Первый слайд презентации: 37 Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болуы туралы теориясы
Слайд 2
Ч.Дарвин ілімінің шығуына, негізінен, әлеуметтік жағдайлар және түрлі ғылым салаларының жетістіктері себеп болды. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары: XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі; 2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы; 3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы; 4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі; 5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы.
Слайд 3: Ч.Дарвин іліміне "Бигль" кемесімен 5 жылдық саяхатта жинаған экспедициялық мәліметтері де зор себепші болды
Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы-анатомия, цитология, т.б.) жиналған деректер "табиғат өзгермейді" деген көзқарасты жоққа шығарды.
Слайд 6
Табиғи сүрыпталудың нәтижесінде, тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқ дараларды жойып отырады деген кортындыға келеді.
Слайд 7
Дарвинн ің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары: 1. Эволюция бірлігі – түр. 2.Әр организімге тән жек - дара өзгерістер ұрпақтан – ұрпаққа тұқым қуалайды. 3.Кез келген түр даралары көп мөлшерде ұрпақ қалдырады. 4.Тіршілік үшін күресте орта жағдайларына бейімделеді. 5.Табиғи сұрыпталу – б ұл аса жақсы бейімделе алғандардың тірі қалуы.
Слайд 8
Ч.Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік тұқым қуалаушылық табиғи сұрыпталу . Тұқым қуалайтын өзгергіштік тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп өзгеріп отырады.