Презентация на тему: 8 дәріс. Эмоция және сезім

8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
8 дәріс. Эмоция және сезім.
1/12
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 48)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (51 Кб)
1

Первый слайд презентации

8 дәріс. Эмоция және сезім.

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспар 1. Эмоция жөнiнде түсiнiк 2. Эмоцияның қызметтерi 3. Эмоцияның формалары және негiзгi түрлерi 4. Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы 5. Жоғары сезiмдер

Изображение слайда
3

Слайд 3

Эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. “Эмоция” ұғымы – “ емовера ” деген латын сөзінен, “ эмоцион ” дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, каһалану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. I с- ə рекетке ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық ж ə не астеникалық болып бөл i нед i. Стеникалық эмоциялар адамға қуат бер i п, i с- ə рекетке ынталандырады. Бұл жағдайда адам " тау қопаруға" дайын тұрады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Эмоцияның қазіргі заман тарихы У. Джемстің 1884 ж. жарияланған “Эмоция деген не” атты мақаласынан басталады. У. Джемс және Г. Лангенің пайымдаған теориялары бойынша: сезімнің туындау себебі – сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістері. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі – эмоциялық күйді танытады. “Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан; қорқуымыз – қалтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден” делінген (У. Джемс).

Изображение слайда
6

Слайд 6

Эмоцияның қызметтерi Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады. Эмоцияның түрлері: Өте күшт i эмоциялық ə рекет көр i н i с i - аффект қысқа да қарқынды өту i мен ерекшеленед i. Бұл сез i м құбылысы субъект i үш i н өте қажетт i болған өм i р жағдайларының кенеттен өзгер i ске түсу i нен болады. Аффектте адамның қозғалыс ə рекеттер i ұстамсыз күйге кел i п, i шк i ағзалар қызмет i күйзел i ске ұшырайды: т i лден қалады, жүрег i ұстайды, ес i нен танады т.б. Бұл қорыққаннан да, қатты қуаныштан да болады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Адамның көң i л-күй i н i ң кейп i н б i лд i рет i н ж ə йтт i ң б i р i психологияда фрустрация (көң i лд i ң бұзылуы, межел i i ст i ң жүзеге аспай қалуы) деп аталады. Жоспарланған i с i мен мүддел i мақсаты түрл i себептер мен кедерг i лерге ұшырып, адам оған ренжид i, көң i л i құлазып, қайғырып, күйзелед i, ашуға булығады. Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. “Стресс” сөзі ағылшын тілінен аударғанда – зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй – соңғы 30-35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық жағдайдың қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімделуі қажет.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Сезiмдер деп тұрақты, эмоциялық боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi : бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Сезімдердің түрлері. Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Ө нер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi. Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады. Олар : вербалды және вербалды емес. Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембр, дикция. Вербалды емес қарым-қатынас - « дене тілі », « ым-ишара тілі » деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлғааралық дистанция. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулерді шетелдік ғалымдардың: Пол Экман, Аллан Пиз, Барбара Пиз, Роджер Акстел, Альбер Мерабян, Альберт Шефлен, В.Б. Шапарь, Э. Холл, Д. Ньюренберг, Г. Калеро, С. Данкелл, А. Штангль, Карстен Нимиц, А.Л. Ярбус, т.б. еңбектерінен көруге болады.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Бақылау сұрақтары: 1. Эмоция және сезім анықтамасы және олардың сипаттамалары? 2. Эмоция және сезімнің негізгі түрлерінің жіктемесін көрсетіңіз? 3. Эмоция қызметтеріне сипаттама беріңіз? 4. Эмоция мен сезімнің арақатынасы мен ерекшеліктерін суреттеңіз.

Изображение слайда
12

Последний слайд презентации: 8 дәріс. Эмоция және сезім

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі 1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в об щую психологию.- М., 2009. 2. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері: дәрістер курсы. - Алматы, 2008.- 159. 3. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013. 4. Жарықбаев, Қ. Жантануға кіріспе. - Алматы: "ИНФОРМ - АРНА", 2009.- 187.

Изображение слайда