Презентация на тему: 2 дәріс. Түйсік психологиясы

2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
2 дәріс. Түйсік психологиясы
1/11
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 39)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (48 Кб)
1

Первый слайд презентации

2 дәріс. Түйсік психологиясы

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспар : Түйсіну туралы түсінік Түйсінудің жіктелуі Түйсінудің түрлері Түйсінудің негізгі заңдылықтары

Изображение слайда
3

Слайд 3

Түйс i ну –материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмн i ң i шк i күйлер i н i ң жеке қасиеттер i н бейнелеуде көр i нет i н қарапайым психикалық процесс.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Рецептор – бұл денен i ң үст i нде немесе оның i ш i нде орналасатын және табиғаты жағынан әр түрл i т i т i ркенд i рг i штерд i - физикалық, химиялық, механикалық және т.б. - қабылдауға және оларды жүйкел i к электр импульстарына түрленд i руге арналған арнайы органикалық құрылғы.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Түйсiнудiң жiктелуi 1898 жылы В. Вунд рецепторлардың адекватты тiтiркендiргiштердiң энергиясына тәуелдiлiгі бойынша классификациясын ұсынды. механорецепторлар ткандердiң деформациясының, жиырылуының немесе жылжуының механикалық энергиясын қабылдайды. хеморецепторлар –Химиялық заттарға сезгiштiк бiр клеткалық организмдерде де болады. Құрлықтағы жануарларда олар тұмсықтық және ауыздық қуыста орналасқан. Хеморецепторлардың кейбiр ерекше түрлерi iшкi мүшелерде де кездеседi. ф оторецепторлар жарықтық энергияны қабылдайды. Жарықтық тiтiркендiргiштерге сезгiштiк филогенезде прогрессивтi түрде дамыған. Оның эволюциясы көру мүшесi – көздiң өзгеруiмен байланысты болды.

Изображение слайда
6

Слайд 6

1906 жылы ағылшын физиологы. Ч. Шерингтон организмде орналасуы мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық процестердiң жiктеуiн ұсынды. Экстероцептивтi сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiк. Ол бес негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және реттеушi қызмет атқарады. Объектiнiң рецепторға әсерi бойынша экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi : контакттық және дистакттық. Контакттық рецепторларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады. Дистанттыққа көру, есту, иiс сезу рецепторлары кiредi. Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды. Интероцептивтi – организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар барлық iшкi мүшелерде кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т.б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан тыс жүзеге асады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Есту түйсiнуi. Адамның есту түйсiнулерi сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты. Есту түйсiнулерi есту рецепторына әсер ететiн дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып, сиреуi дыбыстық толқындарды бейнелеу болып табылады. Есту адаптациясы - есту сезiмталдығының түрлi дыбыс күшiне бейiмделуi. Есту өткiрлiгi - сыбырлап айтылған сөздi құлақтың ұзақтан анық есту қабiлетi. Көру түйсiнуi. Көру түйсiнуi адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын кең көлемдi мәлiметтердi бередi. Көру түйсiнуi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Иiс сезу түйсiнуi. Иiс сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып табылады. Осы кезге дейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Дәм сезу түйсiнуi иiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тәттi және ащы. Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiнуiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы үлкен рөл атқарады. Дәм сезу түйсiнулерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Сипап сезу түйсінулері Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсінулерінің бірі — сипай сезу (осязание) түйсінуі. Сипай сезу түйсінулерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақ-түйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ак, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Бақылау сұрақтары: 1. Түйсік анықтамасы және ол қарапайм процесс ретінде екенін дәлелдеңіз? 2. Түйсіктің негізгі түрлерінің жіктемесін көрсетіңіз? 3. Түйсіктің негізгі заңдылықтарын сипаттаңыз?

Изображение слайда
11

Последний слайд презентации: 2 дәріс. Түйсік психологиясы

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі 1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в об щую психологию.- М., 2009. 2. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері: дәрістер курсы. - Алматы, 2008.- 159. 3. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013. 4. Жарықбаев, Қ. Жантануға кіріспе. - Алматы: "ИНФОРМ - АРНА", 2009.- 187.

Изображение слайда