Презентация на тему: 9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау

9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
Уланған және химиялық препараттармен залалдалған мал ұшасы мен ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау.
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
Сойғаннан кейiнгi диагностика.
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
Сойғаннан кейiнгi ұша мен ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
Ет өнімдерінің санитариялық бағасы
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
Радиациямен зақымданған малдың сойыс өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау.
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
Сойғаннан кейiнгi диагностика
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау
Назарларыңызға рахмет!!!
1/36
Средняя оценка: 4.8/5 (всего оценок: 36)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (472 Кб)
1

Первый слайд презентации: 9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау

Изображение слайда
2

Слайд 2

Қазiргi заманда дүние жүзiнде әр түрлi химикаттарды ауыл шаруашылығында пайдалану жылдан-жылға артып отыр. Химиялық заттар ауыл шаруашылығының зиянкестерiне, арам шөпке қарсы күресте үлкен маңызы бар екенiн ешкiм жоққа шығара алмайды. Бiрақ кейбiр жағдайларда олар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнiмдерi арқылы адам денсаулығына нұқсан келтiруi мүмкiн. Осыған байланысты, мал дәрiгерi мал өнiмдерi арқылы адам денесiне зиянды заттардың өтуiне жол бермеуi қажет.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Уланған және химиялық препараттармен залалдалған мал ұшасы мен ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау

Ауылшаруашылық малдарының минералдық тыңайтқыш, улы өсiмдiктер, ас тұзы және басқа да уытты заттармен (мышяк, мыс т.б.) уланып қалуы жиi кездесiп тұрады. Өсiмдiктердiң зиянкестерi, аурулары және арам шөптермен күресте, сондай-ақ малдарды шыбын-шiркейден, терi паразиттерiнен қорғау үшiн пайдаланылатын фосфорорганикалық, хлорорганикалық қоспалар, карбамит, сынапты препарат және пестицидтермен (улы химикаттар) уланған мал өнiмдерi адам үшін өте қауiптi. Адамға уланған мал етiнiң сапасыздығы және организмге тигізетін зиянды әсері көптеген жағдайға байланысты. Көптеген пестицидтер және басқа препараттар қауiптi улы заттар қатарынан саналады, яғни ет iшiнде олар аз мөлшерде болса да, адамға зиянды әсер етедi. Кейбiр карбомит және басқа пестицидтер гонадо және эмбриотоксигендiк әсер етеді. Хлорорганикалық және сынапты препараттардың кумулятивтiк (бiрте-бiрте қорлануы) қасиеттерi бар, ет iшiнде олар ұзақ сақтағанда, жоғары және төменгi температурада өңдегенде жойылмайды.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Екiншi жағынан пестицидтер және басқа уытты заттармен уланған мал организмiнiң әртүрлi зиянды әсерлерге төзiмдiлiгi нашарлайды. Сол себептi улағыш зат iшек микрофлорасының малдың бүкiл организмiне тарауына және қосалқы инфекцияның шығуына жағдай жасайды, оның iшiнде қауiптiсi сальмонеллез. Салмонелла және iшек бактериялары өсiп-өнген еттi тағамға пайдаланғанда адам аса ауыр тағамдық ауруға шалдығуы мүмкiн. Уланған малдың сойыс өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптауда және етке санитариялық баға беруде улану сипатының маңызы зор. Уланған малдың организмiне енген уытты заттың дозасы мен түрiне қарай улану жiтi немесе созылмалы түрде өтедi.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6: Сойғаннан кейiнгi диагностика

Уланған малдың ұшасы мен ағзаларындағы болатын патологиялық-анатомиялық өзгерiстердiң iшiнен төмендегi ақауларға көңiл аудару керек. Бауыздау жерiнiң жағдайы. Денi сау малдың ұшасының бауыздаған жерi тегiс емес және қан қатты сiңген. Ауру, сондай-ақ қатты уланған малдың ұшасының бауыздаған жерi тегiс, қанталауы нашар, бұл жердегi еттiң түсi ұшаның басқа бұлшық еттерiнiң түсiмен сәйкес. Қансыздану дәрежесi. Уланған малда қанағаттанарлық, нашар немесе өте нашар болады. Осыған орай етiнiң түсi қоңыр қызыл, ал етiн тiлiп қарағанда қанды телiмдер көрiнедi, май ұлпалары қызғылт, плевра және iшiнара қан тамырындағы қанның қалдықтары көрiнедi, iшкi ағзалары қанға толы келедi.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Қанталау. Ауыз қуысының шырышты қабықтарында және сiрi қабықтарында қан талау байқалады. Қанға iшек микрофлораларының өтуiне және қосалқы инфекцияға байланысты өзгерiстер пайда болады. Лимфа түйiндерiндегi өзгерiстер. Қосалқы ауруларда жақсы байқалады. Сау малдың ұшасындағы лимфа түйiндерiнiң түсi өзгермеген, тiлiнген жерi ашық-сұр немесе сары реңкiлi. Уланғанда және қосалқы аурулардың әсерiнен лимфа түйiндерi iсiнiп, көлемi ұлғаяды, тiлiнген жерiнiң түсi қызғылт, қанталаған, қабынған.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Удың түрi, дозасы және уланудың сипатына қарай iшкi ағзаларында әр түрлi өзгерiстердiң болуы ықтимал. Уланудың көпшiлiк жағдайында бауыры ұлғаяды, жұмсарады, сары балшық түстес немесе қара қоңыр. Өт қалтасы Ұлғайған және жабысқақ өтке толы, шырышты қабығына ноқатты қан құйылған. Бауыр, бүйректерi, жүрек, өкпе, ми, жұлындарында қан iркiлген және қанталаған. Жiтi уланғанда өкпесi iседi, ателектаз ошағы пайда болады. Бүйректерi аздап жұмсарған, бiрақ үлкеймеген, қабаттарының шекарасы бiлiнбейдi, қарыны немесе ұлтабары, сондай-ақ iшектерiнiң сiрi қабықтарының астында қан құйылады, iшек-қарын жолында қан құйылуы мүмкiн және некроз учәскесi мен сұйықты жара шығып қабынады. Бұнымен қатар уланған малдың ағзалары мен ұшасынан белгiлi бiр улы заттарға тән патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi көруге болады. Мәселен, цианид, нитрат және нитриттермен уланған малдардың қаны мен етi ал қызыл түстi, акридин, және азот қышқылымен уланғанда етi және үлпершектi ағзалары сары түстi болады: қорғасынмен уланғанда қуықтың бет жағы сарғыштанады, ТМТД мен уланғанда көбiнесе көк бауыры семидi.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Сойғаннан кейiнгi ұша мен ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау

Сойғаннан кейiнгi ұша мен ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау әдеттегi тәртiппен жүргiзiледi. Дегенмен уланғанына күдiк туса ұша мен ағзаларын тексергенде бүйректерiн ұзынынан терең етiп кесiп iшкi құрылымын (қабаттары, бүйрек түбінің шырышты қабықтары) тексередi, сондай-ақ қарынды, iшектерiн және қуықты тiлiп қарайды. Уланудың белгiсi бар немесе соған күмәндi малдарды сойған кезде қойылған диагнозды нақтылап және сойыс өнiмдерiне дұрыс санитариялық баға беру үшiн химиялық-токсикологиялық және бактериологиялық тексерiстер жүргiзедi. Бұдан басқа, малдың сояр алдындағы жағдайын бiлу үшiн еттi биохимиялық тексеруден де өткiзедi.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Үлгi алу, оларды жiберу және тексеру тәртiбi. Токсикологиялық зерттеу жүргiзетiн зертханаға 50-200 грамдай ет, май ұлпасы және бауырды, сондай-ақ қарын iшiндегiсiн жiбередi. Егерде сүттегi пестицидтердiң қалдығын анықтау керек болса зертханаға 250 мл сүт жiбередi. Қатты үлгiлердi балауызды немесе пергамент қағаздармен орайды, сыртынан байлайды, сүргі салады, нөмiрлейдi, жалпы пакетке салады, қарын iшiндегiлерiн, сондай-ақ сүттi таза, құрғақ шыны ыдысқа құяды. Алынған үлгiнi зертханаға тез жеткiзу керек. Зерттеуге жiберiлмекшi материалға жолдама құжат жазылады, онда малдың түрi, үлгiнi алған уақыты, үлгiнiң массасы көрсетiлген атаулары, ыдыстың және орамның сипаттамасы, үлгiнi зертханаға жiберу себептерi жазылады. Сондай-ақ, уланудың клиникалық белгiлерiн көрсетедi, ағзалары мен ұлпаларындағы байқалған паталогиялық-анатомиялық өзгерiстердi де толық жазады. Нендей улы затты анықтау керектiгiн көрсетедi. Жолдама құжатқа мал дәрiгерi немесе үлгiнi тексеруге жiберушi лауазымы бар адам қол қояды, зертхана үлгiнi алғаны туралы, орамның және сүргі тұтастығын, әкелiнген уақытын көрсетiп қолхат бередi.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Химиялық-токсикологиялық зерттеудiң тәртiбi. Тексеруге жiберiлген материалдың жолдама құжатындағы деректермен және паталогиялық-анатомиялық тексерудiң қорытындысымен байланысты. Қажеттi жағдайда (жолдама құжаттағы деректер түсiнiксiз болса) шаруашылықтан соңғы кезде мал және өсiмдiк шаруашылығында қандай улы химикаттардың қолданылғанын, қандай тыңайтқыштардан малдың улануы мүмкiн екендiгi туралы мәлметтер сұрайды. Сондай-ақ рационның құрамы мен мал азығының сапасын да анықтау қажет. Егерде улану себебi белгiсiз болса, зертхана алдымен қарын iшiндегiсiн ауыр металл тұздарына, пестицидтерге, алколойд, микотоксиндерге топтық әдiсiмен тексерiп, улануға диагноз қояды,сосын ет және май ұлпаларын және бауырды уға тексередi. Зерттеудi Республиканың Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен ресми әдiстердi пайдаланып жүргiзедi. Зертхана өзiнiң жауабында удың қалдық мөлшерiн анықтаудың әдiсiн көрсетедi, уланған малдың сойыс өнiмiн пайдалану жолдарын жазады. Биохимиялық зерттеуде - еттегi рН және переоксидазаның белсендiлiгiн анықтайды, ал сиыр етiмен қосымша бейтарап формалинмен (формол реакциясы) реакция қояды.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Биохимиялық анализдi малды сойған күнi жасамайды, жетiлмеген еттен дұрыс көрсеткiш болмауы ықтимал. Еттiң мұндай үлгiсiн орамынан босатып аэрациялайды. Төменгi температурада (тұрмыстық тоңазытқышта) биохимиялық тексерiс үшiн оны келесi жұмыс күнiне дейiн қалдырады.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Изображение слайда
14

Слайд 14: Ет өнімдерінің санитариялық бағасы

Уланған малдың сойыс өнiмдерiнiң санитариялық бағасы әр түрлi. Химиялық-токсикологиялық анализдi қорытындылауда улағыш заттың уыттылығы және кумулятивтiгi туралы деректерден басқа сезiмдiк, бактериологиялық, сондай-ақ биохимиялық зерттеулердiң көрсеткiштерiн ескередi. Уланған мал жанталасып жатқанда лажсыз сойылса етi мен субөнімдерін тағамға пайдалануға жарамсыз деп табады. Бұндай ет барлық ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiберiледi немесе улану дәрежесiн ескерiп, аң азығына пайдалануға болады. Ол үшiн алдымен бактериологиялық тексеру жүргiзедi және аңның 3-4 басына берiп зиянсыздығын анықтайды. Сойыс өнiмдерiн санитариялық бағалау үшiн барлық уытты заттар 3 топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа ет пен субпродуктыларды пайдалануға рұқсат етiлмейтiн уытты заттар жатады: цианидтер, сары фосфор, пропазин, гептахлор, альдрин, ТМТД, ДДВФ, цинеб, байгон, севин, ялан, фосфорорганикалық қосындылар, сынап препараттары, т.б.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Улы химикаттардың екiншi тобына ет және ет өнiмдерiнде шектi мүмкiн мөлшерi белгiленген заттар жатады. Улануына байланысты лажсыздан сойылған малдың бұлшық ет ұлпасындағы улы химикаттардың қалдығы Республика денсаулық сақтау министрлiгi белгiлеген шектi мөлшерден аспаса, еттi тек пiсiргеннен кейiн шығарады, ал iшкi ағзаларын оның iшiнде iшек-қарынын, сондай-ақ желiндi және миды техникалық өңдеуге жiбередi. 1 килә шикi еттегi улы химикаттың ең жоғарғы рұқсат етiлген деңгейi (ЖРД) төмендегiдей: қорғасын - 0,5, мышьяк - 0,1, кадмии - 0,05, сынап - 0,03, мыс - 0,5, цинк - 70,0, ГХЦГ (альфа, бета және гамма изомерлерi) - 0,1, метаболттерi - 0,1, диазинон - 0,7 (майда), фентион – 0,3 (майда), дибром - 0,3, циодрин - 0,05, нитрозоаминдер (НДМА және НДЭА қосындысы). Егерде етте пестицидтердiң және басқа уытты заттардың қалдықтары рұқсат етiлген мөлшерден 4 еседен аспаса еттi құрғақ мал азығын дайындауға жiберуге болады.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Үшiншi тобын құрайтын заттармен уланған малдың сойыс өнiмдерiн пайдалану, оны лажсыздан сойылған мал ұшасы мен ағзаларын пайдалану жұмысына сәйкес жүргiзiледi. Яғни еттi бактериологиялық, физико-химиялық тексеруден өткiзу қажет. Және мiндеттi түрде химикаттардың қалдығын анықтау үшiн пiсiру сынамасы жүргiзiлуi тиiс. Мұндай уыттарға, ас тұзы, қышқылдар, сiлтiлер, хлор және хлорлы дезинфекциялаушы заттар, мочевина, цинк, фосфор, құрамында азот және фосфорлы тыңайтқыштар, микотоксиндер, глюкозид, сапонин, эфир майлары, фотосенситилизациялық заттары бар улы өсiмдiктер, нитраттар, нитриттер, микробиологиялық синтездеу нәтижесiнде алынған азықтық қоспалар жатады. Химиялық-токискологиялық анализдiң қорытындысында еттен уытты зат табылмаса және ұшаның сезiмдiк көрсеткiштерi қанағаттанарлық болғанымен, бұлшық ет ұлпасы, лимфа түйiндерi немесе үлпершектi ағзалардан етiн тағамға пайдалануға шек келтiрмейтiн микробтар табылса, оны пiсiргеннен кейiн шығарады немесе ет нанын, әйтпесе ет консервiлерiн дайындауға жiбередi.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Қазiргi ережелерде көрсетiлмеген және тағамдық өнiмдердегi рұқсат етiлмеген мөлшердегi у химикаттардың тiзiмiнде жоқ улы заттармен уланып қалған малдың сойыс өнiмiнiң санитариялық бағасын әр уақытта химиялық-токсикологиялық және бактериологиялық зерттеулердiң қорытындыларын негiзге алып, медициналық-санитарлық қызмет орындарымен келiсе отырып анықтайды, ал керек болған жағдайда тәжiрибе малдарына (күшiк, мысықтың баласына т.б.) биологиялық байқау жүргiзедi. Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптау жұмысында пестицидтермен жiтi ауырып жазылған немесе шыбын-шiркей және кенеге қарсы химиялық препараттармен домдалған малдарды етке союға рұқсат етiлетiн мерзiмiн бiлудiң маңызы зор. Жiтi уланып жазылған малдарды улану белгiсi бiлiнгеннен бастап осы заттардың нормативтi құжаттарында келтiрiлген уақытқа дейiн союға болмайды, ал ол мерзiмнен бұрын сойылса, оны лажсыздан сою деп бағалап, жоғарыда көрсетiлген тәртiп бойынша жүргiзедi.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Емдiк немесе профилактикалық мақсаттарда антибиотик қолданылған малдың сою мерзiмi, оларды малдәрiгерлiк практикада пайдалану нұсқауларында көрсетiледi. Демек бордақылаудағы малдарға антибиотиктер берудi союына 7 күн қалғанда тоқтатады. Егерде антибиотиктер емдеу үшiн пайдалынса немесе профилактикалық мақсатта егiлсе, оларды сояр алдында қолдануды тоқтату мерзiмi төмендегiдей: әдеттегi препараттарды (бензилпеницилин, эритромицин, олеандлмицин) қолданғанда – 1, хлортетрациклин, окситетрациклин, тетрациклин, левомицитин, неомицин, полимицин - 7, ал бицилин егiлсе - 6, дитетрациклин - 25 тәулiк.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Радиациямен зақымданған малдың сойыс өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау

Радиациямен зақымданған малдардың сойыс өнiмдерiн малдәрiгерлiк-санитариялық сараптауда сәулеленудiң түрлерi маңызды орын алады. Олар сырттай, iштен тiркес (аралас) сәулелену деп ажыратылады. Ядролық жарылыстың негізінде пайда болып, ауа, жер және төңiректегi заттар мен терi үстiне жиналған радиоактивтiк заттардың (РЗ) өткiш радиациясынан сырттай сәулелену пайда болады; iшкi сәулеленуде РЗ малдың денесiне түседi, ал тiркескен (аралас) сәулеленуде - осы айтылған сәулеленудiң екi түрi бiрден әсер етедi. Иондаушы сәуле дозасының әсерiнен жiтi және созылмалы сәуле ауруы (СА) өрiс алады, ал ауырлықтарына қарай жеңiл (дозасы 150-250 Р, немесе 1,5-2 г,) орташа 250-400 Р немесе 2,5-4,0 Гр, ауыр (400-600 Р, немесе 4-6,0Гр) және өте ауыр (6 Гр жоғары) деп бөлiнедi. Орташа және ауыр сәуле ауруларының төрт кезеңi болады. Олар алғашқы реакциялар, жасырын, өршу және шешiлу. Аурудың аса ауыр түрiнде алғашқы реакция бiрден соңғы кезеңiмен ұласып малдың өлiмiмен аяқталады.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Сояр алдындағы диагностика. Ауруға диагноз қою клиникалық, гематологиялық, дозиметриялық, ал РЗ мал денесiне енгенде бұларға қосымша радиометриялық зерттеулерге негiзделген. Осындай тексерiстердiң қорытындыларына қарап аурудың қандай дәрежеде екенiн анықтап және ауру малды пайдалану жолын не iстеу керек екенiн шешедi. Сырттай сәулеленуде аурудың алғашқы кезеңiнде ауру малдың тынышсызданады, жабырқаңқылау, әлсiреген, азыққа көңiлi шаппайды, жүрек соғысы жиiленедi (тахикардия) көрiнетiн шырышты қабықтары қанталайды, тынысы тарылады, денесiнiң қызуы 0,3-0,5  С көтерiледi, iшектiң жиырылуы күшейедi, кейде құсады және iшi өтедi. Қанында лимфоцит санының азайып нейтрофилдi лейкоцитоз болғанымен ақ қан түйiршiктерiнiң жалпы саны көп өзгермейдi, сөйтiп алғышқы кезең бiрнеше сағаттан 2-3 тәулiкке дейiн созылады (дозасына байланысты). Аурудың жасырын екiншi кезеңiнде малдың жалпы жағдайында көп өзгерiс болмағанымен қандағы ақ қан түйiршiктерiнiң саны 20-80% дейiн азаяды (лейкопения) және азғындайды (дегенерация). Қызыл қан түйiршiктерi мен тромбоциттердiң саны кемидi. Ауру тым ауыр болса оның алғашқы және жасырын кезеңдерiндегi өзгерiстерде айқын байқалады.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Үшiншi кезең - аурудың күшейген кезiнде денесiнiң ыстығы көтерiледi, азықтануы нашарлайды, тышқақтайды. Қан түзiлетiн ағзаларының және жүрек-тамыр жүйесiнiң жұмыстары бұзылады, ақ қан түйiршiктерiндегi лимфоциттердiң саны мықтап кемидi. Шырышты қабықтарында және терiсiнде қан құйылғаны байқалады. Иммунобиологиялық қорғаныштың нашарлауына орай пневмония және сепсис өрiс алады. Сәуленiң әсерiнен терiсi өлiеттенiп қабынады, жүндерi түседi, лимфа түйiндерi ұлғаяды, қолмен ұстағанда ауырсынады. Аурудың өршiген кезеңiнiң ұзақтығы орташа есеппен жұмаға дейiн (малдың 10  өледi) созылады, ал ауыр және аса ауырында алғашқы 7-10 күнiнде - 100  өледi.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Көрсеткiштерi Сәуленiң дозасына қарай өзгерiстер,Р (Гр) 400-600 (4-6) 600 және одан артық Жалпы жағдайы жабырқаңқы, аяғын баса алмай тәлтiректейдi к ү штi жабырқанқы, аяғын баса алмай тәлтiректейдi. Денесiнiң қызуы iшек-қарын ж ұ мысы 0,3-1,0  С көтерiледi,iшi өтедi. 0,5-1,5  С көтерiледi, қан араластырып тышқақтайды. К ү йiс қайыру ауырлаған қ айырмауы Қ ан т ү йiршiктерiнiң азаюы (%): -Эритроцит -Лейкоцит -Тромбоциттер 15-20 50-80 40-50 20-30 70-90 40-60 Болжам 50 процент өледi Алғашқы 10-12 к ү н iшiнде сою 100 проц. өледi Алғашқы 3-6 к ү н iшiнде сою

Изображение слайда
23

Слайд 23

Төртiншi кезеңнiң - ауырлығы орташа болғанымен сауығуы 3-6 айға созылады да, малдың өнiмдiлiгi б ұ рыңғы қалпына келе бермейдi. РЗ - iшек қарын жолы мен тыныс жолдары арқылы малдың денесiне енедi. Iштен сәулеленудiң бастапқы кезеңiнде клиникалық-гематологиялық белгiлерi болмайды. Жасырын кезеңiнде ( ол өте қысқа ) лейкоцитоз өрiстейдi, ал аурудың ауыр жағдайында лейкоцит ү ш есе көбейедi.

Изображение слайда
24

Слайд 24

Аурудың к ү шейген кезiнде лейкоцитоз лейкопениямен алмасады ( қанның т ү зiлуi төмендейдi ). Iшектерi уытты жара-өлiеттенiп қабынғандықтан қан араластырып тышқақтайды, арықтайды. Тыныс жолдары зақымданғанда ринит, бронхит, пневмония байқалады. Геморрагиялық синдром тек қана iшекте болады. Ж ү нi т ү спейдi. Ауру 3-айға созылады, бiрақ ауру қауырт болса мал өледi. Тiркес сәулеленумен зақымданған малда ауру қауырт өтедi, аурудың жасырын кезеңi қысқарады және болжам ү мiтсiздеу. Сәуле ауруының созылмалы т ү рiн - жеңiл орташа және ауыр деп ү шке бөледi. Жеңiл дәрежесiнде ж ү рек қан тамыр ж ү йелерi және ас қорыту ағзаларының ж ұ мыстарында функционалдық өзгерiстер байқалады. Қ ан көрсеткiштерiнiң деңгейi төмендейдi орташа дәрежесiнде лимфоциттер мен нейтрофилдердiң сандары кемiп жалпы лейкопения байқалады, тромбоциттерi азаяды, қызыл қан т ү йiршiктерi аздап кемидi, iшi өтедi. Зат алмасуы мен эндокриндiк ( iшкi секреция) бездерiнiң қызметтерi б ұ зылады. Ж ұ қпалы аурулармен асқынып өлiм-жiтiмге жиi ұ шырайды. Зақымдану аса ауыр болса дистрофиялық және атрофиялық өзгерiстер жиi кездеседi, әсiресе олар қан т ү зiлетiн ағзаларда жиi болады.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Зақымданған малды алғашқы ұ қсату. Алдымен зақымданған малдарды 4 топқа бөлiп - бiрiншiсiн әдеттегiше ұстайды, екiншiсiн емдейдi, ү шiншiсiн союға шығарады, төртiншiсiн сойған соң сойыс өнімдерін техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Бiрiншi топқа жататын СА жеңiл т ү рiмен ауырған малдар жақсы к ү тiм мен қ ұ нарлы азықты қажет етедi. Екiншi топтағы СА жеңiл т ү рiмен ауырған төлдер және орта т ү рiмен ауырған жоғары өнiмдi, сондай-ақ бағалы малдар д ұ рыстап емдеудi қажет етедi. Ү шiншi топтағы СА ауыр және өте ауыр т ү рлерiмен ауырған малдарды со ю ға жібереді. Егерде ондай малдар көп болса сою кезегiн тағайындайды. Жалпы сырттай сәулеленуде малдың қоңын жоғалтпай, м ү мкiншiлiгiне қарай тезiрек сойған жөн.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Iштен сәулеленуде денедегi РЗ меншiктi радиоактивтiлiгi кемуi ү шiн малды союды кiдiртедi. Бiрақта малдың қоңын қадағалап отыру қажет. Б ұ ндай жағдайда малды iшiнара сойып, ұ шадағы РЗ қалдығының мөлшерiн анықтаған жөн. Сапасы жоғары ет алу ү шiн, сою мерзiмiн белгiлерде, жасырын кезеңiнiң ұ зақтығын ескередi. Тiркес сәулеленуде сою мерзiмi қысқарады малдың терiсiндегi сәулелену дәрежесi жоғары болса, тиiстi ережеге сай ( н ұ сқау ) терiсiн зарарсыздандырады. Сырттай сәулеленуде малды сою, сау малды союдан ешқандай айырмашлығы жоқ, ал iштен сәулеленуде және РЗ терiсi ластанған малдарды союдың кейбiр ерекшелiктерi бар. Демек оларды сойғанда қауiпсiздiк шаралары сақталып, союға қатынасқан адамдар дозиме т рлiк бақылауда болады. Малды бауыздап, терiсiн сыпырған адамдарды ұ шаны м ү шелеуге жiбермейдi, iшек-қарынын бiрден ақтарып мал сою цехынан оқшау жерге шығарады. Жуын ды су мен конфискаттарды жинайтын ш ұ ңқыр дайындайды, оны ж ұ мыстан кейiн қалыңдығы 70 см топырақпен көмедi. Мал сойған орын, қ ұ рал-саймандар мен жабдықтарды дезактивациялайды және дозиметриялық бақылау ж ү ргiзедi. Ж ұ мысшылар санитариялық байқаудан өтедi.

Изображение слайда
27

Слайд 27: Сойғаннан кейiнгi диагностика

Сырттай сәулеленудiң жасырын кезеңiнде ұ шасы мен ағзаларында аздаған қан қ ұ йылғаны байқалады. Iшектiң шырышты қабықтарының кейбiр жерлерi жалаңаштанып, қан та л а ғаны байқалады. Лимфа т ү йiндерi iсiңкi, қ ұ рсақ қуысына қан қ ұ йылған, жiлiк майы сары немесе қызыл-қоңыр т ү стi, қоймалжың. Аурудың өршу кезiнде лейкоцитарлық реакция байқалмайды (лейкопения болады ), ауыз қуысы және iшектерiнде уытты жара некроз ошақтары бар аралас геморрагия байқалады. Көк бауыры кiшiрейген, к ү штi қанталаған, ұ лпасы к ү ңгiрт-қызыл т ү стi, пышақ сыртымен қырылмайды. Кең көлемдi қанталау (геморрагиялық пневмония) эмфизема және ателектаз телімдерінің болуына орай өкпесi ш ұ барланады. Ауру ұ заққа созылғанда бауыры азғындайды, өлiетттенедi, майлы азғынның болуы ықтимал, терi асты к ү штi қанталаған, сондай-ақ жарақаттанған жерлерiнде көлемдi қанды iсiк пайда болады.

Изображение слайда
28

Слайд 28

Патологиялық өзгерiстер малдың т ү рiне, сәулелiк зақымданудың к ү штiлiгiн және сәулеленуден кейiнгi уақыттың ұ зақтығына орай қ ұ былып т ұ рады. РЗ iшек-қарын жолдары арқылы iшекке т ү скенде, оның кiлегей қабығының суланып қабынғанын және iрiңдеген фиброзды уытты жараны көруге болады, кейбiр жерi тесiлiп перитонит болады. Тоқ iшектегi өзгерiстер бiркелкi жақсы байқалады. РЗ демалу ағзалары арқылы т ү ссе ринит, бронхит, бро н хопневмония байқалады, олардың экссудаттарында лейкоцит көп болады. РЗ көп жиналғандықтан ұ лпалы ағзалардың зақымданғаны айқын байқалады. Етi майсыздау, кейде арық. Геморрагиялық синдром анық байқалмайды, жiлiк майында өзгерiс жоқтың қасы, терiсi т ү гiнен арылмаған.

Изображение слайда
29

Слайд 29

Санитариялық баға. Аурудың жасырын кезеңiнiң бастамасында және аурудан айығып келе жатқан кезеңiнде патологиялық өзгерiстерi болмаса сырттай сәулеленген малдың ұ шасы мен ағзаларын шектеусiз пайдаланады. Егерде патологиялық өзгерiстер бола қалса бактериологиялық тексерiс ж ү ргiзiп, соның қортындысына қарап баға бередi. Терiсiн шектеусiз шығарады. Iштей сәулеленуде сойыс өнiмдерiн радиометрлiк зерттеуден өткiзедi; патологиялық өзгерiстерi болмаса, меншiктi радиоактивтiлiгi р ұ қсат етiлген мөлшерден (РЕМ) аспаса ұ шасы мен ағзаларын шектеусiз шығарады. Патологиялық өзгерiстер болса iшкi ағзалары техникалық өңдеуге жiберiледi, ал етi мiндеттi т ү рде бактериологиялық тексеру ж ү ргiзедi. Меншiктi радиоактивтiлiгi РЕМ көп болса ұ шаны дезактивациялайды, ал iшкi ағзаларын техникалық өңдеуге жiбередi. РЗ пен еттiң сыртынан ластануы оны сақтаған уақытта шаң-тозаң арқылы немесе лас затпен жанасқанда т.б жағдайларда болуы ықтимал. Оны радиометриялық аспаптардың көмегiмен анықтайды.

Изображение слайда
30

Слайд 30

Мал шаруашылығы өнiмдерiн дезактивациялау. Еттi дезактивациялау ү шiн бiрнеше әдiстердi пайдаланады. Етiн сылу (етiн сүйектен ажырату). Егерде мал сәулеленгеннен кейiн 2-4 күн өткеннен соң сойылса, сылынған еттiң радиоактивтiгi 15  дейiн, ал 25-күндiгiнде 45  дейiн кемидi. Етiнен тазаланған сүйектi тереңдiгi 70 см жерге көмедi. Пiсiру. 2 килә (артық емес) ет кесегiн 1сағат пiсiредi, мұнда РЗ 60  дей ін сорпаға шығады. Ұзақ пiсiруден радиоактивтiлiгi төмендемейдi. Сорпаны тереңдiгi 70 см шұңқырға көмедi. Тұздау. Тұз ерiтiндiсiнде ұзақ сақтағанда РЗ өзiнен-өзi ыдырайды және 30  дейiн тұздыққа шығады. Мұздаған түрiнде ұзақ сақтау. РЗ табиғи ыдырауына байланысты, радиоактивтiгi төмендейдi. Дезактивацияның ұзақтығы РЗ жартылай ыдырау мезгiлiмен байланысты. Бұл әдiс еттiң тез ыдырайтын изотоптармен ластанғанында қолданылады. РЗ ет сыртынан ластанғанда сумен ғана жуады немесе еттiң бет жағынан қалыңдығын 0,5см етiп сыпырады. Сиыр iштей сәулеленгенде йод-131 алынған дозасының 8  дейiн, стронций-90 19  дейiн, цезий-137-93  дейiн сүтпен бөлiнедi. РЕМ-асып кетсе сүттi дезактивациялайды. Сырттай сәулеленгенде сүттi шектеусiз пайдаланады. Сүттi сүт тартатын машинадан өткiзу дезактивацияның ең жақсы әдiсi. Бұнда бiркелкi таза өнiмдер (май, қышқыл, казейн) алынады.

Изображение слайда
31

Слайд 31

Алғашқы мөлшерiнiң (саны) 65  сарысуда болады. Ластанбаған с ү т алу ү шiн малды меншiктi радиоактивтiлiгi 0,1 р/ сағ аспайтын жайылымдарда жаю керек. Тауықтың организмiне РЗ т ү скенде, денесiне енген радиоиод 3,25  дейiн ж ұ мыртқаның сары уызына, ақзатында - 9,25  дейiн жиналады. Ж ұ мыртқаны дезактивациялау ү шiн ақзат сары уызды жеке-жеке ж ұ мыртқа ұ нтағына айналдырып р ұ қсат ететiн мөлшерiне жеткенше сақтайды. Б ұ нда 43 к ү ннiң iшiнде ж ұ мыртқаның ақзатының радиоактивтiгi 10 есе, ал сары уызынiкi - 14 к ү нде осы шамада кемидi, сырттай сәулеленген тауықтың ж ұ мыртқасын шектеусiз шығарады. Ж ү ндi дезактивациялаудың негiзгi әдiсi - ұ зақ сақтаудан изотоптардың өздiгiнен ыдырауы, ал терi ү шiн оған қоса т ұ з ерiтiндiсiмен т ұ здау. Радиометриялық зерттеулерге ү лгi алу ережесi. Ыдыс ретiнде полиэтилен б ұ йымдары, пергамент қағазы, клиенка, калька, сондай-ақ пластмасса, эмальданған және шыны ыдыстарды пайдаланады. Олардың iш жақтарын азот немесе т ұ з қышқылдарының 2  ерiтiндiлерiмен суланған мақтамен с ү ртедi, шайқап жуады.

Изображение слайда
32

Слайд 32

Жалпы радиоактивтiлiгiн анықтау ү шiн ү лгiнi әрқайсысынан 100 г есебiмен бауыздау мен белдемеден, 1-2 қабырға немесе мойын омыртқасын, әрқайсысынан 100 г бауыр, ж ү рек, өкпе кесектерi, бү йректi б ү тiндей алады. Құ сты тексеру ү шiн 3-4 ұ шасын алады. Ет сырт жағынан РЗ ластанғанда қалыңдығы 10 мм екi кесiндi алады. С ү ттi тексеру ү шiн 250-500 мл алады ( формалинмен консервiлеуге де болады ). 250 г с ү т ұ нтағын 100-150 г май және сыр ( iрiмшiктiң зауытта iстелген т ү рi ), әр тауық қорадан 2-4 ондық ж ұ мыртқа, 25-30 г ж ү н, 100-150 мл қан және несеп, 30-50 г нәжiс алынады. Радиохимиялық сараптау ү шiн (залалданған өнiмдегi әр изотоптың т ү рiн анықтау ү шiн ) 3 килә ет, 500 г с ү йек, қалқанша бездi толығымен, 7л с ү т алынады. Ү лгiнi аса сақтықпен алады, қорғаныш заттарды пайдаланады. Ү лгi алған адамдар санитариялық домдаудан өтедi.

Изображение слайда
33

Слайд 33

Изображение слайда
34

Слайд 34

Изображение слайда
35

Слайд 35

Қорытынды Улы заттармен зақымданған сойыс өнiмдерiн тағамға пайдалану, оның организмдегі мөлшеріне, сезімдік, биохимиялық және токсикологиялық зерттеулердің қорытындыларына байланысты шешіледі. РЗ зақымдалған өнімдерге дозиметрлік және радиометрлік зерттеулер жүргізіледі.

Изображение слайда
36

Последний слайд презентации: 9 – дәріс Улануда сойыс өнімдерін ветсансараптау: Назарларыңызға рахмет!!!

Изображение слайда