Презентация на тему: 8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі

8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Лекцияның мақсаты:
Әдебиеттер
1. Аяқталмаған өндірістің сипаттамасы және есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.Негізгі өндірістің синтетикалық есебі.
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
3.Негізгі өндіріс өнімінің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтау және есептен шығару.
8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Басқару есебі
1/24
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 81)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (122 Кб)
1

Первый слайд презентации: 8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі

ЖОСПАР 1. Аяқталмаған өндірістің сипаттамасы және есебі 2.Негізгі өндірістің синтетикалық есебі. 3.Негізгі өндіріс өнімінің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтау және есептен шығару.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Лекцияның мақсаты:

Негізгі өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау сұрақтарын ұйрену. Аяқталмаған өндірісті есепке алу тәртібін ұйрену. Түйінді сөздер : негізгі өндіріс, аяқталмаған өндіріс,дайын өнімнің өзіндік құны.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Әдебиеттер

№2 «Қорлар» Халықаралық қаржылық есептілік стандарты. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің бұйрығы. 23.05.2007, № 185. Апчерч А. Управленченский учет: принципы и практика: Пер.с анг./ Под ред Я.В.Соколова, И.А.Смирновой- М.: Финансы и статистика, 2002. Друри К. Управленческий и про и зводственный учет / Пер с англ. Учебник- М.:ЮНИТИ-ДАНА,2007 Назарова В.Л., ЖапбахановаМ.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі: Оқулық –Алматы: Экономика,2005 Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: пер с англ, под ред. Я.В.Соколова С-Пб: Финансы и статистика, 2005. Мадиева К.С. Басқару есебі. – Қарағанды 2009. Тайгашинова К. Басқарушылық есеп. – Алматы; Экономика, 2011.

Изображение слайда
4

Слайд 4: 1. Аяқталмаған өндірістің сипаттамасы және есебі

Өндеудің барлық сатыларынан өтпеген және техникалық бақылау бөлімі қабылдамаған өнім, аяқталмаған өндіріс деп, оған жататын шығындар аяқталмаған өндіріс шығындары деп аталады. Өндіріс өнімдерінің, жұмыстары мен қызметтерінің өзіндік құнын дұрыс анықтау үшін аяқталмаған өндірістің көлемін дәл анықтаудың үлкен маңызы бар.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Аяқталмаған өндіріс қалдықтары келесі түрде бағаланады: Калькуляцияның барлық баптары негізінде нақты өзіндік құны бойынша; Дайындық дәрежесін ескере отырып (жаппай және ірі сериялармен өндіру) тікелей шығындардың әрбір бабы негізінде шығыстар нормалары бойынша; Шикізат және материалдар шығысының құны бойынша.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Аяқталмаған негізгі өндірістегі шығындар есебі үшін активті материалдық 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты қолданылады; Негізгі және көмекші өндірістердің аяқталмаған өндірісін бөлек есепке алу үшін 1340 шотына екі субшот ашылады: 1340/1 Аяқталмаған негізгі өндіріс; 1340/2 Аяқталмаған көмекші өндіріс.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Есепті мерзім ішінде аяқталмаған өндіріс 8110 «Негізгі өндіріс» немесе 8310 «Көмекші өндірістер» шоттарында есептеледі. Жыл аяғында ғана, жылдық қаржылық есептілікте көрсету үшін 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотына аударылады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Есепті мерзім соңында ( 31 желтоқсан ): Дебет 1340 Кредит 8110; 8310 – қаржылық есептілікте көрсету үшін аяқталмаған өндіріс қалдығына. Есепті мерзім басында ( 1 қантар ): Дебет 8110; 8310 Кредит 1340 – өндірістік шотқа аяқталмаған өндіріс қалдығы қайтарылды.

Изображение слайда
9

Слайд 9: 2.Негізгі өндірістің синтетикалық есебі

Аталмыш өнеркәсіп кәсіпорны сол үшін өнімдер шығаруға арналып ұйымдастырылған өндіріс негізгі өндіріс деп аталады. Негізгі өндіріс цехтарындағы өнімдер өндіру бойынша бүкіл шығындар сомасы (аяқталмаған өндірісті есепке ала отырып) өндірілген өнімдердің нақты өзіндік құны болып саналады. Негізгі өндірістің шығындары активті, калькуляциялық 8110 “Негізгі өндіріс” шотында есептеледі.

Изображение слайда
10

Слайд 10

8110 «Негізгі өндіріс» шотында өнімдер өндіруге жұмсалған бүкіл шығындар жинақталады, яғни есепті кезең соңында аяқталмаған өндірісті есепке ала отырып, негізгі өндіріс цехтарындағы дайын өнімдердің өзіндік құны қалыптасады. Бұл шот та шығындар мынадай баптар бойынша есептеледі болады: «Материалдар», өнімдерді шығару кезінде жұмсалған материалдардың құнын көрсетуге арналған.

Изображение слайда
11

Слайд 11

а) жасалатын өнімнің негізін құрайтын немесе оны жасау кезінде қажетті құрамдары болып саналатын шикізаттар немесе материалдардың шығындары. ә) қайтарылатын қалдықтар – бұл қайталап пайдалану үшін қоймаға тапсырылуы тиіс негізгі өндіріс қалдықтары, олар өткізу бағасы бойынша бағаланады және шығындардан шегеріледі. б) сыртқы кәсіпорындардан сатып алынған өнімдер, жартылай фабрикаттар және қызметтер, яғни, өндірістік процесте тікелей жұмсалатын отын және электр қуаты шығындары. в) есепті кезең соңында арнайы есеп айырысу негізінде шикізат пен материалдар бойынша дайындау- көлік шығыстары есептен шығарылады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

«Өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысы». Осы бапта өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақыларының сомасы көрсетіледі. Бригаданың өнім өндіру туралы рапорттары, ауысымдағы өнім өндіру рапорттары, жол парақшалары, бригаданың өнім өндіру ведомосы, келісімді жұмыстар нарядтары, жұмыс уақыты есебінің табелдері, сыйлықтар, қосымша ақылар есептеу туралы бұйрықтар және өзге де құжаттар ақпарат көздері болып саналады.

Изображение слайда
13

Слайд 13

«Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» келесі бапта есепке алынады. «Үстеме шығыстар». Бір ай аралығында 8410 «Үстеме шығыстар» шотында, цехтар бойынша бөлек жинақталады және таңдап алынған бөлу базасына сәйкес әрбір цехта жасалатын өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Есепті кезең басында қаржылық бухгалтериядан басқарушылық бухгалтерияға аяқталмаған негізгі өндіріс қалдықтары тапсырылады Дебет 8110 Кредит 1340 14 000 тенге

Изображение слайда
15

Слайд 15

Негізгі өндіріс цехтарында өнімдер өндіру кезінде жұмсалған қорлар есепке алу құны бойынша есептен шығарылады Дебет 8110 Кредит 1310 50 000 тенге

Изображение слайда
16

Слайд 16

Өндірістің қайтарымды қалдықтары есептен шығарылды Дебет 1350 Кредит 8110 200 тенге

Изображение слайда
17

Слайд 17

Негізгі өндіріс цехтарында технологиялық мақсаттарда пайдаланылған электр қуатының құны көрсетіледі: а) сыртқары ұйымдардан алынған Дебет 8110 Кредит 3310 25 000 тг. б) көмекші өндіріс цехтары өндірген Дебет 8110 Кредит 8310 12 000 тг.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Өнімдер өндіруге жұмсалған қорларға жататын көлік-дайындау шығыстары есептен шығарылды Дебет 8110 Кредит 1310 5 000 тенге

Изображение слайда
19

Слайд 19

Негізгі өндірісте тұтынылған өзі өндірген және сатыпалынған жартылай фабрикаттардың құны шығарылды Дебет Кредит Сомасы 8110 8310 3 000 8110 8210 7 000 8110 3310 15 000

Изображение слайда
20

Слайд 20

Жұмыс атқарған уақыты немесе орындаған жұмыс көлемі үшін негізгі өндіріс цехтарындағы жұмыскерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбек ақы Дебет 8110 Кредит 3350 100 000 тенге Негізгі өндіріс цехтарындағы жұмыскерлердің еңбек ақысынан аударымдар жасалады Дебет 8110 Кредит 3150 17 500 тенге Дебет 8110 Кредит 3210 500 тенге

Изображение слайда
21

Слайд 21

Негізгі өндіріс цехтарының үстеме шығыстары есептен шығарылады : Дебет 8110 Кредит 8410 82 400 тенге Есепті кезең соңында аяқталмаған негізгі өндіріс құны есептен шығарылады: Дебет 1340 Кредит 8110 5 000 тенге.

Изображение слайда
22

Слайд 22: 3.Негізгі өндіріс өнімінің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтау және есептен шығару

Мысал. 2013 жылдың қантар айында кәсіпорын шығындары мынадай болды: 1 қантардағы аяқталмаған өндіріс – 1 4 000 Қантар айының шығындары тең 317 200 тенгеге, бұл сома 8110 шотының дебеттік айналымы : (116 800 + 1 00 000 + 18 000 + 82   4 00) Ақау салдарынан келген зиян сомасы шығындарға қосылады Д ебет 8110 К редит 8110. 1 – 10 000. 31 қантарға қалған аяқталмаған өндіріс – 5 000. Дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны мына формула бойынша есептеледі = Бастапқы аяқталмаған өндіріс қалдығы + Ай ішіндегі барлық шығындар сомасы – Ай соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдығы. Біздің мысалымызда ол тең болады: 14 000 + 317200 + 10 000 – 5 000 = 336 200 т енге Негізгі өндіріс өнімінің өзіндік құны шығарылады дайын өнімнің өзіндік құнына: Дебет 1320 Кредит 8110 336 200 тенге.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Негізгі өндіріс шығындарының талдау есебі 1С:Бухгалтерия аясында (немесе өзге компьютерлік бағдарлама) жасалған компьютерлік ведомостарда жүргізіледі. Аталған ведомостар (цехтарды бөліп көрсете отырып) өндіріс шығындарын есепке алуға арналған. Әрбір цех бойынша оның қызметіне қатысты бүкіл тікелей және үстеме шығындар көрсетіледі. Аталмыш шығыстар талдау есеп баптары бойынша бөлек көрсетіледі.

Изображение слайда
24

Последний слайд презентации: 8 лекция Негізгі өндіріс шығындарының есебі: Басқару есебі

Сұрақтар?

Изображение слайда