал алу техникасы
Балдың емдік қасиеттері
Суық тигенде.
Жүрек ауырғанда
Асқазан, ішек ауруына
Өкпе ауруына
Бауыр ауырғанда.
Бронхитпен ауырғанда, жөтелде, дауыс қарлыққанда
Бүйрекке тас жиналғанда
Пайдалы кеңес
Есіңізде болсын...
Пайдаланган әдебиеттер
1/18
Средняя оценка: 4.8/5 (всего оценок: 3)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1006 Кб)
1

Первый слайд презентации: Адам тама қтануында балдың маңызы

Орындаған:Баймолда А. Тексерген : Нұржанова К. Факультет:Жалпы медицина Тобы: 013-015-02 Алматы -2014. С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Адам тама қтануында балдың маңызы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар:

Кіріспе Негізгі бөлім Бал туралы жалпы түсінік Балдың алынуы мен түрлері Адам тағамындағы балдың маңызы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Жоспар:

Изображение слайда
3

Слайд 3: Бал арасы жайлы мәлімет

Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне ( қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал – қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, белокпен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 о С-тан 10 о С-қа дейінгі температурада сақтайды

Изображение слайда
4

Слайд 4

Ара балы, бал – жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Балдың түрлері

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкоза-ға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы. Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады. Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қар-сы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар. Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықта-ғы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады. Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сорт-қа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады. Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай бол-ғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады. Балдың түрлері

Изображение слайда
6

Слайд 6

Бал жинау — ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын жинап, бал өндіруі; табиғи процесс. Аралардың ішінде бал жинауға тек ерекше балауыз бездері бар, “ жұмысшы ” аралар (қ. Ара ) ғана қатысады. Ара өзінің “ бал сауытына ” (артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс) өз салмағының жартысындай шірне ( нектар ) жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып, қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Таза бал алу техникасы

Изображение слайда
8

Слайд 8: Балдың емдік қасиеттері

Емдік қасиеті ерте кезден белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген суық тигенде, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай-ақ қан қысымынң көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады. Соған орай балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз. Бұл тәсілдерді ата-бабаларымыз байырғы заманнан пайдаланған. Балдың емдік қасиеттері

Изображение слайда
9

Слайд 9: Суық тигенде

Суық тиіп, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке немесе лимон шырынына қосып аурудан айыққанша ішкен дұрыс. Бір стакан ыстық сүтке қосып, бір шәй қасық бал ішу керек. Бір лимон шырынына 100 грамм бал қосып, араластырып, сұйылған кезде пайдаланған жөн. Егер де жаз мезгілінде ауырып қалсаңыз, қайнаған жылы суға бір шәй қасық бал қосып, ішіңіз. Жөтелді басу үшін ыстық шәй-сумен қатар, күніне 3-4 шәй қасық балды жеу керек. Тамақ қызарып, тыныс жолдары бітелген кезде қайнаған суға 1 ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булаңыз.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Жүрек ауырғанда

Бал жүрек ауруы бар адамдарға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ретүзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептеуір жақсарады. Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Асқазан, ішек ауруына

Асқазан, ішек ауруына шалдыққан не қышқылы қалыпты нормада болмаған жандар балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту қызметі жақсарады. Асқазанында жарасы бар жандар тамақтың алдында 1,5-2 сағат бұрын және тамақтан кейін 3 сағат үзбей 1 шәй қасық бал жеп отырса, ауруы бәсеңдеп, жүрек айнуы және асқазанның қыжылдауы басылады. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне ықпал етеді. Ал кері жағдайда, яғни қышқылы көбірек болса, тамақ алдында балды тұрақты түрде пайдаланып отырса, асқазан қышқылын азайтады.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Өкпе ауруына

Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қойдың іш майына ерітіп, ішсе де болады. Сондай-ақ, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, шипа болады. Тағы да осы ауруларға емдік мақсатта 100 грамм бал, 100 грамм сары май, 100 г қазы майы, 15 г алоэ шырыны мен 100 г какаоны жақсылап араластырып, ысытып, ( бірақ қайнату қажет емес ) күніне екі рет — таңертең және кешкілік бір стакан ыстық шайға бір ас қасықтан салып ішеді.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Бауыр ауырғанда

Балды бауыр және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады, оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке, сәбізге, лимон шырынына қосып, жеген дұрыс. Кейде тұрыптың ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, 3-4 сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шай қасықпен, күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйрекке құм, тас жиналудан сақтайды. Емдік қасиеті мол тағам түрлерінің ішінде табиғи балдың алар орны ерекше. Халық медицинасы бал арқылы ем қабылдауды осыдан 4000 жыл бұрын білген-ді. Грек елінің ұлы ғалымы Пифагор « Ұзақ өмір сүрудің себебі - балды жиі қабылдағаннан » десе, әлемге әйгілі медицина ғалымы, жазушы Абу ‘Али Ибн Сина ( Авиценна, 980-1037 ж.ж): « Егер жастық шағыңды сақтап қалғың келсе, балды жиі же!» - деген екен Бауыр ауырғанда.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Бронхитпен ауырғанда, жөтелде, дауыс қарлыққанда

2 стакан тұрып (редька) шырыны мен 1 стакан бал араластырып, 1-2 ас қасықтан ( балалар шай қасықпен ) сағат сайын қабылдаған жөн. Бронхит, трахеитпен ауырғанда және тамақ ісінгенде алоэның төменгі жапырағын тазалап, майдалап турап, шырынын сығып алып, 5 миллилитріне 1 грамм мөлшерінде бал қосады да, оны жаңа даярланған күйінде күніне үш рет тамақтанардан бұрын 1 шай қасықтан ішеді. Бронхитпен ауырғанда, жөтелде, дауыс қарлыққанда

Изображение слайда
15

Слайд 15: Бүйрекке тас жиналғанда

1 келі ақжелкенге (петрушка) 1 үлкен сельдерей тамырын ұсақтап турап, 1 келі табиғи бал мен 1 литр су қосып, әлсіз отта араластырып тұрып қайнағанға дейін қыздырады. Үш күннен соң бір литр су қосып қайтадан қайнағанша ысытады. Суыған соң сүзіп алып, даяр сиропты 3 ас қасықтан тамақтанар алдында қолданады. Бүйрекке тас жиналғанда

Изображение слайда
16

Слайд 16: Пайдалы кеңес

Жылдың кез келген мезгілінде күнделікті таңертең аш қарынға бір шәй қасық бал қосылған бір стакан қайнаған не минералды суды ішсе, адам ағзасы тазарып, қан айналым жүйесі жақсарады. Бал қан құрамындағы гемоглобинді көбейтіп, ағзадағы қанның азаюына жол бермейді. Егер де балдың тәтті дәмін аса ұната бермесеңіз, оны дәрумендерге бай жеміс-жидектермен, жаңғақ-дәндермен араластырып, пайдалануыңызға болатынын естен шығармаңыз. Пайдалы кеңес

Изображение слайда
17

Слайд 17: Есіңізде болсын

Балық майымен араластырылған бал асқынған жарақатты тез жазады. Күйік шалған жерге күніне екі мәрте бал жағатын болса, тері тартылып, жазылады. Балды косметикалық мақсатта да пайдалануға болады. Сәбізді үккіштен өткізіп, оны балмен араластырып, бет-мойынға жағуға болады. 15-20 минуттан кейін жылы сумен шайып жіберсеңіз, теріңіздің нәрленіп, жұмсарғанын аңғарасыз. Есіңізде болсын...

Изображение слайда
18

Последний слайд презентации: Адам тама қтануында балдың маңызы: Пайдаланган әдебиеттер

Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 Қазақ энциклопедиясы, 2 том; Google.kz Пайдаланган әдебиеттер

Изображение слайда