Первый слайд презентации
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Слайд 2
Жоспарлы және грантты негізде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
Слайд 3
Мазмұны : Жоба Жобалардың түрлері Жоба концепциясы Топтық шығармашылық әдістер Басқарудың негізгі аспектілері
Слайд 4
Жоба – мақсатқа сай ойластырылып жоспарланған рухани мұра немесе нақты объектілерді жасау мен жаңартудың, сондақ ақ оларға қатысты технологиялық процесстер, техникалық және ұйымдастырушы құжаттарды ресімдеу, қаржы, еңбек және басқа ресурстарды жұмылдыру және оларды орындауға байланысты басқару шешімдері мен шараларын қабылдау. Жобаның жоспары – ресурстары мен орындаушыларға қатысты бөлінген нақты жұмыс көлемінің тізімі. Жоспарда кім қандай кезеңде қандай жұмыс орындайтыны, нақты міндеттерді шешу үшін қандай ресурстар бөлу қажеттілігі көрсетіледі. Бұл жағдайда жобаны орындау барысына, ресурстарды жұмсауға қатысты бақылау қажет. Бақылау уақыт, жұмыс құны, сапасы бойынша жүргізіледі.
Слайд 6
Жобаның тіршілік циклы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – жоба концепциясын жасау. Бұл кезеңде жоба мақсаты мен міндеттерін айқындау, нәтижелерді негіздеу жүзеге асырылады. Концепция (тұжырымдама) белгілі бір жоспар бойынша ретпен, сұрақтарға жауап ретінде жазылады, осы арқылы тұжырымдама сипаттамасы тереңдетіліп, нақтылана түседі. Концепцияны жасау мына ретпен жүргізіледі:
Слайд 7
Инновациялық жобалардың басты ерекшеліктерінің бірі – жобаны орындаудағы тәуекелділік және белгісіздік жағдайлары. Бұл факторлар жоба тиімділігін есептеген кезде ескерілуі керек, сол үшін жоба концепциясында жағдайлар өзгерген кезде жобаны орындаудың балама варианттары міндетті түрде көрсетіледі. Инновациялық жобаның балама варианттары арасынан ең өмірге қолайлысын таңдап алу жоба жасаудағы жауапкершілікті талап ететін қадамдардың бірі болып табылады.
Слайд 8
Н егізгі міндеттері Іске асырылатын инновациялық жобаларды салыстыру және оңтайлы вариантын таңдап алу. Балама варианттардың тиімділік көрсеткіштерін оларды пайдалану ықтималдығын ескере отырып, есептеу (50/50, 60/40, 70/30 және т.б.); Жоба тиімділігінің критерийлерін немесе көрсеткіштерін (жоба мерзімі мен ұзақтығы, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі, әлеуметтік, экономикалық тиімділігі) анықтау;